НДІРІС ҚАУІПСІЗДІГІ
Берілген тарауда өндірістік үдерістің зиянды және қауіпті факторларын анықтау, аталған факторлардың қоршаған орта мен адамға тиетін әсерлерінің алдын алу мен төмендету шараларын құрастыру керек. Сонымен қатар мекеменің санитарлық-техникалық сипаттамасын келтіру керек. Кесте 16– Жобаланатын цех ғимаратының сипаттамасы
Кесте 17- Санитарлық-тұрмыстық ғимараттар атауы мен құралы
Жоғары жұмыс қабілеттілігінің маңызды көрсеткіші шамалары "Табиғи және жасанды жарықтандыру" 23-05-95* СНжЕ сәйкес келетін және 5.3-кестеде көрсетілген өндірістік жарықтандыру болып табылады. Берілген дипломдық жобада өндірістік ғимараттарды жарықтандыру үшін сыртқы қабырғалардағы жарық орындары арқылы келетін табиғи бүйірлік жарықтандыру мен жасанды жалпы жарықтандыру, жарық ағымының бірқалыпты үлестірімін құратын шамшырақтар пайдаланылады. Жобада жарық көздері ретінде люминесценцияға негізделген ЛД-40 шамдары бар ПВЛ-1-2×40 түріндегі шамшырақтар қарастырылады. Берілген өнім түрін өндіру кезінде орындалатын жұмыс энергия шығындары бойынша ІІ а санатына жатады. Жоғары жұмыс қабілеттілігінің маңызды шарттарының бірі адамның еңбекке қабілеттілігіне айтарлықтай әсер ететін өндірістік ғимараттағы метеорологиялық шарттарды сақтау болып табылады. Сәйкесінше температураның, ауа ылғалдылығы мен қозғалыс жылдамдығының жыл мерзіміне байланысты тиімді және рұқсат етілетін параметрлері орнатылған. Тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарындағы қызметкерлердің технологиялық құралдар мен жарықтандыру құралдарының қызған беттерінен жылулық сәулеленуінің қарқындылығы дене бетінің 50% мен одан көбі сәулеленгенде 35Вт/м2, сәулеленетін беттің шамасы 25-50% болғанда 70Вт/м2 және адам денесінің 25% азы сәулеленгенде 100 Вт/м2 аспауы керек.
Кесте 18– Өндірістік ғимараттарды жарықтандыру шамалары
Өндірістік микроклимат параметрлері "Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар" ГОСТ 12.1.005-88*ССБТ мен "Өндіріс ғимараттары микроклиматының гигиеналық талаптары" СанЕжН 2.2.4.548-96 сәйкес 5.4-кестеде келтірілген. Кесте 19–Метеорологиялық шарттардың параметрлері
Цех ғимараттарында санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес қалыпты микроклиматтық жағдай мен ауа тазалығын сақтау үшін жалпы айырбасталатын аралас вентиляция пайдаланылады. Ұсынылатын вентиляция жүйесі 5.5-кестеде келтірілген және "Жылыту, вентиляция және кондициялау" СНжЕ 41-01-2003 сәйкес келеді. Кесте 20– Өндірістік, қосымша және қойма ғимараттарындағы ұсынылатын вентиляция жүйелері
Адамның еңбек қызметінің тиімділігі, оның еңбекке қабілеттілігі белгілі бір дәрежеде артық күш жұмсауға байланысты болады. Бұл негізінен жүк тиеу-түсіру жұмыстары кезіндегі физикалық жүктемелер мен еңбек бірсарындылығы (конвейердегі, бұйымдарды буып-түюдегі жұмыстар). Жобаланатын мекемеде ауыр заттарды көтеру нормаларының сақталуына, еңбек пен демалыс тәртібін сақтауға, эргономикалық талаптарды ескере отырып жұмыс орнын тиімді ұйымдастыруға қатаң бақылау жасалады. Жұмыс барысында статикалық күштер әр түрлі көріністе байқалады: жүкті ұстап қалу, арбаларды тасуға күш жұмсау. Жалпы эргономикалық талаптар "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Отырып жұмыс істеу кезіндегі жұмыс орны. Жалпы талаптар" ГОСТ 12.2.032-78 мен "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Тұрып жұмыс істеу кезіндегі жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптар" ГОСТ 12.2.033-78 сай келеді және 16-кестеде келтірілген. Кесте 21– Жалпы эргономикалық талаптар
Технологиялық құрылғы құрастыру, іске қосу, жөндеу, тасымалдау және сақтау кезінде, жеке немесе агрегаттармен, сызықтармен, жүйелермен бірге пайдалану кезінде қауіп тудырмауы керек. Өндірістік санитарлық-гигиеналық жағдай зиянды өндірістік факторлар қатарымен сипатталады: шу мен дірілдің болуы, ылғалдың бөлінуі, жылудың бөлінуі, газдың бөлінуі және басқа да факторлар. Адамға өндіріс үдерісі барысында әсер етуі мүмкін, қоршаған орта мен жұмыс аймағына теріс әсер етуі мүмкін зияндылықтар мен қауіптіліктер "Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар" ГОСТ 12.0.003-74 сәйкес орындалуы керек. Кесте 22– Зиянды өндіріс факторлары және қорғаныс құралдары
Технологиялық құрал өлшеу шектері берілген өндіріс технологиясына сай реттеуші аспаппен және бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталуы тиіс. Рұқсат етілген қысым манометрде қызыл сызықпен белгіленуі тиіс. Аспаптарда оларды соңғы тексерілген күн көрсетілген сынамалар болуы керек. Сонымен қатар, технологиялық параметрлер бұзылғанда және ШМБШ мен ҰДК жеткенде жарық және дыбыс дабылдары пайдаланылуы керек.
|