Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ





Өндірісте келесідей физикалық қауіпті факторлар топтары болады:

- Қозғалмалы машиналар мен механизмдер, өндірістік құрылғының қозғалмалы бөліктері, олар жарақаттар, сынықтар мен жаралар тудыруы мүмкін;

- Құрылғы, материалдар беттерінің жоғары температурасы (50-80 ° С) (реактор-гомогенизатор), II дәрежелі термиялық күю;

- Машиналардың жеке түйіндері, тез айналатын бөліктер, олардың нәтижесінде жоғары шу деңгейі 70 дБ (тубаларды қораптарға автоматты түрде орау сызықтары), есту қабілетінің төмендеуі, жүрек бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуы байқалады;

- Жұмыс аймағы ауасының жоғары температурасы (25-40 ° С);

- Электр тізбегіндегі кернеудің жоғары деңгейі (380 В), адам денесі арқылы өтуі мүмкін тұйықталу (электр өткізгіші бар барлық электр құралдары); электр соққысы, электр жарақаттары;

Кесте 23- Өндірістегі химиялық қауіпті әрі зиянды факторлар

Атауы Ағзаны улағыштығы ГДҚ мг/м3
Розеофунгин Иммунитеттің төмендеуі, резистенттіліктің дамуы 0,005
Этил спирті Ми қабығында алкогольдік қоздыру тудырады, содан кейін қоздыру үдерістері баяулайды, жұлын мен сопақша миға қысым түседі  

 

Жобаланатын цехта «Розеофунгин-АС» 2% жақпа майын өндіру кезінде тубаларды қораптарға салу үшін қағаз бен картон, мақта, сонымен қатар «Аллсепт С», «Эрисан окси» жуу құралдары, этил спирті пайдаланылады. Бұл заттар туралы мәліметтер 19-кестеде келтірілген.

Кесте 24- Өнеркәсіпте пайдаланылатын жанғыш заттардың өртке қауіптілігінің негізгі көрсеткіштері

Зат Температура, °С Жарылыстың концентрациялық шектері
Тұтану Өздігінен жану
       
Қағаз     55 г/м3
Картон -   -
Мақта -   44 г/м3
«Аллсепт С» жуу құралы -   107 г/м3
«Эрисан окси» жуу құралы -   111 г/м3
Этил спирті     3,6 % об

 

«Розеофунгин-АС» 2% жақпа майын дайындаудың технологиялық үдерісінде оны өртке қауіпті топқа жатқызатын ерекшеліктер жоқ, себебі цехта электр және өрт қауіпсіздігі нормаларын қамтамасыз етудің барлық шаралары орындалады.

Цехты жылыту жүйесі "Жылыту, вентиляция және кондициялау" СНжЕ 2.04.05-91 талаптарын қанағаттандырады. Ғимаратты жылыту үшін қосымша өндірістік зияндылық тудырмайтын жүйелер, құралдар мен жылу тасығыштар пайдаланылады. Өндірістік жылыту ғимараттары мен жеке тұрған тұрмыстық ғимараттар жылыту ауысымдарымен жабдықталған.

Мекемені сумен қамтамасыз ету және құбыр желісі жүйелерінің құрылғысы "Ішкі су құбыры және ғимараттың құбыр желісі" СНжЕ 2.04.01-85, "Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы желілер мен құрылыстар" СНжЕ 2.04.02-84 талаптарын қанағаттандырады.

Қалалық су құбырларынан тартылатын тұрмыстық-ауыз су құбырлары сумен қамтамасыз етудің жергілікті көздерінен тартылатын басқа су құбырларымен тікелей байланыспайды. Тұрмыстық-ауыз сумен қамтамсыз ету желілері техникалық су жіберілетін су құбырлары желілерімен байланыспайды.

Технологиялық аспаптардың канализациялық қосылыстары гидравликалық бекітпелермен жабдықталған және олардың ернемек қосылыстары болады. Гидравликалық бекітпелер кәріздердің шығыстарында оларды ыңғайлы әрі қауіпсіз тазалау мен жөндеу шарттарымен қамтамасыз ете отырып орналастырылған.

Мекеменің меншігі болып табылатын тазалау құрылыстары, ауыстырып құю стансалары мен ағын сулардың басқа да қондырғылары таза күйде, тазалықта сақталады және олардың суды, топырақты және қоршаған ортаны ластауына жол берілмейді.

Өндірістік мекеме аймағындағы дәретхана бөлмелері жылы және су жеткізумен және канализациямен жабдықталған.

Еңбек пен демалысты кезектестіру қажеттілігінің физиологиялық дәлелдемесі бар. Кез келген қызмет физикалық жүйке күшін жұмсаумен байланысты болады. Адамның энергетикалық шығындары белгілі бір шекке дейін ағза жасушалары үшін шығынсыз жүреді, бірақ осы шектен асқан соң шаршау басталады.

Сондықтан, мекеме тиімді жұмыс істеуі үшін мекемедегі қызметкерлердің еңбегі дұрыс ұйымдастырылуы керек.

Мекемеде демалу пен ас қабылдауға бөлінетін түскі үзілісі бар 8 сағаттық жұмыс тәртібі қалыптасқан.

Жұмыс уақытының ұзақтығын орнату мен оны күнтізбе кезеңдері бойынша үлестіру үшін мекемеде жұмыс пен демалыс кезеңдерінің кезектесу мен олардың ұзақтықтарының тәртіптері қарастырылатын ережелер құрылады.

Мекемедегі демалыс белсенді және пассивті. Пассивті демалыс (отыру, жату күйлерінде) ауыр физикалық жұмыстарда (жүк тиеуші, ораушы мамандықтары үшін) қажет болады. Белсенді демалыс жағымды еңбек жағдайындағы жұмыстарға (тазалықшы, қызмет көрсетуші жұмысшы, аспапты жөндеуші қызметкер) ұсынылады. Белсенді демалыстың ең тиімді түрі өндірістік жаттығу, яғни белгілі бір гимнастикалық жаттығулар кешенін орындау болып табылады. Белсенді демалыс күштің қайтып келуін тездетеді, себебі қызметті ауыстырған кезде қызметкер, мүше жұмсаған энергия қалпына жылдамырақ келеді.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 249. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия