Студопедия — Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 2 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 2 страница






Банктерді ерікті және мәжбүрлі тарату. Ерiктi тарату: Банк акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде өзiн ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағ-да банк банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағ-да, банк банкроттық негiздер б/ша ерiксiз түрде таратылуы тиiс. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне б/ты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату туралы сотқа жүгiнуге құқылы. Банктердi ерiксiз таратуды сот: а) банк банкроттығына; б) банк заңдарында көзделген негiздер б/ша банк опер-ын жүргiзуге берiлген лицензияларды қайтарып алуға; в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер б/ша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мем-к органдардың, заңды н/е жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мем-к органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) б/ша (банк опер-ын жүргiзуге берiлген банк лицензияларын қайтарып алу туралы шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi. Жалпы банктер мынадай жағдайларды таратылады: *құзіретті ұйымның рұқсатының болуына байланысты оның акционерлерінің шешімі бойынша (ерікті түрде тарату); *ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес соттың шешімі бойынша (мәжбүрлі түрде тарату). Мәжбүрлі түрде банкті таратуды арнайы құрылған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Банкті таратуға байланысты шығыстардың барлығы таратылатын банктің есебінен жабылады. Банкті тарату туралы шешім шығарған күннен бастап, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) банк мүлкін иеленуге құқы болмайды. Банктің мүлкін бағалауды және оны сатуды тарату комиссия жүзеге асырады. Аралық тарату балансы мен кредиторлардың талаптарының реестрін құзіретті ұйым бекітеді. Тартып біткен соң тарату комиссиясы сотқа тарту балансы мен тарату таралу есебін тапсырады, сондай-ақ барлық құжаттарды құзіретті ұйымға хабарлай отырып, мұрағатқа тапсырады. Қазақстандық банктік тәжірибеде жоғарыда аталған екі жағдай бойынша банктердің таратылуы орын алды. Соның нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер саны біршама азайды, яғни бірігу, қосылу, бөліну немесе өзге банктік емес ұйымға айналу шаралары іске асты.

Банктерді қайта ұйымдастырудың мәні. Заңға сәйкес, банктердің ерікті түрде қайта құрылуы көзделеді. Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуға мыналар жатады: *бірігу; *қосылу; *бөліну; *қайта түрлену. Банк акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешім банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына негіз болып табылады. Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына рұқсат алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: *банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы туралы ең жоғары басқару ұйымының шешімі; *банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуының шартын, нысанын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттар; *банкті ерікті түрде қайта ұйымдастырылуынан кейін жасалатын есеп айырысу балансын қамтитын, ерікті түрде қайта ұйымдастырылуының салдарына байланысты қаржылық болжам. Банктің несиелік серіктестікке айналуына байланысты жоғарыда атлағна құжаттарға қоса банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензия мен соңғы есептік күнге жасалған бухгалтерлік балансын тапсыруға тиіс. Ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға ұсынылған құжаттар қабылданған күннен бастап екі ай ішінде қаралады.Банк уәкілетті органға Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып осы Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша оны ерікті қайта ұйымдастыруға (бірігуге, қосылуға, бөлінуге, бөлініп шығуға, қайта ұйымдастыруға) рұқсат беру туралы өтінішхат ұсынады. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы Заңының 7-тарауы банктердi ерiктi түрде қайта құру. Қайта ұйымдастырылатын банк қайта ұйымдастыруды өткізу үшін уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап екі апта мерзімде өзінің барлық депозиторларын, клиенттерін, корреспонденттері мен заемшыларын тікелей құлағдар ету жолымен және тиісті хабарландыруды кемінде екі республикалық газетте жариялай отырып ақпараттандырады. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құрудың жалпы шарттары: 1.Банкiлердi ерiктi түрде қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. 2. Осы банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы банкiнi ерiктi түрде қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш беруге негiз болып табылады. 3. Банкiнi ерiктi қайта құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс: а) банкiнiң жоғары органының оны қайта құру туралы шешiмi; б) банкiнi қайта құрудың көзделiп отырған шарттарын, түрлерiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар; в) банкiнiң ол қайта құрылғаннан кейiнгi және (немесе) банкiнi қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса, қайта құру салдарының қаржылық болжамы. 4. Банкiнi қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган оны қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.

Банктердің депозиттік операциялары және олардың түрлері. Депозиттік операциялар –клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған ж/е өздері пайдалана алатын қаражаттары. Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операц-р – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте ж/е өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтерінің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады. Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа ж/е пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады ж/е банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің ж/е депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға ж/е олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Банктердің трасттық операциялары және олардың түрлері. Трасттық операциялардан түсетін табыстар. "Траст" ағылшын тілінен аударғанда "сенім" деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен баскаруға берілген мүлікке деген құқықты аныктайтын жэне меншікті иеленудің ерекше нысаны. Траст операциясы — клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады: 1. Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) - сенімді меншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқыктардың меншік иесі. Траст кұрылтайшысы ретінде кез келген колында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады. 2. Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) -траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару қүкығын өзіне кабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады. 3.Бенефиииар — траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды жэне жеке тұлға. Яғни ол, трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құкылы тұлға. Сонымен, банктің траст операциясы - бұл банктің өз клиентеріне (заңды жэне жеке тұлгаларына) көрсететін эр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді. Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын жэне жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді калыптастыру жэне оны басқару; үшіншіден, кұндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.Коммерциялық банктің траст-бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді: І. клиенттердің мүрага қалган мүлкін иемдену; II. сенімхат бойынша операцияларды жүзеге асыру; III. агенттік қызметтер. Траст қызметі жеке түлғаларға, сондай-ак фирмаларға да көрсетіледі. Жеке түлгаларга көрсетілетін траст қызметі.Мұрага қалдырган мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті - бүл сот шешімін алу үшін мұраға калдырған мүлікті жинау жэне оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экімшілік шығыстарды төлеу жэне карыздары бойынша есептесу, салыкты төлеу, калған мүлікті жанұя мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады. Келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару. Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды. Агенттік (делдалдық) қызметтер.1. Активтерді сақтау: • бағалы қағаздарды сактауға қабылдау; • бағалы қағаздар бойынша табыс алу; • бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру; • бағалы қағаздарға айырбастау; • мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару; • активтердің жалпы күнын (табыстың жалпы сомасын) сактап қалу мақсатында багалы қағаздарды сатып алу жэне сату; • мүлік куэлігі бойынша сомаларды алу; • клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру; • сейфтерді жалға беру. 2.Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару: • бағалы қағаздарды сатып алу-сату; • бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру жэне бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру; • клиенттің тапсырмасы бойынша барлык табыстарды алу; • сенім білдірушінің шоттарын төлеу; • сақтандыру полисін рэсімдеу.Клиент келісімшартқа сэйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс: • клиент атынан келісімшарт жасау; • акциялар мен облигацияларды беру; • ссуда алу; • чек жазу; • вексельді аударып жазу жэне т.б.Траст-операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісімшарт болуы кажет. Осы келісімшарт негізінде мынадай қызметтерді аткарады: • бағалы қағаздарға деген меншік қукығын беру; • бағалы қағаздарды устаушылар, эмитенттер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу; • пайыздарды төлеу, карыздарды өтеу жэне т.б. • облигациялық займдар бойынша қарызды өтеу корларын иемдену; • мүлікті кепілдіктен босату; • корпорациялардың (зейнетакы корларының) жэне т.б. корларын басқару; • сенімхатка сэйкес бір бағалы кағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік кызметті жүзеге асыру; • акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивиденттер төлеу. Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке түлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік кызметті аткару кұрайды. Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондык сыйақы алады.

Банктердің форфейтингтік операциялары: мәні және ұйымдастыру тәртібі. Форфейтинг фр.сөзінен «құқықтан бас тарту». Форфейтинг алғаш рет ІІд.ж. соғыстан кейін Еуропа елдерінде пайда болды. Форф-ң факт-тен айырмашылығ сатылған тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты 1рет жасалатын операция. Форф-к опер-ға 3 тарап қатысады: 1) экспорттаушы – тауарды орта мерзімге несиеге беруші. 2) импорттаушы – тауарды несиеге алушы. 3) форфейтор – мәмілені қаржыландырушы банк.Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. 2-ші кезеңде болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор-банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады ж/е оған авальдың берілуін, яғни 3-ші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді. Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда 7 жыл. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты.

Банктік қарыздарды сақтандыру. Ссуданың қайтарылуын қамсыздандыру формалары бойынша: *қамтамасыз етілмеген; *кепілмен қамтамасыз етілген (қолма – қол бағалы қағаздар, дебиторлы қарыздар, қорлар, құрылғылар, жерлер мен ғимараттар); *кепілдендірілген; *басқа да қамтамасыз етілулер (міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат) бар. Несиелеуді сақтандыру жолы - берілетін ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағидаттың пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл қағидаттың мазмұны толығымен өзгерген. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда. Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда. сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Мұнда сақтанушының контрагенттері берілген несиені қайтару немесе сақтандыру шартында ескертілген себептер бойынша несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда сақтандырушының сақтандыру өтемін төлеуі көзделеді. Несиені сақтандырудың мақсаты - сақтанушылар үшін несие тәуекелін азайту немесе жою, борышқор төлем төлеуге қабілетсіз болған немесе өзге себептермен борышты өтемеген жағдайда несиегерлерге несиенің уағдаласылған уақытта қайтарылуына сақтандыру кепілдігін беру. Бірнеше түрге бөлінеді: объектілер бойынша — жеткізушінің сатып алушыға беретін коммерциялық несиені сақтандыруы және банк несиесін сақтандыру; сақтандыру тәуекелінің сипатына қарай — экономикалық (коммерциялық) қатерден және саяси қатерден сақтандыру; сақтандырылған несиенің сипатына қарай несиені сақтандыру сақтанушының резиденттеріне берілген несиеге қатысты жасасылған шарт және бейрезиденттерге берілген несиеге қатысты жасасылған шарт.

Банктік қарыздардың жіктелуі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: Қарыз алушылар категорияларына қарай: а) Қаржылық институттарға берілетін несиелер: 1.мақсатты қорларға; 2.банктерге; 3.қаржы-несиелік мекемелеріне. ә) Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер: 1.өнеркәсіп салаларына; 2.ауыл шаруашылығына; 3.саудаға; 4.дайындау ұйымдарына; 5.жабдықтау-сату ұйымдарына; 6.кооперативтерге; 7.жеке кәсіпкерлерге. б) Тұтыну мақсатына берілетін несиелер. в) Мерзіміне қарай: қысқа мерзімді (1 жылға дейін); орта мерзімді (1 жылдан 3 –5 жылға дейін); ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары). г) Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай: негізгі қорларға жұмсалатын; айналым қаражатына жұмсалатын. ғ) Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай: Қамтамасыз етілген: кепіл-хатпен, кепілдемемен; кепілдікпен; Сақтандырылған. Қамтамасыз етілмеген:сенім (бланктік)несиесі. д) Қайтарылу дәрежесіне қарай:Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер; Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді. Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер. е) Валютамен берілуіне қарай: ұлттық валютамен; шетел валютасында. Берілу шартына қарай: Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді. Овердравт несиесі клиенттің шотынан қаражатты шегеру арқылы ондағы дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы. Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі. Ломбардтық несиесі – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие. Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

Банктік қызметтің өтімділігі: жалпы түсінігі және басқару. Ө-к—банктің сенімділігін қам-з ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі. Банк ө-гі —салымшылар мен қарыз берішілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында ж/е шығынсыз орындау қабілеттігі.Б.ө-гі мынадай қызметтерді атқарады:*депозиттерді алу мен несиелерге б/ты сұранысты қанағ-у,*тиімділік тәуекелін азайту ж/е банктің сенімділігін қам-з ету,*активтерді зиянсыз сату,*тартылған қаражаттары б/ша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу. Ықпал ететін факторлар: ішкі (банк к-лының базасы, б.активтерінің сапасы, деп-ң сапасы, сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі, мерзімі б/ша акт-р мен пас-рдің өзара сәйкестігі, сауатты менеджмент, б-ң жоғ.дәрежелі беделі) ж/е сыртқы (елдегі жалпы саяси ж/е эко-қ жағдай, БҚН-ң дамуы, банкаралық несие нарығының дамуы, қайта қаржы-ру жүйесін ұйым-ру, орт.банктің қадағалау қызметінің тиімділігі). Басқару әдістері:1.«Қаражаттардың ортақ қоры»әдісі:банк рес-ң жалпы сомасын рес-ң құралу көздеріне қарамастан, акт-ң әр түрлі түрлеріне бөлу.2.«Банктегі банктер»әдісі:акт-ң қалыптасуы жалпы сомаға ж/е тартылған рес-ң құрамына б/ты болатынын сипаттайды.3.Акт-ді басқарудың «ғылыми басқару»әдісі:ғылыми әдістер мен опер-ды зерттеу көмегімен банк балансындағы ж/е табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі б/ты талдау үшін қазіргі матем-қ аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.

Банктік менеджмент: мәні, бағыттары, ерекшеліктері. Менеджмент термині ағылшын тілінде «menegement» казақша «баскару» дегенді білдіреді. Банк саласында менеджмент ұгымы банктің кызметін басқаруды сипаттайды. Банк қызметіндегі менеджментті екі бөліктен турады: - банктегі қаржылық менеджмент; -банктегі кызметкерлерді басқару. Банктегі каржы менеджменті - бул банктегі акшалай ресурстарды басқарумен байланысты сипатталады. Банктегі қаржы менеджменті теорияларының біріне өтімділікті басқару теориясы жатады. Өтімділікті баскару теориясы коммерциялык карыздар теориясы, активтердің ауысу теориясы жэне күтілетін табыс теориясын камтиды. Аталған теориялардың аркасында активтерді баскару әдістер, пассивтерді басқару әдістері жэне баска теориялар пайда болып, оларды казіргі отандық жэне шетелдік банктер тэжірибесінде қолдана бастады. Қаржы менеджментінің прициптерін ғылыми негіздеуде банктің тұрақтылық теориясының маңызы ерекше. Ол теорияның көмегімен банктің түрактылығын бағалау жэне баскару эдістері негізделеді. Жалпы банктегі каржы менеджменті мынадай бағыттарды қамтиды: - стратегиялық жэне ағымдағы жоспарлау; - банктің саясатын қалыптастыру; - банк активін баскару; - пассивтерді басқару; - өтімділікті баскару; - табыстылықты басқару; - активтер мен пассивтерді басқару; - меншікті капиталды басқару; - несиелік портфельді баскару; - инвестциялык портфельді басқару; - тәуекелдерді басқару. Банк менеджментінің мақсаты екі түрлі болады: экономикалық және элеуметтік. Банктің экономикалық мақсаты - банктің қызметінде жогары пайда алуды камтамасыз етуді көздейді. Әрине, банктік жоғары деңгейде табыс алуы тек қана банк кызметкерлері үшін емес, сондай-ак клиенттер үшін де пайадалы, яғни ол банктің түрақтылығын жэне сенімділігін көрсетеді. Банктік менеджменттің әлеуметтік мақсаты - банк банктің көрсететін кызметтері мен өнімдері клиенттердің кажеттілігін толық қанағаттандыруын қамтамасыз ету. Ол үшін банкті баскару жуйесіне маркетинг кызметі жаксы дамуға тиісті. Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру арқылы банк клиенттердің сүранысына ие банк өнімдерін жасап, олардың бағасын аныктай алады. Банк кызметкерлерін басқару мыналарды камтиды: - еңбекті мотивациялау; - банктің уйымдастырылу курылымы; - кадрлардарды таңдау; - кадрларды даярлау жэне қайта даярлау жуйесі; - еңбекақы төлеу механизмі жэне ынталандыру; - ішкі бақылау жэне аудитті уйымдастыру; - қызметті өсіру жүйесі; - ұжымдағы қарым-қатынас прициптері.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 202. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия