Ом заңдары. Өткізгіштердің кедергісі.
1827 жылы неміс ғалымы Ом (1787 - 1854) көптеген тәжірибелердің нәтижесінде мынадай қорытынды шығарды: тұрақты температурада (T = const) өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток шамасына қатынасы әр уақытта тұрақты болады: U / I = R. Мұндағы R шамасы өткізгіштің кедергісі деп аталды. өткізгіштің кедергісі оның формасына және мөлшеріне, сол сияқты табиғаты мен температурасына да тәуелді. Осы формула арқылы кедергінің өлшем бірлігін тағайындауға болады. Кедергінің бірлігі үшін кернеуі 1В өткізгіштегі ток 1А болатын өткізгіштер кедергісі алынады. Она Ом деп атайды. 1 Ом = 1В / 1А. I = U / R. (9.8) Бұл Ом заңының формуласы болып табылады. Тізбек бөлігі үшін Ом заңын, яғни U = IR ескеріп, тізбектегі ток күшін тапсақ: (9.9) Осы формула тұйық тізбек үшін Ом заңы деп аталады да былайша тұжырымдалады: тұйық тізбектегі ток күші э.қ.к. шамасына тура пропорционал да, тізбектің сыртқы және ішкі кедергілерінің қосындысына кері пропорционал болады. Э.қ.к. – нің мәні ε = IR + Ir, мұндағы IR – зарядты сыртқы тізбекте тасымалдау үшін істелетін жұмыс, Ir – ток көзінің ішкі кедергісіне қарсы жасалатын жұмыс. Осыған байланысты э.қ.к. тұйық тізбектің барлық бөлігі арқылы зарядты тасымалдау үшін істелген жұмыс шамасы. Сонымен тізбекте әр уақытта ток болу үшін электр өріс де, ток көзі де міндетті түрде бар болуы және ондағы зарядтар электрлік күштер арқылы орын ауыстыруы керек екен. Токтың тығызыдығ екенін ескерсек және меншікті электр өтімділігі десек, Осы формула ток тығыздығы үшін Ом заңының дифференциалдық түрі болып есептеледі. Бұл өрнек өткізгіштің көлденең қимасындағы токтың біркелкі әрі оның әр нүктесіндегі ток тығыздығының әр түрлі болуына қарамастан орындала береді.
|