Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аурудың даму жолының келесі кезеңдері бар





1 кезең - өкпенің ісіну кезеңі. Бұл кезенде үрдіс орналасқан жердің ауырсынуы (Крюков симптомы). Кеуде ауырсыннуы тұрақты, ол терең тыныс алғанда, денені қозғағанда күшейе тұседі. Бас ауырады, әлсіреу, дене қалтырауы, құрғақ жөтел, дене қызуы жоғары, тері бозарған, көкшіл тартқан. Тыныс шапшаңдаған. Перкуссияда — өкпе дыбысы бәсеңдеген, аускулътацияда дымқыл қырылдар естіледі.

2 кезең — іріңдіктің жарылу кезеңі. Ірің бронх арқылы сыртқа көп шығады.

Ауызды толтырып шығатын іріңді қақырықтың исі сасық. Бұл қезеңде дене қызуы төмендейді, тәбеті жақсарады. Абсцесс ішіндегі ірің қақырықпен толық шыққанда перкуссия кезінде өкпеден қорап дыбысы, ал аускулътацияда құмыра тынысы естіледі.

Өкпенің жедел абсцессінің асқынулары:

1. Өкпеден қан ағуы. Қан көп кеткенде жүрек жеткіліксіздігі және анемия, кейде асфиксия байқалады. Өкпеден қан ағуының жеңіл - қан түкіру және ауыр қан ағуы, қан құсуы түрлерін бөледі. Қан ағуына қарсы гемостатикалық ем -қан, плазма, аминокапрон қышқылы, хлорлы кальций, криопреципитат пайдаланылады.

Қан ағуы тоқтағаннан соң тыныс жолдарын ұйыған қаннан босату үшін бронхоскопия жасалады.

Егер консервативті емге көнбей қан ағуы тоқталмаса өкпе резекциясы орындалады.

2. Плевра эмпиемасы - консервативті тәсілмен емделеді - антибиотикотерапия, иммунотерапия, витаминотерапия және күнде орындалатын плевра пункциясы. Пункциямен плевра қуысындағы ірің сорылады, одан соң плевра іші антисептикпен, антибиотикпен жуылады, ферментті препараттар плевра ішіне жіберіледі.

3. Пиопневмоторакс - өкпедегі іріңнің плевра қуысына төгілуі. Іріңмен бірге плевра қуысына бос ауа жиналады. Өкпе қысылады. Аурудың жағдайы нашарлайды, кеуде қатты ауырсынады, тыныс алу ауырлайды, ентігу, акроцианоз байкалады.

Пиопневмоторакста - ауруға жедел торакоцентез жасалып плевра қуысы дренаждалынады, дренаж арқылы ірің және бос ауа сорылады, плевра іші антисептикпен жуылады.

Өкпе абсцессінің диагнозын анықтау үшін клиникалық және рентгенді тексерістер( рентгено-, томография), бронхоскопия қолданылады.

Іріндіктің бронхқа жарылғанына дейін рентгенмен өкпенің ісінгендігі, ал жарылғанынан соң бұрыңғы ісік орнында дөңгелек немесе сопақша қуыс анықталады. Куыстың ішінде сұйық және газ бар.

Томографиямен — абсцесстің орны, терендігі анықталады.

Бронхоскопиямен— бронх жағдайы, іріңді эндобронхит анықталады, емделеді.

Өкпе абсцессін - өкпе ісігінен, кистасынан, туберкулезінен айыру қажет.

Өкпе абсцессін емдеудің негізгі түрі -уақытымен ұйымдастырылған комплексті консервативті тәсіл. Бұл тәсілмен емдеу аурудың себебіне және даму механизіміне қарсы әсер етуі қажет. Емдеу шаралары келесі қимылдардан құралады:

1) Трахеобронхеальды тыныс жолдарын және өкпені тазарту.

2) Өкпедегі микрофлораларға қарсы.

3) Ағзаның қорғаныс күшін жақсарту.

Барлық санация тәсілдері арасындағы ең оңайы - постуральды дренаж. Бұл дренаждың негізі келесіде: абсцесспен байланысты бронхты басқа денеден төмен орналастыру үшін ауруды қырынан, немесе етпетінен кеудесін төмендетіп жатқызу. Бұнымен іріңнің өз ағынымен оңай шығып жалпы уланудың бәсеңденуі байқалады. Өкінішке орай пастуральды дренаж кейбір ауруларда нәтиже бермейді, егер олардың бронхтары қоюланған іріңмен бітелсе.

Постуралды дренажға қоса тыныс жаттығуларын, қеудені соғу, дренаждалынған бронхты жууды күніне бірнеше рет қолдану қажет.

Бронхтардың дренажды қасиетін жақсарту және іріңді эндобронхитті жою үшін ингаляциялар, кеңірдекке қақырық сұйылтқыштарын тамызу қолданылады. Ингаляцияны күніне 2 реттен 10 минут бойы орындайды. Көбінесе кеңірдекке фурациллин, 3% натрий гидрокарбонаты, антибиотиктер жіберіледі. Ферменттер (трипсин, химопсин, гиалуронидаза, рибонуклеаза) кеңірдек пен бронхтағы сілекейді, іріңді сұйылтып тыныс алуды жақсартады. Іріңнің шығуын күшейтеді. Олар қабыну үрдісін бәсеңдетеді, бронхтың ісінуін, қызаруын басады, антибиотиктердің микробтарға қарсы әсерін күшейтеді. Кеңірдекке дәрі жіберу мұрын арқылы кеңірдекке, бронхқа енгізілген зонд арқылы орындалады.

Емдеу бронхоскопиясын қолдану жоғарыда аталған емдеудің шипасыздығында пайдаланылады. Бронхоскопиялы санацияны орындау үшін абсцесспен байланысты бронхқа катетер енгізіліп санация орындалады.

Бронхтар мен байланыссыз өкпенің шеткі бөлімдерінің абсцессінде іріңдікті кеуде арқылы тесіп дренаждау пайдаланылады. Дренаж арқылы абсцесс іріңнен босатылады, жуылып тазартылады. Бұл үшін алдымен рентген көмегімен абсцесстің орналасқан орны анықталады.

Өкпе абсцессін дренаждаудың асқынулары - тері астының эмфиземасы, пневмоторокс, қан түкіру.

Микробтарды және олардың токсиндерін жою үшін антибиотиктер пайдаланылады. Бұл үшін алдымен микробтардың антибиотикке сезімталдығы анықталады, одан соң қажетті антибиотиктің мөлшері, пайдалану уақыты дұрыс шешілуге тиісті. Әрқашанда бір-бірін қолдайтын екі антибиотик бірге пайдаланылады. Емдеу курсы 8—10 кұн. Бронхқа зонд арқылы тамызуға қоса антибиотиктерді қанға, бұлшық ет арасына егеді. Көбінесе пенициллин, стрептомицин, метициллин, оксациллин, ампициллин, цефалоспориндер, аминогликозидтер -гентамицин, канамицин, мономицин, тетрациклиндер пайдаланынады.

Улануға қарсы терапия – 2-2,5 л. сұйық ерітінділер егіледі: 5-10% глюкоза, Рингер ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, гемодез, реополиглюкин, желатинолъ, зәр шығарғыштар - фуросемид ішкізіледі, лазикс егіледі. Жұмасына екі рет 200—300 мл. 1% кальций хлориді егіледі. Ол бүйректер қызметін жақсартады, қабыну үрдісін басады.

Энергия кемістігін қолдау үшін көк тамырға 30% этил спиртін 50—100 мл. суға қосып егеді, майлы эмульсия, сапалы қоректендіру орындалады.

Нәурыздер кемістігін толықтандыру үшін құрғақ немесе сүйық плазма, протеин, альбумин, казеиннің гидролизаты егіледі. Ал олардың толық сіңуі үшін анаболикалық гормондар (неробол, ретаболил) пайдаланылады. Аскорбин қышқылы, витаминдер В1-6, В12 егіледі. Комплексті емнің кұрамына емдеу гимнастикасы енгізіледі.

Ағзаның спецификалық және спецификалық емес иммунитетін күшейту үшін — қан құю 250—300 мл. жұмасына 2 рет), пиримидинді препараттар (метилурацил, пентоксил), витаминдер, анаболикалық гормондар, иммунды препараттар) стафилококқа қарсы гипериммунды сарысу, гаммаглобулин, стафилококкты анатоксин пайдаланылып белсенді және ырықсыз иммунитет шақырылады.

Сонымен, өкпенің жедел абсцессін емдеудің негізгі түрі болып комплексті консервативті тәсіл саналады.

Өкпенің жедел абсцессін операциямен емдеу өте ауыр қан ағуында жөне іріңді үрдістің консервативті емге көнбей ауырлай түсуінде қолданылады.

 

9.6. БРОНХЭКТАЗИЯ АУРУЫ

Цилиндірше немесе қапшықша болып сегментарлы және субсегментарлы бронхтардың созылуы.

Аурудың жеке бірінші немесе туберкулез, өкпе ісігі, созылмалы абсцессі салдарынан басталатын екінші түрлерін бөледі.

Туғаннан және жүре пайда болатын түрлері бар.

Кейін басталатын - бронхоэктазия ауруы бронхтың тарылуы, тырысуы, тыртықтануы, оның ішіне бөгде заттың енуі, ісінген лимфа безімен қысылуында бронх кілегейінің ағымы нашарлайды. Көбінесе бұған қызылша пневмониясы, коклюш, бронхит, бөгде зат енуі, бронхопневмония, бронхиальды астма, муковисцидоз себеп болады.

Бронхоэктаздар пайда болуы келесі факторлармен байланысты:

1) Бронх қабырғасының эластикалық қасиетінің бұзылуы.

2) Бронх ішіндегі қысымның көтерілуі.

Бронхэктазия ауруының 3 кезеңі бар:

1) Кішкене бронхтардың 0,5-1,5 см.кеңеюі.

2) Бронх қабырғаларының қабынуы қосылуы.

3) Қабыну үрдісі бронхтан оның айналасындағы тіндерге жайылуы. Аурулардың 30% жуығында екі өкпенің зақымдануы қоса байқалады.







Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 1096. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.024 сек.) русская версия | украинская версия