Студопедия — Даярлықтағы рөлі мен орны. Этика және деонтология негіздері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Даярлықтағы рөлі мен орны. Этика және деонтология негіздері






Ішкі аурулар пропедевтикасы дегеніміз ішкі ауруларды диагностикалаудың негіздері. Пропедевтика термині грек тілінен аударғанда «propaidеuo» – «алдын ала оқыту» деген мағынаны білдіреді.

Клиникалық пәндер пропедевтикасының мақсаты синдромдық диагнозды қою болып табылады, мысалы, өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы, қан айналым жетіспеушілігі және т. б.

Бұл мақсатқа жету үшін мыналарды орындау қажет:

- негізгі және қосымша тексеру әдістерін алдын-ала меңгеріп, науқастың дертінің симптомдарын анықтау;

- анықталған симптомдарды клиникалық синдромдарға топтастыру, яғни синдромдық диагноз қою (клиникалық ойлау жүйесі);

- науқаспен, оның туыстарымен және жақындарымен, сонымен қатар жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың кәсіби ережелерін меңгеру.

Осыған орай, пропедевтика тек қана науқастың төсегінің жанында тәжірибелі тәлімгердің басшылығымен практикалық іс-тәжірибеге үйрену екенін ұғыну керек. Ол ішкі ауруларды емдеудің (терапия) негізгі қағидалары мен олардың болжамы топтастырылған қазіргі заманғы клиникалық медицинаның негізі.

Диагностиканың білім және тәжірибелердің жинақтамасы ретінде өзіндік тарихы бар. Ежелгі заманда және орта ғасырларда ауруды анықтаудың эмпирикалық; әдістерін қолданған (сұрастыру, қарау, сипап сезу, қағу), олар жалпы және жергілікті дене қызуының өзгерістерін, жергілікті ауырсынуларды, ісінулерді және т.б. анықтауға мүмкіндік берген. Осындай әдістермен анықталған симптомдардың талдамасы сол кезеңде белең алған ауру туралы діни-философиялық көзқараспен жүзеге асқан. Сол кездің өзінде халықты емдеумен медициналық мектептерде топтасып дайындалған кәсіби мамандар айналысқан. Оның негізін қалаушылардың бірі антикалық ұлы дәрігер Гиппократ болып есептеледі (460-377 б.з.д.), ол дәрігерлік тәжірибеге мынадай диагностикалық әдістерді кеңінен енгізді: ауру барысына динамикалық бақылау жасау, зондтау, жатыр мен тік ішекті айнамен қарау.

Гиппократтың пікірінше, жүйелі қарастырудың («бөліктің саулығы бүтінге байланысты») диагностикалық маңызы зор. Ежелгі Қытай мен Тибетте ауруды анықтауда артериялық тамыр соғысын және бірқатар биологиялық сұйықтықтардың (сілекей, несеп, қан) органолептикалық қасиеттерін зерттеудің маңызы зор болған. Жаңа заманда базистік ғылымдардың дамуымен аспаптық диагностикалық тәсілдер: салмағын өлшеу, гигрометрия (С.Санторио), термометрия (де Гаен), микроскопия (Ван Левенгук) дамыды.

Эйнтховенніңэлектрокардиографты ойлап табуымен, микроскоптың жетілдірілуі және рентген сәулелерінің ашылуы диагностиканың дамуына жақсы қарқын берді. Осы кезден бастап, аспаптық-зертханалық әдістер кеңінен етек алды, оған жаңа бөлімдер: рентгеносемиотика, клиникалық ЭКГ және т.б. қосылды. Соңғы он жылдықта ультрадыбыстық зерттеулер, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, фиброталшықты эндоскопия және радиоизотопты сканерлеу кеңінен қолданылуда. Бұл заманауи әдістер дертті ертерек және дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, диагностикалық үрдіске көптеген консультант мамандар қосылуда, ал бұл үрдістің өзі бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Диагноздың ақпараттық толымдылығы артып, ол ұжымдық еңбек нәтижесіне айналады.

Орыс клиникалық мектептерінің құрылуы мен дамуы М.Я.Мудров, С.П.Боткин, В.П.Образцов, Н.Д.Стражеско, Г.Ф.Ланг есімдерімен тығыз байланысты.

- Матвей Яковлевич Мудров (1776-1831) науқасты сұрастыру әдісін кеңінен қолданып, ауру тарихының схемасын құрды. Өзінің тәжірибесінде ол «дертті емес, науқасты емдеу» қағидасын алға тартқан.

- Сергей Петрович Боткин (1832-1889) ғылыми (экспериментальді) медицинаның негізін салушылардың бірі. Өзінің тәжірибесінде ол науқасты емдеуде аспаптық зерттеуді кеңінен қолданды. С.П.Боткин өмірінде алғаш рет қақпа венасының тромбозына диагностика жасап, қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіндегі шуды тыңдаудың аускультативті нүктесін ұсынып, сол жақ қарыншаның веноздық стенозындағы протодиастолдық шуылды суреттеді.

- Василий Парменович Образцов (1849-1920) іш қуысындағы мүшелерді терең пальпациялау, кеуде және іш қуысындағы мүшелердің тікелей перкуссиясын, жүрек аускультациясының стандартын құрастырды.

- Николай Дмитриевич Стражеско (1876-1952) ас қорыту мүшелерін және жүрек-қан тамыры жүйесін зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Толық атриовентрикулярлыблокада кезінде орын алатын жүрек ұшындағы бірінші тонның жедел күшеюін суреттеді (Стражеско бойынша «зеңбірек тоны»), қан айналымы жетіспеушілігінің патогенезі, классификациясы және оны емдеу мәселелерін қарастырып, ревматизмге және созылмалы септикалық эндокардитке сипаттама берді.

- Георгий Федорович Ланг (1875-1948) кардиологиядағы функционалдық диагностиканы зерттеп, гипертониялық ауруды жеке дерт ретінде қарастыратын ілімнің негізін салды, бауыр және жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының жеке-жеке жіктелуін құрастырды.

- Владимир Харитонович Василенко (1897-1987) кардиология мәселелерін белсенді қарастырып, жүрек тоңдарын ажыратып, олардың пайда болу механизмін және шоқырақ ырғағын (алғашқы IV тонның сипаттамасы), жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық белгілерін зерттеген. Н.Д.Стражеско және В.Х.Василенконың бірлесіп жасаған жіктемесінің негізіне қан айналымы жеткіліксіздігінің зерттеулері жатады. В.Х.Василенко гастроэнтерологияның дамуына үлкен үлес қосты (ас қорыту мүшелерінің қатерлі өспелері, өңеш патологиясы мен ойық жара аурулары).

Емдік-диагностикалық жұмыстар дәрігерден бірқатар моральдық-этикаалық талаптарды сақтауын қажет етеді, оны дәрігерлік деонтология(гр. deontos – парыз, logos – ғылым) деп атайды. Бұл терминді алғаш XIX ғасырда ағылшын философы Иеремией Бентам кәсіби мінез-кұлық туралы ғылымда енгізген. Клиницистің өз кәсібіне сайлығы оның кәсіби дайындығымен ғана емес, өзіндік қабілетімен де анықталады (адамгершілік келбеті, кәсіби парызы, науқаспен қарым-қатынасы және мейірімділігі). Жалпы, дәрігерлік деонтология түсініктемесі алғаш рет Гиппократ антында тұжырымдалған, ол үш бөлімнен тұрады - дәрігердің науқас алдындағы міндеттері, науқастың дәрігер алдындағы міндеті және дәрігердің өзінің ұстазы алдындағы міндеті. Гиппократтың деонтологиялық үлгісінің негізгі қағидасы - «зиян келтірме». Парацельстің (1493-1541) патерналистикалық (латынша pater - әке ) үлгісінің ережесі - «жақсылық жаса». Мұнда «дәрігер-науқас» қарым-қатынасы үйрету үлгісінде және сәйкесінше бір-біріне құлақ асуда қарастырылады.

Заманауи деонтологиялық үлгінің негізінде серіктестік жатыр, ол үш негізгі қағидадан тұрады:

- парызды ұстану, яғни медициналық ұжыммен құрылған, орындауға міндетті моральдық ережелерді орындау, оны орындамау тәртіптік жазаға тартылуға және дәрігерлік ұйымнан аласталуға әкеледі;

- адамның құқығы мен абыройын сыйлау (таңдау құқығы);

- ақпараттандырылған келісім, дәрігер сырқат туралы сәйкес ақпаратты, яғни берілетін емнің мақсаты мен сипаты, сырқатқа қатысты оның қатері, оыс ем түрінің балама мүмкіндіктері туралы айтқаннан кейінгі науқастың өз еркімен ем-шара қабылдауына келісім беруі жатады.

Берілген емге баламалы ем ұсыну маңызды болып табылады. Дәрігер медициналық көзқарас тұрғысынан тиімдірек емді ұсынады, бірақ соңғы шешімді науқастың өзі қабылдайды.Осылайша,дәрігер науқастың денсаулығын жақсартуды өзінің басты мақсаты етіп қояды.

Ақпараттандыруда еммен қатар жүретін асқыну қаупі ерекше назарда. Дәрігер төрт қауіп аспектісін назарға алуы тиіс: сипаттамасы, салмақтылығы, ықтималдылығы және оның тез арада орын алу мүмкіндігі.

Ақпараттандырылған келісім қағидасы дәрігерге ерекше моральдық және заңды жауапкершілік артады - науқасты қалай және қаншалықты ақпараттандыру керек? Батыста «құқықтық медицина» негізінде «субъективті ақпараттандыру стандарты» ұғымы кең етек алуда, осыған байланысты дәрігер ақпаратты науқастың жеке бас ерекшелігіне және талап-тілектеріне қарай максимальды түрде бейімдеуге міндетті. Мұндайда науқастың алған ақпаратын дұрыс ұғына біліп, сол бойынша келісім білдіруі аса маңызды.

Өзеркімен келісу – медициналық шешім қабылдауда маңызды сәт болып табылады. Науқастың шешім қабылдауында дәрігердің тарапынан бопсалау, алдау, күштеу болмауы керек. Дәрігер өзінің науқастарының алдында адал болуы тиіс. Осыған байланысты, медициналық тәжірибедегі бірқатар моральдық бағалаулар мен талаптарды, яғни Парацельс қағидасын өзгерту қажеттілігі туындайды. Ащы болса да, шындықты айту батыстың құқықтық медицинасында кеңінен қолданылуда. Бірқатар жағдайларда «жақсылық үшін жалған айту» дәрігерге кері әсерін тигізуі мүмкін.

Осылайша, серіктестіктің деонтологиялық үлгісін және ақпараттандырылған келісім доктринасын қабылдау, заманауи медицинаның мақсатын қайта қарастыруды білдіреді. Бұрын науқастың денсаулығына қамқорлық жасау мақсат болып саналатын, бірақ, оның бостандығына шектеу қойылатын. Қазіргі кезде негізгі мақсат ретінде науқасқа қамқорлық жасау қарастырылады, ал оның денсаулығын қалпына келтіру құрамдас элементтің бірі болып табылады. Осы орайда «дәрігер-науқас» тең құқықты ма, оның белгілі бір шекарасы бар ма, науқас өзінің жағдайын қаншалықты дұрыс бағалайды деген тәрізді сауалдар туындайды.

Эвтаназия – медицинада өз еркімен қабылдайтын қағиданың маңызды аспектісі (грек.evos - жақсы, thanatos - өлім) болып табылады. Бұл түсінік бойынша «саналы әрекеттен бас тарту, ауырсыну мен қиналуды басу мақсатында тез және ауырсынусыз өлімге әкеледі».

Американдық медицина ассоцациясы эвтаназияның келесі жіктелуін қарастырады:

- өмірімен қош айтысу туралы медициналық шешім науқастың келісімі арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда дәрігер тек науқастың өз өмірін өзі қиюы үшін қажетті препаратты дайындайды, оны науқас өзіне-өзі салады;

- өмірін ұзартатын тағайындаулардан бас тарту туралы науқастың өз шешімі.

Христиандық моральға («өмір - құдайдан») және дәрігерлік ішкі түйсікке қарсы келетіндіктен, бүгінгі күнге дейін көп елдерде эвтаназияға үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Науқасты белсенді немесе пассивті өлімге қиған дәрігер, жақсы ниеті болса да, дәрігер болуын тоқтатады. Дегенмен, соңғы 10 жылдықта Еуропа елдерінде (Англия, Бельгия, Германия) эвтаназияға келесі жағдайларда рұқсат етілген:

- шыдатпайтын ауырсыну сезімі болғанда, науқастың келісімімен ол ерікті түрде өлімге мойынұсынғанда;

- үмітсіз науқастарға көмек көрсету экономикаға залал келтіреді;

- босаған медициналық аппараттар мен дәрілер мұндайда сырқатынан айығуға үміті бар басқа науқастарға пайдаланыла алады.

Мұндай тәжірибе тек медицина үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін аса зиянды екенін жылдар көрсетті. Біздің елімізде эвтаназияға тыйым салынған.

Кез-келген кәсіптегі тәрізді, дәрігерлер тарапынан да бұрыс нәтижелі әрекеттер болуы мүмкін (ятрогения). Ятрогенияға әкелетін субъективті факторлардың бірі - дәрігерлік қателік пен немқұрайдылыққа жол беру. Дәрігердің қателігі - науқасты емдеуде жіберген, қылмыстық сипаты жоқ қателік. Немқұрайлылық – қылмыс «өзінің қызметіне немқұрайлы және ұқыпсыз қарауымен қызмет иесі өзінің міндетін тиісті деңгейде атқармауы, егер бұл жекелеген азаматқа немесе ұйымға үлкен шығын келтірумен және құқықтарын, заңды мүдделерін дөрекі бұзумен, заңмен қорғалатын мемлекеттің және халықтың құқығын бұзумен қатар жүретін болса» (293-ші баб, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі). Өз қызметінде қателіктер мен немқұрайдылықтарға жол бермеуі дәрігердің негізгі міндеті.

 


Тарау

Ішкі мүшелердің аурулары туралы жалпы түсінік. Денсаулық;







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3199. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия