Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жалпы нәжісті зерттеу





Субстратты құрғақ және таза ыдысқа жинайды және 8 сағат аралығында макро және микроскопиялық тексерістен өткізеді. Макроскопиялық тексерісте нәжістің көлемі, мөлшері, түсі, құрамы, иісі, қорытылмаған ас қалдықтары және патологиялық қоспалары зерттеледі (шырыш, қан, ірің, ішек паразиттері). Науқастың нәжісінің көлемі (қалыпты жағдайда тәулігіне 200 г дейін) оның қанша тамақтанғанына байланысты. Оның мөлшері күрделі, клетчатка қосылған тамақ ішкен кезінде, мальабсорбция және ішек перистальтикасының төмендеуі кезінде көбейеді және рафинерленген диета және ашығу мен іш қатуы кезінде азаяды. Қалыпты нәжіс жұмсақ және шұжық тәрізді пішінде болады.

Спастикалық іш қатулар кезінде нәжіс қой құмалақтары тәрізді болады. Стеоторея кезінде нәжіс жылтырап, онда май пленкалары көрінеді. Нәжістің түсі өт пигменттерінің дериваттарының болуына (бірінші кезекте стеркобилинге) және тамақтың түріне байланысты анықталады. Нәжістің түсі өт шығарудың бұзылыстарында (ақ сұр түсті ахолийлі нәжіс) және жоғарғы асқазан-ішек бөлімдерінен қан кету кезінде (меленанемесе қара май тәріздес нәжіс) өзгереді.

Меленаны висмут (сукральфат, де-нол, викалин) және темір қосылған дәрілерді (ферроплекс, тардиферон, орферон, ферроградумет) қолданған кезде де көруге болады. Макроскопиялық қорытылмаған ас қалдығы көбінесе күрделі өсімдік клетчаткасы сияқты болады (жемістердің қабығы, жеміс-жидектердің ұрығы). Асқазан қышқылының азаюы (ахилия) немесе экзокринді панкреатиттік жетіспеушілік кезінде нәжісте жақсы қорытылатын ас қалдықтары пайда болады (лиентерея). Нәжістегі патологиялық қоспалар (шырыштар, қан, ірің) тоқ ішектің зақымдалғаның көрсетеді.

Микроскопиялық зерттеулер нәжістегі формалық элементтерді (жасушаларды, талшықтарды) май, крахмал, қарапайымдыларды және гельминт жұмыртқаларын табуға бағытталады. Дені сау адамдарда етті тағамдарды көп қабылдағаннан кейін нәжісінде бұлшық ет тіндері табылады. Ішек моторикасының жылдамдауы оның нәжістің көп бөлінуімен байқалады.

Дәнекер тіні нәжісте ахалия кезінде кездеседі. Дән тәрізді крахмал (амилорея) көмірсулы тамақтарды көп қабылдағанда (ұн және нан өнімдерін, картопты), сонымен қатар, мальабсорбция мен ішкі секреторлы панкреатиттік жетіспеушілік кезінде пайда болады. Нейтральді майлар қалыпты жағдайда нәжіс құрамында болмайды, ал майдың ыдыраған түрі сабын түрінде бөлінеді. Майдың сіңірілуі келесі сипатта өтеді.

Майлар суда ерімейді және ферменттердің сулы құрамымен сіңірілмейді. Өт липазаны белсендіреді және майды эмульсиялайды, яғни липолитикалық ферменттердің әсер ете алуы үшін жағдай жасайды. Бұл процестің бұзылуы майдың тек жартылай ыдырауына ғана әкеледі. Пайда болған май қышқылы өт қышқылдарының қатысуымен ериді және сіңеді. Өт бөлінуі бұзылған кезде нәжісте көп мөлшерде нейтральді май және май қышқылдары (стеаторея) анықталады; сабынның мөлшері сілтілердің құрамына байланысты болады

Майдың сіңуінің бұзылуы көбінесе липазаның жеткіліксіз белсенділігінен және ішекке өттің керек мөлшерде түспеуінен болады. Рафинатталмаған жануар майы дәнекер тінімен байланысқан, ал оны ыдырату үшін асқазанның тұз қышқылды шырыны қажет, сондықтан, ахалия да стеаротореяға алып келуі мүмкін.

Ұйқы безінің сыртқы секрециясының жетіспеушілігінен нәжісте нейтральді май анықталады. Ішек липазасының қабілеті өте жоғары емес және ол майдың сіңуіне әсер етпейді. Ішек бактериялары да липолитикалық белсенділікке ие емес. Панкреатикалық липазаның жетіспеушілігінен пайда болған аздаған май қышқылдарының барлығы ішекке сіңіп кетеді және май қышқылы нәжісте анықталмайды.

Ішектен майларды сіңірілуі лимфа жолдары арқылы жүзеге асады, сондықтан, стеаторея лимфа ағымының бұзылуынан да болуы болуы мүмкін (туберкулёз және мезентериальді лимфа бездерінің ісігінде). Жіңішке ішектен химустың тез қозғалуы барлық нутриенттердің тез сіңуін төмендетеді. Осы себептен нәжісте стеоторея, амилорея, креаторея анықталады.

Лейкоциттер және ішектің цилиндрлік эпителийлері қалыпты жағдайда нәжісте болмайды. Нейторфильдің әсерінен оның көбеюі тоқ ішектегі қабыну процестерін көрсетеді (дизентерия, спецификалық емес жаралы колит). Нәжісте эозинофилия мен Шарко–Лейден кристаллдарының болуы гельминтоздың белгісі. Эритроциттер тоқ ішектің шырышты қабатының қан кетуінде анықталады. Макрофагтар ішектің белсенді қабынуының көрінісі (дизентерия, иерсиниоз, сальмонеллёз).

Нәжісті химиялық зерттеу оның құрамынан стеркобилиноген мен жасырын қанды анықтау мақсатында жүргізіледі. Стеркобилиногеннің болмауы өт бөлінуінің бұзылғандығын көрсетеді (ахоликалық нәжіс). Жасырын қан кету Грегерсон (бензидинмен) және Вебер реакциясы (гваякова смолосымен) арқылы, сонымен қатар, тест жолақтары арқылы анықталады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 5965. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия