Студопедия — Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 5 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Законодательная основа, структура и организационные принципы функционирования банковской системы Российской Федерации 5 страница






ЕЕЕ

Екінші деңгейдегі банктерді қайта құрылымдау: мәні, проблемалары, қазіргі жағдайы. Қазақстандық банктерді қайта құрылымдау экономикасы дамушы елдер үшін үлгі болып табылады. Оның ерекшелігі – Қазақстан үкіметі мен ҰӘҚ стратегия әзірлеп, және ол өміршең болып, банктерді қарапайым қайта құрылымдаудың баламасы бола алғандығында. Барлық үдеріс барысында барлығы бақылауда ұсталды. Мұндай нәрсе әлемде жиі кездесе бермейді, оның үстіне дамушы нарықта тіпті де кездеспейді. Әдетте мемлекеттер инвестициялық банктерді жалдайды да, олар қандай да активтердің қайта құрылымдаудың стратегиясын жасайды. Оларға проблема тапсырылады да, олар оның шешімін табады. Бірақ Қазақстанда басқаша болды. Бізге үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы, ҰӘҚ-ның банк капиталдарына кіруіне мүмкіндік беретін заң көмек көрсетті. Соның арқасында қор үш ірі банкке (БТА, ҚКБ пен Халық банкке – ҚазТАГ) ақша бөлді. Жаңа басқару командасы БТА банкке келген бес күн ішінде біз премьер-министрмен, Ұлттық банкпен, ҚҚА, ҰӘҚ командасымен және тәуелсіз консультанттармен тығыз жұмыс істей бастауымыздың нәтижесінде салық ауыртпалығын үлестіре бөлу стратегиясын (burden-sharing)әзірледі. Біз қайта құрылымдауды кредиторлардың арасында қарызды үлестіріп беру сияқты іске асыруға кірістік. Әдетте мемлекет институттарды қайта капиталдандыру мен олардың қарыздарын өтеуді іске асырады. Қазақстан үшін ол өте шығынды болған болар еді – мемлекет компанияның қарыздық тетіктеріне алмас ретінде қарыздық тетіктерді шығарады немесе дефолтер міндеттері бойынша кепілдік береді. Мемлекет банкті қайта капиталдандыру мен қарыздарын бюджет есебінен төлеуі (bailout)әдетте тез болады. Ондағы шарттар бәріне де белгілі және ешкім де ешнәрсеге алаң болмайды. Қайта құрылымдау үрдісін сәтті аяқтаған БТА Банкі енді елдегі бизнесті белсенді дамытып, өзінің дағдарыс басталмай тұрған шақтағы жоғары көрсеткіштеріне қайтадан қол жеткізуді көздеп отыр. Банктің қазіргі даму жоспарына сәйкес, орта мерзімді болашақта банк әмбебап саясат ұстанып, ішкі нарыққа көбірек мойын бұрмақ. Өз жоспарына сәйкес, банк 2014 жылға қарай депозиттік базасының көлемін 2008 жылмен салыстырғанда екі есеге дейін арттырмақ. Ал шағын және орта кәсіпкерлік саласында банк «Даму» қоры арқылы жүргізіліп отырған кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатыспақ. Әнуар Сәйденовтің пікірінше, қайта құрылымдау үрдісінің сәтті аяқталғаны еліміздің банк саласының тығырықтан шығуына жол ашады, бұл отандық және шетелдік инвесторлар үшін жақсы жаңалық әкеле алады.

Екінші деңгейднгі банктердің пассивтерін басқару. Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс.Пассивтік операциялар — бұл несиелiк және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктiң өз ресурсын құру операциялары.Пассивтік операциялар айтарлықтай әр түрлі, және дәстүрлі түрде келесі топтарға топтастырылады:*меншікті қаражаттарды қалыптастыру және толықтыру (жарғылық капитал, резервтер, қорлар, бөлінбеген табыс және басқалары);*банктің активтілігімен сипатталатын тартылған қаражаттардың аккумуляциясы (салымдар, депозиттер, есеп айырысу, ағымдық, корреспонденттік шоттар);*заемдық қаражаттардың концентрациясы (алынған несиелер, айналысқа шығарылған қарыздық міндеттемелер). Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:*коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;*банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;*басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;*депозиттік операциялар. Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тарту мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құралады.

Еуропалық және американдық валюталық опциондардың ерекшелігі Опциондар мерзімдік келісім-шарттардың біріне саналады. Опцион дегеніміз белгілі активті оның анықталған бағамына және келісілге нуақытта сәйкес сатып алу, сату жөніндегі тараптарға берілетін құқықпен сатып алушыға жүктелетін міндеттеме (сатушыға) туралы екі жақты келісім шарт Опционның екі стилі белгілі: еуропалық және американдық. Еуропалық стиль бойынша опцион тек қана белгіленген күнде пайдаланылады. Американдық стиль бойынша опцион белгіленген мерзім ішіндегі уақыт шеңберінде жүзеге аса береді.

ИИИ

Ипотекалық несиелеу. Қазақстандағы ипотекалық жүйенің инфрақұрылымы. Ип-қ н-у халықтың – тұрғын үй жағдайын жақсартудағы, банктің – тиімді және табысты жұмыстағы, құрылыс кешенінің – өндірістің және халықты ип-қ н-уді кеңімен таратуға ықпал ететін эко-қ өсуге мүдделі мем-тің серпінді жұмыс істеуіне деген мүдделерді келісуге мүмкіндік береді.1998 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктер азаматтарға ипотекалық несие беруді жүзеге асырады.Бірақ, қазіргі уақытта қызметтің осы түріне ҚР азам-ң жекелеген санатына ғана қол жеткізе алады. Негізгі себептердің бірі - халықта сыйақы мен алғашқы жарнаны төлеу үшін қаражаттың болмауы.Осыған орай, "Қазақстандық ипотекалық компания" ЖАҚ(бұдан әрі - ҚИК) құрылды.2 деңгейдегі банктердің ип-қ несиелерді беру көлемін ұлғайту үшін ип-қ н-у б/ша талаптар құқығын сатып алу арқылы 2 деңгейдегі банктерді кері қарж-ру ҚИК қызметінің мақсаты. ҚИК қатысуымен ип-қ н-ру жүйесінде 8 банк және банктік опер-дың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс істейді. ҚИК бағдарламасы б/ша ип-қ несиелерді беру жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын "Каспийский" банкі, "Астана-Финанс", "ЦентрКредит" банкі, АТФ Банк, "БТА-Ипотека", Нұрбанк, Наурыз Банк Қазақстан, ТехакаБанк, Альянс Банк, Цеснабанк сияқты 2деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдары ҚИК серіктестері болып табылады. Ип-қ несиелерді кепілдендіру жүйесі маңызды роль атқарады. Ип-қ несиелерді кепілдендіру жүйесі 2деңгейдегі банктер мен ип-қ несиелерді сақтандыратын ұйымдар арасында несие б/ша несиелік тәуекелдікті бөлу арқылы ип-қ несиеге қол жеткізімдікті арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.Осыған орай 2003 жылы Қаза-қ ип-қ несиелерді кепі-ру қоры (бұдан әрі – ҚИНКҚ) құрылды.Комп-ң міндеті — тұрғындардың басым көпшілігіне ип-қ несие беру жолымен халықты тұрғын үймен қамз етуді көтеру.

ККК

Капитал жеткіліктілігі және оны анықтау әдістері. Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. «Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен анықтауға болады: МК = А-М мұндағы, МК – банктің меншікті капиталы, А – банктің активтерінің жалпы сомасы, М – банктің міндеттемелері. 1988ж.Базель комитеті келісімінің шешімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісімшарт» негізінде «Кук коэф.» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993ж.бастап күшіне енген бұл коэф. көптеген елдердің Орталық банктерінде, Қазақстанда пруденциалық норматив қатарында пайдаланылуда. Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті кап.екі элементті қамтиды: негізгі ж/е қосымша кап. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшн, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай әдіс баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.

Кепілдіктер және кепілдік берушілік. Кепіл ұғымы- Міндеттемеге сайкес несие берушінің борышқор кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік тиесілі адамның басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының осындай әдісі кепіл деп танылады. Кепіл берушілік - кепілдік бойынша кепілдік беруші,заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттеледі. Бірлесіп кепілдік берген адамдар, егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, несие беруші алдында ортақтасып жауап береді. Кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшінде жасалуы мүмкін. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттеледі. Кепілдік - қызметкерлерге әлеу-к-еңбек қатын-ы саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қам-з етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар. Кепілзат - кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі. Мат-қ-заттық мазмұнына қарай кепіл заттар мынадай топтарға бөлінеді: 1.Клиенттің мүліктерінің кепілі: *тауарлы-мат-қ құн-қтар кепілі: а)шикізат, матер., жартылай өнімдер; ә)тауарлар мен дайын өнімдер кепілі; б)валют-қ құнд-р, алтын бұйымдар кепілі; в)басқа да ТМҚ кепілі. 2.Мүліктік құқықтар кепілі:*жалгерлік құқық;*авторлық құқық;*жерге құқық кепілі. Келісімшартта қарас-ын мәселе:к/ш жасаушы тараптар туралы мәліметтер, к/ш заты, кепіл беруші мен ұстаушының құқықтары мен міндеттері, талап ету құқықтары, мүлікті қайта рәсімдеу,жауапкершілік, ерекше шарттар ж/е т.б.

Коммерциялық банк пайдасының қалыптасуы және қолданылуы. Банк пайдасы – қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы. Коммерциялық банктердің пайданы алу көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады.:*Ссудалық бизнес; *Дисконттық бизнес; *Сақтау бизнесі; *Банктік кепіл беру қызметі;*Бағалы қағаздармен жұмсалатын бизнес; *Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі; *Басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес; *Дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі. Ссуудалық бизнес екі элементтен тұрады: *клиенттерге ссудаға беру, яғни жеке және заңды тұлғаларға бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Дисконттық бизнес - төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Сақтау бизнесі - банктің трасталық және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түріне бакке табыс әкеледі. Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементерді қамтиды: *банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару оларды нарықта сату кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа эмитенттердің бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы операциялары. Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады: *өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан; *жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі үшін комиссия. Салымдар қабылдау және клиентердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді: *комиссиондық сыйақылар: а) шот ашқаны үшін б) шотты жүргізгені үшін дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып ұйреткені үшін және т.б. алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады. Коммерциялық банк пайдасы банктің негізгі қорының жаңартылуының және ұлғаюының негізгі базасы болып табылады. Сонымен қатар банктік меншікті капиталдың, қаржылық тұрақтылығының, қызмет көрсетулердің сапасын жоғарылатудың негізгі көзі. Банк пайдасы келесі жағдайларға қолданылады: *бюджетке салық төлеуге; *акционерлерге дивиденд төлеуге; *табыстарды капитализациялауға.

Коммерциялық банктердің активті операция ларын басқару. Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды. Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады: ссудалық операциялар; инвестициялық опер; қаржылық опер; басқа да операциялар. Банк активтік операциялары ның маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Коммерциялық банктердің несиелік саясаты. Несиелік саясат—банктің н-лік жұмысын ұйым-ру негізән ж/е н-у процесіне қажеттіқұжаттар жүйесін жасау шарттары. Н.с. мәні н-у процесіндегі банктің жүргізетін стратегиясы ж/е тактикасын белгілеу. Элементтері:1.жалпы жағдайы(мақсат, міндет,н-к механизм, н-к саясат өзгерістері); 2.Принциптері ж/е басымдықтары(н-к рес-ды тарту ж/е қолдану); 3.Параметрлері(1қарыз алушыға келетін н-е шектеулері жарияланған к-л сомасына қатынасы б/ша н-к порт.шектеулері, қарыз алушылардың қаржылық жағ-на қойылатын талаптар);4.Н-к шешім қабылдау(н-к өтініш бағалау,н-к құжаттарды дайындау,н-ң қам-з етілуі);5.Н-ді басқару(жобаның іске асуын бақылау, н-у классиф-сы, н-к порт.талдау,прозивия,ішкі аудит). Н.с.мақсаты—н-е опер-ң табыстылығын арттыру ж/е н-к тәуекелдерді төмендету.Н.с.дайындағанда келесі фактор.ескерілуі қажет:1.Макроэко.:елдің эко-қ жағдайы, ОБ-ң ақша-несие саясаты;2.Аймақтық ж/е салалық:қаржы;3.Ішкі банктік:менш.к-л көлемі,пассивтер құрылымы,персонал мүмкіндіктері.

Коммерциялық банктің балансы. Банктің табыстары мен шығыстарының есебі. Банк қызметін талдау банктің балансын талдауға негізделеді. Талдаудың басты бағыттарына мыналар жатады: *банк қызметінің көлемдік даму көрсеткіштерін бағалау, соның ішінде: банк активтерін, депозиттерін, меншікті капиталын, несиелерін және пайдасын бағалау. Бағалауды басқа банктердің осындай көрсеткіштерімен салыстыру арқылы банктің банк жүйесіндегі орнын немесе рейтингін анықтауға болады. Бұл талдаудың нәтижелері банктің даму стратегиясын жасауға мүмкіндік береді. *ресурстық базаны бағалау: банктің ресурстарының көлемін, құрылымын және негізгі даму ағымдарын, депозиттердің тұрақты және тұрақсыз бөліктерін анықтайды; *банк активтерінің сапасын бағалау: банк активтерінің көлемін, құрылымын, және даму ағымын бағалау арқылы табыс әкелетін және әкелмейтін, тәуекелді және тәуекелсіз, өтімді және өтімсіз активтер құрамын анықтау. Мұндай талдау нәтижесінда банктің несиелік, ивнестициялық, активтерді және пассивтерді басқару саясаты жасалады. *қаржылық коэффициенттерді, олардың нормативтік мәндерімен салыстыру арқылы, көрсеткіштердің өзгерісіне ықпал етуші факторларды айқындау, аквтивтер мен пассивтердің мерзімдері мен сомалары бойынша сәйкестік дәрежесін анықтау негізінде банктің өтімділігін бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банктің өтімділігін басқару саласында стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік жасайды. *банктің табыстылығы мен пайдалылығын, активтердің тиімділігін, банк табыстары мен шығыстарының құрылымын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді есептеу көмегімен банктің балансының мәліметтері және пайдасы мен зияны туралы есебінің негізінде банктің табыстылығын бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банк табыстылығын басқару саласында саясатын жасауға негіз болып табылады. *серіктес-банктердің қызметін талдау және бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банк үшін несиелеу лимиттерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктің шығыстары. Ком-қ банктердің шығыстарын нысанына ж/е есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады. Нысанына қарай: *пайыздық шығыстар, *пайызсыз шығыстар; *басқа да шығыстар. Пайыздық шығ.- клиенттердің талап ету ж/е мерзімді депозиттері, басқа банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктерден сатып алынған несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша төленген пайыздардан құралады. Пайызсыз шығ.- жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару аппаратын ұстау шығындары жатады. Басқа да шығыстар – банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервті құру, салық төлеу шығыстарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып сатарлық операцияларды жүзеге асыруға, банктің мүлкін сатуға және т.б. байланысты болатын зияндарды сипаттайды. Есепке алу тәсіліне қарай шығ.: *банктің операциондық және түрлі шығ. – банк төлейтін салықтарының бір бөлігі, тартқан қаражаттар бойынша төленген пайыздар, негізгі құралдардың амортизациясы, арзан бағалы тез тозатын заттардың, жарнама, есептесу орталықтарының, пошта және телеграф қызметтері үшін төлемдер, оқытуға төлемдер, бланктер, ақпарат тасымалдаушылар, орайтын материалдар үшін шығыстар ж/е капиталдық емес сипаттағы басқа да шығ. *басқару аппаратын ұстау шығ.-жалақы, сыйлықақы, ынталандыру ақысы, ғимаратты, құрал-жабдықтарды ж/е жеңіл машиналарды ұстау, күзет үшін шығ. Іс-сапар ж/е кеңсе заттары үшін шығ.(пайызсыз шығ.) *банк төлейтін айыппұлдар, өсімақылар ж/е т.б.шығ.

Кросс-курс,мәні,түсінігі және түрлері,негізгі жағдайлары Кросс-курс, кросс-бағам – шет ел валюталарының (ақша бірлігінің) белгіленген бағамы (курсы), олардың бір де біреуі бағамды белгілеген мәмілеге қатысушының ұлттық валютасы болып табылмайды; жекелеген ұлттық валюталардың басқа шет ел валютасына қатысты валюталық бағамы, олардың арасындағы айырма валюта иесінің айырбастау кезінде қосымша табыс алуына мүмкіндік береді.Шет ел валюталары бағамының тиісті деңгейлерінде ұлттық валютаны айырбастаудың мұндай тетігі қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің нұсқауларына сәйкес ақша айырбастау бекеті жеке тұлғалармен (резиденттермен және бейрезиденттермен) бір шет мемлекеттің нақты валютасын басқа мемлекеттің нақты валютасына айырбастау операциясын жасау кезінде ақша айырбастау бекетінің кассирі шет ел валютасын айырбастау жөніндегі тізімді белгіленген нысанда рәсімдеуге тиіс.

ҚҚҚ;

Қазақстан Республикасында банктік депозиттерді сақтандыру. Тұрақты депозиттік нарықтың қалыптасуына Қазақстан Ұлттық банкінің 1999 жылы 5 қарашада бекіткен “ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру)” ережесі негізінде құрылған “Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) Қазақстан қоры” АҚ-ның қызметі ықпал еткен десе болады. Ендеше осы қорға қысқаша тоқталайық.Қордың жарғылық капиталы 1 млрд теңге. Қордың құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады. Қордың банктік шоты Ұлттық банкте ашылған. Қордың қаражаты ережеге сәйкес мынадай бағытта орналастырылады: * Қор активінің 80-ын кем емес қаражатын мемлекеттің бағалы қағаздарына; * Ұлттық банктегі салымға (депозиттерді).Бұл Қордың мақсаты - “ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.Ережеге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қорға қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісіне мыналар жатады: - жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары сыйақыларымен; - жеке тұлғалардың шетел валютасындағы (доллар мен еуродағы) мерзімді салымдары сыйақсыз; - жеке тұлғалардың талап етілетін салымдары сыйақысыз.ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарына кепіл беру Қорға қатысушы банктерге берген куәлік негізінде жүзеге асады. Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттерін) және оның сыйақылары қандай валютада салымға салынса сол валютамен қайтарылады.Қор әрбір салымшыға (депозиторға) мынадай мөлшерде кепілдік береді: * теңгедегі мерзімді салымды - 700 мың теңгеден аспайтын сомада және банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын қайтарып алғанға дейінгі уақытқа есептелген сыйақы сомасын, Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің елу пайызы мөлшерінде; * АҚШ доллары және еуродағы салымды - салынған салымның (депозиттің) 90 теңгеге балама сомадан аспайтын мөлшерде сыйақысыз шетел валютасында, яғни Ұлттық банктің салық және кеден төлемдерін есептеу мақсатында белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты бағамы бойынша салым салынған валютада; * Теңгедегі талап ету салымын - 50 мың теңгеден аспайтын салынған салым көлемінде сыйақысыз.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 203. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.019 сек.) русская версия | украинская версия