Гварниери денешіктері
Плазма қосындылары (Гварниери денешіктері) Қосындылар – арнайы бояған кезде микроскоппен анықтауға болатын вириондардың немесе олардың бөлек компоненттерінің цитоплазмада немесе ядрода жиналуы. Мысалы: шын шешек вирусы цитоплазмада – Гварниери денешіктері деген қосындылардың пайда болуына алып келеді; герпес және аденовирустары – ядроішілік қосындылардың пайда болуына алып келеді.
«Дақтар» (вирустың негативті колониялары) «Дақтар» немесе «негативті» колониялары – агарды жабындының астындағы қоректік ортада дақылданған, вирустар бұзған жасушаның шектелген бөлімшелері, боялған тірі жасушалардың жанында ақшыл «дақтар» көрінеді. Бір вирион бір «дақтың» пайда болуына алып келеді, әр вирустардың «дақтары» өзіне ғана тән. Сондықтан бұл қасиет диагностикалық мағынаға ие.
Эритроциттер Вирустар Гемагглютинация
|