Студопедия — Ндірістің технологиялық үдерісін сипаттау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ндірістің технологиялық үдерісін сипаттау






Өндірістік жеріс ғимараттарды, қызметкер мен технологиялық киімді дайындаудан басталады.

Залалсыздандыру құралдарын дайындау

Сутегі тотығының жуушы құралдармен ерітіндісі - сарғыш реңкі бар мөлдір сұйықтық, жағымсыз иісі жоқ, өңделетін заттарды бүлдірмейді, металлдарды таттандырмайды, бір уақытта залалсыздандыру және жуу қасиеттеріне ие, бұл жуу мен залалсыздандыруды біріктіруге мүмкіндік береді. Жұмысшы ерітінділердің бактериялық және спороцидтік белсенділігі олардың темпаратурасы артқан сайын өседі.

Дайындалған ерітіндіні салқын жерде саңылауы жоқ, жабылған шыны ыдыста бір тәулікке дейін сақтайды.

Этил спиртінің ерітіндісін дайындау: 1 л этил спиртін (көлемдік үлесі 76%) дайындау үшін 800 мл этил спирті (көлемдік үлесі 95%) мен 221 мл тазартылған су өлшеп, араластырады, сүзгіден өткізеді, 1 айға дейін сақтайды.

Технологиялық құрал мен аспапты дайындау

Технологиялық құралды дайындау ретінде алынатын бөліктерді жуу мен тазалау немесе сыртқы және ішкі бөліктерін залалсыздандырушы ерітінділермен өңдеу түсіндіріледі. Дайындықты үдеріске дейін және одан кейін арнайы сол үшін арналған резеңке қолғаптар мен алжапқыштарды киіп жүргізеді.

«Эрисан окси» сияқты жуу құралдары, залалсыздандырушы құралдар - сутегі тотығы, этил спирті пайдаланылады.

Әр ауысымда капрон майлықтардың көмегімен құралдардағы жақпа майлардың қалдықтарын тазартады, сонымен бірге ғимараттың ішкі және сыртқа беттерін 3%-дық сутегі тотығының ерітіндісімен өңдейді.

Антибиотикпен тікелей байланыста болатын құрал бөлігін ашып, 60 ° С температурада жуушы құралдың 0,05% -дық ерітіндісімен мұқият жуады, содан кейін таза сумен және сумен бірнеше рет шайқайды.

Реакторлардың жұмыс алдындағы тазалығы мен дұрыстығын сыртқы бақылау арқылы тексереді. Реакторларды техбақылау кезінде араластырғыш білігіндегі қалақтардың бекіткіштерін, реактор қабырғаларында майысулардың болмауын, аспаптың бүтіндігін тексереді.

Технологиялық құралдың микробтық контаминациясын аптасына 2 рет өндірістік үдеріс кезінде және 2 аптада 1 рет аспапты залалсыздандырушы құралдармен өңдегеннен кейін тексереді.

Осы кезеңде сонымен қатар жақпа майды дайындау мен орауға қажетті ыдысты, тауардың ыдысы мен тығындарды дайындайды.

Қызметкер мен технологиялық киімді дайындау

Технологиялық киім кешені ретінде қызметкерден бөлінетін материалдарды, өнімдер мен жартылай өнімдерді қорғауға арналған тықыр матадан тігілген киімдер кешені түсіндіріледі.

Тазалығы әр түрлі санаттарға жататын ғимараттарда жұмыс істеуге арналған технологиялық киімді өңдеу жекеше орындалады және оның құрамына жуу, кептіру және тазалау кіреді.

Жуу төмен көбік шығару қасиеттері бар жуушы құралдар көмегімен 30 минут бойы кір жуу машинасында жүргізіледі.. Жуғаннан кейін киімді алдымен жылы, содан кейін суық сумен 20-30 минут бойы шайқайды. Киімді центрифугада сығып, арнайы шкафта кептіреді.

Кептіргеннен кейін киімді тықыр матадан тігілген қапқа салып, пергаментке орайды. Түйіншектерді нығыздамастан бикске салып, тазалауға жібереді.

Киім мен қолғаптарды 120 ± 1 ° С температура мен 1,1 кгс / см3 артық қысымда 45 минут бойы А-2 автоклавында тазалайды.

Технологиялық киімнің микробтық контаминациясын бақылау

Микробтық контаминацияретінде технологиялық киім кешені ағындарында болатын микроағзалар саны түсіндіріледі.

Бақылауды аптасына екі рет әр өндірістік ғимаратта бірнеше қызметкерді таңдау алып, өндірістік үдеріс кезінде жүргізеді.

Қызметкерге қойылатын талаптар

Барлық қызметкерлер жүйелі түрде медбақылаудан өтеді;

Патогендік микрофлора таратушылар, аллергиялық және тер аурулары бар адамдарға ғимараттарда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді, жұқпалы ауруы бар адамдар жұмысқа уақытша жіберілмейді.

2-3 тазалық санатындағы ғимараттарда жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жеке гигиена талаптарын қатаң сақтауы керек. Жұмыс уақытында косметика жағуға, сағат пен зергерлік бұйымдар тағуға болмайды.

Қызметкер ғимаратқа кірген соң ауысым аяқталғанша немесе үзіліске дейін жұмыс істейді. Дәретханаға бару қажеттілігі туындаған жағдайда қызметкер технологиялық киім мен аяқ киімді шешіп, шәрке киеді. Дәретханаға барып келген соң тағы да толық өңдеуден өтеді.

Қызметкерді жұмысқа дайындау

Жұмысқа келген соң қызметкер гардеробта сыртқы киімін шешеді, жеке заттарын тастайды және жеке шәркелер киеді. Содан кейін қызметкер орындықпен шартты түрде екіге бөлінген шешіну бөлмесіне келеді. Бірінші аймақта жұмысшы қолын мұқият жуады, оларды залалсыздандырушы заттармен өңдейді және шкафтың жеке сөресінен технологиялық киім мен аяқ киім кешенін алады.

Екінші аймақта қызметкер қолын қайта жуып, оларды залалсыздандырушы заттармен өңдейді және қажет болған жағдайда таза қолғаптар киеді.

Саты 1 Компоненттерді өлшеу

Ілмектерді алуды (антибиотик, қосымша құралдар) сорып шығаратын шкафтарда жүргізеді. Таразыларда розеофунгин негізін өлшейді. Диметилсульфоксидтің нақты санын араластырғыш-реакторға береді.

Саты 2 Концентратты дайындау

Диметилсульфоксиды бар реакторға араластырғыш жұмыс істеп тұрғанда қолмен 4 кг розеофунгин негізін салып, компоненттер толық ерігенше араластырады. Мұқият араластырған соң ерітіндіге сандық және сапалық талдау жасайды. Ол үшін реактордан химиялық талдауға төменгі шаппа арқылы таза құрғақ шыны сауытқа сынама алады.

Саты 3 Жақпа майды алудың технологиялық үдерісі

Жақпа майды белсенді компонентті полиэтиленгликоль негізге салу арқылы алады. Полиэтиленгликоль негіз м.м. 400 полиэтиленгликоль мен м.м. 1500 полиэтиленгликоль қоспасынан тұрады. Белсенді компонент диметилсульфоксидта еріген соң, концентратты шамамен 50 - 60oC температураға дейін қыздырылған полиэтиленгликоль негізге салады да, бір сағат бойы біртекті болғанша араластырады. Полиэтиленгликоль негіздегі м.м. 400 полиэтиленгликоль мен м.м. 1500 полиэтиленгликоль қатынасы шамамен 3:1 болады. Белсенді компонент пен полиэтиленгликоль негізді 1:15 қатынасында алады. Жақпа майды алу әдісі тұндырудың еңбекті қажет ететін кезеңі болмағандықтан, қарапайым әрі технологиялық болады.

ОТБ. Орау, таңбалау, безендіру

Бірінші ретті контейнерлерге орау.

Жақпа майды атмосфералық ауа мен ластануда барынша қорғайтын, гигиеналық, ыңғайлы орау алюминий тубаларына орау болып табылады.

Таңбалау

Тубада (заттаңбада) өндіруші-мекеме мен оның тауарлық белгісі, қазақ және орыс тілдеріндегі дәрі атауы, дәрінің грамм мен килограммдағы салмағы, сақтау шарттары, тіркеу нөмірі, топтама нөмірі, жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

Топтық орау заттаңбасында сонымен қатар қораптағы орама саны көрсетіледі.

Микробиологиялық бақылау (МББ) нәтижелерін топтама құжаттамаларының мұрағатында жеке бумаларда сақталатын МББ хаттамаларына тіркейді.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 255. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия