Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Елді мекендер жерлерінің құқықтық жағдайы. Елді мекендер жерлерін бір санаттан екінше санатқа ауыстыру тәртібі.





Қалалардың, кенттердiң, селолық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.

Тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елдi мекендерде белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елдi мекендi дамыту мен онда құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасымен жердi пайдалануға жол берiледi. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтiрмей, жеңiл үлгiдегi құрылыстарды (caудa жасайтын шатырларды, киоскiлердi, жарнама құрылғыларын және басқа да сервис объектiлерiн) орналастыруы үшiн уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер құрамынан, оның iшiнде базарлар, ақылы автотұрақтар (автопарктер) орналастыруы үшiн жол (көше, өтпелi жолдар) жиегiнен учаскелер беруге жол берiлмейдi. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелерi жеке меншiкке оларды ортақ пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейiн ғана берiлуi мүмкiн.

Зираттар орналасқан және соларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын немесе осы елдi мекенде қайтыс болған тұрғылықты жерi белгiсiз адамды жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр жер учаскесi тегiн бөлiнедi.

Рекреациялық мақсаттағы жерлер түсінігі. Олардың құқықтық тәртібі. Рекреациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі.

Рекреациялық мақсаттағы жер

Халықтың ұйымдасқан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады.

Рекреациялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлерi, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектiлерi, туристiк базалар, стационарлық және шатырлы туристiк-сауықтыру лагерьлерi, балықшы және аңшы үйлерi, орман парктерi, туристiк соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлерi, осы сияқты басқа да объектiлер орналасқан жер учаскелерi кiруi мүмкiн. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлерi де жатады. Рекреациялық мақсаттағы жердi пайдалану тәртiбi мен режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар белгiлейдi.Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен келiсiм бойынша белгiленген туристiк соқпақтар мен трассаларды пайдалану сервитуттар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.Рекреациялық мақсаттағы жерде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн қызметке тыйым салынады.

Сақтандыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады.Адам ауруының алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгiленедi.

Сақтандыру мақсатындағы жердiң күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайды. Белгiленген санитарлық

режимге сәйкес осы жер учаскелерiн шаруашылық айналымынан толығымен алып қою (санитарлық-қорғау аймағының бiрiншi белдеуi) көзделетiн жағдайларды қоспағанда, санитарлық-қорғау аймақтары шегiндегi жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер осы Кодексте белгiленген шарттарға сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылады, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылады.Жер учаскелерiн санитарлық-қорғау аймақтарының екiншi және үшiншi белдеулерi шекарасында пайдалану осы аймақтарды күзетудiң белгiленген режимi сақтала отырып жүзеге асырылады.

Жерге ақы төлеуді құқықтық реттеу түсінігі. Олардың түрлері мен мазмұны. Жердің нарықтық құны.

Қаз/да жерге ақы төлеудің бірнеше нысаны бар – жерді жеке меншікке сатып алу кезінде төленетін ақы, жерге жалға беру ақысын төлеу, жер салығы,т.б.

Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусiз жер пайдаланудағы жер учаскелерiне ҚР/ң салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады. Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке беру өтеулi негiзде, өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің шешiмi бойынша ақысы бiрден төленiп нe төлеу мерзiмiн ұзартып сату арқылы жүргізіледі, бұған: 1) ҚР/ң азаматтарына - тұрғын үй-жайлардың меншiк иелерiне кондоминиум объектiлерiндегi мiнсiз үлесi ретiнде; 2)ҚР/ң азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшiн; 3) ҚР/ң Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға; Өзiндiк қосалқы шаруашылық, бағбандық жүргізу, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, Жер Кодексінде жер учаскелерін ақылы түрде беру көзделген өзге де мақсаттар үшін өтеусiз берiлген жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер учаскесiнiң меншiк иесi жер учаскесiнiң өзгерген нысаналы мақсаты үшiн ҚР/ң заңында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын соманы бюджеттiң кiрiсiне төлеуге мiндеттi. Меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттiк емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн кейiнгi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде, жер учаскелерi үшiн төлемақының мөлшерi, мерзiмдерi мен нысаны ҚР/ң азаматтық заңдарына сәйкес сатып алу-сату немесе мүлiк жалдау шарттарымен айқындалады.

 

Азақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдерінің ерекшеліктері. Олардың түрлері. Егеменді тәуелсіз жер қатынастарының дамуына жеке тоқталыңыз.

ҚР Жер заңдарының тарихы ҚРның 1991 жылғы16желтоқсандағы (ҚРның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы) конституциялық заңын қабылдау күнімен басталады.Бұған дейін қолданыста болған Қазақ КСРның 1990ж 16 қарашадағы Жер кодексі мемлекет дамуының жаңа жағдайларындағы қоғамның талаптарына жауап бере алмады.Содан кейін 1991ж 28 маусымда «Жер реформасы туралы» заң қабылдады. Жер реформасының міндеті болып жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі нысандарының тиімді қызмет етуі үшін құқытық, экологиялық, әлеуметтік жағдайлар жасау, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету табылады. Жер нарғын жүзеге асыру мақсатында ҚР Президентінің 1994ж 24қаңтардағы «Жер қатынастар реттеудің кейбір мәселелері туралы» және 1994ж 5 сәуірдегі «Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы» жарлықтары қабылданды. ҚРның 1995ж жаңа конституциясы алғашқы рет жерге жеке меншік құқығын орнықтырып, жерге мемлекеттік және жеке меншікті мемлекеттің танып, теңдей қорғайтынын бекітті. Конституция нормаларының негізінде ҚР Президентінің 1995ж 22 желтоқсандағы «Жер туралы» жаңа жарлығы қабылданды. Бұл жарлық жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығына қатысты туындайтын жер қатынастарын жаңаша реттеп, алғашқы рет сервитут институтын қарастырды.Қоғам нарықтық экономикаға жаңа жол ашты.2001ж 24 қаңтарда «Жер туралы» заң қабылданды.Бұл акт жаңа нормаларды көздеді: жер учаскелерін оралмандарға беру туралы, шартты жер үлесі туралы. ҚР Жер заңдарын одан әрі жетілдіру 2003ж 20 маусымда ҚРның жаңа Жер кодексін қабылдауға дейін

 

38.Жерге жеке меншік құқығының түсінігі. Олардың түрлері. Жерге меншік құқығының объектілері. Жерге меншік құқығын табыстау.

Жерге меншік құқығының түрлері болып мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк болып табылады. Меншiк құқығының субъектiлерi: республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi – Қазақстан Республикасы; жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады Жерге мемлекеттік меншік деп мемлекеттің меншік иесі ретінде өзіне тиесілі жер учаскелерін иелену, пайдалану жəне билік етуін заңда көрсететін тəртіп жағдайында.

Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне мыналар жатады (обьектілер): 1. мемлекет билік органдары. мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген жерлер. 2. қорғаныс қажеттіліктеріне пайдаланылатын жерлер. 3. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан тарихи, мəдени, сауықтыру мақсатындағы жерлер. 4. орман жəне су қорлары жері. Егер орман мемлекет қаражаты арқылы өсірілсе ол мемлекеттің жері, ал егер жеке қаражат арқылы өсірілсе ол жер жеке меншікте болып табылады. Егер жер учаскесінде сумен қамтамасыз ететін құрылғылар, коммуникациялар орналасқан болса. 5. елді мекендердегі жерлерді ортақ пайдаланудағы жерлер. Мысалы, көшелер, скверлер, бульварлар жəне т.б. 6. Босалқы жерлер. Оның ішінде арнайы жер қорының учаскелері. 7. Кенттер, ауылды мекендердегі жайлымдық жəне шабындық алқаптар, жеке меншікке берілмейтін жайылым жəне басқа да жерлер. Субьектілері. Мемлекет атынан жерге мемлекет билікті жүзеге асырады.Органдар жалпы құзіреті бар. Олар: Парламент, Президент, Үкімет, Жергілікті өкілді жəне тқарушы органдар. Арнайы құзіреті бар. Бұл жер ресурстарын басқару агенттігі. Функционалды құзіреті бар органдар. Бұл сот органдары жəне т.б. Жерге жеке меншік құқығы деп белгілі біртұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсететін тəртіпте иелену, пайдалану жəне билік ету құқығы болып табылады. Дүние жүзінде абсолюттік түрде жерге жеке меншік құқығы жоқ. Қазақстанда жерге жеке меншік құқығы шектеулі нысанда жүзеге асырылады ҚР жеке меншік құқығының обьектілері болып: 1 ҚР азаматы үшін: шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжайқұрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкесқызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi. 2. Қазақстанның заңды тұлғалары үшін: тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi. 3. шетелдік тұлғалар үшін: үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi барлық мемлекеттік жерлер меншікке берілмейді. Мемлекет жердің меншік иесіне көптеген талаптар қоюға құқылы. Мысалы, жерді ұтымды жəне нысаналы пайдалану. Тауарлы ауылшаруашылығы өндірісі деп ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлерде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды өңдеу жəне пайда табу мақсатында өткізу. Шетелдің тұлғаларына ауылшаруашылығы мақсатына арналған жер тек жалға беріліп отырады. Қаз/ң тұлғаларына бұл жерлер жеке меншікке тек ақылы түрде беріледі. Ақы екі түрде болады: жеңілдетілген (75 % төленеді); нақты бағасына сатады. Бұл жерде созып сатуға болады он жыл бойы.

Меншiк құқығының мазмұны1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiкетуге құқығы бар.2. Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын Жер Кодексте ж/е ҚР/ң өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiкоргандар жүзеге асырады.3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi Жер Koдексте және ҚР/ң өзге де заңактiлерiнде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыраалад

 

Жер құқық қатынастарының түсінігі. Олардың құрылымы. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.

Жер құқық қатынастары— жеке меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскесін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар б.танылады. Ж.қ.қ. материалдық және ісжүргізушілік ж.қ.қ. болып бөлінеді. Материалдық ж.қ.қ. — іс жүргізушілік қатынастарының пайда болу шарттарының негізі. Іс жүргізушілік ж.қ.қ— материалдық қ.қ динамикасын қамтамасыз етеді және жаңа материалдық қ.қ.ның пайда болуы мен дамуының тәсілі болып табылады. Ж.қ.қ. субъектілері бойынша жер пайдаланушылар мен жеке меншік иелері болып табылады. Олардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты: мемлекеттік және мемлекеттік емес; ұлттық және шетелдік; алғашқы және кейінгі болып бөлінеді. Ж.қ.қ. реттеуші және қорғаушы болып бөлінеді. Реттеуші қ.қ. деп ж.қ.қ. қатысушысы өз көзқарасын ж.қ.н.ға сәйкес дәл білдірсе, жер туралы заңнаманың міндеттеріне, мақсаттарына және қағидаларына жауап беретін позитивтік әрекеттер туындайтын қатынастар.Ж.қ.қ. қатысушылары жер құқығының нормалары мен талаптарын бұзған жағдайда қорғаушы қ.қ. туындайды.жер қатынастары бір жақты (жеке меншік құқығы, жер пайдалану құқығынан бас тарту) әрі көпжақты (жер учаскесіне қатысты шарт мәмлелер, жер учаскесіне ортақ меншік құқығы, ортақ үлестік меншік, кондоминиум және т.б.)

Ж.қ.қ. субъектілері— жер құқықтық қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтар мен міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттер. Ж.қ.қ.ның жер пайдалану саласындағы субъектілері мыналар: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік, жеке және заңды тұлғалар, тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі субъектілер.

Жер қатынастары объектісі дегеніміз ҚР аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына және жекелеген субъектілеріне бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар.Ж.қ.қ. объектісі болып таза табиғи түрдегі жер емес, жердің бекітілген құқықтық режимі табылады.Ж.қ.қ. объектілеріне жер қоры, жер қорының жекелеген санаттары, жер учаскесі, жер үлесі жатады.

Ж.қ.қ. мазмұны ж.қ.қ. субъектілерінің әрекеттерін анықтайтын құқықтар мен міндеттердің байланысынан тұрады. Ж.қ.қ. субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ж.қ.қ. мазмұнын береді. Ж.қ.қ. субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің көлемі,оның мазмұны келесі жағдайларға байланысты:а)формасына, жерге меншік және жер пайдалану түріне. Құқықтар мен міндеттердің үлкен көлемі жерге меншік иесіне тиесілі; б) субъектілердің түрінің құқықтық мәртебесіне. Мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың құқықтары көлемі және мазмұны бойынша ерекшеленеді.

Құқықтар мен міндеттер әр түрлі негіздер мен критерийлерге байланысты:а)субъектілердің түрінің құқықтық мәртебесіне ба йланысты (ҚР азаматы, ұлттық заңды тұлға, шетел азаматтары мен заңды тұлғалары, мем/к ж/е мем/к емес заңды тұлғалар); б) жер учаскесінің құқықтық фрамасына бай\ты(жерге меншік, жер пайдалану құқығы); в)жер пайдалану құқығына бай/т

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 709. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия