Студопедия — Олданылған әдебиеттер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Олданылған әдебиеттер






1. Пармон Ф.М. Композиция костюма. М., 2002.

2. Такишева Г.А., Асанова Б.Е., Киімді модельдеу және көркімдік безендіру. А-2008

3. Костюм тарихы: оқу құралы Алматы: Триумф «Т»,2007. С. А.

Жолдасбекова

4. Оралбекова А., Тігін өндірісінің жабдықтары. А.-2008ж

5. Т.О. Бердник., Моделирование и художественное оформление одежды. М., 2005г

6. Орленко Л.В., Гаврилова Н.И., Конфекционирование материалов для одежды. М., 2006.

7. Нуржасарова М., Кучарбаева К., Киім дайындау технологиясы.А.-2008ж

8. Конструирование мужской и женской одежды: Учебник / Б. С. Сакулин [и др.]. - М.: ИРПО. Изд. центр "Академия", 1999. - 304 с

9. Пожидаев Н.Н., Материалы для одежды. Легкая индустрия. М., 1975.

10. ГОСТ 17917-86.. Размерные признаки для проектирования одежды.

11. Мартынова А.Н., Андреева Е.Г., Конструктивное моделирование одежды. М., 2002.

12. Козлова Т.В., Рытвинская Л.Б., Тимашова З.Н. Моделирование и художественное оформление женской и детской одежды. М., 1990.

13. Рахманов Н.А., Стаханова С.И. Конструктивные дефекты одежды и способы их устранения. М., 2009.

14. Интернет жүйесі.

15. Ателье журналы

 

Электрондық әдебиеттер тізімі:

 

1. ЕНЕ Барчай. Анатомия для художников. М., 2001.

2.Рабинович М.У. Пластическая анатомия человека, четвероногих животных и птиц и ее применение в рисунке. М., 1971.

3. Грушевская Т.Г. Словарь по мировой художественной культуре. М.,2001.

4. Полный курс рисунка обнаженной фигуры (Энциклопедия художника). М., 2000.

 

 

ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тәжірибелік сабақ № 1. Эскиздерді өңдеу. Жобаланатын модельдің эскизін өңдеу және таңдау

Жұмыстың мақсаты: Сән бағытына сәйкес үлгі таңдауды негіздеу,эскизді түстік шешіммен орындау әдісін игеру,таңдалған үлгіні техникалық эскизін жасау.

Әдістемелік нұсқау:

1. Студенттер берілген тақырыпқа сәйкес бірнеше эскиздерді орындайды,оның түстік шешімін,матаның фактурасын,конструктивтік модельдеуін орындайды.

1.1. Нақты бұйым түріне тапсырмаға сай сәннің бағыты анықталады.

1.2. А4 қағазда модельдің эскизі салынады. Белгіленген өлшемі,ұзындығы толықтық тобы анықталады;

1.3. Үлгінің эскизін орындау барысында алдыңғы және артқы түрін көрсету керек,барлық бөлшектері және конструктивтік сызықтары нақты көрсетілуі тиіс.

2. Үлгіні таңдауды негіздеу,яғни таңдалған үлгінің силуэті, кескіні, негізгі бөлшектердің формасы,көркемдік безендірілудің элементтері және басқада белгілері бойынша сән бағытына сай келуі.

 

 

Құрал-жабдықтар: қарындаш, акварель, мода журналы, модельдің эскизі.

Тапсырма:

1. Сән бағытын үйрену.

2. Стиль және фасонды үйрену.

3. Берілген тақырыпқа бірнеше эскиздер сызу.

Бақылау сұрақтары:

1. Сән дегеніміз не?

2. Стиль дегеніміз не?

3. Конструкциялық модельдеу дегеніміз не?

4. Техникалық эскиз дегеніміз не?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Классикалық стильдегі футляр- көйлектің бірнеше эскизін салу.

2. Әшекей бөлшектермен бірнеше эскиздер салу.

3. Кешкі стильдегі бірнеше эскиз салу.

4. Эскиздерді орындау,таңдалған киім үлгісін сыртқы түріне және композициялы-құрылымдық сызбасына сипаттама беру.

Тәжірибелік сабақ № 2. Эскизге сипаттама беру, бөлшектер тізімін орындау

Жұмыстың мақсаты: Сән бағытына сәйкес үлгі таңдалған үлгіні сипаттау, бөлшектер тізімін орындау

Әдістемелік нұсқау:

1. Студенттер берілген тақырыпқа сәйкес бірнеше эскиздерді орындайды,оның түстік шешімін,матаның фактурасын,конструктивтік модельдеуін орындайды.

1.1. Сыртқы түрін сипаттауда көрсету қажет:бұйымның аты,ұсынылатын мата,силуэт. Бөлшектерге,түйіндерге,конструктивті сызықтарға,сәнді бөлшектерге толық сипаттама беру,толық ұсынылатын өлшем,бой және толықтық тобы.

1.2.Киімнің пішімді бөлшектерінің тізімін жасау (астарлар және аралықтар),негізгі жіптің бағытын және кесінділердің аттарын көрсету қажет.

2. Сыртқы түрін сипаттауда көрсету қажет:бұйымның аты,ұсынылатын мата,силуэт.Бөлшектерге,түйіндерге,конструктивті сызықтарға,сәнді бөлшектерге толық сипаттама беру,толық ұсынылатын өлшем,бой және толықтық тобы.

. Бұйым бөлшектерінің тізімі

 

№ бөл. Бөлшектің аталуы Саны, бірлік
Пішу бөліктері лекалда
       
  Негізгі матадан    
  Астарлы матадан    
  Төсеме материалдан    

 

Құрал-жабдықтар: қарындаш, акварель, мода журналы, модельдің эскизі.

Тапсырма:

1. Бұйымға сипаттама беріп үйрену.

2. Бөлшектер тізімін жасап үйрену.

3. Берілген тақырыпқа бірнеше эскиздер сызып, сыртқы түрін сипаттау

Бақылау сұрақтары:

1. Алдыңғы бөлшектер қалай сипатталады?

2. Бөлшектер тізімі дегеніміз не?

3. Конструкциялық модельдеу дегеніміз не?

4. Техникалық эскиз дегеніміз не?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Классикалық стильдегі футляр- көйлектің бөлшектер тізімін орындау.

2. Әшекей бөлшектермен бірнеше эскизге сипаттама беру.

3. Кешкі стильдегі бірнеше эскизге сипаттама беру.

4. Эскиздерді орындау,таңдалған киім үлгісін сыртқы түріне және композициялы-құрылымдық сызбасына сипаттама беру.

Тәжірибелік сабақ №3. Сызба конструкциясының есебі мен конструкциясының тұрғызылуы.

Жұмыстың мақсаты: Бел және иық киімдерінің сызба конструкциясын тұрғызудың бірізділігін үйрену.Киімнің конструктивтік құрылымын және пішін өзгертуінің қағидаларын әртүрлі деңгейде өлшем белгілерге қосымшалар және материал пакетін пайдалана отырып үйрену.

Әдістемелік нұсқау:

1.Студенттер көйлек сызбасын 46 өлшем бойынша есептеп, сызбасын сызады.

1.1.Негізгі сызбаның жаңа конструктивтік шешімін өзгерту әдістері арқылы жасау.

1.2.Иық және бел киімдерінің конструкциялық сызбасын әртүрлі әдістер және жүйелер арқылы сызу және талдау жасау.

1.3. Студенттер жайманың негізгі қағидаларын,өлшем белгілердің параметрлерімен байланысын,сызба конструкциясының тұрғызу алгоритмін үйрене отырып,игерілген заңдылықтардың көмегімен киім үлгілерін өңдеуге кіріседі.

1.4.Конструктивтік қосымшалар,баланс және басқада конструктивтік параметрлер шамасын анықтау.

2. Зерттелген киім түрінің конструктивтік жобалауының ерекшеліктеріне қорытынды жасау.

Құрал-жабдықтар: Қарындаш, сызғыш, сантиметрлік лента, миллимитрлік қағаз, сызғыш-лекала, конспект.

Тапсырма:

1. Киімнің композициялық-құрылымдық тұрғызылуына сипаттама беру

2. Конструктивтік қосымшалар шамасын көрсету.

3. Конструктивтік параметрлер шамасына талдау жасауды орындау.

Бақылау сұрақтары:

1.Киім конструкциясы және конструкциялау туралы түсінік.Киім конструкциясы

туралы ақпарат берудің әдістері.

2. Киім конструкциясын жасау үшін қажетті алғашқы мәліметтер.

3. Киімнің құрылымдық сызбасы.

4. Конструктивтік қосымшалардың арақашықтығы және оны негіздеу.

СӨЖ тапсырмасы:

1. Таңдалған конструкциялау әдісіне талдау жасау және ол үшін қажетті тұрақты және ауыспалы алғашқы мәліметтерді анықтау.

2. Есептеу формулаларының негізгі типін анықтау.

3. Шартты-типтік фигуралар үшін қлшем белгілер.

4. Конструкциялау әдістеріне талдау жасау.

Тәжірибелік сабақ №4. Сызба конструкциясына үлгілік ерекшеліктер енгізу. Лекалдар жинағын жасау.

 

Жұмыстың мақсаты: Киім конструкциясын үлгілеуді жасаудың әдістерін үйрену.

Әдістемелік нұсқау:

1. Конструктивтік модельдеу жұмысы-бұл киімді конструкциялаудың жалғасы болып табылады.

1.1. Тігін бұйымдарының үлгілерін негіздеу және талдау жасау.

1.2. Тігін бұйымдарының конструктивтік негізінің тұтынушының өлшемдеріне және таңдалған үлгіге сай болуын тексеру.

1.3. Сызба конструкциясында үлгілік ерекшеліктерді жүргізу.

1.4. Тігін бұйымдарының үлгілеу конструкциясының сапасын бағалау және талдау жасау.

1.5. Конструкцияның базалық және үлгілік сызбасын миллиметрлік қағазда 1:1М орындайды.Лекалдар жинағын жасау.

2. Негізгі және аралық материалдардан бұйым үшін бөлшектердің негізгі және туынды лекалының жұмысшы сызбасын сызу.

2.1.Негізгі бөлшектердің лекалосының сыртқы контурын жобалауды өңдеуге технологиялық қосымшалар қоса отырып жасайды.

2.2. Негізгі лекалдардың жұмысшы сызбасын дайындау.

2.3. Аралық материалдардың орналастырудың сызбасын дайындау.

Құрал-жабдықтар:қарындаш, сызғыш, сантиметрлік лента, миллиметрлік қағаз, сызба-лекала, конспект.

Тапсырма:

1. Киімнің үлгілік сызбасын дайындау үшін алғашқы мәліметтерді дайындау.

2. Киімді конструктивтік үлгілеу кезеңдерін орындау.

3. Киімді үлгілеудің талдауын жасау.

Бақылау сұрақтар:

1. Киімді конструктивтік үлгілеудің негізгі міндеттері?

2. Әйелдер киімінде кеуде бүкпесін ауыстырудың ережесі?

3. Киімнің формасын жобалаудың ережесі?

 

 

СӨЖ тапсырмасы:

1. Бедер тігістері бар әйелдер киімінің алдыңғы бойының үлгілік конструкциясын жасау.

2.Қысқартылған бүкпесі бар әйелдер киімінің алдыңғы бойының үлгілік конструкциясын жасау.

3. Иінішпен үлгілік конструкцияны жасау.

4.Кесілген бөлшектері бар әйелдер киімінің алдыңғы бойының үлгілік конструкциясын жасау.

5. Драпировкалы үлгілеу конструкциясын жасау.

Тәжірибелік сабақ №5. Матаға лекалоларды орналастыру

Жұмыстың мақсаты: Бір немесе бірнеше өлшемдегі бұйымдардың лекалдар жинағын үнемді орналастыруды үйрену.

Әдістемелік нұсқау:

1. Лекаларалық қалдықтардың пайыздық шамасы лекалды үнемді орналастырудың көрсеткіші болып табылады.Ол көп факторларға байланысты:төсем түрі,бөлшектердің өлшемі мен пішіні,бұйым ұзындығы,лекалдарды төсемде орналастыру,мата түрі және ені.

1.1.Студенттер лекалдың бір комплектісінің төсемін матаны «бетімен төмен» әдісімен орындайды.

1.2. Лекалдың бір жарты комплектісін матаны ортасынан бүктеп орындайды.

1.3. Лекалдың екі жарты комплектісін матада «бетпе-бет» әдісімен орындайды.

2. Лекалды орналастырғанда мата түгінің бағытын,мата суретін,негізгі жіптен ауытқуды есепке алатын техникалық шарттар негізінде орындайды.

Құрал-жабдық;:сызғыш, сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект

Тапсырма:

1. Матаны бетімен төмен төсей отырып лекалды орналастыру.

2. Матаны бетпе-бет төсей отырып лекалды орналастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Лекалды орналастырғанда қандай факторларды есепке алады?

2. Лекалды үнемді орналастыруға қажетті шамалар.

3. Лекалды орналастыруда қандай техникалық шарттар сақталуы?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Лекалдың пішінін және өлшемін есепке ала отырып лекалдарды орналастыру.

2. Лекалдың өлшемін және бойын есепке ала отырып лекалдарды орналастыру.

Тәжірибелік сабақ №6 Матаны пішу.

Жұмыстың мақсаты:Бір немесе бірнеше өлшемдегі бұйымдардың лекалдар жинағын үнемді орналастыруды анықтау және үйрену.

Әдістемелік нұсқау:

1. Лекалдарды маталарда орналастырудың сызбасы лекалдар төсемінің соңғы кезеңі болып табылады. Лекалдарды маталарда орналастырудың сызбасы борлау деп аталады.

1.1 Борлау сызығы нақты болуы қажет, нақты арақашықтығы 2 мм (бормен) немесе (қарындашпен).

1.2. Уақытты үнемдеу үшін төсемдер сызбасын 1:5,1:10 М –та орындауға болады.

1.3.Төсемді өз шамасында борлауды көшіру үшін жұқа қағазды пайдаланады.

1.4. Тігін бұйымдарының мата шығынын әр үлгіге жеке есептейді.

1.5. Ол лекал ауданына, лекаларалық қалдықтардың ауданына және қосымшаларға байланысты болады.

1.6. Төсемдерді бөлу үшін борланған матаны бетіне орналастырады

1.7. Бөлшектерді төсемнен екі кезеңде қырқады:1.Ленталы машинамен бөлікке бөліп алады; 2.Бөлшектерді толық контурмен қырқады.

2. Пішілген бөлшектерді дұрыс жинақтау үшін төсемнің беткі қабатына белгілер қояды.Мұнда бумалардың реттік номері әр бөлшекте бояулар көмегімен немесе талон жапсыру арқылы қойылады.

 

Құрал-жабдықтар:сызғыш, сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект

Тапсырма:

1. Матада лекалдарды борлауды орындау.

2. Матаны қырқу бақылау белгілерін жасау,негізгі жіпті көрсету.

Бақылау сұрақтары:

1. Борлау сызығының қалыңдығы қандай болуы қажет?

2. Лекалоны үнемді орналастыруға әсер ететін көрсеткіштер қандай болуы керек?

3. Пішілген бөлшектерді қалай жинақтайды?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Лекалдың пішінін және өлшемін есепке ала отырып лекалдарды орналастыру.

2. Лекалдың өлшемін және бойын есепке ала отырып лекалдарды орналастыру.

3. Матаның нақты шығынын анықтау.

 

Тәжірибелік сабақ №7 Негізгі бөлшектерді көктеу

Жұмыстың мақсаты: Бір немесе бірнеше жабдықтарды пайдалана отырып негізгі бөлшектердің барлық бөліктерінде барлық операцияларды ретімен орындау.

 

Әдістемелік нұсқау:

1. Артқы және алдыңғы бойды көктеу үшін бел және кеуде бүкпелерін көшірмелі тепшімдермен көшіру.

1.1.Мойын ойындысының әдібіне қолтық ойындысына,белдікке,жағаға,тілмеге,сырма тігетін орынға желімдік аралық жапсыру.

1.2. Негізгі конструктивтік белдіктерді көктеу тепшімдермен бөлу (кеуде,бел және бөксе сызығы).

1.3. Үлгілерде қатпарлармен жиырмаларды көктеу.

1.4 Бүкпелерді тігу, бедер тігістерді,жырықтарды, бүйір бөлігін, иініштерді көктеу.

1.5. Жасырын сырмаларды тігу.

1.6. Бүйір және иық тігістерін бақылау тіліктерін сәйкестендіріп көктеу.

2. Бұйымды бірінші өлшеуге дайындау.

Құрал-жабдықтар:сызғыш, сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект, түйрегіш.

Тапсырма:

1. Майда бөлшектерге желімдік аралықты жапсыру.

2. Негізгі бөлшектерді көктеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Бөлшектерге желімдік аралық жапсырудың сипаттамасы қалай?

2.Негізгі бөлшектерді көктеудің жолдары қалай?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Үлгінің қатпарларын,жиырмаларын орындау.

2. Үлгінің сәндік тігістерін орындау.

Тәжірибелік сабақ №8. Бірінші өлшеу және түзулеу

Жұмыстың мақсаты: Әр салаға байланысты өндірістік киімнің шығуы.

Әдістемелік нұсқау:

1.Өлшеуге дайын киімді адамның фигурасына немесе манекенге кигізу

1.1. Манекенде немесе адам фигурасында бұйымның қонымдылығын және балансын анықтау.

1.2. Киімнің ақауларының пайда болуы әртүрлі себептерге байланысты өзгеріп отырады: бұл кострукцияның нақты болмауы,технологиялық өңдеудің дұрыс болмауы және т.б.

1.3. Киімнің сапасы жоғары болуы үшін, оның фигураға сай болуын және әр түрлі жолдарды қарастырып оған жақсы баға беріп,ақауларды жөндеу керек.

1.4. Ақауларды сыртқы түрдің ақауы және қозғалысқа кедергі келтіретін ақаулар деп екі топқа бөледі.

1.5. Кейде бөлщектер дұрыс орналаспағанда да ақаулар байқалып тұрады (баланстың бұзылуы,жиырылып қалуы).

2.Бұйымның сапалы болуының көрсеткіштері: негізгі бөлшектердің тете-теңдігі,киімнің ыңғайлылығы және т.б.

Құрал-жабдықтар:сызғыш, сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект, түйрегіш, манекен.

Тапсырма:

1. Киімнің балансын анықтау

2. Киімнің ақауының пайда болу себебін анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Бұйымның сыртқы түрінің ақауларына қысқаша сипаттама беру

2. Бұйымның ыңғайлылығына кедергі келтіретін ақауларға қысқаша сипаттама беру

3. Бұйымның сырқы түрінің ақаулары қай бөліктерде болады

СӨЖ тапсырмасы:

1. Бұйымның сырқы түрінің ақауларын жою

2. Бұйымды адам қозғалысына ыңғайлылығына кедергі келтіретін ақауларын жою

Тәжірибелік сабақ №9. Майда бөлшектерді өңдеу (әдіп, белдік, қақпақ, жаға)

Жұмыстың мақсаты: Бір немесе бірнеше құралдармен бөлшектің барлық бөлігінде операцияларды кезегімен толық орындау.

Әдістемелік нұсқау:

1. Қалтаны өңдеудің үш сатысы: сәнді (майда) бөлшектерді (қақпақ, жапырақша, жөрмеу) өңдеу, қалта астары мен жиынтығын өңдеу.

1.1. Қақпақты жіптік немесе желімдік жолмен өңдейді. Жіптік тігіспен өңдегенде қақпақты астарымен қоса жөрмейді, сосын оның өңін айналдырып шаблонның көмегімен бастыра үтіктейді, немесе шаблоны болмаған жағдайда негіз матадан кант түзе отырып машинаның бір жіпті шынжарлы тігісімен айналдыра көктейді.

1.2. Қалтаны баса үтіктеп, модельдегі қарастырылуы бойынша сәндік тігісін жүргізеді.

2. Жағаны өңдеу келесі екі сатыдан тұрады: жағаны өңдеу және оны бұйыммен біріктіру.

2.1. Жағаның бір бөлігін төменгі жағамен төменгі шеткі кесіндісі бойынша біріктіреді.

2.2. Тігістерді қырқады, жағаның оң бетін айналдырады, сосын жағада кант түзе отырып оны баса үтіктейді.

3. Жағасы болмайтын модельдердегі киімдердің мойын ойындысын көктеу тігісімен, шеттік тігісімен, немесе кантты қарапайым көктеу тігісімен әдіппен өңдейді.

Құрал-жабдықтар: сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект, түйрегіш, ине, флезилин, дублерин.

Тапсырма:

1 Жапсырма қалтаны өңдеу.

2. Киімдегі жағаны өңдеу

3. Тік жағаны өңдеу

Бақылау сұрақтары:

1. Қақпашаның өңдеу принципі?

2. Жағаның өңдеу принципі?

3. Белдік пен бүкпенің өңдеу принципі?

СӨЖ тапсырмасы:

1 Қондырмалы тік жағаны өңдеу.

2. Қайырма жағаны орындау.

3. Рамкалы қалтаны жасау.

 

Тәжірибелік сабақ №10. Жеңнің өңделуі

Жұмыстың мақсаты: Бір немесе бірнеше құрал-жабдықтардың көмегімен жеңді өңдеуді жүзеге асыру

Әдістемелік нұсқау:

1. Жеңді өңдеу бірізділігі және сипаты көп деңгейде оның конструкциясына байланысты болады. Көйлектерде қолданылатын жеңдер көбіне қондырмалы, реглан, жартылай реглан, артқы боймен және алдыңғы боймен тұтастай пішілген болуы мүмкін

1.1. Қондырмалы жеңдерді өңдеуді сырып тігуден бастайды және алдыңғы тігістерді жарып үтіктейді

1.2. Жеңдерінде ілгектері мен белбеулері бар киімнің модельдерінде, оларды алдыңғы қиықты сырып тігу кезіндегі тігіске салады

1.3. Егер, жеңнің бүкпесі, бүрмесі, қатпарлары бар болса, ондағы бүкпені сырып тігуден бастайды, қатпарларды дайындайды

1.4. Сосын жеңнің қиықтарын біріктіріп төменгі бөлігін өңдейді

1.5. Модельге байланысты жеңнің төменгі бөлігі ашық немесе жабық қиықты қайырып тігу тігісімен өңделуі мүмкін

2. Жеңі жоқ бұйымдардың қолтық ойындысын әдіппен, шеттік тігіспен немесе өңдеу шеттігін салу арқылы қарапайым әдіспен иықтық және бүйір қыиқтарды біріктіруден кейін өңдейді

Құрал-жабдықтар:сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект, түйрегіш, ине, флезилин, дублерин

Тапсырма:

1. Жеңнің манжетін орындау

2. Жеңнің буфын орындау

3. Реглан жеңін орындау

Бақылау сұрақтары:

1. Жеңнің түрлерін бөлу

2. Жартылай реглан жеңнің орындалу принципі

3. Екі тігісті жеңнің орындалу принципі

СӨЖ тапсырмасы:

1. Екі тігісті жеңді өңдеу

2. Тұтас жеңді өңдеу

3. Жартылай реглан жеңді өңдеу

Әдебиеттер:

1. Пармон Ф.М. Композиция костюма. Учебник для вузов.- М. 1985г.

2. Матузова Е.М. «Разработка конструкций женских швейных изделий по моделям», М. Легкая пищевая промышленность, 1983г.

3. Савостицкий А.В. «Технология швейных изделий» М. Легкая пищевая промышленность, 1982г.

 

Тәжірибелік сабақ №11. Алдыңғы және артқы бойдың өңделуі

Жұмыстың мақсаты:Бірнеше құралдардың көмегімен алдыңғы және артқы бойдың ретімен өңделуі

Әдістемелік нұсқау:

1. Көйлектерде негізгі бөлшектерді өңдеу келесі сатылардан тұрады: бүкпелерді және қиықтарды өңдеу, әрлеу бөлшектерін өңдеу және оларды негізгі бөлшектермен біріктіру, негізгі бөлшектердің бөліктерін біріктіру

1.1. Әдетте көйлектерде кесілмеген бүкпелерді қолданады. Барлық бүкпелерді белгіленген сызық бойына орналастырып, сырып тігу машинасында сырып тігеді. Бірбеттік қатпарларға ауыстырылатын бүкпелерді алдымен кеңдік қатпарына көлденең, сосын белгіленген сызық бойымен сырып тігеді

1.2. Көйлектің қиықтарының біріктіру тігісін (бүйір, иықтық, жеңдік, қолтық ойындысының, белдемше және лиф бөліктерінің) олардың сөгіліп кетуінен сақтандыру үшін арнайы машиналарда қайырып тігеді. Қабылданған технологияға байланысты қиықтарды біріктірген тігісі бойынша немесе жеке қиықтардың қыры бойынша қайырып тігеді

1.3. Негізгі бөлшектермен біріктіру сызықтары бойынша иніштер тік, доғал немесе қисық болуы мүмкін. Негізгі бөлшектер мен иніштерді сырып тігу немесе бастыра тігу арқылы біріктіреді

2. Көйлектің негізгі бөлшектерін әрлеу бөлшектеріне сутаж, шеттік, тесьма, бедерлі ою-өрнектер, бүрмелер, сонымен қатар әртүрлі өңдеу бөлшектері (шеттік, рюш, бүрмелер) жатады.

Құрал-жабдықтар:сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект, түйрегіш, ине, флезилин, дублерин.

Тапсырма:

1. Артқы және алдыңғы бөліктің біріктіру тігісін орындау

2. Әртүрлі қатпарларды орындау

3. Сәндеу жұмыстарын орындау

Бақылау сұрақтар:

1. Сәндік тігістердің қандай түрлері қолданылды?

2. Негізгі бөлшектердің қосылу принцптері

3. Бүкпелердің орындалуына қысқаша сипаттама

СӨЖ тапсырмасы:

1. Сәндік иніштердің өңделуі

2. Алдыңғы бойды әрлеу үшін бөлшектерді өңдеу

3. Әртүрлі бүкпелердің өңделуі.

Тәжірибелік сабақ №12. Жағаны мойын ойындысына қондыру (мойын ойындысының өңделуі).

 

Жұмыстың мақсаты:бір немесе бірнеше құралдармен жағаны мойын ойындысына қондырып тігудің барлық сатыларын кезегімен толық орындау.

Әдістемелік нұсқау:

1.Иық қиықтарын сырып тігуден кейін жаға мен бұйымды біріктіруді орындайды, ал реглан жеңді немесе бірнеше басқа да түрлердегі жеңдердің модельдерінде – бұйым мен жеңді біріктіруден кейін өңдеуді орындайды. Көйлектердің иық қиықтарын әмбебап машинада бірмезгілде қиықтарды созылудан сақтандыру үшін шеттік қойып отырып, сырып тігеді. Тігістерді көктеп тігеді және үтіктейді. Модельге байланысты иық тігістері айыра үтіктелуі мүмкін.

1.1. Бұйыммен жағаны біріктіру. Қондырмалы немесе тұтас пішімді тік жағаларды мойын ойындысына аралығымен бірге қондырып тігеді.

1.2. Қайырма жағаны бұйыммен былай біріктіреді: жағаның төменгі жағын мойын ойындысына қондырып тігеді, ал жағаның жоғарғы жағының кесілген қырын қайырып және бастырып тігеді.

1.3. Қайырма жағалы бұйымдарда жағаны өңірасты және алдыңғы бой аралығына салып, иық тігісіне дейін қондыра тігеді. Артқы бойдың мойын ойындысына тек қана төменгі жағаны қондырып тігеді. Ал жағаның жоғарғы жағының қиығын артқы бойдың мойын ойындысы бойынша қайырып және бастырып тігеді.

1.4. Қайырма жағаны мойын ойындысымен біріктіргенде біреулік немесе екеулік әдіп болуы мүмкін, олар мойын ойындысының пішіні бойынша немесе негіз жібіне 45° бұрышпен пішіледі. Оның бөліктерін сырып тігеді, тігістерді айыра үтіктейді, сосын ішкі қиықтарын өңдейді.

2. Жағасы болмайтын модельдердегі киімдердің мойын ойындысын әдіппен шеттік тігісімен, немесе кантті қарапайым көктеу тігісімен өңдейді.

Құрал-жабдықтар:сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект, түйрегіш, ине, флезилин, дублерин

Тапсырма:

1. Қондырмалы немесе тұтас пішілген жағаны өңдеу

2. Қайырма жағаны өңдеу

Бақылау сұрақтары:

1. Тік жағаны қондыруға қысқаша түсініктеме беру.

2.Қайырма жағаны қондыруға қысқаша мәлімет бер.

3. Тұтас жағаны қондыруға қысқаша мәлімет бер.

СӨЖ тапсырмасы:

1. «Шаль»типтегі жағаны өңдеу.

2. Бөлек қырқылған тік жағаны өңдеу.

3. Жайпақ жағаны өңдеу.

Тәжірибелік сабақ № 13. Жеңді қолтық ойындысына қондыру.

Жұмыстың мақсаты:Жеңді қолтық ойындысына қондырып тігудің барлық сатыларын кезегімен толық орындау.

Әдістемелік нұсқау:

1. Көйлектерде қолданылатын жеңдер қондырмалы, реглан, жартылай реглан, алдыңғы боймен және артқы боймен тұтас пішілген болуы мүмкін. Жеңнің төменгі жағын қайырып тігу тігісімен, әдіппен немесе манжетпен өңделуі мүмкін.

1.1. Егер, жеңнің бүкпесі, бүрмесі, қатпарлары бар болса, ондағы бүкпені сырып тігуден бастап, қатпарларды дайындайды және т.б.

1.2. Сосын жеңнің қиықтарын біріктіреді, төменгі бөлігін өңдейді.

1.3. Жеңнің төменгі бөлігін қайырып тігу тігісімен өңдегенде белгіленген сызық бойымен қайырады, ал қиықты жасырын тігіспен немесе бастыру тігісімен әмбебап машинада тігеді.

1.4. Ілгектері жоқ қондырмалы манжетті жеңдердің төменгі бөлігін өңдегенде алдымен бір немесе екі бөлікті манжетті дайындайды.

1.5. Жең етегін әдіппен өңдегенде арнайы құрал көмегімен біріктіріп тігеді. Сосын, жеңнің қиықтарын сырып тігеді.

1.6.Түймемен және ілгектермен бекітілетін жеңдердің төменгі жағы әдіппен өңдейді, мұнда біруақытта тігісті қырқып отырып тігеді

2. Жеңдерді бұйыммен біріктіру. Созылғыштығы жоғары маталардан жасалған бұйымдарда қолтық ойындысы бойынша тігістер түсіреді.

2.1. Реглан пішімді модельдерде жеңнің тігістері лифтің бүйір тігістерімен сәйкестенетін болса, бүйір қиықтарының тігісіне дейін жеңді қолтық ойындысымен біріктіреді

2.2.Алдыңғы және артқы боймен тұтас пішілген жеңдерде қолдың еркін қимылдауы үшін жамау пайдаланылады,оны бұйымның негізгі бөлшектеріне қосып тігеді

Құрал-жабдықтар:сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект, түйрегіш, ине, флезилин, дублерин

Тапсырма:

1. Жеңді манжетпен өңдеу

2. Жартылай реглан жеңді өңдеу

Бақылау сұрақтары:

1.Қондырма жеңді өңдеудің қысқаша сипаттамасы

2.Реглан жеңді өңдеудің қысқаша сипаттамасы

3.Паж- жеңді өңдеудің қысқаша сипаттамасы

СӨЖ тапсырмасы:

1. Реглан жеңді орындау.

2. Буф-жеңін орындау.

3. Желбезек жеңді орындау.

Тәжірибелік сабақ №14. Соңғы әрлеу және ылғалды-жылумен өңдеу (ілгек, фурнитура)

Жұмыстың мақсаты: Ілгектерді дайындау, түймені, ілгекті қондырып тігу, тазалау және ылғал-жылумен өңдеу.

Әдістемелік нұсқау:

1. Жүн, жібек және синтетикалық маталардан дайындалған бұйымдарда ілгектерді арнайы машинада торлап тігеді; жіптен жасалатын ілгектерді, ілгектер мен түймелердің өлшемдеріне сай қолдан дайындайды.

1.2. Бұйымдарды тазалау жіптердің ұштарын қиюдан, реттік номер талондарын, сызық жүргізгендегі бордың іздерін жоюдан және т.б. тұрады.

1.3. Түймелерді белгіленген орындарына арнайы машинамен немесе қолмен тігеді. Бұйымның бекітуне арналған орындарында түймені биіктігі 0,2—0,4 см аяқта матаның қалыңдығына байланысты қондырып тігеді.

1.4. Әрлеу бөлшегі ретінде қолданылатын түймелерді аяқсыз жапсыра тігеді.

1.5. Ілгектер мен бекіткіштерді арнайы машинадағы құралмен немесе қол тігісімен жапысырып тігеді.

1.6. Соңғы ылғал-жылумен өңдеу жұмыстарын престеу жүйесінен, немесе үтіктен тұратын арнайы агрегатта орындайды.

2. Тігін өндірісінде қолданылатын ауамен булау манекендері ылғал- жылумен өңдеу сапасын арттырып қана қоймай, оның еңбек сиымдылығын да едәуір азайтады

Құрал-жабдықтар:сантиметрлік лента, мата, сызғыш-лекала, конспект, түйрегіш, ине, флезилин, дублерин

Тапсырма:

1. Ілгекті өңдеу,түймені тігу

2. Ылғалды-жылулық өңдеу

Бақылау сұрақтары:

1. Әшекейлеудің түрі

2. Түйме,ілмек,кнопкаға қысқаша түсініктеме бер

СӨЖ тапсырмасы:

1. Әшекейлеудің орындалуы,кесте, аппликация, биссер тігісімен, тастармен безендіру.

Тәжірибелік сабақ №15. Дайын бұйымның сапасын бақылау

Жұмыстың мақсаты: Тігін өндірісінің барлық кезеңдерінде сапаны нақты бақылау

Әдістемелік нұсқау:

1.Киім пакеттерінің матасының отыру көрсеткіші бірдей болуы,бұйымның сапасын қамтамасыз етеді,бұлай болмаған жағдайда дайын киімде пайдалану барысында күрделі ақаулар болуы мүмкін

1.1. Тігін бұйымдарының сапасын бақылауда ең маңызды болатыны траферат, лекала, борлау мен шаблондар дайындау болып есептеледі, олар тігін өндірісіндегі ең маңызды жұмысшы өлшеу құралдары болып есептеледі

1.2. Жұмысшы лекалдардың өлшемдері мен формаларын бақылау лекалдарына сәйкестендіріп тексереді

1.3. Борлау мен трафератты бақылау арқылы жұпсыздық, олардың өлшемдерінің сәйкессіздігі, түгінің бағытына қарай немесе суретіне қарай матадағы бөлшектердің дұрыс емес орналасуы және т.б. сияқты ақаулардың алдын алуға болады

1.4. Пішу сапасын бақылауды техникалық бақылау бөлімінің (ТББ) жұмысшылары бақылау лекалдары бойынша тексереді.

1.5. Дайын бұйымдардың сапасын бақылауды ТББ жұмысшылары орындайды, олар сұрыптылығына сай МЕСТ сәйкес сұрыптылығын орнатады, сонымен қатар, бекітілген үлгіге сай және берілген модельдің техникалық талаптарына сай тексереді

 

Құрал-жабдықтар:дайын үлгі,қайшы, ине, түйрегіш

Тапсырма:

1.Лекалды,трафаретті,шаблон борлауын дайындау

2. Пішілген бөлшектер сапасын бақылау

Бақылау сұрақтары:

1. Киім сапасын қамтамасыз ететін қандай көрсеткіш?

2. Пішілген бөлшектер сапасын қай бөлім анықтайды?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Машинамен тігілген бұйымның сапасы төрт көрсеткіш бойынша бағаланадытүрге бөлінеді:

1) модельдеу, 2) конструкциялау, 3) материал, 4) технология







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 331. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия