Зертханалық сабақтың тақырыптық жоспары
Якщо Сергій не зможе занести всю воду додому, виведіть «Impossible». Інакше виведіть одне число – мінімальну необхідну кількість раз. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ Эволюциялық ілім пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау (лаборатроиялық практикум)
ТАРАЗ 2015
Кіріспе
Эволюция ілімі курсы университеттердің педагогикалық институтттардың биология мамандығы негізгі және қосымша болып келетін барлық факультеттердің оқу жоспарына енгізілген. Қазіргі заман эволюция ХХ – ғасырдан қалыптасқан және одан кейінгі ғылымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарында талданып дәлелденген эволюцияның синтетикалық теориясы болып табылады. Биологиялық ғылымдар жүйесіндегі эволюция теоиясының ерекше орыны, оның анализдеуші, синтездеуші сипаты және методологиялық бағыттылығы, бұл ілімді жоғары оқу орындарында оқытудың маңызды екендігін көрсетті. Эволюция ілімі білімгерлердің диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады, биологиялық ойлау қабілетін арттырады, ой өрісін кеңейтеді, оларға табиғат құбылыстардың статистикалық әдіс арқылы зерттеуді үйретеді және табиғи құбылыстардың себеп салдары байланыстарын түсіндіреді. Білімгерлердің эволюця теориясын игеруі олардың қазіргі заман биологиясындағы күрделі материалдарды өз беттерімен талдау, синтездеу қабілеттерін дамытады. Эволюция ілімінің негізгі мәселелерін биологиядан жүргізілетін мемлекеттік емтихан бағдарламасы енгізілген. Генетика, цитология, экология секілді жалпы биологиялық ғылым салаларының негізгі қағидалары ілімінде эволюциялық мазмұнға ие болады. Бұл бағдарлама жоғарыда аталған ерекшеліктерді еске ала отырып түзіледі. Бұл пәнде тарихи бөлім айтарлықтай келенді орын алады: біріншіден, эволюциялық ой – пікірлердің тарихымен кең көлемде таныстыру биологиядағы теориялық көзқарастардың оңайлықпен қалыптаспағандығы жайлы ұғымды туғызады, екіншіден, арнаулы пәндерде (өсімдіктану, жануартану, т.б.) жалпы биологиялық концепцияларға өте аз көңіл бөлінетін, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуымен байланысты түркі халықтарының соның ішінде қазақ халқының табиғаттың эволюциясы жайлы қалыптасқан көзқарастары баяндалады т.б. Пәнде Дарвиннен кейінгі кезеңге де жеткілікті көлемде орын беріледі. Бұл кезеңді зерттеп – білу, эволюцияның синтетикалық теориясы деп аталатын қазіргі заман эволюция ілімі лдогикасының қалыптасуын түсінуге мүмкіндік береді. Пәнде Дарвиннен кейінгі кезеңге де жеткілікті көлемде орын беріледі. Бұл кезеңді зерттеп – білу, эволюцияның синтетикалық теориясы деп аталатын қазіргі заман эволюция ілімі лдогикасының қалыптасуын түсінуге мүмкіндік береді. Эволюция ілімін оқытуда осы принципті кең көлемде пайдалану білімгерлердің ойлаудың диалектикалық құбылыс екендігін түсінуіне және материалды игеруде догматикалық көз қарастарды теріске шығаруына, бұзуына мүмкіндік жасайды. Бұл принциптің тәрбиелік маңызы да жоғары. Пәннің негізгі бөлімі эволюция теориясы пәнінің логикалық құрылымына сәйкес түзілді. Қазіргі заман эволюция теориясының негізін микроэволюция жайлы ілім құрайды. Бұл көпшілік жағдайда генетиканың және экологияның деректеріне негізделеді. Сондықтан эволюцияның негізін түсіндіру үшін бұл ғылымдарды жақсы білу қажет. Қазіргі уақытта, ауыл шаруашылық өнімдерін көбейту аса қажетті болып тұрған кезде медициналық зерттеу жұмыстары қарқынды дамып жатқан кезде, бүкіл табиғат бұзылып жатқан кезде, табиғат ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану проблемасы адамзаттың алдында тұрған негізгі проблемаға айналады. Бұл мәселелерді шешуде эволюция теориясының практикалық маңызы мен танысу бағыты да орын алады т.б.
Зертханалық сабақтың тақырыптық жоспары
|