Студопедия — Зәр тұнбасының микроскопиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зәр тұнбасының микроскопиясы






Зәрдің кристалдық және органикалық негізгі құрамы ұзақ уақыт бойы тұндырғанда немесе сүзгілегенде тұнбаға түсіп, онда органикалық; және органикалық емес компоненттерді және қоспаларды анықтайды.

Органикалық емес тұнба зәрде еріген кристалдардан тұрады, ол рН өзгергенде тұнады. Осыған зәр қышқылы, ураттар, фосфаттар, оксалаттар, цистин, тирозин, лейцин, билирубин, сульфаниламидтер жатады. Тәжірибеде лейцин және тирозин кристалдарын табу маңызды, ол бауыр паренхимасының ауыр зақымдалуында (жедел дистрофия) немесе кейбір жұқпалы ауруларда (менингококцемия, бөртпе сүзегі) анықталады.

Органикалық тұнба эритроциттерден, лейкоциттерден, цилиндрлерден, эпителийлі және ісік клеткаларынан, бактериялар және саңырауқұлақтардан тұрады.

Эритроциттер қалыпты зәрде өте аз мөлшерде (бір эритроцит 10-12 зерттеу алаңында) болады. Әр алаң аймағында бір эритроциттің болуы патологиялық жағдай болып саналады. Қанның зәрмен бөлінуі (гематурия) бүйректік және бүйректен тыс болуы мүмкін. Бүйректік гематурия жедел гломерулонефриттің1 негізгі белгісі, Гудпасчур синдромы (геморрагиялық альвеолитпен некротикалық гломерулит), қатерлі ісіктер, туберкулез немесе бүйрек жарақаты нда кездеседі. Морфологиялық субстраты – бүйрек паренхимасының механикалық жарақаты, бүйректік веналық гипертензия, некроздалған бүйректік ангиит, шумақтардың базалды мембранасының зақымдалуы, интерстициальді тіннің немесе түтікшелік эпителийдің токсикалық зақымдалуы немесе қабынуы. Сау адамдарда гематурия көп физикалық жүктемеден соң (марштық гематурия) және тромбоцитарлық және плазмалық гемостаз бұзылған науқастарда (тромбоцитопении, тромбоцитопатии, гемофилия, ҚШҰ-синдром, антикоагулянттар мөлшерін көп қолданса) анықталады

1 - Созылмалы гломерулонефритте зәр тұнбасында эритроциттер болмауы мүмкін, немесе бірен-саран ғана болады.

Бүйректен тыс гематурия бүйрек тасы ауруы, жедел пиелит, цистит, қуықтың және аталық бездің қатерлі ісіктері, аспаптық шаралардан соң (қуықты немесе несеп ағарды катетерлеуде) анықталады

Екі түрлі гематурияның салыстырмалы диагностикасы санау камераларында зәр тұнбасын мөлшерлік зерттеуде, зәрдегі эритроцит құрылысын фазалы-контрасты микроскоптан қарап, өзгерген және өзгермеген клетка арақатынасын анықтауда мүмкін болады. Зәрде 80% өзгерген эритроцит анықталса (клетка мембранасы жыртылып, деформацияға ұшыраған) бүйректік гематурияны дәлелдейді. Зәрде 80% өзгермеген эритроцит анықталса, бүйректен тыс гематурияны дәлелдейді.

Лейкоциттер қалыпты зәрде өте аз мөлшерде (зерттеу алаңында ерлерде 0-1 және әйелдерде 5-6) болады. Айқын лейкоцитурияны (пиурия) сырттай зәрге қарап, лайлы болуынан және онда үлпек пайда болуынан анықтауға болады. Көп мөлшердегі лейкоцитурия пиелит, цистит, уретрит, абсцесс кезінде немесе олардың несеп жолына жақын жатқан мүшелерден түсуінде анықталады. Жасырын лейкоцитурияны анықтау үшін преднизолонмен провокациялық тест жүргізіледі: науқасқа көк тамырына 30 мг преднизолон жіберіп, сосын төрт порция зәр жинайды (үшеуін әр сағат сайын, біреуін бір тәуліктен соң). Әрбір порцияны Нечипоренко әдісімен зерттегенде 1 мл зәрде лейкоциттер саны бұрынғы деңгейге қарағанда екі есе жоғарласа, тест оң нәтижелі. Лейкоцитурияның негізгі көзін табу үшін зәр тұнбасын санау камерасында үш стаканды әдіспен анықтайды.

Зәрде эпителий клеткалары әр түрлі себептен болады. Микроскопияда жалпақ, ауыспалы және бүйректік эпителийлерді көреміз. Жалпақ эпителий сыртқы жыныс мүшелерінен және несеп ағар түтігінен түседі, диагностикалық маңызы жоқ. Ауыспалы эпителий қуықтың сілемейлі қабатын, несеп ағарды, тостағаншаларды және аталық бездің үлкен түтікшелерін қамтиды. Осы эпителийдің көп сыдырылып түсуі: жедел пиелит, цистит, несеп жолдарының қатерлі ісігі және бүйрек тасы ауруларында кездеседі. Бүйректік эпителий бүйрек паренхимасының қабынуы салдарынан және улану, созылмалы жүрек жетіспеушілігін («іркілген бүйрек») дәлелдейді.

Зәрде цилиндрдің; болуы тек бүйрекке байланысты. Олардың пайда болуы зәрдің концентрациясына, рН, мукопротеинның болуына немесе хондрокүкірт қышқылына байланысты. Цилиндрлер эритроциттерден, лейкоциттерден, эпителийлі клеткалардан, бөлек клеткалық компоненттерден және пигменттерден (билирубин, меланин), бүйрек түтікшелерінде ақуыздан тұрады.

Гиалинды цилиндрлер сау адамдарда да кездесіп, протеинуриямен бірге өтеді. Коматозды жағдайда зәрде Кюльц коматозды гиалинды цилиндрі болады. Түйіршікті цилиндрлер бөлініп кеткен клеткалық элементтерден тұрады. Балауызды цилиндр тығыздалған гиалинды және балауызды түтікшелерде тұрып қалуынан болады. Эпителийлі, эритроцитарлы, лейкоцитарлы және пигментті цилиндрлер сәйкес құрылымнан тұрады. Лейкоцитарлы және эритроцитарлы цилиндрлер арқылы лейкоцитурия және гематурия көзін табуға болады.

Зәр тұнбасында бактерияны жаңа бөлінген зәрден анықтаса, клиникалық маңызы бар. Мұндайда оның микрофлорасын қоректік ортаға сеуіп, антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.

Зәрде қоспа ретінде сперматозотидтар, уретра жіпшелері (сілемей мен лейкоциттен тұрады, гонореялық уретритте кездеседі) және ісік клеткалары (қуық обырында) болады.

Зәр тұнбасын сандық зерттеу (эритроциттерді, лейкоциттерді, цилиндрлерді) Горяев санау камерасында үш әдіспен өткізіледі:

- Адиссо-Каковский әдісінде тәуліктік зәр көлемінде (24 сағатта қалыпты клеткалар саны - эритроциттер 1х106, лейкоциттер2х106, цилиндрлер 2х104);

- Нечипоренко әдісінде таңғы зәрдің 1 мл (қалыпты өлшемдер –эритроциттер - 1000, лейкоциттер - 2000, цилиндрлер - 20);

- Амбюрже әдісі бойынша 3 сағат бойы жинаған зәрден алынған шамаларды 1минутқа шағып есептеу (мәлімет алуға ыңғайлы); қалыпты өлшемдер эритроциттер - 1000, лейкоциттер - 2000, цилиндрлер - 0.

Көп жерлерде А.З.Нечипоренко әдісі оңай және мәліметті болғандықтан, жиі қолданылады. Тәжірибеде оны жасырын лейкоцитурияда (жалпы зәр анализінің микроскопиясында анықталмағанда), лейкоцитурия немесе гематурияны ажыратып,санын анықтап, тағайындалған емнің әсерін бағалау мақсатында қолданылады. Лейкоцитурия немесе гематурия көзін тауып, салыстыру мақсатында қолданылатын үш стаканды сынама осы әдістің қолайлы түрі болып табылады. Оның мәні: ауруға зәрді шығару үш ыдысқа бірдей шамалыша барлық көлемнен, бөліп -бөліп жіберу қажет. Осыған сәйкес бірінші ыдыста патологиялық өзгеріс болса - уретрит, үшінші порцияда болса - цистит, барлық; порцияда болса – бүйректік бұзылыстардың бар екенін білдіреді.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3957. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия