Студопедия — Ауырсыну
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ауырсыну






Ауырсыну импульстары оң жақ қабырға астынан диафрагмалық жүйкенің афферентті талшықтары арқылы жұлынға және rami communicantes anteriores жетеді, ары қарай бүйір бағаналар және tractus spinothalamicus lateralis арқылы ноцицептивті қозу көру төмпешігіне (thalamus opticus) жетеді, ол қыртыс асты ауырсыну сезімінің орталығы болып табылады.

Интенсивті және ұзаққа созылған ауырсыну тері сезімталдығы мен қаңқа бұлшық етінің сезімталдығын рефлекторлы жоғарылатады, олар жұлынның белгілі бір бөлігінен нервтеледі (Захарьин-Гед аймағы).

Бауырдың паренхимасында ауырсыну рецепторлары жоқ, бауыр аймағы мен оң жақ қабырға астында ауырсыну мына себептерден болады:

- бауырдың көлемді және тез үлкеюі оның глиссон капсуласының созылып кетуіне алып келеді;

- бауыр мен өт қапшығын жауып жатқан висцералды жапырақшаның қабынуы (перигепатит, перихолецистит);

- өт қабының бұлшық етінің спазмасы (өттік шаншулар);

- өт жолдары мен өт өзектерінің созылып кетуі.

Бауыр ауырсынулары өткір гепатитте, өткір холангитте, бауыр инфарктінде, бауырлық қан айналымының декомпенсациясында («тұрып қалған бауыр»), бауыр веналарының өткір тромбозы (Бадд–Киари синдромы) кезінде кездеседі. Перигепатит пен перихолецистит кезінде ауырсыну дем алғанда және оң жақ қабырға астын басқанда өрши түседі.

Өт шаншуыинтенсивті ауырсынулармен көрінеді, оның алғашқы байқалатын жері - эпигастрий аймағы, ол кейін оң жақ қабырға астына қарай ығысады. Көбінесе шаншу түнде мазалайды. Өттің шаншуы майлы тамақ жеген кезде өрши түседі, ал әйел адамдарда етеккірі кезінде, жүкті болғанда немесе босану кезінде пайда болады. Ол жүрек айнумен, көп мөлшерде «аузы толып қалатындай» сілекейдің бөлінумен сипатталады. Биллиарлы ауырсыну оң жақ жауырын және оң жақ иыққа беріледі. Сирек жағдайларда дірілдеумен, субфебрильді қалтыраумен көрінеді. Ал, құсу ешқандай жеңілдік әкелмейді, бірақ, спазмалитиктер өт шаншуын төмендетеді. Есте сақтаған жөн, бұл жағдайда есірткілік дәрі-дәрмектерді қолдану дұрыс емес, ол Одди сфинктерінің спазмасын тудырады.

Өт қабындағы дистензионды ауырсынулар оның тез созылып кеткен жағдайында (жалпы өт жолында тас болса, ол өт жолдарын толығымен жаппаса) ғана байқалады. Бұл ауырсынулар сыздатып ауыртады және өттің қалыпты шаншуынан қарағанда өте күшті емес, бірақ егер тас тез холедохты бітеп тастаса, олар тез жоғарылайды.

Оң жақ қабырға астының ауырсыну себебі бауыр немесе өт бөлу жолдарының аурулары ғана емес, қасындағы мүшелердің ауруларынан да болады (тоқ ішектің бауыр тұсындағы иірімінің қатерлі ісіктері, диафрагма астылық абсцесс).

Диспепсиялық шағымдарға бауыр аурулары кезінде тәбеттің төмендеуі, ауыздағы жағымсыз дәм, кекіру, жүрек айну және құсу (көбінесе өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету кезінде) жатады.

Жайылған терінің қышуы (prurigo) бауырдың созылмалы диффузиялық бұзылыстары кезіндегі негізгі белгі болып табылады, ол бауыр ішілік холестазбен (біріншілік билиарлы бауыр циррозы) бірге жүреді және аурудың негізгі белгілерінен бірнеше жыл бұрын ерте басталады. Сонымен қатар, ол механикалық сарғаю кезінде көрініп, түнде өрши түседі. Қышыманың қарқындылығы сарғаюдың көлеміне, қандағы билирубин мен өт қышқылының көлеміне байланысты емес, бірақ, терідегі өт қышқылдарының көлеміне байланысты.

Бауырдың детоксикациялық функциясының бұзылуына байланысты, яғни бауыр жетіспеушілігі кезінде науқастың жалпы жағдайы бұзылады және есінен айрылуы басталады. Бұл кезде жалпы әлсіздік, тез шаршау және мазасыздық, ұйқының ауысуы (күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысының келмеуі) ми қыртысында ассоциативті процестердің бұзылуы байқалады. Егер бұл ауру асқынатын болса (гепатаргия), естен тану да қосылады (бауыр комасы).

Арау

Сары ауру (icterus) дегеніміз тері жабындыларының сары пигментке боялуы болып табылады, бұл қандағы билирубиннің көбейіп1 кетуіне байланысты болады. Бірінші көздің ағы, жұмсақ таңдай және тіл, ал кейін дене терісі және ең соңында алақандар мен табандар сарғаяды. Осындай сатымен сарғаю азая бастайды. Жұмсақ таңдай мен көздің ағының сарғаюы субиктериялану деп аталады.

[1] Қандағы жалпы билирубиннің мөлшері 2 ммоль/дл. асқанда терінің боялуы басталады деп саналады.

Сарғаюды уақытында және дұрыс байқау үшін науқасты табиғи жарықтандырылған бөлмеде тексеру қажет, электр лампалармен жарықтандырылатын жасанды жарықтандыру сары түсті, сондықтан да ол сарғаюды, яғни субиктериялануды одан сайын байқатпайды. Билирубинді сарғаюды кейбір пигменттердің әсерінен пайда болатын экзогенді сарғаюдан айыра білу қажет (бірінші кезекте сәбіз және асқабақтың каротинінің әсерінен болатын).

Олардың негізгі клиникалық айырмашылығы, экзогенді сарғаю кезінде дене терісі, табандар, алақан сарғаяды, бірақ көздің ағының түсі өзгермейді. Сол сияқты, билирубинді сарғаюды тексерген кезде әр түрлі себептерге байланысты кері даму кезеңі болуы мүмкін, онда көздің ағының түсі қалыпты түске келген, ал дене терісі мен алақанның сарғаюы сақталады. Бұл кезде экзогенді (пигментті) сарғаюды шын сарғаюдан тек қандағы билирубин мөлшерінің көрсеткіштері бойынша айыруға болады.

Холестаз синдромы кезінде дене қышуы мазалайды, сол кезде науқас денесінен қасыған іздерді көруге болады. Көп жағдайда қасыну тері мацерациясына әкеледі, оған инфекция түсіп, іріңдеп кетеді.

Бауырдың қабыну ауруларының соңғы сатысымен зардап шегетін науқастарда гемморрагиялық диатездің көріністері: теріде петехиялар (тері мен шырышты қабаттарда пайда болатын ұсақ нүктелер, үстінен басқан кезде жоғалмайды және тромбоцитопениямен немесе тромбоцитопаниямен бірге жүреді), тері ішілік қан кету және мұрыннан қан кету (плазмалық гемостаздың бұзылуына байланысты) байқалады.

Созылмалы бауыр ауруларымен ауыратын адамдарда болатын белгілер «шағын бауыр синдромы белгілері» деген атауға біріккен, онда байқалады:

- Тамыр жұлдызшалары (телеангиэктазия), дененің жоғарғы бөлігінің терісінде және жұмсақ таңдайда орналасады. Жұлдызшаның орта бөлігі үлкен емес, 1 мм дейін, ангиомадан құралған, осы жерден радиалды түрде ұсақ тамырлар тармақталады. Телеангиэктазияны қолмен басқан кезде аз уақытқа жоғалып, қайта пайда болады және орталығынан шеттерінен қарай тармақтары қанға тола бастайды. Бауыр қатты қабынған кезде жұлдызшалар ашық қызғылт түсті болады, бірақ, қабыну басылған сайын оның түсі де, көлемі де біртіндеп кішірейеді. Телеангиэктазияның пайда болуы жанама гиперэстрогенемиямен түсіндіріледі (зақымдалған бауыр әйел адамда және ер адамда бөлінген эстрогендерді ыдырата алмайды). Бауырлық тамыр жұлдызшаларын Рандю-Ослер синдромы мен климакстық ангиома кезінде пайда болатын ұсақ ангиомадан айыра білу қажет, оларды басқан кезде жоғалып кетеді, бірақ, тамыр жұлдызшалары жоқ және көбінесе қолда, арқада және бетте болады.

- Бауыр алақаны (пальмарлы алақан) (erythema palmaris), бұлжағдайда алақанның шынашақ пен бас бармақ буылтығы арасындағы терісі мен табан қызарады және басқан кезде бозарып кетеді. Пальмарлы эритеманың пайда болуы да гиперэстрогенемиямен байланысты.

- «Таңқурай тәрізді тіл» (хантер глосситі), үсті тегіс және атрофияланған емізікшелермен болады, ол бауырда өңдіріліп шығатын В12 витаминінің жетіспеушілігінен пайда болады.

- Дюпюитрен контрактурасы – алақан фасциясының фиброзды тіннің өсіп кетуіне байланысты ауырсынусыз үлкейіп және толықсуы, бұл саусақтардың деформациясы мен білектің функциясының төмендеуінеәкеледі. Көбінесе 40-тан асқан ер адамдарда болады. Дюпюитрин контрактурасы екі қолда да болуы мүмкін. Ал егер бір қолда ғана болса, онда көбінесе оң қол зақымданады. Көбінесе аты жоқ саусақ, одан кейін шынашақ, сосын ортаңғы және сұқ саусақ зақымдалады. Аурудың басында алақан фасциясында үлкен емес тығыз түйіндер пайда болады, одан кейін олар көлденең сызықтарға айналады. Сызықтар терімен және оны қоршап жатқан тіндермен қосылып бірігіп кетеді. Тері жиырылып қалады. Саусақтың алақан буындары 100° бұрышына қисаяды, проксималды фаланга аралық буындар тұйық бұрыштан тік бұрышқа дейін майысады (тырнақ фалангалары алақанға дейін майысады), саусақтарды белсенді және ақырын жиыру мүмкін емес.

- Гинекомастиядегеніміз ер адамдарда гиперэстрогенемияның салдарынан сүт безінің екі жақты үлкеюі және пальпаторлы ауырсынуы. Екі жақты гинекомастияның тағы бір себебі болып кортикоэстрома (бүйрек үсті безінің экстроген бөлетін ісігі) болып саналады. Бір жақты гинекомастия сүт безінің қатерлі ісігі кезінде болады, бұл ер адамдарды өте сирек кездеседі. Гинекомастияны үлкен төс бұлшық етіне майлардың жиналып қалуынан айыра білу керек.

- «Барабан таяқшалары» тәрізді саусақтар (Пьер Мари–Бамберга гипертрофиялық остеоартропатиясы) жанама гиперсеротониемиямен байланысты.

Бауыр ішілік холестазы бар науқастарда қабақ астында, алақандарында, білектерінде, шынтақтарында және табандарында холестерин түйіндерін табуға болады (ксантелазмалар және ксантомалар). Гемохроматозбен1 ауыратын науқастарда көздің қасаң қабатында жасыл шеңбер болады, оны Кайзер-Фляйшер сақинасы деп атайды, оны тек арнайы лампамен көруге болады.

Бауырдың төмен түсіп кетуі мен ұлғаюы кезінде (гепатомегалия) оң жақ қабырға астының ісініп кетуі байқалады, ол әсіресе, арық, алдыңғы іш қуысы жіңішке адамдарда кездеседі. Осындай ісіну аденокарцинома, эхинококкоз, бауыр абцессі, созылмалы миелолейкоз, жүрек жетіспеушілігі нәтижесінен бауырдың вена қанымен толуының белгілері болуы мүмкін. Үшжармалы қақпақтың жетіспеушілігі кезінде бауырдың нақты соғысын анықтауға болады.

Бауыры ауыратын адамдарда іштері бос сұйықтықтың жиналып қалуына байланысты үлкейеді, яғни асциттің себебінен бұл порталды гипертензия синдромы әсерінен болады. Осы синдромның тағы бір белгісіне іш қабырғасында тері астылық венозды коллатеральдардың пайда болуы да жатады. Бұларға кіндік айналасындағы (caput Medusae)[2] тері астылық веналар жатады, олар портокавальды анастамоздар және іш қабырғасы веналары (кавакавальды анастомоздар) тобына кіреді. Соңғысы төменгі қуыс венадан қан ағып келуі қиындауы себебінен (тромбоз, сырттан басылып қалуы) болады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 5026. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия