Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Эхокардиография




Эхокардиография (ЭхоКГ) - жүрек пен қан тамырларын ультрадыбыстық зерттеу әдісі. Осы әдістің үш түрі бар: М-эхокардиография, екі өлшемді эхокардиография және доплерлік зерттеу. М-эхокардиография кезінде датчик серпіндерді бір бағытта жібереді (жүректің біркелкі бейнесі, 5-2-сурет). М-ЭхоКГ сол қарынша өлшемін, қабырғасының қалыңдығын және функционалдық жағдайын бағалау үшін кеңінен қолданылады. Диастолалық қызметі қарынша қабырғасының диастола кезінде жұқару жылдамдығымен бағаланады. Кіші осінің қысқару пайызын есептеу арқылы (қалыпты жағдайда ол 28%-дан асады) және циркуляторлы талшықтардың орташа қысқару жылдамдығын анықтау арқылы, қарыншаның систолалық қызметін көреміз. Осы көрсеткіштер жүктемеден алдыңғы және жүктемеден соңғы өлшемдерге, сондай-ақ миокардтың жиырылуына байланысты. Систолалық қысым мөлшері мен өлшем қатынасын талдау арқылы мәлімет алуға болады, олардың жүктемеден алдыңғы және жүктемеден соңғы өлшемге қатынасы жоқ. Бірақ, М-ЭхоКГ қарыншаның қалыпты конфигурациясы және систолалық қозғалыстың біркелкі сақталғанда бағалы.

Екі өлшемді эхокардиографияда ультрадыбыстық сәуле бұрышы 900 бұрылып, екі жазықтықта бейнені көрсетеді. Әр түрлі нүктелерден суретке түсіру арқылы сол уақытта жүрек құрылысының тербелісіне талдау жасауға болады. Екі өлшемді ЭхоКГ арқылы жүрек бұлшық еті біркелкі жиырылмайтын науқастарда сол қарыншасының көлемін, қызметін және жүрек ұшы қозғалысын (тромб түзілгенде, миокард бұзылыстарында) анықтауға болады.

Доплерлік ЭхоКГ арқылы қан ағысының жылдамдығын және оның турбуленттілігін анықтауға болады. Дыбыс қозғалыстағы эритроциттермен соқтығысқанда, бейненің дыбыс жиілігі өзгереді. Осы өзгерген өлшем көлемі (доплерлік жылжу) қан ағу жылдамдығын көрсетеді (V), сол арқылы дыбыстық сәулеге сипаттама беруге болады:

 

V= (Сх( доплерлік жылжу)):(2хсәулелену жиілігі)хcos Ѳ),

С - тіндегі дыбыс жылдамдығы, Ѳ - доплерлік сәуле мен қанның орташа айналу осі арасындағы бұрыш.

 

Стеноздалған қақпақшалар саңлауынан қан өткенде, оның жылдамдығы жоғарылайды, оны доплерлік эхокардиография арқылы тіркеуге болады. Сосын Бернулли теңдеуін қолдана отырып, қақпақшалардың қысым градиентін (Р):Р=4V2 есептеуге болады. Кейбір аймақтардан берілген дыбыстарды тіркеу арқылы кеңістіктегі турбуленттіліктің шоғырлануын анықтайды, ол қақпақшалардың жетіспеушілігіне, стенозына немесе қанның шунтталуына тән. Доплерлік зерттеудің бейнелеу әдісімен сәйкестілігі арқылы жүрек шығарымын есептеуге болады.

Жүрек қақпақшаларының зақымдалуы.ЭхоКГ арқылы қақпақшалардың қалыңдауын, қозғалысын, жүректің қысымға немесе көлемге, жүктемеге реакциясын, камералардың дилятациясын және миокард гипертрофиясын бағалауға болады.

Жүректің негізгі ауруларының эхокардиографиялық белгілері төменде берілген.

Сол жақ антриовентрикулярлы саңылаудың стенозы: қақпақшалар ашылуының шектелуі жарғақшалардың қалыңдауымен сепарацияның төмендеуіне және спайка (комиссур) түзілуіне, хордалардың қалыңдауы мен қысқаруына байланысты (5-3 сурет). Қақпақшаның саңылау аймағы кішірейген. Атриовентрикулярлы қан ағымының азаю себебіне миксома немесе сол жүрекшенің тромбысы, аннулярлық кальцилену, қақпақша үстінде сақина, қосымша үшінші жүрекше, митральді қақпақша дамуында парашют тәрізді аномалия тән.

Митральді қақпақша жеткіліксіздігі ревмокардит, бактериялық эндокардит, қақпақша пролапсы, хорда немесе емізік бұлшық еттің үзілуі, аннулярлық кальцилену, сол жүрекшенің миксомасы, гипертрофиялық кардиомиопатия салдарынан дамиды. Доплерлік ЭхоКГ арқылы сол қарыншадан сол жүрекшеге қанның регургитациясын анықтап, дәрежесін бағалауға болады.

 

 

Мына суретте де суреттің үстіндегі әріптер қазақшаға аударылуы керек

 

 

5-2 сурет. М-эхокадиография арқылы алынған қалыпты жүрек бейнесінің кескіні: а - жүректің көлденең кескіні, б – жүректің анатомиялық құрылымына сәйкес келетін тербелісінің эхокардиографиялық кескіні. Белгілеулер: КҚ - кеуде қуысы, Д - эхокардиографиялық датчик, Т – төс сүйегі, ОҚ – оң қарынша, СҚ – сол жақ қарынша, АТ - аорта түбірі, СЖАЖ – сол жүрекше қақпақшасының алдыңғы жарғағы, СЖАрЖ – сол жүрекшенің қақпақшасының артқы жарғағы, СЖ – сол жүрекше, ОҚҚ – оң қарынша қабырғасы, АҚ - аорта қақпақшасы, АЕБ - артқы емізік бұлшық еті, СҚҚ – сол қарынша қабырғасы.

 

Аорта сағасы стенозының диагностикасында қақпақтық, қақпақ үстілік, қақпақ астылық тарылуды анықтауда екі өлшемді ЭхоКГ қолданған жөн. Систола кезінде аорта қақпақшасының жарғағының күмбез тәрізді бұлтиюы және жарғақ санының немесе өлшемінің өзгеруі туа біткен ақауға тән, ал жарғақтардың қалыңдауы, фиброзы, кальциленуі жүре пайда болған ақауға тән. Доплерлік ЭхоКГ арқылы аорта сағасынан өткен қанның жылдамдығының жоғарылағанын анықтауға болады.

Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі атеросклероз, эндокардит (бактериялық,жүйелі жегі)пролапс салдарынан даму мүмкін. Құрылымдық патологияны анықтау үшін тиімді екі өлшемді ЭхоКГ қолданылады. М-эхокардиография арқылы митральді қақпақшаның алдыңғы жарғағының дистолалық дірілін және де айқын аорталды регургитация нәтижесінде қақпақшаның алдын ала жабылуын салыстырады. Аорталық қақпақшаның жеткіліксіздігін аорта түбірінің кеңеюімен және қатпарлануымен салыстыру қажет.

Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушлік белгісін доплерлік ЭхоКГ арқылы қанның оң қарыншадан оң жүрекшеге регургитациясынан байқаймыз.

Доплерлік эхокардиографиялық тексеру арқылы протезды1 қақпақшалардың қызметін бағалауға болады. Биопротездерде оның фиброзын, кальциленуін, патологиялық тіннің өсуін немесе жыртылуын зерттейді.

Эндокардитты диагностикалау онда эхогенды тромбтық үстемелердің және бактериялардың жайылуын анықтауға негізделген.

Дилятациялық кардиомиопатияда (5-4 сурет) екі қарынша да кеңейіп, жиырылғыштығы төмендеген. Қабырғаларының қалыңдығы қалыпты немесе сәл қалыңдаған. Гипертрофиялық кардиомиопатияға тән: сол қарынша қабырғасының қарынша аралық пердемен қоса қалыңдағаны, қуыс көлемінің кішірейгені, систолалық қызметінің күшейіп, диастола кезінде миокардтың босаңсуы бұзылған. Қарыншалар қабырғасының қалыңдауы амилоидозда да байқалады.

ЭхоКГ арқылы перикардтың ең аз ауытқуын (15-20 мл) анықтауға болады.

 

1 - Механикалық протезді вегетациялар мен тромбты анықтауда жоғары дыбыс өткізгіштігіне байланысты тексеру қиын. Мұнда ФКГ және М-ЭхоКГ бірге қолданып, қажет болса вентрикулография жасалады.

 

 

Бұл да аударылмаған,

5-3 сурет. Диастола кезіндегі жүрек бейнесі. Екі өлшемді эхокардиография арқылы жүрек кескінінде науқас адамдарда сол митральды қақпаша қуысының(МҚҚ) кішіреюі сол жақ антриовентрикулярлы саңлаудың тарылуынан(МС) және сол жүрекшенің миксома салдарынан. Митральды стенозбен ауыратын науқастардың қақпақшаларының жарғақтары шеті қалыңдаса , диастола кезінде алдыңғы және артқы жарғақтардың ажырауы шектелген.Сол жүрекше кеңейген. Сол жүрекшеде миксомасы бар науқастарда диастола кезінде МҚҚ –ға миксоманың оң ықпал етіп ,оның тарылуына әкеледі. СҚ-сол қарынша, ОҚ-оң қарынша, АҚ-аорталды қақпақша.

 

 


Поможем в написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой





Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 4980. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.027 сек.) русская версия | украинская версия
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7