Бақылау
Фармацевттік өндірісінің технологиясы кафедрасы
Бақылау сұрақтары: 1. Таблеткаларға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Олар жасау бойынша қалай жіктеледі? Олар қолдану бойынша қалай жіктеледі? 2. Таблеткаларға қандай талаптар қойылады? Таблеткалардың дәл дозалануы, механикалық беріктігі және қажетті ыдрығыштағы қалай қамтамасыз етіледі? 3. Ұнтақ тәріздес заттарға қандай физико-химиялық қасиеттер тән және олар таблеткалардың сапасына қалай әсер етеді? 4. Ұнтақ тәріздес дәрілік заттарға қандай технологиялық қасиеттер тән және олар таблеткалардың сапасына қалай әсер етеді? 5. Таблеттеудің теориялық (механикалық, капиллярлы-коллоидті, электрлі) негіздерігің мәні неде? 6. Көмекші заттардың қандай топтарын білесіз? Олардың қолдану бойынша сипаттамасын беріңіз? 7. Таблеттенетін массаға көмекші заттар қандай қажетті технологиялық қасиеттер береді? 8. Қандай жағдайларда таблеткалар өндірісінде толықтырғыштар қосылады? Олардың номенклатурасына не кіреді? 9. Байланыстырғыш заттардың мәні неде? Қандай жағдайларда құрғақ байланыстырғыш заттар қолданылады? 10. Таблеткалардың құрамына ыдыратқыш заттар қандай мақсатпен қосылады? Олар әсер ету механизмі бойынша қалай жіктеледі? 11. Антифрикциялық заттардың мәні неде? Олар қандай топтарға бөлінеді? Олардыі әсер ету механизмі неде? Олардың диспертік дәрежесіне қандай талап қойылады? Неге? Қандай операцияда олар енгізіліде? 12. Бояғыш заттар таблеткалар өндірісінде қандай мақсатпен қолданылады? Олар қандай топтарға бөлінеді? Олардың номенклатурасы қандай? 13. Таблеткалар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы беріңіз. Әр саты қандай операциялардан турады? Тест тапсырмалары: 1. Ұнтақтардың пресстелу қабілетті келесі физика-химиялық қасиеттерге тікелей пропорционалды: A) меншікті беткейі, ішкі үкеліс B) гигроскопиялық, кристаллды суы C) салыстырмалы тығыздық D) сусымалдылық E) дымқылдағаштық 2. Ұнтақтардың пресстелу қабілетті келесі технологиялық қасиетке кері пропорционалды A) меншікті беткейі, ішкі үкеліс B) гигроскопиялық, кристаллды суы C) салыстырмалы тығыздық D) сусымалдылық E) дымқылдағаштық 3. Ұнтақ тәріздес заттардың физико-химиялық қасиеттеріне... жатады. A) меншікті беткейі, ішкі үкеліс, гигроскопиялық B) салыстырмалы тығыздық, престелушілік, массаның аңыздылығы C) сусымалдылық, тығыздалу коэффициценті, ылғалдылық D) дымқылдағаштық, фракциялық құрамы E) матрицадан итеріп шығару күші, салыстырмалы тығыздық 4. Ұнтақ тәріздес заттардың технологиялық қасиеттеріне... жатады. A) меншікті беткейі, ішкі үкеліс, гигроскопиялық B) салыстырмалы тығыздық, престелушілік, массаның аңыздылығы, ылғалдылық C) сусымалдылық, тығыздалу коэффициценті, гигроскопиялық D) дымқылдағаштық, фракциялық құрамы, бөлшектердің пішіні мен өлшемдері E) матрицадан итеріп шығару күші, абсолютты тығыздық, кристаллды суы 5. Таблеткалардың құрамына антифрикциялық заттар … мақсатпен енгізіледі. A) ішкі үкелісті төмендету және сусымалдылықты арттыру B) ылғалдылықты төмендету және ыдырағыштықты арттыру C) гранулалардың және таблеткалардың механикалық беріктігін қамтамасыз ету D) сусымалдылықты төмендету және ұнтақтың тығыздығын арттыру E) дымқылдағыштықты жақсарту және оптималды ыдырағыштығын қамтамасыз ету 6. Таблеткалардың құрамына ыдыратқаш заттар … мақсатпен енгізіледі. A) ішкі үкелісті төмендету және сусымалдылықты арттыру B) ылғалдылықты төмендету және ыдырағыштықты арттыру C) ыдырағыштықты арттыру және таблетканың массасын төмендету D) сусымалдылықты төмендету және ұнтақтың тығыздығын арттыру E) дымқылдағыштықты жақсарту және оптималды ыдырағыштығын қамтамасыз ету 7. Таблеткалардың құрамына байланыстырғыш заттар … мақсатпен қосылады. A) ішкі үкелісті төмендету және сусымалдылықты арттыру B) гранулалардың және таблеткалардың механикалық беріктігін қамтамасыз ету C) ыдырағыштықты арттыру және таблетканың массасын төмендету D) сусымалдылықты төмендету және ұнтақтың тығыздығын арттыру E) дымқылдағыштықты жақсарту және оптималды ыдырағыштығын қамтамасыз ету 8. Таблеткадағы дәрілік заттың мөлшері 0,01 г төмен болғанда, белгілі салмақты қамтамасыз ету үшін қосылатын көмекші заттар... дет аталады. A) толықтырғыш заттар B) пролонгаторлар C) тұрақтандырғыш заттар D) бояғыш заттар E) ыдыратқыш заттар 9. Тайғанақ заттарды қосқанда.... A) гранулалардың және ұнтақтардың сусымалдылығы жақсарады B) жарыққа төзімсіз заттар қорғалады C) таблеттенетің массаның ылғалдылығы тқмендейді D) таблеткалардың механикалық біріктігі жоғарлайды E) таблеткалардың ыдырағыштығы жақсарады 10. Таблеттенетін массаға қосылатын тайғанақ заттарға қойылатын талап: A) олар өте жоғары дисперті болуі тиіс, сонда олардың мөлшерін азайтуға болады B) олар ірі дисперті болуға тиіс, сонда олардың мөлшерін азайтуға болады C) олардың диспертік дәрежесі әртүрлі боуы мүмкін, себебі олардың мөлшерін есепсіз алуға болады D) олардың дәмі тәтті болуы тиіс E) олар боялған болуы тиіс ****************************************
|