Студопедия — Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-əрекеті..
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-əрекеті..






Паразитарлық аурулар адамдар арасында аса көп таралған аурулар түріне жатады. Паразитарлық ауруларға көп жағдайда дәл диагноз қою қиындық келтіреді, өйткені адам ағзасына келіп түскен ауру қоздырғыштар адам ағзасына әртүрлі клиникалық тұрғыда көрініс береді.
Гельминтоздар көп жағдайда ашық көрініс бермей, адам ағзасының әртүрлі органдары мен ұлпаларында паразиттерді көбейте отырып, олардың дұрыс жұмысын нашарлатады. Осының өзі әртүрлі клиникалық көріністеріне әкеліп соғады: олар ішек жұмысының нашарлауына, нерв жүйесі іс-әрекетінің бұзылуына, адам ағзасының ауруларға жалпы төтеп беруінің төмендеуіне, оның жұқпалы және соматикалық ауруларға бейім болуына әкеліп соғады. Гельминтоздар клиникалық белгілеріне негізделіп анықтауға жатпайды. Соңғы 5 жыл ішінде Қарағанды облысының халқы үшін арасында аскаридоз ауруы кең етек алуда, ол облыс халқының 0,16% құрап отыр. Адамға аскаридоз ластанған топырақ, көкөністер, көкшөп, жидектер және ластанған немесе адамның нәжісімен қоректендірілген топырақ т.б. арқылы жұғады. Адам гельминттерді жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда да жұқтыруы мүмкін (лас қол арқылы). Аскарида жұмыртқалары бірнеше қабықтармен жабылған, соның арқасында қоршаған ортаның келеңсіз факторларына төтеп беруі жоғары болып келеді. Жаздың соңғы айларында топыраққа түскен аскарида жұмыртқалары келесі жылдың көктем айларында өсіп-жетіледі де көкөніс, жидектер, алғашқы көк шөптерге түсіп, осы азық-түліктерді пайдаланатындарға жұғады. Топырақта жұмыртқалар 2 жылдан бастап 5 жылға дейін сақталуы мүмкін. Аскарида жұмыртқаларын жоғары температура (100 градусқа дейін), күннің тік түскен сәулелері ғана жояды. Аскарида жұмыртқалары ластанған сумен құлпынайды, жасыл пиязды, шалғамды, салат жапырақтарын, қияр, қызанақ, сәбізді суарғанда жұғады, аскарида жұмыртқалары әсіресе тұқым шашу кезеңінде нәжістермен қоректендіру кезінде көкөністерге түседі.
Нәжістерді қоршаған ортаға шашырату, сонымен бірге өңделмеген нәжістерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға болмайтынын ескерген жөн. Гельминтоздардың алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтау, әсіресе балалардың сақтауы үлкен роль атқаратынын да естен шығармаған дұрыс. Ағзаға ішек инфекцияларының қоздырғыштарын енгізбеу үшін:
● міндетті түрде тамақтанар алдында қол жуу керек;
● көкөніс, көкшөп, жемістерді сүзгіні қолдана отырып 5 минут ішінде ағынды таза сумен мұқият жуып барып пайдалану керек;
● дәретхана барған сайын міндетті түрде қолды жуу керектігін естен шығармаған жөн;
● жерге түскен заттарды аузына салмауын олардың естеріне үнемі салып отыру керек.
88. Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-əрекеті

Өрт кезінде ен қорқыныштысы - сасқалақтық пен үрей. Қауіпсіз жерге шығуға от пен түтін аз мүмкіншілік беріп жатқанда, құнды минуттарды жоғалтасың. Міне, әр адам өрт кезіндегі бастапқы ережелерді білу қажет. Өртті көрген кезде, жағдайды парасатты бағалап, бар күшіңізді жинап, өзіңізге көмекші табыңыз.Ең алдымен өрт сөндіру қызметін (01телефоны, көршілер, радиостания, қызметтік автокөліктер, полиция, «жедел жәрдем»,авариялық қызмет т.б.) шақыртыңыз.Тәуекелді жағдайда мүлікті құтқаруға бекер күшіңіз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз.Бастысы - кез келген тәсілмен өзіңізді және қайғыға ұшыраған басқаларды құтқаруға тырысыңыз.Балалар мен қарттарды құтқаруға тырысыңыз. Оларды өрт болып жатқан жерден әрі алып кетіңіз,себебі ол жерде газ баллондардың, бензобактардың атылуы және өрттің тез дамуы мүмкін.Өрт сөндірушілерге дұрыс ақпарат (нақты мекенжайды. қысқа келетін жолды, не өртеніп жатқанын, ішінде адамдар барм екенін) беру үшін міндеті түрде оларды алдарынан шығып, күтіп алу қажет.Егерде адам жанса,егерде үстіңізде киім жана бастаса, жүгіруші болмаңыз, себебі жалын одан сайын лапылдауы мүмкін.Жанып жатқан киімді үстіңізден дереу шешуге тырысыңыз.Маңайда көлшік немесе қалың қар болса, соған сүңгіңіз.Жоқ болса, жерге құлап, жалын сөнгенше аунаңыз.Үстіңізге қалың мата жабыңыз, бірақ басыңызды ашық қалдырыңыз.Дәрігерге қаралмай, күйген жерлерден киіміңізді шешуге тырыспаңыз.Егер де подъезде өрт болса,подъезге шығушы болмаңыз, себебі түтін өте улы, ал ыстық ауа өкпеңізді күйдіріп жіберуі мүмкін.Ең алдымен «01»телефон шалыңыз.Төменге қарай жіппен, ақ жаймамен,су құбырымен түсу өте қауіпті.Терезеден секіру мүлдем қауіпті.Үйіңізге түтін кірмес үшін кіреберіс есігіңізді су матамен мықтап жабыңыз.Ең қауіпті жер – балконда немесе терезенің қасында. Ең алдымен өрт сөндірушілер сізді сол жерде таба алады. Далада суық болса, жылы киініңіз, артыңыздан балконның есігін жабыңыз.Егер де сіз түтінге толы подъезде қалып қойсаңыз, өкінбеңіз, шыға беріске қабырғаға сүйене отырып шығыңыз.Сол арада деміңізді ішіңізге тартып тұрыңыз, ал ең жақсысы ауыз бен мұрныңызды орамал немесе мойын орағышпен жауып алыңыз.Лифтіні пайдаланушы болмаңыз, оны сөндіріп тастауы мүмкін.Өрт төменнен жоғарыға дамығанда, жоғары қабаттың тұрғындары өте сақ болуы тиіс.Пәтердің кіреберіс есігі өртенсе Оны ашпаңыз, әйтпесе от пәтеріңізге кіреді.Көршілерге білдіртіңіз, олар сыртынан отты сөндіруге тырысып, дереу өрт сөндіру күзетін шақырсын.Сол арада сіз ішінен есікке су құйғаныңыз жөн болар







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 133. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия