Студопедия — Экстрасистолия
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Экстрасистолия






Экстрасистолия жүректің синус түйінінен тыс орналасқан, қозуы жоғары ошақтан шыққан серпіндер арқылы уақытынан бұрын жиырылуы (R-R интервалы экстрасистолия алдында қысқарған). Экстрасистолия мен қалыпты жүрек жиырылуы арасындағы уақытша интервал өзгермейді. Этиологиясы бойынша ажыратады:

- неврогенді (экстракардиальді) экстрасистолия (вегатативті дистонияда, іш қуысы мүшелерінің рефлекторлы тітіркенуінен, омыртқа бағанының мойын-кеуде бөлігінде немесе адам орнын алмастырып жатқанда, жөтелгенде, тойып тамақ жеу салдарынан пайда болады);

- органикалық экстрасистолиялар ( жүректің ишемиялық ауруы, ревмокардит, миокардит, миокард дистрофиясы, кардиомиопатия);

- токсикалық экстрасистолиялар ( жүрек гликозидтерімен симпатомиметиктермен, кофеинмен, никотинмен, газбен иіс тиіп уланудан);

- механикалық экстрасистолиялар ( жарақат алғанда немесе жүрекке хирургиялық ота жасалғанда, коронарография салдарынан).

Экстрасистолияны пайда болу орны бойынша мынадай түрлерге бөледі:

- қарыншаүстілік (синустық, жүрекшелік, түйіндік);

- қарыншалық (оң немесе сол қарыншалық түрі).

Қарыншаүстілік экстрасистолияның ЭКГ-дегі көрінісі (5-10 сурет):

- экстрасистолия алдында R- R интервалы қысқарған;

- экстрасистолиядан соң R- R интервалы ұзарған1, оны компенсаторлық пауза дейді. Қарыншаүстілік экстрасистолияда компенсаторлық пауза толық емес, R-R интервалы қосындысы экстрасистолия алдында да, соңынан да екі қалыпты R-R интервал қосындысынан қысқа;

- экстрасистолиялық QRS аралығы өзгермеген;

- экстрасистолиялық Р’ сермесі өзгермеген (синусты экстрасистолия), немесе кеңейген және екі фазалы (жүрекшелік экстрасистолия) немесе теріс (түйінді экстрасистолия).

Қарыншалық экстрасистолияның ЭКГ белгілері (5-11 сурет):

- экстрасистолия алдында R- R интервалы қысқарған;

- экстрасистолиядан соң R-R интервалы ұзарған (оны толық компенсаторлық пауза дейді. R- R интервалы қосындысы экстрасистолиян алдында да, соңынан да екі қалыпты R-R интервал қосындысына тең);

- QRS аралығы 0,1с көп кеңейген және кетіктенген және ажыраумен деформацияланған, QRS аралығындағы үлкен серме мен Т сермесі арсында дискорданттылық бар;

 

1 - Синустық экстрасистолияда R-R интервалы қалыптыға тең.

 

5-10-сурет. Қарыншаүстілік экстрасистолия (бигеминия)

 

- экстрасистолиялық Р’ сермесі жоқ (қарыншалардан экстрасистолиялық серпін АВ-түйін арқылы ретроградты өтпейді).

Қарыншалық экстрасистолияның нақты диагностикасын кеуделік (вильсондық) тіркеме бойынша анықтайды. Егер QRS экстрасистолалық көп сермесі оң жақ тіркемеде оң; болса (V1-2 R’ биік) және сол тіркемелерде теріс (V5-6 S’ терең) болса, экстрасистолия сол қарыншадан шығады. Егер QRS аралығының көп сермесі оң жақ тіркемеде теріс болса (V1-2 S’ терең) және сол жақ тіркемелерде оң; (V5-6 R биік) болса, экстрасистолия оң қарыншадан шығады.

 

5-11-сурет. Қарыншалық экстрасистолия

Жүректің ауыр органикалық зақымдалуында науқастарда экстрасистола миокардтың әр бөлігінен алма-кезек пайда болады. Мұнда қарыншалық және қарыншаүстілік және оң және сол қарыншалық экстрасистолалар бір-бірімен қосылады. Мұндай экстрасистолия политопты деп аталып, олар қауіпті.

Экстрасистолиялар пайда болу уақытына, ошағына, жиілігіне байланысты мынадай түрлерге жіктеледі:

- интерполирленген (қыстырмалы), қалыпты комплекс арасында немесе R-R интервалы ұзарған кезде жүректің уақытынан бұрын жиырылуы. Қыстырмалы экстрасистолия брадикардияда кездеседі, онда қарынша бұлшық еттері рефрактерлі кезеңнен шығып, келесі синусты серпін қалыпты уақытта жиырылады. Компенсаторлық пауза жоқ. Бірінші экстрасистолиядан соң Р-Q интервалы ұзарған («АВ-түйіннің шаршауынан»). Интерполирленген экстрасистолия тек қарыншалық болады;

- ертелеткен қарыншалық, QRS экстрасистолалық жиырылу аралығы алдыңғы синустық жиырылудағы Т сермесінің үстіне түседі («R-дің Т-ға» түсетін феномены). Мұндай экстрасистолия органикалық сипатқа ие және қарыншалар жыбырының бастамасы болу мүмкін;

- топтық (қосарланған), бірнеше экстрасистолиялар (қарыншалық, қарынша үстілік) бірінен соң бірі түседі. Топтық экстрасистолиялардан соң қарыншалардың жыбырының туындау қатері бар.

Аллоритмия дегеніміз экстрасистолияның органикалық түрімен бірге систолалық жиырылудың кезектесіп отыруы (қарыншалық, қарыншаүстілік). Аллоритмия бөлінеді: бигеминия (уақытынан бұрын бір жиырылу әрбір қалыпты жиырылудан соң болып отырады), тригеминия (уақытынан бұрын бір жиырылу екі қалыпты жиырылудан соң немесе әрбір қалыпты жиырылудан соң екі экстрасистолия түседі) және квадригимения (уақытынан бұрын бір жиырылу үш қалыпты жиырылудан соң немесе әрбір қалыпты жиырылудан соң үш экстрасистолия түседі) (5-10; 5-12 суреттерді қараңыз).

5-12 сурет. Қарыншалық бигеминия

 

Экстрасистолияға тән клиникалық белгілер:

- кардиальді аймақта компенсаторлы паузада соққылау сезімін және жүректі уақытша тоқтағандай сезінуі (қарыншалық экстрасистолияда қатты сезіледі);

- ми қан айналымының бұзылу белгілері (бас айналу, естен тану жағдайы, афазия);

- жүректі тыңдағанда - уақытынан бұрын жиырылуы, жүрек ұшында тонның жарықшақтануы, сосын ұзақ пауза, соңынан күшейген I тон естіледі;

- перифериялық пульсті пальпация жасағанда алдын-ала пульстық толқын сезіледі және одан соң ұзақ пауза болады.

Көбінесе экстрасистолиямен ауыратындар емді қажет етпейді. Аритмияға қарсы дәрмектер мынадай жағдайда тағайындалады:

- ұйқысының бұзылуында және айқын жағымсыз белгілер болғанда;

- топтық экстросистолия және аллоритмияда;

- политопты экстрасистолияда;

- ертелеткен қарыншалық экстрасистолияда («R-дің Т-ға» түсетін феномены);

- гемодинамиканы бұзатын экстрасистолияда;

- миокард инфарктысымен немесе инфаркттан кейінгі кардиосклерозбен ауыратын науқастарда экстрасистолия болуы.

Жүрекшеішілік өткізгіштіктің бұзылысы (жүрекішілік блокада)

Жүрекшенің гипертрофиясы мен дилятациясы кезінде жүрекшеішілік өткізгіштік арқылы синус серпіндерінің өтуі баяулайды. Электрокардиографияда нағыз жүрекшеішілік өткізгіштіктің бөгелуін көрсететін қажет белгісі болып амплитудасының, пішінінің; (екі фазалы немесе екі өркешті Р сермесі) өзгеруі және коранарлық синустан ырғақты P mitrale, P pulmonale кезінде Р сермесінің ұзақтығының; 0,12 с артуы тіркеледі.

Атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылысы (АВ-блокада)

Атриовентрикулярлық өткізгіштіктің баяулауы төрт жерде орналасқан жүректің өткізгіш жүйелеріндегі рефрактерлі кезеңнің ұзақтығы, жүрекшелерде (4% жағдайда), АВ-түйінде (91% жағдайда), Гис шоғырында немесе екі тармағында (5% жағдайда) ұзарғанда кездеседі.

АВ-түйіннің блокада себебіне жүректің ишемиялық аурулары, ревмокардит, миокардит, кардиомиопатиялар, жүректің туа және жүре пайда болған ақаулары, өткізгіштікті баяулататын әр түрлі дәрмектермен улану (жүрек гликозидтері, b-адреноблокаторлар, хинидин, гилуритмал, гиперкалиемия) жатады.

АВ-блокада жіктемесі:

- Толық емес:

а) I сатысы

ә) II сатысы(Самойлова–Венкебаха типі немесе Мобитц типі)

б) жоғары сатысы

- Толық (IIIсатысы)

I дәрежелі АВ-блокада да Р-Q1 интервалы үлкен адамдарда 0,21 с немесе балаларда 0,18 с жоғары ұзарған. Осы кезде синусты серпілістер қарыншаға жетіп, жиырылуынан ырғақ дұрыс болады. Р-Q интервалын ұзарған жерінде өлшейді. Кей жағдайларда тахикардиямен қабаттаса, Р сермесі Т сермесі үстінен қабаттасып, түйіндік ырғақ дұрыс бағаланбауы мүмкін. Осы жағдайда АВ-өткізгіштікті жақсарту үшін М-холинолитиктерді тағайындау керек. Мұндайда Р-Q интервалы қысқарады, Р сермесі айқындау көрінеді (5-13 сурет.)

 

 

5-13 сурет. I сатысы атриовентрикулярлы блокада

 

 

II сатысыАВ-блокада (5-14; 5-15 суреттер) кейбір синус серпіндері қарыншалардан өтпей, жүрек ырғағының реттілігі бұзылуынан бөлек жиырылулар түсіп қалып отыратындығымен сипатталады. Қарыншалық жиырылудың түсіп қалуы брадикардияға әкеледі. Жүрекшелердің жиырылу жиілігі мен қарыншалардың жиырылу жиілігінің қатынасы екі санмен белгіленеді, мысалы - 2:1; 4:3 тең. II дәрежелі АВ-блокадасының 3 түрі бар.

- Самойлов–Венкебах (Мобитц-I) түрінде Р-Q интервалы, қарыншаның жиырылуы (QRS аралығы) тиылғанша үдемелі ұзарады. QRS аралығының бөгемесі алдында Р-Q интервалы ұзарған; үзілістен соң Р-Q интервалы

 

 

1 - Q сермесі жоқ болса, Р-R интервалын өлшейді.

қысқарған, ұзақтығы қалыпты да немесе ұзарған болуы да мүмкін. Қарыншалардың жиырылу саны жүрекшенің жиырылу санынан аз (қатынасы 3:2 немесе 4:3). Жоғарыда айтылған өзгерістер кезеңі бойынша өзгеріп отырады.

 

 

5-14 сурет. II сатылы атриовентрикулярлы бөгеме,қатынасы 2:1

 

 

5-15 сурет. II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада (Самойлов-Венкебах түрі)

 

- Мобитца (Мобитц-II) түрінде қарыншалар аралығының кенеттен түсуімен, Р-Q интервалының үдемелі ұзаруынсыз өтеді. Р-Q интервалының ұзақтығы барлық серпіндердің өтуінде қалыпты немесе көбейген2, олар бір-біріне сай. Қарыншалардың жиырылу саны жүрекшенің жиырылу санынан аз (әдетте қатынасы 3:2 немесе 4:3).

- жоғары дәрежелі АВ-блокада – екі немесе көп синусты серпіннің бөгелуі (қатынасы 3:1 және одан көп). Кейде ЭКГ бір немесе екі QRS аралығының тіркеледі.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 6039. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия