Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Вироидтар және приондар




Табиғатта вирустардан басқа майда инфекциялық агенттер табылған, ол вироидтар мен приондар. Виройдтар өсімдіктердің вирустары

Вироидтар вирустардан түрлі ерекшелігі бар:

1) Олар ақуызды қапшығы жоқ және тек инфекциялы молекулалы РНҚ - дан тұрады.

2) өлшемі өте кішкентай.

3) Вироидтар молекуласы біртізбекті дөңгелек РНҚ-дан ғана тұрады.

Сыртқы ақ уыз қабаты болмады.

Приондар - ақуыз табиғаттға инфекциялық агенттер, олар созылмалы летальды инфекциялардың қоздырғыштары, адам және жануарлардың ОНЖ залалдануымен сипатталады.

Плазмидтер өте қарапайым, майда жасуша қабырғасыз, геномы анықталмаған яғни тірі организм деп айтуға болмайтын, сонымен қатар ол қожайын жасушасына еніп паразиттік өмір сүріп көбеюге қабілетіі бар ғажайып организм. Ол қоршаған ортаның қайнату УК- сәулесі, мұздату т.б. әсерлерге өте тұрақты.

Бактериофагтар.Бактериофагтар - бактерия вирусы. Бактериофагия - фагтардың бактериямен өзара әсерлесу процесі, олардың бұзылуымен аяқталады. Вирустардың барлық биологиялық қасиеттері де фагтарға тән. Олардың геномы ДНҚ не болмаса кубты симметриялы типті болып келеді.

Ірі фагтар, құйрығы бар бинарлы симетрия типті болып құралған. Пішіні бойынша фагтар жіпше тәрізді, сфера тәрізді, басы және құйрығы бар фагтар болып бөлінеді.

Сабақтың мазмұны:

Өз бетімен жасайтын жұмыс:

1. Романовский-Гимзе әдісімен боялған дайын препараттардан риккетсияларды танып алып хаттамаға енгізу.

2. Өскен саңырауқұлақтардың колонияларына мінездеме беріп хаттамаға енгізу.

3. Жасуша дақылынан және тауық эмбрионынан вирустардың репродукциясын анықтау:

а/ ЦПӘ

Осы таблицаға зең саңырауқұлақтан жұқпа жасап микроскопирлеп туыстығын анықтау. Хаттамаға енгізу.

Оқытушымен бірге жүргізілетін жұмыс:

1. Тауық эмбриондарды және жасушалық дақылды вирустың дақылымен өңдеу.

2. Өңделген инкубацияланған тауық эмбрионын алып цитопатикалық әсерін байқап оған мінездеме беру.

Білім деңгейін тексеру және қорытындылау.

Тестілер кітапша ретінде берілген.

Тақырып бойынша ситуациялық есептер:

1. Адам мәиітінің нейронының цитоплазмасында /Аммонов мүйіз қиығында/ домалақ формалы қызыл түсті /Бабеш-Негри денешіктері табылады. Олардың пайда болуы қандай ауруға тән?

2. Осповацинамен залалданған қоянның көзінің мүйізді қабықшасының қиығының эпителиальды жасушасын микроскопияланғанда ядро жанында дөңгелекше келген денешіктер табылды. Қандай денешіктер табылды және олар немен сипатталды?

3. Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұқпада көк-күлгін /фиолетовый/ иірілген ірі біркелкі емес оралымдармен микроорганизмдер көрінеді. Бұл қандай микроорганизмдер?

4. Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұқпада бірнеше оралымдармен, латын “S” әрпі тәрізді қызғылт түске боялған микроорганизмдер көрінеді. Бұл қандай микроорганизмдер?

5. “Жаншылған” тамшы препаратынан, қараңғы жазықты әдіс арқылы бірқалыпты оралымдары бар микроорганизмдер анықталады. Бұл қандай микроорганизмдер?

6. “Жаншылған” тамшы препаратында бөлінген, септирленген мицелиялары бар, олар бір-бірімен айқасып тығыз саңырауқұлақ тобын /грибница/ түзген, одан бір жасушалы конидие тасымалдаушы шығып аяқ жағы желдеткіш тәрізді ұлғайған /конициялар/. Бұл қалталы саңырауқұлақтардың қай тірі ?

7. “Жаншылған” тамшы препаратында септирленген мицелия жібі көрінеді, одан ұшы шашақталған конидия тасымалдаушы тараған. Бұл саңырауқұлақтың қай тірі

Медициналық - латын терминологиясы:

1. Molіcytes - жұмсақ денелі.

2. Actіs - сәуле.

3. Myces - саңырауқұлақ

4. Parazіtos - арамтамақ

5. Spіra - оралым

6. Chaіtae - шаш

7. Polі - көп

8. Leptos - кіші

9. Oblіgattus - міндетті түрде

10. Aspergіllus - су құйғыш зең

11. Penіcіllіum - шашақты

12. Mycetes - саңырауқұлақ

13. Asco - қалта

14. Гифтер - қабықшамен қапталған саңырауқұлақтың жасушасы, ядросы мен ядрошығы цитоплазмасы және қосындылары бар.

15. Мицелиялар - айқасқан жіңішке ұзын жіпшелердің шеттерінің топтасуы.

16. Спорангин - көп санды споралары бар /эндоспоралар/ қабырғасы бар шар тәрізді жуандалған.

17. Конидиялар - ұштарында ұрық тасымалдаушы гифтер экзогенді спора бар түзіліс.

18. Спорангиотасушы - ұрықтасушы спорангии түзілетін гифтер.

19. Конидиитасушы - конидии түзетін ұрықтасушы гиф.

20. Хламидиоспоралар - екі қабатпен қапталған споралар.

21. Псевдомицелилар - ұзын жіп түзетін аналық жасушадан бөлінбейтін бүршіктенуші балалық жасушасы.

22. Септиленген мицелиялар - ішкі қабырғалармен бөлінген.

23. Вегетативті мицелиялар - субстратқа еніп өсетін мицелияның бөлшегі.

24. Репродуктивті мицелиялар - мицелияның бос спортүзуші бөлшегі.

25. Вирустар - лат. – у

26. Прокариот - лат. - алғашқы - ядро,

27. Эукариот - гр. - жақсы - ядро,

28. Капсид – лат. - футляр.

Тақырыбы: Бактериялардың тыныс алуы, қоректенуі, өсуі мен көбеюі. Бактериологиялық зерттеу әдістерінің кестесі. Аэробтар және анаэробтарды зерттеудің бірінші этапы.

Тақырыптың өзектілігі: Бактериялардың метаболизмін білу, ауруға диагноз қою үшін микробиологиялық диагностикасын жүргізуде маңызды болып табылады. Осының нәтижесінде емдеу, алдын алу шараларын жүргіземіз.

Сабақтың мақсаты:

Микроб жасушасының өмір сүру, тыныс алу, қоректену, көбею, өсу процесстерін қоршаған ортамен қарым - қатынас заңдылығын менгеру.

Студенттің өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

Тақырып бойынша бақылау сұрақтар:

1. Метаболизм-бактерия жасушасында өтетін биохимиялық реакциялары, метаболизмнің екі жағы.

2. Бактериялардың қоректенуі және энергия көзі бойынша жіктелуі.

3. Бактериялардың қоректену механизмнің ерекшіліктері және өсу факторлары.

4. Бактерия ферменттердің негізгі топтары, оның жіктелуі.

5. Аэробты және анаэробты бактериялардың тыныс алуы кезіндегі электрондардың соңындағы акцепторлары.

6. Бактериялардың өсуі мен көбеюі. Бактерия популяциясының сұйық қоректік ортада көбею фазасы.

7. Арнайы, микробиологиялық терминдерге түсініктеме беріңіз: “түр”, “штамм”, “клон”, “колония”, таза дақыл”.

8. Бір белгі бойынша бөлінетін /морфологиялық, биологиялық, патогендік, антигендік т.б./; бір түр ішіндегі бактериялардың штамдары.

9. Микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алудың мақсаты.

10. Бактериялардың таза дақылдарын бөліп алу этаптары.

11. Аэробты бактериялардың таза дақыл бөліп алу әдістері.

12. Анаэробты бактериялардың дақылдау әдістері.

Қосымша ақпарат:

Микроорганизмдердің физиологиялық және биохимиялық қасиеттері олардың систематикасында негіздеген. Ол микроорганизмді лабораториялық жағдайда өсіріп, олардың патогенділігін зерттеп, микроорганизмдерді бір- бірінен ажыратып, талдап, танып білу (идентифмкация, дифференцировка) үшін және вакциналарды, антибиотиктерді т.б. БАЗ жасап шығару үшін мағызы зор.

Жасушада өтетін биохимиялық процестерді – метаболизм деп атайды. Бұл термин “зат және энергия алмасу” деген түсінік. Ол өмірдің сақталуымен құрылуына бағытталған заттардың және энергияның айналу процесін құрастыратын организмдегі барлық негізгі қасиеттерінің бірі болып саналады. Метаболизмнің процесстерден түрады: анаболизм және катоболизм.

Микроорганизмнің метаболизмі адам организмінің метаболизміне ұқсас екі қарама - қарсы, сонымен қатар бір-бірімен тығыз байланысқан процесстерден тұрады: катоболизм (энергетикалық метаболизм) және анаболизм немесе пластинкалық конструктивті метаболизм.

Катоболизм кезінде энергия түзіліп АТФ молекуласына жиналады, ал анаболизмде осы энергия микроб клеткалары құрайтын көптеген органикалық микромолекулаларды түзуге жұмсалады. Катоболизм мен анаболизм бір - бірімен аралық метаболиттер арқылы байланысқан, оны амфиболиттер деп атайды.

Анаболизм- жасуша компоненттерінің синтезін қамтамасыз ететін биохимиялық реакциялар, яғни конструктивті алмасу деп аталатын зат алмасуы. Бұл алмасуда екі топтоғы биосинтетикалық процестерді бөлуге болады: мономерлердің биосинтезі және полимерлердің биосинтезі.

Катоболизм- жасушаны энергиямен қамтамасыз ететін реакциялар. Ол көбінесе конструктивті алмасуға керек. Сол себептен катоболизм жасушаның энергиялық алмасуына да қатысады.

Қоректік зат ретінде микроб жасушалары әр түрлі органикалық және минералдық қосылыстарды пайдаланады.

Барлық микроорганизмдер көміртегінін пайдалануы бойынша 2 топқа бөлінеді автотрофтар және гетеротрофтар.

Автотрофтар (лат. аutos - өзі, trophe - қоректену) - көміртегі көзі ретінде СО2 пайдаланады, яғни барлық көміртегі бар жасуша компоненттері ретінде СО2 пайдаланады.

Гетеротрофтар (лат heteros - бөтен (басқа), басқалар арқылы қөректену) тек СО2 – ның ассимиляциясы арқылы қызмет ете алмайды. Олар әртүрлі көміртегі бар органикалық қосылыстарды пайдаланады - гексоза (глюкоза), көп атомды спирттер, кейде көмірсутектер. Көптеген микроорганизмдер көмір көзі ретінде аминқышқылдарды, органикалық қышқылдарды пайдаланады.

Энергия көзі және электрондардың донорлары ретінде микроорганизмдерді фототрофтарға (фотосинтезирлеуші) күн энергиясын пайдаланатын және хемотрофтар (хемосиетезирленуші) энергияны тотығу - тотықсыздандыру реакциялар арқылы энергия алатындар деп бөлеміз.

Фототрофтарға тек сапрофитті микроорганизмдер жатады. Адам патологиясында хемосинтезирлеуші микроорганизмдер маңызды роль орындайды.

Электрондардың донорлары табиғатына байланысты хемотрофтар хемолитотрофтар (хемоавтотрофтар) және хеморганотрофтар (хемототеротрофтар) болып бөлінеді.

Азот бар қосындыларды синтездеу үшін (аминоқышқылдар, пурин, пиримидин, кейбір витаминдер) микроорганизмдер азот көзін қасиет етеді. Оны олар аудан, неорганикалық азотты аммоний тұздарынан, нитрат пен нитриттерден алады. Орагникалық қосылыстарды глюкоза мен аммоний тұздарынан синтездейтін микроорганизмдерді прототрофтар деп, ал ондай қабілеті жоқтарды ауксотрофтар деп атаймыз. Ауксотрофтар бар қосылыстарды және өсу факторларды дайын күйінде пайдаланады оған адамдарға патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер жатады.

Азотпен көміртегінен басқа микроорагнизмдердің биосинтездеуші реакциялары үшін келесі заттар керек: фосфор, күкірт, Mg, K, Ca, Fe иондары және т.б. микроэлементтер.

Қоректік заттар сыртқы ортадан бактериальды жасушаға үш негізгі механизм арқылы түседі:

1. Пассивті диффузия - төменгі концентрациядан жоғарғы концентрацияға бағытталған, яғни концентрацияның градиенті бойынша, бұл энергия талап етпейді.

2. Жеңілденген диффузия - мембранада орналасқан пермеаза- арнайы ақуыздың концентрациясының градиентінің қатысуымен жүреді. Энергия талап етпейді.

3. Активті транспорт- пермеазаның қатысуымен градиентке қарсы жүреді. Бұл жасушадан энергияны талап етеді.

Өсу фактораларына аминоқышқылдар, пурин және пиримидин негіздері, липидттер т.б қосылыстар жатады.

Кейбір микроорганизмдер керекті өсу факторларын өздері түзеді, кейбірлері қоршаған оратадан дайын түрінде алады. Микроорганимздердің осы өсу факторларын қажет етуі олардың тұрақты белгісі б.т., сондықтан біз мұны бактерияларды идентификация және индикация жасағанда қолданамыз және бұл белгілерді лабораторияда қоректік орта дайындағанда және биотехнологияда қолданамыз.

Заттардың бактерия жасушаларынан шығу:

1) Фосфотрансфераздық реакция. Молекулада фосфолирлену жүреді.

2) Контрансляциялық бөлініп шығу. Бұл жағдайда бөлінген молекулалар ерекше аминоқышқылдар тізбектеліп канал түзеді, сол каналдан ақуызтар сыртқа шығады. Осы жолмен среспе, дифтерия токсиндері т.б. молекулалар сыртқа шығады.

3) Мембранадан бүршіктену арқылы.

Ферменттер немесе энзимдер- барлық тірі жасушаларда бар арнайы ақуыз катализаторы. Олар плазмидаларда және кейбір вирустарда жоқ. Бактерияларда барлық алты кластағы ферменттер бар.

1. оксидоредуктазалар

2. трансферазалар

3. гидролазалар

4. лиаза

5. изомераза

6. лигаза

Ферменттердің негізгі үш топтары: конститутивті синтезі – барлық жасушалық циклда жүреді; индуцибельді синтезі - субстраттың бар жерінде индуцирленеді; репрессибельді синтезі - берілген ферментпен каталирленетін реакцияның тағамының артық жиналған кезінде тежеледі.

Эндоферментер микроорганизмдердің ішінде жүретін метаболизмді катализденді.

Эндоферменттер жасушадан сыртқы ортаға бөлініп қоректік субстраттар макромолекулаларды қарапайым қосылыстарға дейін ыдыратады.

Энергияның негізгі көзі– күн сәулесі болып табылады. Одан кейін энергия тотығу-тотықсыздану реакцияларының көмегімен жиналып АТФ- болып консервиленеді. АТФ молекуласы электрондық біріншілей донордағы соңғы акцепторға тасмалданғанның нәтижесінде түзіледі /синтезделеді/. Осы соңғы акцепторының не екендігіне байланысты аэробты және анаэробты тыныс алуы деп бөлінеді. Аэробты тыныс алуда- электрондардың соңғы акцепторлары /О2/ болып табылады, ал анаэробты тыныс алуда - әртүрлі бейорганикалық қосылыстар болып табылады.

Бактериялар оттегін талап етуі бойынша 5 топқа бөлінеді:

1) Облигатты (қатаң) аэробтар оттегі бар ортада ғана өседі, егер от тегін түсуі тежелеген жағдайда өсуі тоқтап қалады.

2) Микроаэрофильдер - СО2 көп болған жағдайда жақсы өседі (яғни О2 аз болуы тиіс) оны мына терминдерде атайды микроаэрофильді микроорганизмдер.

3) Факультативті анаэробтар (глюкозаны пайдаланып анаэробты және аэробты жағдайларда көбеюге қабілеті бар) электрондардың терминальды акцепторлары ретінде молекулярлы О2-ны да органикалық қосылыстардыда пайлануға қабілеті бар.

4) Облигатты (қатаң) анаэробтар (тек ауа жоқ жағдайда өседі).

5) Аэротолералық оттегі бар жерде уақытша тіршілік етеді.







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 2537. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия