Студопедия — Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 4 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 4 страница






ВВВ

Валюта котировкасы жайлы түсінік және түрлері Баға кесу (котировка, франц. coter – баға белгілеу, баға белгіленімі) – құнды қағаздардың, шет ел валюталарының бағамын немесе биржалардағы тауарлардың бағасын белгілеу. Бағаны, әдетте, тауар, қор немесе валюта биржасының баға белгілеу комиссиясы белгілейді және тауарлардың көтерме сауда бағасының, құнды қағаздар бағамы мен валюталар бағасының биржалық бюллетеньдерінде жарияланады. Толық баға кесу сатушылар да, сатып алушылар да ұсынатын баға белгіленімін қамтиды. Котировка мынадай түрлерге ажыратылады: акциялар котировкасы – қор биржасында акциялардың нарықтық бағасын белгілеу; валюталық баға кесу – нарықтық валюта бағамын не орталық банк (Қазақстанда Ұлттық банк) және ел үкіметінің нормативтік-құқықтық актілері айқындайтын бағамды белгілеу; түрлі валюталардың бір-біріне қатынасы бойынша бағамының ара салмағын тіркеу процесі әрі нәтижесі. Ол не шынайы бағамды (валюталар құнының бір-біріне шынайы қатынасын көрсететін), не нақ сол мезет үшін неғұрлым тиімді бағамды белгілеу мақсатымен жүргізіледі. Оның негізгі үш түрі бар: а) ұлттық валютаның басқа валютаға қатынасы бойынша айқындалған тіркеулі бағамын әкімшілік жолмен белгілеу. Бұл ретте тым жоғарылатылған ара салмақ та, тым төмендетілген ара салмақ та экспорт-импорт операцияларының көлеміне әсерін тигізеді. Тіркеулі бағамның артықшылығы мынада: валюта операциялары бойынша жасалған мәмілелердің тәуекелдігі барынша аз болады. Алайда тіркеулі бағам кезінде белгіленген бағам шынайы экономикалық жағдайға сай келмейтін ахуал туындауы ықтимал; ә) валюта бағамын осы валютаға сұраным мен ұсынымның арасындағы айырманы нақты бейнелейтіндей бағаның ара салмағын шынайы тұрғыда көрсететін валюта бағамын еркін белгілеу; алайда мұндай еркін белгілеу кезінде валюта бағамының болжауға келмейтіндей деңгейдегі елеулі өзгерісі салдарынан тәуекелдік жоғары болады. Бұл орайда валюта биржасында жекелеген ойыншылардың қаржы мүмкіндігі есебінен валютаның олар үшін нақ сол сәтте қажетті ара салмағын қалыптастыруға ықпал ететін валюталық алыпсатарлықтың туындауы ықтимал; б) бағамның аралас белгіленуі, мұнда қатысушылар еркін сауда-саттықты бағамдардың ара салмағына қол жеткізгенге дейін жүргізуі мүмкін, сонан соң сауда-саттық не тоқтатылады, не бағам орталық банктің (Қазақстанда Ұлттық банктің) валюталық инвестициялары есебінен теңестіріледі. Мұндай әдіс қысқа мерзімде валюталардың ара салмағын белгілеу кезінде бағамдардың айтарлықтай ауытқуын болдырмауға мүмкіндік беріп, қаржы қызметінің субъектілеріне осындай мәмілелердің салдарын неғұрлым дәл болжауға септігін тигізді. Валюталық баға кесу түрлі валюталардың бағамын тіркеу тәсілі ретінде, бір жағынан, елдер арасындағы экономикалық сәйкессіздікті болдырмауға, екінші жағынан, қаржы операциялары бойынша серіктестерге экономикалық қысым көрсетуге мүмкіндік береді; бағам котировкасы – шет ел валютасының немесе құнды қағаздардың бағамын нарықтық бағам негізінде белгілі бір кезеңге ресми тіркеу; кесімді котировка – құнды қағаздардың жекелеген түрлерінің котировкасы, оны биржа рыногының неғұрлым маңызды қатысушылары биржадан тыс жүзеге асырады және олар биржадан тыс шұғыл мәмілелер жасасу үшін пайдаланады; облигациялар котировкасы – қор биржасында сатылатын және сатып алынатын облигациялардың бағамдық бағасын белгілеу; ресми котировка – валюта мен құнды қағаздардың белгілі бір күнгі бірыңғай бағамы (бағасы), оны ақпарат құралдары биржадан тыс хабарлайды және ол биржадан тыс есеп айырысулар үшін пайдаланылады; тауар котировкасы – биржаның баға белгілеу комиссиясы тіркеп, жариялайтын биржалық тауарлар бағасы.Валюта нарығының қатысушылары арасында валюта айырбасы болмайынша және бір ел валютасының басқа елдің валютасына пропорционалды тәуелділігі анықталмайынша валюталық операциялардың жүзеге асырылуы мүмкін емес. Аталған механизм валюта котировкаларвн орнату арқылы жүзеге асады. Валюта котировкасы – елдер арасындағы валюта бағамдарын анықтау. Оның негізінде айырбас үшін ұсынылған сол мемлекеттердің ақшалай бірліктерінің арақатынасы орнатылады. Берілген арақатынас валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты үнемі өзгеріп отырады. Валюталық баға кесудің, бір валютаның басқа валюта бірлігіндегі бағасы ретінде, үш түрі болады. Көптеген елдерде валюта котировкасының екі түрі қолданылады:1) тікелей котировка - ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігінің белгілі бір шамасына қатынасы → 125 теңге – 1 АҚШ доллары;2) жанама котировка – шет ел валюта бірлігінің белгілі бір шамадағы ұлттық валюта бірлігіне қатынасы → 0,001 АҚШ доллары – 1 теңге;3) кросс-котировка – екі валюта бірлігінің бір-біріне қатынасы олардың әрқайсысының үшінші валютаға, негізінен АҚШ долларына қатынасы арқылы анықталады → 1 $ – 120 теңге, 1 $ - 24 рубль, 1 теңге – 4,8 рубль.

Валюталык операциялардың жіктелуі. Қолма-қол және мерзімді валюталық операциялар Валюталық операциялар – бұл ақша нарықтарында айналымда жүрген шетел валюталарымен және шетел валютасында шығарылған төлем құралдармен болатын операциялар. ҚР-ның территориясында валюталық операцияларды резидент және резидент емес тұлғалар, соған өкілетті банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары, сонымен қатар олардың айырбас орындары арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген мекемелерден тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға ҚР-да тыйым салынған.Валюталық операцияларды келесідей критерилер бойынша жіктеуге болады:1) объектісі бойынша:Шетел және ұлттық валютамен операциялар;Шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар;Бағалы металдар және тастармен операциялар.2) субъекті бойынша:Заңды және жеке тұлғалардың орындайтын операциялары;Мемлекеттік, әкімшілік-аймақтық және жергілікті (муниципалды) құрылымдардың жүргізетін операциялары.3) жүзеге асыру режимдерінің саны бойынша:әмбебап операциялар, яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді емес операциялар;жеке (индивидуалданған), яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді болатын операциялар.4) жүзеге асыру аймағы бойынша операциялар:ішкі;шет елдік (сыртқы).5) өз ішінде валюталық операцияларды орындауды қамтитын құқықтық арақатынас түрлері бойынша операциялар:қаржы-құқықтық – салық төлемдерін өтеу үшін аударымдар;әкімшілік-құқықтық – шетел валютада айыппұлдарды төлеуді жүзеге асыру;халықаралық жеке-құқықтық – аударым келісімшарты негізінде көліктік ұйым-резиденттің пайдасына резидент-импорттаушының валюталық төлемдері;халықаралық жалпы-құқықтық – халықаралық ұйымдар пайдасына жүргізілетін валюталық аударымдар. Еліміздің заңнамасына сәйкес валюталық операцияларболып табылады:1жеке меншік құқығының және басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операциялар;2кез келген тәсіл арқылы валюталық құндылықтардың ҚР-на енуі мен қайта жөнелтілуі, сондай-ақ ҚР-нан шығарылуы мен қайта жөнелтілуі. Валюталық құндылықтар – бұл өздерімен жүретін операциялар мен резидент және резидент емес тұлғалармен жүзеге асырылған жағдайда ғана валюталық құндылық болатын, номиналы шетел валютасында көрсетілген шетел валютасы, бағалы қағаздары мен төлем құжаттары; және номиналы ұлттық валютада көрсетілген аффинирленген құймадағы алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.«Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның Заңына сай валюталық операциялар екі категорияға бөлінеді:ағымды операциялар;капитал қозғалысымен байланысты операциялар.Ағымды операцияларға жатады:180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;Салымдық, инвестициялық, займдық және өзге де операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыны және басқа да кірістерді алу мен аудару;Саудалық емес нысандағы аударымдарды жүргізу, оларға гранттармен қоса мұрагерлік, еңбекақы, зейнетақы, алимент және т.б. соммаларды аудару жатады.Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға жатады: Инвестицияларды жүзеге асыру;Интеллектуалды меншік объектілерімен байланысты құқықтырдың толықтай берілуін көздейтін келісімдер негізінде есепайрысуларды жүзеге асыру үшін қажет болатын аударымдар;Жылжымайтын заттарға теңестірілген мүліктен басқа, сол жылжымайтын мүлікпен байланысты меншік құқықтардың тобын жүзеге асыру үшін қажетті аударымдар;180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;Валюталық операциялардың көбісі төмендегідей типтерге бөлінетін келісімдер шеңберінде жүзеге асады:1 келісімді жүзеге асыру мерзіміне байланысты:шұғыл – «форвард» келісімдері; кассалық – «спот» операциялары; айырбас – «своп» операциялары; арбитражды келісімдер.2келісімдерді жасау орнына байланысты:биржалық;биржадан тыс. Шұғыл келісімдер – бұл келісімге отыру уақыты мен оны орындау уақыты бір-біріне сәйкес келмейтін келісімдер, яғни жүзеге асыру шарттары мен баға бүгін келістіріліп, ал операция тікелей белгілі бір уақыт өткеннен кейін болашақта орындалады. Форвардтық келісім белгілі бір мерзім өткеннен кейін, алдын ала анықталған бағада, алдын ала белгіленген валюта санын (көлемін) сату немесе сатып алуды көздейді. Кассалық; – бұл келісімді жасау уақытынан бастап, оны тікелей жүзеге асыру уақытына дейін 3 жұмыс күннен аспайтын мерзімде орындалатын келісімдер. «Спот» келісімі – бұл белгіленген бағам бойынша белгіленген валюта санын (көлемін) айырбастау туралы келісім, ол оны жасасу уақытынан бастап 2 жұмыс күнінен кеш емес мерзім ішінде жүзеге асырылуы тиіс. «Своп» келісімі айырбас операциясы болып табылады. Ол өз ішіне «спот» шарттарының негізінде валютаны сатып алуды және оны бір уақытта «форвард» шарттарының негізінде сатуды қамтиды. Сонда бұл жерде «ұзын» да, «қысқа» да позиция пайда болмайды, себебі валютаны алу мен оны сату бір уақытта орындалады. Арбитражды келісімдер – бұл пайда табу мақсатында қатысушылардың әр түрлі валюта нарықтарында орнатылатын валюта бағамдарындағы айырмашылықтарды пайдалана тоырып жүргізетін операциялары. Арбитражды келісімдер кеңістігі мен уақыты бойынша валюталық арбитраждар күрделі және қарапайым, пайыздық болып бөлінеді.Бұған қоса, өткізілу тәртібіне орай олар қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі. Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады

Валюталық «аутрайт»оның ерекшеліктері ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi 2 банктiк жұмыс күнiндегi валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша белгiленген күнi бiр валютаны сатып алуға байланысты басқа валютаға айырбастау үшiн жасалған контакт. Форварт операциясы өз кезегiнде мынадай түрге бөлiнедi:Аурайтпен жасалған мәмiле – белгiлi бiр күнге валютамен жабдықтау шартын бiлдiредi;Опционмен жасалатын мәмiле – валютамен жабдықтаудың күнi белгiленбеген шартын сипаттайды;

Валюталық клиринг. Бір жақты,екі жақты және көп жақты валюталық клиринг Клиринг – есеп айырысуға қатысушы тараптардың екіжақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген құнды қағаздар, қызметтер мен тауарлар үшін қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі. Клирингтің екі түрі бар:1.Валюталық клиринг. 2.Банкаралық клирингВалюталық клиринг – бұл халықаралық төлем келісімдері негізінде жүргізілетін сыртқы сауда мен мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандары бойынша есеп айырысуды білдіреді. Валюталық клиринг сыртқы саудада бір елдің берешегі сол елге қарама-қарсы қойылған талаптардың есебінен өтелетін есеп айырысу формасы. Валюталық клирингтің мәні-экспортталған және импортталған тауарлар үшін екі елдің арасындағы есеп айырысу әр келісім бойынша төлем төлеу жолымен емес, сол елден сыртқа шығарылған және сырттан әкелінген тауарлар құнының айырмашылығын уақыт сайын Төлеп отыру негізінде жүргізіледі. Төлем тауарлар немесе алтын беру болмаса шетел валютасын алушы жақтың есепшотына қосу жолымен де отелуі мүмкін. Халықаралық, немесе валюталық клиринг валюта проблемаларының шиеленісуінің нәтижесінде пайда болған. Соңғы кезде оның көмегімен жүзеге асырылатын операциялардың нысандары қысқарып отыр, өйткені, кейбір қаржы мәселелерінің шешілуіне көмектесе отырып, клиринг сонымен қатар сыртқы сауда айналымындаға экспорт пен импорт сомаларының бір-бірімен дәл келуі салдарынан оның өсуін тежеуде. Банкаралық клиринг – бұл елдің заңды тұлғаларының екіжақты ақшалай талаптарын есепке ала отырып, банктер арасында есеп айырысу.Банк ісіне хабарлама берудің электрондық жолдарын енгізу және банк жүйесінің белгілі орталықтарында есеп айрысудың көп шоғырлануы автоматтандырылған есеп айырысу палаталарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Есеп айырысу палаталары дегеніміз – магнитті хабар тасушылардың негізінде төлеудің банкаралық жүйесіКлиринг негізінде клирингтің қатысушы банктерінің қарама-қарсы міндеттемелерін өзара есепке алу арқылы іске асады. Мұнда әр қатысушының таза ұстанымы (барлық түскен және шыққан қаражаттар сомаларының арасындағы айырма) анықталып, соған сәйкес аударым жасалады. Клирнг екі жақты және көп жақты болып кекледі. Екі жақты клирингте өзара есепке алу тек екі банк арасында жүргізіледі. Ондай клиринг нәтижесінде қандай да бір қатысушының дебеттік таза ұстанымы анықталған болдса, онда біріншісі екінші қатысушының пайдасына ақшалай аударымдар жасайды. Мұндай жағдайда әрбір банктің үш жекелеген екі жақты таза ұстанымы болуы мүмкін. Көп жақты клирингте әрбір қатысушының басқа барлық қатысушыларға қатысты міндеттемесін өзара есепке алады. Мұндай да әрбір қатысушының бір таза ұстанымы болады

Валюталық нарық валюталық спекуляция Валюта нарығы – бұл қаржы нарығының құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, оның анағұрлым маңызды бөлігі болып табылады. Бұл валютаны тұтынушылар мен сатушылар арасында өзара құқықтық және экономикалық қатынастарды орнатуға көмектесетін механизм, ол төмендегідей негізде келісімдерді жасауға мүмкіндік береді:-Бөлшек сауда келісімдері, мұнда сату-сатып алу кезінде банк тікелей клиентпен өзара әрекет етеді;Банкаралық көтерме сауда келісімдері, мұнда екі банк валюталық брокердің көмегімен өзара әрекет етеді, соның нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.Ұлттық валюта жүйесі ұлттық заңнамамен анықталатын, елдің валюта қатынастарын ұйымдастыру формасын көрсетеді. Оны келесідей негізгі элементтер сипаттайды:Ұлттық валюта бірлігі;Ресми алтын валюта қорлардың (резервтердің) құрамы;Валюта паритеті және валюта бағамын орнату механизмі Валюта қайтарылымының шарттары, валшюталық шектеулердің болуы немесе болмауы;Елдегі сыртқы есеп айрысулардың тәртібі;Ұлттық валюта және алтын нарықтарының режимі, елдің валюта қатынастарынреттейтін ұлттық мекемелердің дәрежесі.Мұндай жүйенің ерекшеліктері ел экономикасының даму деңгейі және шарттарымен, сонымен қоса оның сыртқы экономикалық байланыстарымен анықталады. Халықаралық сауда келісімдері төңірегінде әр түрлі сауда орталықтарының банктері өзара әрекет ететін, екі немесе одан да көп ұлттық нарықтардың арасында жүзеге асады. Олар сондай-ақ, өз ішіне, екі немесе бірнеше нарықтарда жүргізіліп жатқан арбитражды операцияларды қамтуы тиіс. Спекуляция – бұл бағаны өзгерту арқылы валютаны сату мен сатып алу кезінде пайда табу. Валюталық спекуляция, оны жүргізу мүмкіндіктері және жүзеге асыру көздері. Валюталық аюлар – валюта курсының төмендеуіне негізделетін валюта биржасының қатысушылары. валюталық өгіздер – валюта курсының жоғарылауына негізделетін валюталық биржа қатысушылары және валюталық көбелектер – валюта биржасының негізгі қатысушылары және валюталық спекулянттар ретінде. Валюталық спекулянттар – валюта курсының белгілі жоғарылау немесе төмендеуі әсерінен пайда алатын валюта нарығының қатусушылары.

Валюталық опцион, мәні және түсінігі. Валюталық опцон түрлерінің жіктелуіОпциондар мерзімдік келісім-шарттардың біріне саналады. Опцион дегеніміз белгілі активті оның анықталған бағамына және келісілге нуақытта сәйкес сатып алу, сату жөніндегі тараптарға берілетін құқықпен сатып алушыға жүктелетін міндеттеме (сатушыға) туралы екі жақты келісім шарт. Валюталық опциондар рыногы үстіміздегі ғасырдың 70-ші жылдары көптеген елдерде белгіленген валюта бағамының орнына олардың қалықтау бағамын енгізгеннен кейін қанат жайып кеңінен дами бастады. Валюталық опцион дегеніміз мәмілеге қатысушылардың біреуіне белгіленген баға бойынша біраз уақыт ішінде щетелдік валютаның белгілі санын сатуға немесе алуға құқық (міндеттеме емес) беретін келісім шарт. Екінші жақ келісілген уақыт ішінде әріпсінің құқығын ақшалай сыйақы ала отырып, қамтамасыз етуге міндеттеме алады.

Валюталық позиция. Ұзақ валюталық позиция қысқа валюталық позиция айырмашылығы. ҚР Қаржы Министрлігімен және статистиканың мемлекет өкілетті органдармен келісім ұшырау мүмкін, 1-ден,басқа валютада төленбегн, жабылмаған мәлімдердің болу мүмкіндігіменбайланысты- ұзақ және қысқа позициялардың. Валюталық позиция – бұл банктің валютадағы міндеттерінің және сәйкестілігі. Егер белгілі бір валютада бұлар тең болса, валюталық позиция жабық деп, ал сәйкес болмаған жағдайда – ашық деп саналады.Жабық валюталық позиция кезінде банк шетелдік валютаны сатып алуға келісім –шартқа отырады және пайда көре отырып, тез арада оны басқа мәлімдермен жабады.ҰБ жабық валюталық позицияға шек орнатпайды.Ашық валюталық позиция банктің шығын тәуекелімен байланысты, өйткені валюта бағалы оған тиімсіз бағытқа өзгеруі мүмкін. Ашық валюталық позиция дегеніміз - ол банктің шетел валютасындағы активтері мен пассивтерінің сәйкес келмеуі. Ол табыс та, шығын да әкеледі. Табыс пен шығын банктің ашық валюталық позициясының қандай екендігіне, яғни ұзақ немесе қысқа ма және де Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсының ресми өзгеру белгісі қандай, соған да байланысты болады.Ұзақ позиция валютадағы активтердің, пассивтердің артып кетуін білдіреді және де «+» белгісімен белгіленеді. Қысқа позиция валютадағы пассивтердің активтерден артып кетуін білдіреді және де «-» белгісімен белгіленеді.Егер де банктің клиенттер алдындағы міндеттемесі (валюталық қорларға қатысты) банктің валюталық корреспонденттік шотына қарағанда өте көп мөлшерде жоғарылап кетсе, ол валюталық міндеттемелер бойынша тұрақтылық жағдайында төмен екендігін білдіреді (яғни «қысқа валюталық позиция»). Доллар/теңге айырбас курсының өсуі кезіндегі қысқа валюталық позиция банк үшін тиімді емес, өйткені клиентке қатысты өзінің міндеттемелерін ары қарай орындау үшін банкке теңгенің қорын көп мөлшерде жұмсау қажет болады. Мұндай жайт тиімді болады, егер де бөліп алынған теңге қоры өспей, айырбас курсының қосымша шығындарын жаба алғандай етіп пайдаланылған болса. Осындай дәрежедегі ұзақ позиция да курстың төмендеуі кезінде тиімді емес.Сондықтан ҰБ оған шек бекітеді және бөлек арнайы есеп беруді орнатады.Ашық валюталық позиция қысқа болуы мүмкін, егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген талаптан артық болса,ол ұзақ болады,егер сатып алынған валюта бойынша талап міндеттемеден артық болса.Тұрақты валюта бойынша ашық валюталық позицияның (ұзақ және қысқа)шегі банктің меншікті капиталынан 30% құрау керек, жұмсақ валюта бойынша ұзақ валюталық позиция -5%,ал валюталық нетто –позиция меншікті кооперативтің 50% құрлуы қажет.бойынша ҚР ҰБ –мен валюталық операциялар бойынша есептің және есеп берудің формалары мен тәртібін орнатады және оны Қазақстандағы барлық заңды және жеке тұлғалар орындау қажетВалюталық операцияларды жүргізу кезінде болар тәуекелге қысқа валюталық позиция - жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позициясы, оларға қойылатын талаптарды(активтердің жиынтық сомасымен шартты талаптарды) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі ұзақ валюталық позиция - бұл жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;

Валюталық тәуекелдердің түрлері,олардың ерекшеліктері Валюталық тәуекел – банктің өз қызметін жүзеге асыру кезінде шетелдік валюталар бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыс (шығын) туындау тәуекелі. Шығыс (шығын) қаупі валюталар бойынша банк позициясын құндық мәнде асыра бағалаудан туындайды.Валюталық тәуекел ағымдық валюталық тәуекел, девальвация тәуекелі және валюталық реттеу жүйесінің өзгеру тәуекелі болып бөлінеді. Ағымдық валюталық тәуекелдер – бағамдары құбылмалы валюталардың кездейсоқ еркін өзгеру тәуекелдері. Девальвация тәуекелі – валюта бағамының басқа валюталармен салыстырғанда кенеттен стрестік төмендеу тәуекелі.Валюталық реттеу жүйесінің өзгеру тәуекелі – валюталық түзімнің өзгеруінен болған шығын тәуекелі, яғни белгіленген валюта бағамынан құбылмалыға және керісінше өту, қандай да бір валютаның басқа валюталарға немесе валюталар себетіне қатысты бағамын белгілеу, валюталық бағамды реттеудің нарықтық әдістерін қолдануға немесе қолданудан бас тартуға өту. Қазынашылық бөлімшесі ағымдық валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу мақсатында шетелдік валютаның ұлттық валюталық бағамының өзгеруіне ағымдық (күндізгі) болжам жасауды және тоқсан сайын Банк ағындары мен қайтымдарын жоспарлауды жүргізеді. Валюталар ағындары мен қайтымдарының жоспары қажеттілігіне орай түзетіледі.Валюталық тәуекелді тиімді басқару және бағалау мақсатында Тәуекел-менеджмент бөлімшесі Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес валюталық тәуекелге (Var) ай сайын бағалау жүргізеді және Активтер мен пассивтерді басқару комитетіне валюталық тәуекелді басқару мақсатында объективті шешімдер қабылдау үшін береді. Сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген валюталық позиция шектерінің сақталуына мониторинг жүргізу және шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар тиімділігін сараптау жүзеге асырылады.Валюталық тәуекел шетел валютасында ашық валюталық ұстанымы бар (баланстық немесе баланстан тыс) кезең ішінде валюта бағамдарының жағымсыз өзгерістері барысында шығындарға әкеліп соғатын тұрақсыздық тәуекелі болып табылады. Валюталық тәуекел көзі болып, сонымен қатар шетел валютасында жүзеге асырылатын болашақ төлемдер болған жағдайда негізгі валютаға теңгені айырбастау бағытының девальвациясы болуы мүмкін. Тұрақты негізде валюталық тәуекелді басқару бойынша басқарушылық есептілік жасалады, валюталық тәуекелді бағалау жөніндегі әдістемелерді әзірлеу және жетілдіру жүргізіледі. Табыстар құрылымында валюталық құранды қызметтерді жүзеге асырудан түскен табыс, сатудан түскен жалпы табыстан шамамен 2–3% құрайды, бұл валюталық бағамның жағымсыз өзгерістері барысында валюталық тәуекелді маңызды болмаса да төмендеуіне енгізілген хеджирлендіру механизмі ретінде әсер етеді.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 229. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия