Студопедия — Конфекциялық карта
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Конфекциялық карта






Бұйымның аталуы:_________________

Ұсынылған өлшемдер:________________

 

  Үстіңгі мата   Астар Төсеме маталар Фурнитура жіптер
Матаның аталуы Артикул, аталуы аталуы Артикул, аталуы аталуы Артикул, аталуы
               

Дамытушылық;: Адамның көзі түсті қабылдау кезінде оның түрлі қасиеті мен ассоциациясын сезінеді. Мысалы, «ауыр» және «жеңіл» түс деген де ұғым бар. Түс «ауырлығы» оның жарықтық реңкіне байланысты болады. түс қою, қара болған сайын оның ауырлығы арта түседі және керісінше жарық түстер «жеңіл» болып қабылданады. Бұл ереже барлық хроматикалық және ахроматикалық түстерге қатысты.

Одан басқа, түстің «ауырлығы» фактураға да байланысты. Салыстырмалы жағдайда дөрекі фактура түсі тегіс фактурадан ауырырақ көрінеді. Түстің «ауырлығынан» басқа да қасиеттері бар, атап айтқанда көз жауын алатындығы, тығыздығы, жұмсақтығы, түстің бөлектеніп шығуы, шегінуі. Ашық түстің қасиеті адам көңілін өзіне аудартады. Ал түстің басымдылығы мен шегінуіне түс реңкіне байланысты. Жылы түстер - әсіресе, қызыл түс басым түс(озық түс), ал суық түстер - әсіресе, көк кейін қалатын, яғни екінші пландағы түс. Мынадай да қызғылықты жайт бар: шымқай қызыл түс қызғылт сары түске қатысты алғанда «суық» түс, ал көк түске қарағанда, бұл түс «жылы» түс боп қабылданады.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

2. Тақырыбы: Киімдер үшін материалды конфекционерлеу

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік:Таңдалған үлгі бойынша материалдар конфекциялау орындалады. Мұнда бұйымға қажетті негізгі материалдар, фурниталар үлгісі жапсырылып, артикулы көрсетіліп мәліметтері келтіріледі. Мата суретіне тоқталатын болсақ, олар: геометриялық, өсімдік тектес, хайуанаттық және құрама сипатта немесе белгілі бір мағыналы суретте болады. Мата бетіндегі суреттерінің қайталанып отыруы раппорты ол өндіріс жағдайына байланысты. Киім үлгілерін модельдеуде адамның жасына, жынысына, киімді қолдану мақсатына, мерзіміне, киімді әзірлеу сипатына байланысты мата суреті өте ұқыптылықпен тандап алу қажет.

Дамытушылық;: Мата бетінің фактурасын бейнелеу техникасы түрліше болуы мүмкін, яғни "сулы", "графикалық", "құрғақ", "тущпен", "корпусты", "плиссировка" және т.б.

Бұл техникаларды таңдау студенттердің қабілетімен шешімділігіне, бейнелейтін материалға, сол материалдың фактурасын шығаруда оны қабылдай білу мүмкіндігіне байланысты болады.

Мата бетінің суреті мен фактурасын графикалық бейнелеу тәсілдерін мынадай түрлерге жіктеуге болады:

- сызықты фактура - бейнелеу барысында нүкте немесе сызықтарды пайдаланып оларды түрліше орналастырып, қалыңдатып немесе ашық, мөлдір, жұмсақ, жеңіл, нәзік маталар суретін суреттеу.

— таңбалы фактура — мұнда сызық таңба арасын шекаралау үшін пайдаланады. Таңба түрлі пішімде әрі контрасты, ауыр, шыгыңқы түрде бейнеленеді.

— сызықты-таңбалы фактура — мұнда нүкте сызық және таңба элементтерінің жиынтығын құрайтын сәнді мата беті суреті.

Аталған графикалық фактураларды бейнелейтін мата суретіне сай таңдап алынады.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

 

3. Тақырыбы: Бұйымдарды конструкциялау әдісі

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Киім және оның жеке бөліктері түрінде көлемдік, кеңістік беті ретінде қалыптасады. Киімді жазық материалдардан пішеді. Сондықтан, киімді құрастырудың негізгі мақсаты – жазық матадан кеңістік пішіндерінің дене қабықтарын дайындау болып табылады.

Тігін өндірісінде киімді шығару үшін 1-сыныпты жуық құрылыстық тәсілдер қолданылады.

Жаңа киім бөлшектерінің жазбаларын өңдеу процесі үш кезеңдерінен құрастырылады:

- құрылыс негізінің бөлшектерінің сызбаларын тұрғызу (ОК);

- негізгі (баздық) құрылысын және типтік құрылысын тұрғызу (БК, ТБК);

- үлгілік ерекшеліктерін тұрғызу (МК).

Дамытушылық;: Сонымен қатар киімді құрастыру барысында керісінше мәселе шешіледі – киімнің бөлшектерінің жазбаларын құрастыру. Беттің жазбасы дегеніміз жазықтықта пайда болған геометриялық пішін.

Көпшілік киім өндіру алдында киімдер үлгілері муляж тәсілі бойынша дайындалады. «Муляж» дегеніміз француз тілінен аударғанда пішінді мүсін арқылы қалыптастыру мағынаны білдіреді.

Қазіргі заманғы киімді жобалау әдістері жеке пішу әдістер негізінде пайда болған. Содан кейім сызбалық тәсілдер өңделіп, киімді құрастыру барысында математикалық есептерінің қолдануы басталады. Есептер қолдану тәсілдері есеп-аналитикалық тәсілдер деп аталады. Ғылым Г.Л. Трухан киімді құратыру барысында қолданылатын формулаларды үш түріне бөледі.

Киім бөлшегінің өлшемі Р сәйкесті тұлға өлшем белгісімен М және қосымша шамасымен П анықталады:

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

4.Тақырыбы: Бел және иық киімдерінің сызба конструкциясын тұрғызу

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Иық, белдік бұйымдар сызбасы көбінесе негізгі құрылысы бойынша тұрғызылады. Белдемшелер кескін бойынша екі түрге бөлінеді – тік және конустық. Тік белдемше бір тігісті бүйір тігіссіз және екі тігісті бүйір тігістістерімен, үш тігісті бүйір және ортанғы тігістерімен болуы мүмкін. Классикалық шалбардың сыртқы көрінісіне және құрылысына қойылатын талаптар. Классикалық шалбар адам денесінде белден бастап бөксенің жоғарғы жағына дейін жабысып тұрады, бұл аймақ тіреуіші бет болып табылады. Төмен жағында шалбар балтыр аймағында адам аяғына иіп тұрады, ал басқа бөліктерде шалбардың қынама дәрежесі әр түрлі болады. Шалбардың сызықтар деңгейіндегі қынама дәрежесімен анықталады. Шалбардың қыр жағынан көрінісі де оның кескінін сипаттайды.

Дамытушылық;: Тік белдемшенің етек жағындағы ені бөксе жағындағы еніне тең болу мүмкін, немесе етегі 2-4см кең немесе тар болады. Белдемшенің негізгі құрылысын адам тұлғасының төменгі бөлігінің өлшемдерін қолдана отырып тұрғызады: Конустық белдемшелердің құрылысы конустық бүйір бетінің жазбасы түрінде құрастырылады.

Шалбардың адам тұлғасына динамикалық сәйкестігіне жоғары талаптар қойылады: жалпы шалбардың пайдалану кезінде ыңғайлы болу керек. Мысалы, адам баспалдақ бойынша көтерілу барысында, отыру кезінде, қарапайым жүру кезінде шалбар адамға жеткілікті еркіндікті беруі тиіс.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

5. Тақырыбы: Үлгіге техникалық сипаттама беру

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Бұл бөлімде эскиздің алдынғы және артқы көрінісінің графикалық түрі беріледі.

Үлгінің суреттемесі фигураларда орындалады, пропорцияны сақтай отырып барлық конструктивтiк және сәндiк бөлшектер, өңдеу тігістері, фурнитуралар көрсетiледi. 1:10- суреттiң масштабы – алдынғы көрініс, 1:20 -артқы көрініс(салынған сурет фигурасыз), сонымен бiрге берілген үлгiнiң техникалық сипаттамасы көрсетіледі.

Дамытушылық;: Бұйым үлгісінің сыртқы көрінісін сипаттағанда оның түрін және үлгінің тағайындалуын, пішімін, силуэтін, ілгек түрін, жағаның, қалтаның, жеңінің, өңдеу бөлшектерінің, т.б. мінездемелерін, сонымен қатар берілген үлгі қай жасқа арналғанын, қай размерде және қандай бойға арнап жасалғанын атап көрсету қажет.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

6. Тақырыбы: Үлгілік ерекшелік енгізу

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Конструкциялық модельдеу-ол чертеждің схема-базасында оны трансформациялау жолымен нақтылы модель детальдарының чертежін алу тәсілі.

Конструкциялы модельдердің негізгі тәсілдері сырма тегістердің орнын ауыстырі, оларды бүрмелермен, бүгістермен алмастыру, детальдарды паралелль және конус түрінде алмастыру болып табылады.

Дамытушылық;: Киімді конструкциялау практикасы алуан түрлі сырма тігістерді (кеуде, жауырын, бел тұсында және т.б.) орналастырудың чертежін салу үшін анағұрлым оңтайлы әрі ыңғайлы орындарды белгілейді. Бірақ сырма тігіс жазық материалдан көлемді форма алудың әншеін техникалық емес. Ол сонымен бірге көркем-сәндендіру құралы да, сондықтан типтік түрден басқа сырма тігістердің басқа да жағдайлардың болуы да ықтимал. Олар сондай-ақ бүрмелермен, құралдармен ауыстырылып, иінге, беделге және басқаларға ықтимал (49- сурет, а).

Осы ауыстырулардың бәріне міндетті түрдегі шарт айқырма мен сырманың ұшын топайманың орталығына бағыттауды сақтау болып табылды. Сырма тігістерді алмастыру немесе оларды басқадай элементтермен ауыстыру жөніндегі осы операциялардың бәрі де дағдылы тәсілмен (қолданбалы тәсілмен) немесе графикалық тәсілдермен орындалуы мүмкін.

Көмекші лекало базалыққа салынады да, жүйелердің негізгі контурларын біріктіреді, сөйтіп жаңа жағдайдағы тігістің контурлары сызылады. Бұл әдіс детальдарда қатарластыра және конус түрінде кеңейтуге жиі қолданады.

Графикалық тәсіл әлдеқайда күрделірек, бірақ сырма оның көмегінің арқасында қосалқы лекалосыз-ақ көшірілуі мүмкін. Графикалық тәсілдің бірнеше варианттары белгілі, олардың доғалық және қималы әдісі көбірек тараған. Егер сырманы бірқатар бұрышқа бұрып оны бірнеше бөлу және бедерлі жүйеге көшіру керек болған жағдайда ол ерекше кеңірек пайдаланады. Бұл тәсілдің кеуде сырмасына көшіру үлгісінде қарастырылады.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

7. Тақырыбы: Матаны бетпе-бет орналастыру

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Төсем дегеніміз – бірінің үстіне бірі төселіп жайылған, жан – жақты теңестірілген кесуге арналған бірнеше қабат мата материалдар. Мата материалдарын төсеу өңі «төмен қаратылып» немесе «беттестіріле» атқарылуы мүмкін. Мұның бірінші тәсілі іс жүзінде барлық материалдар ұшін тақ немесе жұп сандарын ескермей – ақ қолдана береді.

 

Дамытушылық;: «Беттестіре» төсеу міндетті түрде жұптық болуы тиіс. Материалды төсеу бірден бумадан төселінуі мүмкін (жайманы аяқталар жерінен кесіп тастай отырып), немесе матаны бөлік есептері мен ұзындығы бойынша комплектілеуге сәйкес алдын ала белгілі ұзындықта кесіп алған бөліктер болуы мүмкін.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

8. Тақырыбы: Бұйымды пішу

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Матаны пішуге дайындау жұмыстары. Көптеген маталардың жуғаннан кейін отырып қалатын қасиеттері бар, бұйымды тұтыну барысында өзінің бастапқы түрі мен өлшемін жоғалтып алмау үшін матаны декатирлеу керегін ескеру қажет.Декатирлеу – тігер алдында мата отырмас үшін ширату. Барлық матаны пішіп қиюдың алдында үтіктейді.Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Мақта матаны жылы суға салып жібітеді, сығады, кептіріп үтіктейді, ал жасанды шыт матаны кішкене тұздалған суға салып, сәл ғана крахмалдайды, абайлап, бұрамастан сығады, сосын 2 – 2,5 сағатқа төсек жаймасына орайды да, матаны ішкі жағынан үтіктейді. Жүнді матаны бойлық жіп бағытымен ылғалды үтіктеуішпен декатирлейді.Мата бетіне пішім үлгілерін жайып қойып шыққанда мынадай қасиеттеріне мән беру керек. Қатты, тығыз маталарды тайғанап кететін маталарға қарағанда пішу оңайырақ.

Дамытушылық;: Қазіргі кезде матаны түрліше әдістермен пішеді.. Әуелі төсемді бөлікіерге бөледі және ең ірі беліктерін вертикаль пышағы бар жьлжымалы пішу машинасымен ойып алады. Бөліктерді дәл ойып алу үшін ленталы стационарлы пішу машинасын колданады. Жұқа маталардың пішілуін дискілі пышағы бар машинамен жүргізеді.

Жеке заказдар бойынша бүйымдарды пішкен кезде электрлік-пішу қайшыларын қолданады.

Кездеменің ығысуын азайтуүшін қыспаларды, қаңылтырмен жиектелген қатаң лекал мен лекалды колданады.Бөліктерді қиып болған соң пішудің сапасын төсемнің үстіңгі астыңғы және орта кездемелерінін бөліктерін сәйкес бақылау лекалдарына салып тексереді. Пішімнің сапасын тексерумен бір мезгілде кейбір жағдайларда беліктерде бүкпе сызықтарын, қалталарының орналасу орнын бормен белгілейді және қақпақтарындағы, жапырақтарындағы және жапсырма қалталарындағы суреттеріне қиыстыру жасайды.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

9. Тақырыбы: Бұйымды көктеп жинау

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Бри­гадир немесе шебер киім пішушіден пішіндіні алған сон, бүйымды бойға шақтап өлшеуге дайындауға кіріседі. Бұйымды өлшеу мына төмендегідей операциялардан тұрады:

пішінді бөліктерін түгендеп тексеру, сызықтарды қосарлы бөліктердің, бірінен екіншісіне көшіру және борлы сызықтар бойынша тігіс жолдарын жүргізу;

қымтырмаларды, бедерлі тігістерді, өңірлердегі қаттамаларды тігу;

омырау астараралығын, жоғарғы иықтық жалғауларды және астыңғы жаға бөліктерін өндеу;

өңірлерді, жотаны, омырау астараралығын және жеңдердін жоғарғы бөліктерін дымқылдық – жылулық өңдеуден өткізу;

өңірлерді омырау астараралығына көктеу жәнежаға қайырмаларын сыру;

астыңғы жағаны астараралықпеи біріктіру;

жотаныңқұрамды бөліктерін көктеу және көмкеру;

бүйірлік жәие иықтық кесінділерді көктеу және көмкеріп жүргізу;

жең оймасы бойынша жиектеме жүргізу;

бұйымның етегін көмкеру;

жеңдердің алдыңғы кесінділерін қайып тігу;

оң жеңнің шынтақтық кесінділерін көктеу және көмкеру;

жең ұшын көмкеру;

астыңғы жағаны мойын оймасына көктеу;

оң жақ жеңді жең оймасына көктеу;

жоғарғы иықтық жалғауларды және бұйым паспортын бекіту;

бойға шақтап өлшеуге әзірлену операцияларының орындалу сапасын тексеру.

Өлшеуге дейін бұйымның өңірлері мен қалталары өңделген болуы мүмкін. Еңкіш, иілгіш, иық биіктігі әртүрлі денелерге арналған бұйымдарды өлшеуге дейін жеңдерін көктейді.

Дамытушылық;: Машиналық тігістер бірқалыпты үзіліссіз, тігісі біркелкі жатық болып кетуі қажет. Көктелген бөлшектерді тіккенде тігісті бөлшектер көктеумен қатарластыра жүргізеді. Машиналық ішкі тігістің соңғы жағын 7-10 мм-дей қайырма тігу арқылы бекітіп отырады. Өңдеу тігістерінің соңын ұзындығы 5-10 мм-дей етіп тігін машинасымен қайтара тігу арқылы бекітеді. Бекітуді артқа жүру механизмі көмегімен тік және қайтара тігіс жүргізу арқылы орындайды. Тұйықталатын тігістердің соңы бір – біріне кемінде 15-20 мм-дей (жеңдердің түбін, юбканың етегін т.б. тіккендей) ұзындықта еніп тоқтауы тиіс.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

10. Тақырыбы: Бұйымды өлшеп көру

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Өлшеуді өткізу кезінде киім пішуші бұйымның денеге қонымдысын, бұйым бөліктерінің формалары мен тепе-теңдігін, әсемдеу-әрлеу бөліктері-нің өлшемдерін және олардың бұйымда орналасуын анықтайды. Киім пішуші өлшеуді мынадай ретпен өткізеді:

бұйымды тапсырыс иесіне кигізеді де, жартылай қаусырыну сызығын үйлестіре отырып, өңіріне түйреуіштер шаншиды;

бұйымды адам денесінде жөндеп түзетіп, түгелдей байқап шығады;

жеңді оймадан сөгіп алады;

бұйым тепе-теңдігін айқындайды;

бұйымның тапсырыс иесі денесіне кескіндік формағa сәйкес жатуын тексереді, қосымша дымқылдық-жылулық өңдеу қажеттілігін анықтайды әртүрлі астараралық талап ететін учаскелерді табады;

омырау енін, ілмектердің орналасуын және сан мөлшерін, жағаның формасын анықтайды;

оң жеңнің оймасы сызығын айқындайды, оны оймамен түйреуішпен шаншиды, иілім биіктігін, бақылау белгілерінің орналасуларын, жеңнің ені мен ұзындығын айқындайды;

бұйым бойын анықтайды;

әсемдендіретін элемснттердің орналасулары мен формаларын (қалталардың, белдікшелердің, әрлеу тігістерінің т. б.) анықтайды.

Бұйымның тепе-теддік және кескіндік формасын киімнің оңы мен солын ескере отырып тексереді. Өзге өзгерістердің бәрін оң жақ бойынша атқарады.

Конструкциялық сызықтарды жүргізс жәнс анықтаи отырып киім. пішушілер барлық белгілерді пайдаланады.

Дамытушылық;: Өлшеу жұмыс біткен соң, киім пішуші астыңғы жағаны, жеңдерді, бүйірлік және иықтық тігістерді сөгеді. Содан кейін бұйымным оң жағы бойынша, бормен салынған белгілерді басшылыққа ала отырып, киім пішуші мойын оймасының, иықтық, тең оймаларының, бүйірлік кесінділерінің және бұйым етегінің сызықтарын жаңадан белгілейді (егер олар өзгерсе); жаға қайырмасы формасын және ілмектердің орналасуын айқындайды; бұйымдағы әсемдеу бөліктерін біріктіру, сызықтарын, олардың формасын алдын ала анықтап алып, белгілейді; жең иілімінің ені мен ұзындығын және оның оймаға сәйкестігін тексереді, жеңнің ені мен ұзындығын анықтайды; содан соң астыңғы жағаның формасын және оның мойын оймасына сәйкес ұзындығын біржола анықтап алады.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

11. Тақырыбы: Костюм композициясының үйлестіру құралдары

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Костюм – адамға басты назар аудара отырып, образды тұрғыда шешілген ансамбль. ОНың ішінде, ансамбль: киімді аяқ киімді, шашаты, гримді, тағыншақтарды бірегейлендіреді және белгілі бір пайдалы эстетикалық функцияны атқарады.

Киім материалдық тыс жүйе, адам денесіндегі жасанды жамылғы, ол табиғаттың сыртқы қоршаған әсерлерінен сақтап және жеке адамның кейіпін, дәуірдің көрінісін бейнелейді.

Әдебиеттерге шолу жасау нәтиежесінде композицияның негізгі заңдылықтары мен ережелеріне мыналар кіретіндігі анықталды:

1. Композициядағы барлық құралдар киімнің қолдануына сай келіп оны айқындай түсуі қажет.

2. Композициядағы барлық элементтері мен бөліктері бір-біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет.

3. Міндетті түрде композициялық орталық болуы тиіс.

4. Композиция тұтас болуы қажет.

Бірінші заңдылыққа байланысты бірнеше ережелерді атап өтуге болады, бірінші ереже: киімнің қолдануына байланысты оның формасының сай келуі әрі біртұтас үйлесімділігінде. Мысалы, шомылуға арналған киім денеге қынамалы болып, тұлға формасын айқындап тұратын формаға ие болса, адамның суда жүзуіне ыңғайлы болады, ал керісінше төсек киімінің формасы кең, қимыл қозғалысқа ыңғайлы етіп, ауа өткізгіш материалдан тігіледі. Сонымен киімнің практикалық маңыздылығы арта түседі.

Екінші ереже: Киімнің қолданылуы мен формасына материалының сай келуін суретші – модельер алдын- ала ойластыру қажет. Мысалы жоғарыда айтылған шомылуға арналған киім денеге қынамалы болуы қажет дедік, осы форманы шығару үшін біз созылмалы, су өткізгіш химиялық талшықтан жасалған материалды пайдаланамыз.

Дамытушылық;: Жазғы ыстық аптапта киетін киім матасы салқын болатын кенеп немесе мақта материалдарын қолданамыз, Бұл маталардан тігілген киімдерге кесте, мережка немесе аппликация, баспа суреттер, таспа баулар, тоқыма бауларды қолдану арқылы киімнің композициялық шешімділігін, тұтастығын нашарлатып, киімнің қолдануына кері әсер етеді, оған мысал, оқушының мектеп формасына шетелдік эстрада әншілері мен түрлі тақырыптық суреті бар аппликация мен баспа суреттерді қолдануға болмайды.Бұл жерде, әрбір сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай олардың қызығуы мен мақсаттарын ескере отырып бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыларына арнап маңызды тақырыпқа ие эмблемалар қолдану арқылы оның көркемдік шешімін арттырамыз.

Тәрбиелік:Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

12. Тақырыбы: Жиынтықты жобалау

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Жобалау негізінде өзін-өзі толықтырушы үш болашақ туралы ақпарат көздері жатады:

1) Жақсы танылған процестермен құбылыстар аналогияларды бекіту көмегімен жобаланушы құбылыстың даму келешегін бағалау. Сол себепті сәннің болжамдалуы барысында костюмде әр түрлі өнер түрлеріндегі жаңа тенденциялармен аналогия жүргізу жемісті болуы мүмкін: сәулет өнерінде, мүсін жасау, кескіндеме мен компьютерлі графикада және т.б

2) Даму заңдылықтары өткен шақтада, осы шақтада жақсы
танылған тенденция (экстрополяция) болашағына шартты ұсыныс.

3) Үлгілердің жасалынуы даму болашағы белгілі, мақсат етілген немесе алда күтілетін шарттарға сәйкес жасалып шығарылған құбылыс.Дизайнде мұндай үлгіні футурожоба деп атайды. Футурожобаларға авангардты киім дизайнерлерінің жиынтықтарын (коллекция) жатқызуға болады.

Дамытушылық;: Сәнде еліктеуден өзге иландыру, сендіру, үйлестіру, жұқтыру сияқты әлеуметтік- психологиялық қарым- қатынас механизмдері бар. Еліктеу негізінде алдамшы рефлекс ұғымы жатыр. Едәуір терең әрі кең құбылыс болып әлеуметтік ұқсастық деп аталатын және де сәнді құбылысқа тікелей қатысы бар өзара үйлесім саналады. Өзара үйлесімділік адамдардың бірін-брі түсінісу қажеттілігі деп аталады.

Ұқсастыру- ішкі әлеуметтік- психологиялық қарым-қатынас механизмі. Ұқсастыру барысында адамның өз топ мүшелерімен бірігуге және сонымен бірге бөлінуге, басқа топ мүшелеріне қарама- қарсы қоюға талаптануы көрініс табады. Нақты сәнде қатысу немесе қатыспау - бұл сұрақты әрбір адам заңдылық бойынша өз бетімен ерікті түрде шешім қабылдайды.

Сәнді қарым-қатынас мүшелері деп берілген сәннің жасаушылары болып табылатын, ол жайында ақпарат тарататын, сәнді үлгілерді пайдаланатын адамдарды айтады. Олардың барлығы да үш топқа бөлінеді: өндірушілер, таратушылар және тұтынушылар.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

13. Тақырыбы: Коллекцияны жасау кезеңдері

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Топтамаларының бүтіндігінің керекті шарты - композициялық
орталықтың бар болуы - барлық топтаманы кульминациясы. Әдеттегідей,
топтамаларда үш композициялық орталықтар қатысуы керек:
(көрсетулерді ашқан үлгілердің бірінші үлгі немесе блөгі) бас, (әдеттегідей,
көрсетудің ортасында) кульминация және (көрсетулер бітіретін үлгілердің
үлгі немесе блогі) аяқ. Өзі эффектілі үлгілер ортаға және көрсетуді аяқтағы
көрсетті.

Дамытушылық;: Қазіргі сәнде, алайда, кемеңгер айқын нақтылы заман ассортимент топтары сонша бар болмайды. Кейбір дизайнерлер топтамаларының дәстүрлі блок құрылымдарынан үстірт коңыры өзара (топтамалар үшін әсіресе бұл тән деконструктивизмнің леяларының киімнің дизайнындағы көрсетіңіз) творчестволық тұжырымдамадан басқа сабақтас жеке үлгілер көрсете тіпті бас тартады. Бірақ өйткенмен, көпшілік дизайнер топтамаларының дәстүрлі құрылымдары ұстап тұрады: 1) тыс киім; 2) күнделікті киім; 3) демалыс, спорт, туризм үшін киім тағы сол сияқтылар.; 4) қатар, мерекелік және кешкі киімге; 5) арнайы тағайындауды киім - салтанатты жағдайлар үшін, үйлену тойы.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

14 Тақырыбы: Костюмнің жобалы-графикалық әзірлемесінің түрлері

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Дизайнердің шығармашылық қызметтері үшін көптеген білім ошақтарында мәлімдеулер міндетті түрде болуы керек, және олар бір – бірінен алшақ мағынада болмайды.Кәсіби қызметтегі дизайнер оң нәтиже алу үшін өнер сферасына, сонымен бірге көптеген ғылыми бағыттарға тиісті білімін алмастыру қажет, басқаша айтқанда, ерекше бейнелі – тектоникалық ойлануларда қабілетті болу қажет.Кез – келген түрдегі орташа идеалды-шығармашылықты өнердің бастамасы болып композиция табылады.Басқаша айтқанда, композиция арқылы суретшінің(дизайнердің) неге қызыққанын, оның моделіндегі қызыққан аймағын аңғаруға,және нақты айтқанда ол оны неліктен бейнелейтінін білуге болады.Бұл тұрақтылықты шығармашылықтың оны басқаратын ойлар деп есептеуге болады.Тіпті моделдердің қарапайым бейнелеулері, тек идеялы ниетпен рухтанған, композиция арқылы жүзеге асырылған кезде ғана көркем туынды бола алады.

Дамытушылық;: Дизайнер суретші секілді екі тапсырма орындайды – кеңесті – коммуникативті және эстетикалы мәдениетті. Бұқарлық коммуникацияқандайда болмасын дизайн болып табылады, халықтың көпшілік бөлігіне «эстетикалық хабарламаларды» оята және дамыта отырып,ондағы эстетикалық талаптарды қатайта отырып,ол экономикалық күш болмай тұрып, жеткізуге мүмкіндік береді,Адамдар барлық жаңа және жаңа заттарды тек қана олардың жаңа утилитарлы қасиеті үшін емес, мәртебенің, сәннің түсініктері бойынша емес,бірақ «нан керектілер» секілдіэстетикалық таңдауды талап ете бастайды.

Эстетикалық талап бұқарада «эстетикалық сұранысқа» айналады.Бұйымның формасы «эстетикалық сұранысты» қанағаттандыру үшін үнемі алмасып отырады:олар форманың стильді бірлігі кезінде әртүрлі дара болуы тиіс, тек стилист ретінде дизайнер неге қажет және не үшін,ал суретші ретінде шығармашылық тұлға неге қажет екенін білу қажет.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 

15 Тақырыбы: Костюмдегі пішін және пішін қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Пішін (форма) қалыптасуы - костюм бөліктерінің адамның дене бітіміне, қоршаған ортаға байланысты өзара әрекет жасау процесі, оның қалыптасуы, дамуы.

Пішін қалыптасу процесінде бұйымдардың функционалдық, конструктивтік, кеңістік-пластикалық, технологиялық құрылымы пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, пішін қалыптасуы – жеке заттарды құрастыру.

Дамытушылық;: Костюм үлгісіндегі сәндік ауысымдар пішінінің үздіксіз қозғалыста болуын қамтамасыз етеді. Пішін қалыптастыру жобалау процесінде үлкен роль атқарады, себебі бұл процесс композициялық ізденіс пен пішіннің жүйелі құрылымын қажет етеді. Пішін қалыптасуы пішін құруға және пішін элементтерінің өзара үйлесімділік байланысына негізделген принциптерінің жалпы заңдылығына сүйенеді.

Киім композициясының негізін киім бөліктерінің жиынтығы, осы көлемдердің арақатынасы, киімнің жалпы шамаластығы, оның силуэті құрайды.

Тәрбиелік: Білім алушыларды еңбекке тәрбиелеу

сабақ түрі:СОӨЖ.

көрінектілік: оқулықтар,журналдар.

пәнаралық байланыс: Тігін технологиясы

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 769. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия