Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Миокард инфарктысы





Миокард инфарктысы – жүректің ишемиялық ауруларының; клиникалық түрлерінің бірі, коранарлы қан айналымы жетіспеушілігі салдарынан жедел жүрек бұлшық етінің ошақты некрозы (спазм, тромбоз, коранарлы артериялардың облитерациялық атеросклерозы). Миокард инфарктысының алғашқы диагностикасын ұлы орыс клиницистері В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско (1909 ж.) ұсынған, олар оның бес клиникалық түрін сипаттады.

- Ангинальді түрі (status anginosus) - төс артында 20 минуттан аса стенокардия секілді басып немесе қысып тұратындай, нитроглицеринді тіл астына қойса басылмайтын және жүректің сәйкес Захарьин-Геда зоналарына таралатын (сол иық, жаурын, қол) ауырсынудың болуы. Ауырсыну кезінде науқасты қорқыныш үрей, қозу, суық тер басады.

- Астматикалық түрі – сол жақ қарыншаның жетіспеушілігі белгілері (науқастың тұншығу ұстамасымен бірге инспираторлы ентігуі, аяғын төмен түсіріп және бас жағын жоғары көтеріп, мәжбүрлі халде болуы).

- Аритмиялық түрі - «R-ден Т-ға» типті ерте қарыншалық экстрасистолиялар, политопты экстрасистолия, Гис шоғырының сол тармақтарының блокадасы, толық атриовентрикулярлы блокада, қарыншалардың фибриляциясы.

- Абдоминальді түрі – өт шаншуының ұстамасындай, ойық жарасы ауруындағыдай, панкреатиттегідей клиникалық көрініс байқалады.

- Церебральді түрі – ми қан айналымының бұзылуының динамикалық белгілерінің болуы (транзиторлы ишемиялық атака): бас айналуы, дизартрия, аяқ-қолдарының салдануы.

Жоғарыда айтылған белгілер бірнеше сағат бойы байқалады, ол морфологиялық субстраты жедел миокард дистрофиясы болып табылатын аурудың өткір кезеңіне тән. Өткір кезеңінде миокардтың ошақты некрозының; түзілуі 2-10 күнге созылады: перикардиттан басқа, төс артындағы ауырсынулар басылып, субфеврильді қызу қосылып, қан айналымының жетіспеушілігі күшейеді. Өткірлеу кезең; 4-8 аптаға созылады: жағдайы жақсарып, асқыну болмаса, науқас қалыпты жағдайға келеді. Инфаркттен кейінгі кезең (реаблитациялық) жарты жылға созылады. Осы уақытта науқас инфаркттың қайталануының алдын алу мақсатында диспансерлік бақылауда болады.

Аурудың диагностикасында электрокардиографияның; маңызы зор. Миокард инфарктысы кезінде электрокардиографияда өзгерістер аурудың ағымына және зақымдалу ошағына байланысты (теріс және оң). ЭКГ-да инфаркталды кезеңінде монофазалық қисық («зақымдалу аймағы») пайда болады: SТ сегменті жоғарылап, Т сермесімен қосылады, теріс Q және S тісшелері байқалмайды. Өткір кезеңде SТ сегменті изосызыққа дейін төмендеп, Т сермесі теріске айналады, терең және кең Q сермесі түзіледі (миокардтың ошақты некроз белгісі), R сермесінің амплитудасы миокардтың зақымдалу тереңдігіне байланысты төмендейді. Трансмуральді инфаркт белгісі - R сермесінің болмауы, оның орнында ЭКГ-да QS аралығы болады. Кейін кардиограмма өзінің бұрынғы түріне келіп, тек терең және кең Q сермесі сақталады, ол инфаркттен кейінгі (ірі ошақты) кардиосклероз белгісі. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық болса да, ЭКГ-де оң көріністердің болмауы («қатып қалған» кардиограмма) сол қарыншаның инфарктіден кейінгі аневризмасы бар екенін көрсетеді.

ЭКГ-де ошақты өзгерістер көрінісі бірдей емес, ол сол қарыншадағы инфаркттық өзгерістерді көрсетеді. Алдыңғы-қалқалық инфарктте жоғарыда айтылған өзгерістерді V1–V31 тіркемелерде, сол қарынша ұшы аймағында инфаркт болса, V3–V4 тіркемелерде, бүйірлік қабырғада инфаркт болса - V5–V6 I, aVL тіркемелерде, төменгі (диафрагмалық) инфаркт - II, III, aVF тіркемелерде анықтайды. Сол қарыншаның артқы қабырғасында инфаркт болса R сермесі V1–V2 тіркемелерде биік және терең, кеңейген Q сермесі қосымша V7–V9 тіркемелеріне тән.

Миокард инфарктысының өткір кезеңінде қан анализінде лейкоцитоз анықталады, бірінші апта соңында ЭТЖ жоғарылап, АСТ, АЛТ, ЛДГ1, МВ КФК кардиоспецификалық ферментінің және Т тропонинінің деңгейі артады.

Миокард инфарктысында эхокардиографияның; үлкен диагностикалық маңызы бар, ол арқылы миокардтың гипо- және акинезия аймағын және сол қарыншаның инфарктіден кейінгі аневризмасын анықтайды.

Миокард инфарктысының асқынуы:

- Кардиогенды есеңгіреу жүректің жиырылғыштық қызметінің өте төмендеп, тіндік микроциркуляциясының тежеліп және метаболизмдік ацидоздың дамуымен жүреді. Үш клиникалық-патогенетикалық түрін ажыратады - аритмиялық, нағыз және рефлекторлы.

- Сол қарыншаның аневризмасы, төстің сол жағында III–IV қабырға аралықта пульсацияның пайда болуы, ЭКГ-де қисық сызық «қатып қалған» күйінде және эхокардиографияда миокардтың қандай да бір аймағының бұлтиуымен сипатталады.

- Дреслера синдромы - миокард және перикард антигеніне қарсы антидененің түзілуінен аутоиммунды плеврит, перикардит және синовит дамиды.

1 - Қарыншааарлық перденің сол бөлігінің инфарктісі ЭКГ-де Гис шоғырының сол тармақтарының бөгемесі немесе толық атриовентрикулярлы бөгемесі арқылы көрініс береді.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2840. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия