Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Гиперкинезиялар.





Гиперкинезиялар —ерікті қозғалыс көлемінің және жылдамдығыныңартуы — бас мыйы құрылымының әртүрлі нейрондары зақымдану нәтижесінде дамиды (экстрапирамидті жүйелер, таламус, субталамустық ядро, мишықтың тісті ядросы, қызыл ядро, мый қыртысы және олардың байланыс жүйесі). Әртүрлі нышандарды есептеп гиперкинезиялардың бірнеше түрін ажыратады.

· Мый құрылымының зақымдану орнына қарай: қыртыстық, қыртыс астылық, бағаналық гиперкинезия болып бөлінеді.

· Үрдістің таралуына қарай: гиперкинезиялар жалпы (жайылған, бірнеше немесе көптеген бұлшықет топтарының қатысуымен) және жергілікті (ошақты, жекеленген бұлшықет немесе талшықтарының еріксіз жиырылуымен сипатталады) болып бөлінеді.

· Жиырылудың шапшаң ауысуына қарай: фазалық немесе тоникалық (баяу) компоненттеріне байланысты шапшаң және баяу гиперкинезиялар деп бөледі.

Шапшаң гиперкинезиялар.

Шапшаң гиперкинезияларға құрысу, хорея, дірілдеу (тремор) және тартылулар жатады.

Құрысулар — қарқындығы, ұзақтығы және таралуы әртүрлі бұлшықеттердің аяқ астынан дамып, ұстама тәрізді немесе тұрақты еріксіз жиырылуы. Құрысулар клоникалық, тоникалық және аралас болып бөлінеді.

· Клоникалық. Жекеленген бұлшықет топтарының қысқа уақытты және ретсіз, салыстырмалы түрде шамалы уақыт аралығынан кейін, келесілері бірінің артынан бірі жиырылуы. Көбіне мый қыртысының үлкен жарты шарының шектен тыс қозғыштығынан немесе пирамидалық жүйе құрылымының зақымдануы нәтижесінде дамиды. Айқын таралған клоникалық құрысуларды конвульсия дейді.

· Тоникалық. Бұлшықеттердің ұзақ жиырылуы (бірнеше ондаған секунд) нәтижесінде дененің «мұздауына» немесе аяқ-қолдардың әртүрлі тәуелді жағдайда қалуына әкеледі. Қыртыс асты құрылымның шамадан тыс қозуынан және уыттану түрлерінен дамиды (мысалы, әлкогөлден, сіреспеден, көміртегі тотығынан). Сіреспе кезінде опистотонус дамуы мүмкін.

· Аралас (клонико‑тоникалық, тонико‑клоникалық). Комалық және сілеймелік жағдайда байқалады (мысалы, диабеттік, бауырлық немесе уремиялық комаларда; күйіктік немесе анафилаксиялық сілеймеде).

Хорея — бұлшықет топтарының жиырылуы ретсіз, тез, ырғақсыз, күшпен болады. Ұзаққа созылған мый ишемиясында (мысалы, олардың тамырлары), атеросклероздық зақымдануларда, ревматизмді энцефалитте, бас –мый жарақатында байқалады. Тұқым қуалаушылықтан да дамуы мүмкін (мысалы, Хантингтон хореясы).

Тремор — дірілдеу түріндегі гиперкинез. Бұлшықеттің босаңсуы және жиырылуының қайталануы нәтижесінде дамитын, дененің немесе оның бөліктерінің еріксіз, ырғақты, стереотипті, тербелмелі қозғалыстармен сипатталады. Мый бағаны зақымданған кезде дамиды. Бас мыйының органикалық зақымдануы кезінде байқалады (шашыранды склероз, Уилсон–Коновалов ауруы, энцефалит, қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы), организмнің экзогенді улануы (ішімдікпен, сынаппен, морфинмен).

Тартылу — күштенетін қозғалысқа байланысты немесе бұлшықет топтарының еріксіз, стереотипті тез жиырылуы (мысалы, кірпік қағу, көзді сығырайту, ымдау). Энцефалит, уланулар, соның ішінде дәрілік заттармен (мысалы, психофармакологиялық заттар) экстрапирамидті жүйенің зақымдануы, сонымен қатар кейбір психикалық бұзылыстар кезінде байқалады.

Баяу гиперкинезиялар.

Баяу гиперкинезиялар атетоз және спастикалық қисық мойынмен көрінеді.

Атетоз — агонист және антагонист бұлшықеттердің ұзақ уақыт бірмезгілде белсенділенуі нәтижесінде дамитын, еріксіз, стереотипті, баяу құрт тәрізді қозғалыстар. Жиі қол және аяқ саусақтары, аяқ-қолдың дистальді бөлігі зақымданады. Энцефалит, мый қанайналымы бұзылысы, бас-мый жарақаты, бас мыйының қыртыс асты қабатының өспелері кезінде стриарлы жүйенің (құйрықты ядро, скорлупа) зақымдануы кезінде дамиды.

 

ДЕРТТІК КҮШЕЙГЕН ҚОЗУ ОШАҒЫ (ДКҚО) – бұл бақыланбайтын, күшейген серпін ағымын өндіретін гиперактивті нейрондардың агрегаты.

Қалыптасу тетігі:

  • Нейрондардың тұрақты айқын деполяризациясы (қоздырылатын нейромедиаторлар, гипоксия ж.б.)
  • Нейрондар тежелуінің тапшылығы (ГАМҚ түзілуінің төмендеуі немесе қабылдағыштардың бөгелуі)
  • Нейрон деафферентациясы (шеткері ағзалардан тежегіш әсердің болмауы)
  • Нейрондар зақымдануы және олардың қоршауының өзгеруі.

тежелудің тапшылығы. ТЕЖЕЛУДЕН ШЫҒЫП КЕТУ синдромы

- ОЖЖ- нің төмен жатқан бөліктерінің жоғары жатқан бөліктердің бақылаушы әсерінен шығуы.

  • біріншілік - тежелу тетіктерінің тікелей зақымдануы әсерінен (тежелудің ГАМҚ ергиялық тетіктерін бұзатын сіреспе токсині, стрихнин, конвульсанттар)
  • салдарлық - нейрондардың шектен тыс белсенділігіне әкелетін, деполяризациялаушы агенттердің (қоздырғыш аминқышқылдарының) әсері.

¯







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1486. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия