Тақырып. Нейрожұқпаның патофизиологиялық тетіктері. Менингиттер.
Мақсаты: Нейрожұқпаның этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру Дәріс жоспары: 1. Нейрожұқпаның негізгі қоздырғыштары 2. ОЖЖ-не жұқпалық ықпалдардың түсу жолдары, патогенезінің негізгі тізбегі 3. Менингиттер туралы түсінік, менингеалдық әйгіленімдердің патогенезі
Нейрожұқпаның негізгі қоздырғыштары мыналар: менингококктар, пневмококктар, инфлюэнцтің гемофильдік таяқшасы, стафилококктар, көкірің таяқшасы, ишерихия коли, бета стрептококктар (жаңа туған нәрестелерде), сіреспенің қоздырғышы, ботулизм, құтыру-вирусы, полиомиелит, тұмау, ұшық-вирусы, арбовирустар, цитомегаловирустар ж.б.; қарапайымдар, приондар. ОЖЖ-не жұқпалық жайттардың түсу жолдары
Нейрожұқпалар кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдану патогенезі: 1. Нейрондар мен микроглияның тікелей зақымдануы 2. Қабынуға жауап ретінде босап шығатын микроорганизмдер уыттарының, ББЗ зақымдаушы әсерінен дамиды 3. Аутоиммундық зақымданулар Менингиттер – мый және жұлын қабықтарының қабынуы Лептоменингит – мыйдың жұмсақ және торлы қабықтарының қабынуы Пахименингит – мыйдың қатты қабығының қабынуы Менингиттің қоздырғыштары: менингококктар- Neisseria meningitidis (30-74%), пневмококктар (Streptococcus pneumoniae), инфлюэнцтің гемофильдік таяқшасы (Haemophilis influenzae), стафилококктар, көкірің таяқшасы, туберкулез микобактериясы (созылмалы менингит); жаңа туған нәрестелерде - ишерихия коли, бета-гемолитикалық стрептококк Бактериялық жұқпа кезіндегі менингиттің патогенезі Бактериялар ↓ бактериялардың мұрын-жұтқыншақтағы колонизациясы (көптеген бактериялар IgА-ны ыдырататын протеазалар бөліп шығарып, қорғаныстық тосқауылдан өтеді) ↓ қанайналымына бактериялардың түсуі (қапшықты бактериялар фагоцитозға және комплемент-тәуелді цитолизге тұрақты; комплемент құрам бөлшектерінің жеткіліксіздігі мен спленэктомия бактериемияға әкеледі) ↓ Бактериемия мен мый қылтамырларының эндотелийінің зақымдануы → гематоэнцефалдық тосқауылдың өткізгіштігінің жоғарылауы және субарахноидалдық (тор қабық асты) кеңістікке бактериялардың өтуі ↓ Қабынудың дамуы ↓ Мыйдың ісінуі, бас сүйек ішілік қысымның жоғарылауы, мый қан тамырларының басылуы және қан айналымының бұзылуы Менингит кезіндегі мый ісінуінің дамуында мынаның маңызы бар: қабыну дәнекерлерінің әсерінен қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы, мый құрылымына бактерия өнімдерінің және нейтрофильдердің лизосомалық ферменттерінің уытты әсер етуі, цереброспинальдық сұйықтықтың ағып кетуінің қиындауы, қанның ағып кетуінің қиындауына әкелетін мый қан тамырларында васкулиттің дамуы. Менингиттің барлық түрлеріне менингеалдық синдром - мый қабықтарының тітіркену синдромына біріктірілетін әйгіленімдер тән.
1. А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.120-162 Қосымша
1. Нейрожұқпалардың негізгі қоздырғыштары 2. ОЖЖ-не жұқпалық ықпалдың түсу жолдары 3. Менингеалдық синдромның әйгіленімдерін атаңыз
|