Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бүйректі аспаптық зерттеу





Бүйректің жалпы рентгенографиясы арқылы бүйректің орналасуын, мөлшерін, аномалияларды (туа біткен бір бүйректің жоқ болуы) және рентгеноконтрасты конкременттерді бағалауға болады. Екі бүйрек көлемі ұлғайса, алдымен гидронефроз туралы ойлаймыз, бірақ поликистоз, амилоидозда да анықталады. Екі жақты бүйрек көлемінің кішіреюі гломерулонефриттің; соңғы сатыларында негізгі белгі болып саналып және екіншілік бүріскен бүйрекке өтуі мүмкін. Бір жақты бүйректің ұлғаюы ісікте, гидронефрозда, өсінділерде анықталады Пиелонефрит және бүйректің гипоплазиясында бір жақты бүйрек кішірейеді.

Экскреторлық урографияда көк тамырға контрасты затты жіберу арқылы тостағанша-түбекше жүйесі және бүйрек қызметі жайлы бағалы мәлімет алуға болады. Сау адамның зәр шығару жолдарын (тостағанша-түбекше) бірінші рет түсіргенде біркелкі жақсылап толтырылады. Бүйрек аурулары кезінде урограммада мынадай белгілер анықталады: тостағанша-түбекшелердің рентгеноконтрасты затпен кешігіп немесе жартылай толуы және несеп ағар жолдарға контрасты заттың бармауы. Есте сақтау керек, физиологиялық жағдайда екі бүйрек рентгеноконтрасты затты біркелкі бөлмейді, несеп ағар жолдарының пішіні және көлемі әр түрлі. Урография арқылы рентгенде көрінбейтін (уратты тастар, туберкулез немесе бүйректің кішкентай ісіктері) диагноздарды қояды.

Ретроградты пиелография тостағанша мен табақшаларға контрасты затты несеп ағар арқылы енгізу зәр шығару жолдарының морфологиялық өзгерістерін тексеретін бағалы әдіс. Әдетте бір жақты пиелография зақымдалу жағына байланысты жасалады. Урография мен пиелографияны жедел пиелитте, бүйрек шаншуында, уремияда, жоғары температурада, декомпенсирленген жүрек жетіспеушілігінде жасауға болмайды.

Компьютерлік немесе магнитті-резонансты томографияны қиын диагностикалық жағдайларда, рентген немесе УДЗ арқылы бүйректі зерттеуге қосымша ретінде әдіс қолданылады.

Ангиография (реновазография) бүйрек және бүйрек паренхимасының артериалды және венозды жүйесін рентгенографиялық зерттеу әдісі. Осы әдістің жалпылама (жан-жақты) және нысанды (селективті) түрлері бар. Жалпылама реновазографияны нақты әдіске қарағанда жиі қолданады. Ол басқа әдістер нәтиже бермегенде, тексерудің соңғы кезеңінде анықталады. Көрсеткіштері: бүйрек және оның қан тамырларының аномалиясы, бүйрек ісігі, гидронефроз, этиологиясы белгісіз артериялық гипертензия, хирургиялық оталар. Реновазографияны уремияда, жоғары температура, декомпенсирленген жүрек-тамыр жетіспеушілігінде қолданбайды.

Изотопты ренография арқылы әр бүйректі және несеп ағар жолдарды гиппуран, таңбаланған I131 арқылы бөлек зерттейді. Графикалық сызбада ол үш қисық сызық; ретінде көрінеді. Екеуі қалыпты жағдайда параллельді, жоғары және төмен өрмелеген бөліктері асимметриялы, екі бүйректе изотоптың жиналып, бөлінуін бейнелейді. Үшіншісі шығыс өрмелеген, ол қуықтың изотоппен толуы нәтижесінде пайда болады. Изотопты ренография арқылы өзекшенің қызметін бағалап, зәр шығару жолдарының жоғары бөліктерінде тарылуларды және бүйректік қан айналымы бұзылысын анықтайды. Осы әдіс сәулелі диагностика (рентген немесе ультрадыбыс) арқылы ауытқуларды анықтау мүмкін болмағанда қолданылады.

Ультрадыбыстық зерттеу бүйрек, қуық, аталық безді зерттеудегі негізгі скринингтік әдіс болып саналады. УДЗ арқылы зәр шығару жүйесінің нақты өлшемін, құрылымын (бүйрек паренхимасының қалыңдығын, тостағанша өлшемін, конкременттер бар-жоғын, өсінділер және ісіктер) зерттеуде бағалы мәлімет береді. Осы әдістің қарсы көрсетілімдері жоқ.

Бүйректің пункциялық биопсиясы нефрологияда бағалы әдіс болып есептеледі. Бүйректің көп диффузды зақымдалуында гистологиялық зерттеу (клиникоморфологиялық диагноз) міндетті болып табылады. Бүйрек биопсиясы арқылы тіршілік кезіндегі затты алып тексерулер (гистологиялық, гистохимиялық, электронды-микроскопиялық) жасайды. Оның екі түрі бар - «соқыр» пункциялы тері арқылы биопсия және хирургиялық тесіп көзбен көру арқылы жасалатын ашық биопсия. Тері арқылы биопсия кеңінен қолданылады.

Пункция алдында науқастың қан тобын, резус-факторын, қан ағу уақытын және протромбиндік индексті, белок, креатинин деңгейін, эритроциттер және тромбоциттер санын анықтайды. Бүйректің көлемі мен орналасуын экскреторлық урография арқылы анықталады1. Пункцияны науқасты аш қарында ішімен жатқызып, ішінің тұсында астынан орама қойып, қолын төмен түсіріп жасайды. Бүйректің диффузды зақымдалуына күмән болғанда, оң жағынан пункция жасайды, себебі оң бүйрек солға қарағанда төмен және қолжетімді орналасқан.

Бүйректің пункциялық биопсиясына көрсетілімдер: нефротикалық синдром, тұрақты протеинурия немесе түсініксіз жағдайдағы гематурия, коллагенды немесе диабеттік нефропатия, созылмалы гломерулонефрит пен пиелонефрит арасында салыстырмалы диагностикада емді таңдау және оның әсерін бақылауда қажет.

Бүйректің пункциялық биопсиясына қарсы көрсетілімдер: геморрагиялық диатез, алдында антикоагулянттармен емделу, жалғыз бүйрек, бүйрек артериясының аневризмасы, абсцесс, үлкен өсінді немесе бүйрек поликистозы.

Асқынуы: инемен пункция2 жасағанда бүйрек жыртылып, қан ағуы, инфекция.

 

 

1-Кей зерттеушілер биопсияны рентгендік бақылау арықылы жасауды ұсынады, себебі мониторда иненің қозғалысын бақылауға болады.

2-Бұндай асқынулар тек дәрігер инені абайсызда маятник тәрізді қозғалтып материалды дұрыс алмағанда болады.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 10681. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия