Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жер мониторингінің түсінігі. Жер мониторингі ақпараттарын алу мен пайдалану әдістерінің түрлері.





Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi анықтау, дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi анықтау мен оның зардаптарын жою, оларды бағалау бойынша жер қорының жай-күйiн байқау.

Ол қоршаған табиғи ортаның жай-күйi мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасының барлық жерi жер мониторингiнiң объектiсi болып табылады. Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер мониторингiн жүргiзу кезiнде қажетті ақпаратты алу үшiн жер бетiн суретке түсiру, бақылау,қашықтықтан зерделеу әдiстерi, сондай-ақ қор деректерi қолданылады. Жер мониторингiнiң жердiң санаттарына сәйкес келетiн iшкi жүйелерi болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергiлiктi жер мониторингi жүзеге асырылады.

Жер мониторингiнiң мiндеттерi:

1) жердiң жай-күйiнiң өзгерiстерiн анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және керi әсерi бар процестердi анықтау мен зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

2) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

Жер мониторингінің мазмұнын жердің жағдайын жүйелі түрде бақылау, оларда орын алып жатқан жағдайларды анықтау және оларды бағалау, болжау құрайды.Болжау мына жағдайларда ж.а:

1.ЖЕР ИЕЛЕРІНІҢ, ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЖЕРДІҢ, УЧАСКЕЛЕРДІҢ, АЛАҢДАРДЫҢ, ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰнарлығының озгеруімен байланысты процестерді,улы заттармен, өндірістік. тұрмыстык жэне баска да калдыктармен ластануын, топырактың баска да касиеттерініц на-шарлауын немесе жаксаруын;

2.өзендердін, теңіздердің, көлдердің, бұғаздардын, су коймала-рының, шығанактардың жағалау сызыктарының жағдайын, кұздар-дың, кар көшкінінің, селдің, жер сілкінісінің, карсттык, криогендік және баска да кұбылыстардың нэтижесіндегі процестерді;

3.едлі мекендер жерінің, мұнай жэне газ ондіру жерлерінің, таза-лау кұрылғыларының, ки сакгау коймаларының, кокыстардың, жа-нар-жағар май коймаларының, тыңайткыштардың, автоколіктұрак-тарының, өндірістік улы калдыктар мен радиоактивтік материал-дардың кому орындарының, сонымен катар, баска да өндірістік объ-ектілерінің жағдайын.

14.Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер түсінігі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді берудің және пайдаланудың ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиiс. Бұл жердi ауыл шаруашылығы өндiрiсiне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол берiледi. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады. Егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды. Тыңайған жер - бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзiрленбеген жер учаскесi. Көп жылдық екпелер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi. Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелерi. Суландырылған жайылымдар - тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар.Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына: ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына: егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: 1) жеке меншiкке - ҚР/ң азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшiн; 2) жеке меншiкке немесе жер пайдалануға - ҚР/ң жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсi, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн; 3) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға берiледi. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау мақсатында бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорты жасалады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтедi. Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оны беруді жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкiн. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу және орман өсiру үшiн берiледi.. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi. жер учаскелерiн сатып алған кезде сатып алу сомасын төлеу жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алатын тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша он жылға дейiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.

Неркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің түсінігі. Олардың құрамы.

Өнеркәсiп жерiне - өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалануүшiн берiлген жер, оның iшiнде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады. Көлік жері дегеніміз - Автомобиль, теңiз, iшкi су, темiр жол, әуе және өзге де көлiк түрі объектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшiн берiлген жер көлiк жерi болып танылады.Темiр жол көлiгi қажеттерiне арналған жерге: 1) магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға; 2)кiрмежолдарға; 3) вокзалдарға; 4) темiр жолдарға берiлген белдеулер мен к‰зет аймақтарына бөлiп берiлген жер жатады.Автомобиль көлiгi қажеттерiне арналған жерге: 1) автомобиль жолдарына, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар және ғимараттарға; 2) автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулердi белгiлеу үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады.Теңiз және iшкi су көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге теңiз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық ғимараттар, жер бетi және жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа объектiлердi және теңiз және iшкi су көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады.Әуе көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге әуежайлар, әуеайлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерiлу-қону белдеулерiн және жер бетi мен жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп- ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа да жер үстiндегi объектiлердi және әуе көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер.Құбыр тасымалы көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге су құбырын, газ құбырын, мұнай құбырын және жер бетi мен жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi объектiлердi және құбыр жүргiзу көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер жатады. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттерiне арналған жерге тиiстi инфрақұрылымдардың объектiлерiн орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желiлерi, соның iшiнде жер астындағы желiлер үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады. Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiн, әскери полигондарын, әскери- оқу орындары мен өзге де ұйымдарын және қорғаныс пен қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын басқа да әскерлердiң объектiлерi мен ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн ҚР/ң Үкiметi берген жер учаскелерi қорғаныс қажеттерiне арналған жер деп танылады.

Ботаникалық бақтар, қорықтар, табиғи ескерткіштер үшін берілген жерлердің құқықтық жағдайы. Оларды пайдалану ерекшеліктері.

Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн, соның iшiнде өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғау, молықтыру және пайдалану жөнiнде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткiзуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың негiзгi қызметiне Қазақстанның өсiмдiктер дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, Қазақстанның дүниежүзiлiк маңызы бар флора ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.Мемлекеттiк ботаникалық бақтар: 1) экспозициялық - өсiмдiктердi өсiру және келушiлердiң көруi үшін;2) ғылыми - өсiмдiктердiң тектiк қорының коллекцияларына ғылыми зерттеулер жүргiзу және оларды сақтау үшiн; 3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсету үшiн; 4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық аймақтарға бөлiнедi.Мем/к ботаникалық бақтарда олардың алдына қойылған мiндеттерiн орындауға байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылып кетуiне әкеп соғатын кез келген iс-әрекеттерге тыйым салынады. Мем/к ботаникалық бақтар табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзiлiк флора өсiмдiктерiнiң коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi. Мем/к ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады. Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.Мем/к табиғи қорықтардың негiзгi қызметiне: 1) мем/к табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету; 3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу; 5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 750. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия