Студопедия — Ядролық жарыс кезіндегі жарық сəулеленуінің зақымдағыш факторлары қандай?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ядролық жарыс кезіндегі жарық сəулеленуінің зақымдағыш факторлары қандай?






Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп шығарылатын, ішкі ядролық қуатты пайдалануда негіз әрекетті қару ядролық деп аталады. Ядролық зарядтың қуаты тротил эквиваленті арқылы белгіленеді, яғни кәдімгі жарылғыш заттың санымен, оның жарылу кезіндегі бөлініп шығарылатын қуаты.

Шет мемлекеттердегі армияларда ядролық оқ-дәрілерді қажетті аумаққа жеткізу құралы – ракеталар, авиация және артиллерия болып табылады. Содан басқа, ядролық фугастар да қолданылуы мүмкін.

Ядрлолық жарылыстар ауада, түрлі биіктікте, жер (су) үстінде және жер (су) астында жүзеге асырылады. Соған сәйкес, оларды биіктегі, ауадағы, жер (су) үстіндегі және жер (су) астындағы деп бөлуге болады.

Жарылыс болған нүкте – орталық;, ал жер (су) үстіндегі оның проекциясы эпицентр деп аталады. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары: соққы толқын, жарықтық сәулелену, өткір радиация, электромагнитті импульс.

61)Адам саулелену ауруына қалай ұшырайды? Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар енедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердін қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Осыдан адамдар сәулелену ауруына ұшырайды. Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды. Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, озонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәулелену жоғары болады. Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жерднгі барлық тірі организмдер ұшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиактивті заттар болып табылады. Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр. Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактиві заттардың мөлшері көбірек кездеседі. Түрлі-түсті телевизор бойынша телебағдарламалады жыл бойында күн сайын үш сағаттан қарау 0.5 мбэр береді. Рентген кезінде адам 30 мбэр доза, флюорграфия кезінде 370 мбэр доза алады. Сөйтіп, жердің әрбір тұрғыны жыл сайын орташа 200-300 мбэр сәулелену алады.

62.Химиялық қару деген не?

Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар. УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде, адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы.

Оларды жеткізу құралдары – снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді.Мысалы,қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе, ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады.

Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады.

Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады.Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін туғызатындар:зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын: ипкапостанттар (дене жағдайына әсер етеді),кереңдік, соқырлық, анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді.

Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:

1.Уақытша қатардан шығару

2.Жою

3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру

4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.

63)Уландырғыш заттардың ағзаға әсер етуіне байланысты топтарға жіктелуі. Олардан қорғану шаралары

Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топарға бөлінеді:

· Жүйкені жансыздандыратын УЗ – фосфорорганикалық заттар тобы- зарин, заман, V- газдар;

· Жалпы улағыш әсері бар УЗ- көгілдір қышқылы, хлорциан;

· Терінің құрысуына әсер ететін УЗ- иприт, люизит;

· Тұншықтырғыштық әсердегі УЗ –фосген, дифосген;

· Көздің жасын ағызатын және тітіргендіргіштік әсерә бар УЗ- хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит

· Психохимиялық әсер ететін УЗ

Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді.

УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:

· Өлімге ұшырататын –(зарин, заман, көгілдір қышқыл, иприт, люизит, фосген)

· Уақытша есті тандыратын- ДЛК, BZ

· Тітіркендіретін-хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит

УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман жатады. Олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылатын заттар жатады.

64.Бактериологиялық қару дегенді қалай түсінесіз, олардың зақымдағыш факторлары қандай? Биологиялық қару(БҚ)-биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау мтериалдарын бүлдіру үшін қолданылады.БҚ-зақымдау әрекеті адам, мал, өсімдіктерде жұқпалы ауру мен індет тудырғыш микроорганизмдерге негізделген қару.Оған бактерия, вирус, риккетсия және олардың зәрлі уы-токсиндермен уландырылған оқ-дәрілер, ауру таратқыш жәндіктер (шыбын, кене, бүрге, бит, т.б.) жатады. Адамды зақымдауға оба, тырысқақ, туляремия, мелоидоза, шешек, сарып, безгек, бөртпе, сүзек аурулары; малды зақымдауға топалаң, алаөкпе, кебенек, аусыл, қарасан, сарып, маңқа сияқты аурулар; өсімдік пен ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдайтын түрлі індетті жұқтырушы бактериялық құралдар пайдаланылады.Адам ағзасына (жануар) аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оладың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді.

65.Бактериологиялық қарудың тиімділігі неге байланысты, олардан қорғану жолдары?Биологиялық қару ұрыста өте тиімді құрал, өйткені ол күш пен құралды аз жұмсап, материалдық байлықты жоймай, тиісті аумақтағы адамды түгел зақымдайды. Оның организмге енген азғантай мөлшерінің өзі-ақ емдеуге бой бермейтін жұқпалы ауруларды тудырады және тез жайылып, көп адамды дертке шалдықтырады.Биологиялық қару дайындауға шағын лабораторияның өзі-ақ жеткілікті.

БҚ-ды қолдану қаупі алдын ала санитарлық – тазалық, егу – емдеу жұмыстарын, жұртшылық пен әскерді жұқпалы аурулардан қорғану тәсілдерімен таныстыру және оларды арнаулы жабдықталған баспаналармен қамтамасыз ету, азық-түлік пен суды, мал мен өсімдіктерді қорғау әзірлік шараларын жүргізуді талап етеді.БҚ-мен зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету кезінде АИ-2-дегі №1 бактериядан қорғайтын құрал пайдаланған жөн.№1 бактериядан қорғайтын құрал – жасыл түсті таблеткалар.Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек бригадасы:

- Қарым-қатынас жасаған адамдарды анықтау және оладың обсервациясы;

- Қолдану аясы кең антибиотиктерді беру (доксициклин, тетрациклин);

- Дезинфекциялық шараларды жүргізу;

- Сырқаттардың материалдарын іріктеу және оны микробиологиялық зерттеу үшін лабораторияға жеткізу;

- Ішінара (толық) санитарлық тазалауды ұйымдастыру сияқты әрекеттерді орындауы тиіс.

Бактериологиялық қаруды қолдану әдістері. Қарсылыстардың бактериологиялық қаруды қолданғанын қандай белгілерден білуге болады?

БҚ арнаулы ракета, артилл, снаряд, (мина), авиац.бомба, оқ-дәрі, диверсант, уланған жәндіктер арқылы қолданылады.БҚ-дың жау қолданған түрін дер кезінде анықтап білу оның зақымдау әрекетін азайтуға мүмкіндік береді.Биологиялық бақылау жұмысы арнаулы мамандар тобына жүктеледі. Олар ауа мен аймаққа үнемі бақылау жасап, ауырған адам мен малдарды қарайды.БҚ-дың әсерін анықтау үшін сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді,ал жаппай улану басталғанда әр минут, секунд қымбат.БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, туляремияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәлікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 169. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия