Зындықтарды өлшеу тәсілдері
Тікелей әдіс кезінде ұзындықтарды өлшеу рулеткалардың,ленталардың және сымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Сызықтың ұзындығын өлшеу үшін ұзындығы 20 н/е 24 м, ені 10мм-ден 25 мм-ге дейін,қалыңдығы 0,2-0,44 мм болат өлшеуіш лента қолданылады. Арақашықтықты өлшегенде лентаны жерге жатқызып,олардың шеттерін диаметрі 3-4 мм,ұзындығы 40см болатынболат сымнан жасалған темір қазықшалар қадап белгілейді. Ара қашықтықты,әдетте мынадай әдіспен өлшейді.Алдынғы өлшеуіші қолына 10 темір қазықша мен лентаның тұтқасын алады да,лентаны өлшенілетін кесінді сызықтың бойымен тіке бағыттайды.Алдынғы өлшеуіш лентаны келесі аралыққа тартады,оның артқы ұшын бірінші темір қазықшағаілмегімен іліп,бірінші аралықты өлшеген кездегі барлық іс-қимылды қайталайды.Осылайша ұзындықты өлшеу процесі жалғастырыла береді. Сонымен соңында алдыңғы өлшеуішін белгілеп қадаған темір қазықшаларының саны лентаның толық орын ауыстыру санына тең болады. Сызықтың ұзындығы (D) мына формуламен анықталады D=20n+r Мұндағы n-лентаның ауыстыру саны, r-қалдық Жанама әдісте арақашықтарды өлшеу үшін оптикалық қашықтық өлшеуіштер,жарық және Радиоқашықтық өлшеуіштер кеңінен қолданылады.Сонымен қатар,ізделініп отырған арақашықтық аналитикалық жолмен есептеп шығару үшін,өлшенген бизистер мен бұрыштардың геометриялық арақатынасы пайдаланылады.Оптикалық қашықтық өлшеуіштермен арақашықтықты анықтаудың салыстырмалы қателіктері 1:200-ден 1:500-ге дейін,ал жарық және радиоқашықтық өлшеуіштерде 1:10000-нан 1:250000-ға дейінгі аралықта болады. 1.Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Геодезия- жер туралы ғылымның ежелгі бір саласы.Геодезия грек тілінен аударғанда «жерді бөлемін» деген мағына береді.Геодезия пәні дегеніміз бұл жердің пішінін зерттейтін,жердің бетін өлшеп,оны план ж\е карта арқылы бейнелеп көрсететін ғылым саласы.Оның шешетін басты мәселесі-1)Жердің фигурасын,пішін» мен көлемін ж\е сыртқы гравитациялық тартылысын,яғни тартылыс күшін анықтайды. 2)Берілген координаталар жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орнын анықтайды. 3)Жер бетінің картасы мен планын жасайды. 4)Жер бетінде Құрлыстарды жобалау,салу ж\е пацдалану үшін өлшеу жұмыстарын орындайды. Геодезия пәні әр түрлі ғылым саласына байланысты-жоғарғы гео-я,инженерлік г,космостық г,картаграфиялық,аэрогеодезия,топаграфиялық. 10.План ж.е карта туралы түсінік. Карта д.з- белгілі бір топаграфиялық проекциялар көмегіменен, Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықтарға кішірейтілген кескіні.Карталар маштабы -үлкне машт 1:1000-1:100000 аралығында -орта машт 1:200000-1000000аралығында -кіші машт 1:1000000 бірліктері қатынастарыында болып бөлінеді 17. Планда немесе картада аудандарды өлшеу. Көптеген инжинерлік есептеулерді шешу үшін жер бетінің ауданын білу қажет.Аудандар планда немесе картада графикалық түрде,аналитикалық және механикалық әдістермен анықталады. Графикалық әдіспен ауданды өлшеу. Планда немесе картада кішігірім жер бетінің бөлігінің ауданын анықтау үшін,сол жерді геометриялық фигуралармен бірнеше бөлікке бөледі немесе палетканы қолданады.Геометриялық фигуралармен ауданды анықтағанда кішігірім ауданды үшбұрыштарға,төртбұрыштарға,трапецияларға бөледі.Егер контур қисық немесе ирек сызықтармен берілсе,онда геом.фигуралар сол контурмен бірдейлетіп бөлінеді.Осыдан кейн планда фигуралардың элементтерін өлшеп,белгілі геом.формуламен ауданды есептейді.Бүкіл участкінің жалпы ауданын қосу арқылы анықтайды. Аналитикалық әдіспен ауданды анықтау. Егерде өлшеу нәтижесінде планда тұйық көпбұрыштың төбелерінің координаталары анықталса,онда көпбұрыштың ауданын аналитикалық жолмен табуға болады. Ауданды механикалық әдіспен анықтау. Инжинерлік практикада анағұрлым үлкен учаскілердің ауданын план немесе картада анықтағанда механикалық әдіс қолданылады.Бұл әдіс аудан өлшейтін арнаулы аспап планиметрге негізделген. 7.Сызықтарды бағдарлау. Жер бетінде геодезиялық жұмыстарды атқару бетіндегі көбінесе жүру маршруттық бағыттар арқылы бағдарлау тура келеді. Геодезияда бастапқы бағыттар ретінде мередиан қабылданған 3түрі бар. 1) Осьтік меридиан 2) Магниттік меридиан 3) негіз меридиан Осьтік мередианның сол бағытта сағат тілімен дирекциондық бұрыш д.а 35. Тахеометриялық түсіріс кезінде жергілікті жердегі сипаттамалау нүкте орындарын көбінесе полярлық тәсіл әдістерімен анықтайды.Тахеометр.т.тригонометрия әдісімен орындайды.Вертикаль және горизонталь бұрыштарды дүрбінің екі жағдайында өлшейді.Тахеометриялық түсіріс нәтижелері крока деп аталатын қағаз бетінде орындалады.Тахеометриялық т.түсіру негіздері ретінде пайдаланатындар:құрылыс трассасы,тұйық полигон,аспалы жүрістер.Түсіру нүктелері әрқашанда көруге ыңғайлы биік жерлерде орналасқан дұрыс.Түсіру нүктелерінің арақашықтығы 350 м көп,50 м аз болмау керек. Тахеометр.т.планын салу келесі ретпен орындалады: 1) тірек пунктері мен түсіру негіздерінің нүктелерін координаталар арқылы торға салу және биіктк мәндерін жазу. 2) планға рейкалық нүктелерді салу,олардың реттік санын және биіктігін жазу. 3) абристегі деректер бойынша ситуациянв планға түсіру. 4) нүктелердің биіктік мәндерімен интерполяциялау және горизонтальдарды салу. 36. Тахеометрлік түсірістің мәні. Тахеометрлік түсіріс топографиялық түсірістің бір түрі.Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельф бейнеленген план алынады.Тахеометрлік т-ң аспаптарына теодолиттермен қатар тахеометр деп аталатын аспаптар жатады.Тахеом.түсірістер кішігірім жердің ірі масштабты планын алу үшін қолданылады.Құрылыс салынған жерлерді,жол ізденісінде трасса бойын түсіргенде түсірісті қолдану тиімді.Тахнометрлік т.өзара биіктікті анықтау үшін тригонометриялық нивелирлеу әдісі қолданылады.Тахеометрлік түс.орындау үшін теодолиттер: Т15,Т15К,Т30,2Т30 аспаптары қолданылады.Тахеомертлік түс.ізденіс кезіндегі түсіру масштабтары 1:500,1:1000,1:2000. 23. Теодалит - горизонталь және вертикаль бұрыштарды, арақашықтық пен бағдарлау бұрыштарын өлшеуге арналған аспап. Теодалиттер дәлдігіне, санақ тетіктеріне, өстер жүйесінің құрылғысына және қызметіне қарай топтасады. Теодалиттің құрылысы. Құрылыста инжинерлік жұмыстарын орындау үшін көбінесе техникалық теодалиттер Т30 және 2Т30 қолданылады.Теодалит штативтің қондырмасына теодалитті жауып тұратын металдан жасалған футлярдың дөңгелек табанымен орналастырып, қондыру бұрандасымен бекітеледі. Осылай жасалған құрылғы өлшеу кезінде теодалитті жабық қалпында бір нүктеден екінші нүктеге көшіруге мүмкіндік жасайды. Қондыру бұрандасының ішінде ілмек бар. Сол ілмекке нүктені центірлеу үшін тіктеуіш іледі. Сонымен қатар, нүктені центірлеу көру дүрбісі арқылы жасалынады. Ол үшін көру дүрбісін объективімен төмен вертикаль қалыпта орналастырады. Теодалиттің тұғырын штатив қондырмасында жылжытып, вертикаль остің қуысы арқылы жіптік тордың қиылысын өлшенетін бұрыштың төбесіне әкеледі.Теодалиттің вертикаль осін тіктеуішке әкелу үшін үш көтеру бұрандасымен алидада орналасқан горизонталь деңгейлеуіш арқылы орындалады. Вертикаль дөңгелектің алидадасында деңгейлеуіш болмағандықтан горизонталь дөңгелектің деңгейлеуіші коллимациялық жазықтыққа параллель болады. Колонка арқылы алидада корпусымен дүрбі бекітіледі. Дүрбі затқа фокустеу кремальер бұрандасы арқылы орындалады. Жіптік торды айқын көру үшін диоптрий сақинасын айналдырады. Жіптік тордың орналасуын түзету бұрандалары арқылы реттейді. Олар дүрбідегі қалпақтың астында орналасады.Теодалиттің айналып тұратын бөлігін бекіту үшін бекіту бұрандаларыменжабдықталған: лимбаның бекіту бұрандасы, алидаданың бекіту бұрандасы, дүрбінің бекіту бұрандасы. Дүрбіні затқа горизонталь жазықтықта дәл нысаналау алидаданың туралау бұрандасымен, ал вертикаль жазықтықта дәл нысаналау дүрбінің туралау бұрандасымен орындалады.Теодалитті лимбамен микрометрге айналдыру үшін лимбаның туралау бұрандасы қолданады. Буссоль - магниттік азимуттар мен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап, штатив - бір ұшы арнайы түрде қозғалмалы бекітіліп істелінген үш тағанды қарапайым құрал.Теодалит осы штативтің бас бөлігіне - орнықтырғыш винт арқылы бекітіледі. 22. Теодолитті топтастыру. Теодоли т – горизонталь,вертикаль бұрыштарды,арақашықтық пен бағдарлау бұрыштарын өлшеуге арналған аспап. Теодолиттер дәлдігіне,санақ тетіктеріне,остер жүйесінің құрылысына және қызметіне қарай топтасады.Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты, МЕСТ 10529-86 талабына сай 3 түрге бөлінеді. 1)Жоғарғы дәлдікті теодолит Т1- 1 және 2 класты триангуляция мен полигнометрияда бұрыштарды өлшеуге арналған,орта квадратты өлшеу қатесі- 1'. 2)Дәл теодолит Т2 -3 және 4 класты триангуляция мен полигонометрияда бұрыштарды өлшеуге арналған,орта квадратты өлшеу қатесі- 2'; Т5 -триагуляция торлары мен 1 және 2 разрядты полигонометрияда бұрыштарды өлшеуге арналған,орта квадратты өлшеу қатесі- 5'. 3)Техникалық теодолиттер Т15,Т30,Т60 -теодолит пен тахеометрлік жүрістерде және түсіру торларында бұрыштарды өлшеуге арналған,орта квадратты өлшеу қателері 15’,30’және 60.Санақ тетіктерінебайланысты верньерлі және оптикалық; теодолиттер болып бөлінеді.Санақ тетігі верньермен жабдықталған металдан жасалған теодолиттер (ТТ-50,ТТ-5) Бұрыш өлшейтін құрылғылары шыныдан жасалған теодолиттерді оптикалық теодолиттер дейді.Қызметіене қарай теодолиттер келесі түрге бөлінеді. 1) Теодолит-горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге арналған аспап. 2) Тахеометрлер-горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге және жіптік қашықтық өлшеуішпен н/е оптикалық өлшейтін қондырма мен ұзындықты анықтауға арналған.Барлық техникалық теодолиттер (Т15,Т30,Т60)тахеометрлерге жатады. 3) Арнаулы қызметтік теодолиттер;астраномиялық теодолиттер(АУ 2/10,АУ 2/2) ендік,бойлық және азимутты анықтау үшін арналған;маркшейдрлік теодолиттер (Т15М,Т30М)-жерасты өлшеу жұмыстарында қолданылады; Теодолит-нивелир(ТН),теодолит-жобалық(ТТП)-бөлужұмыстарында қолданылады; арнайы теодолиттер-гидротеодолиттер,фототеодолиттер,лазерлі және кодты теодолиттер. Инженерлік істерде оптикалық теодолиттер Т30, Т15,Т5 кең таралған.
25. Теодалитті тексеру. Өлшеудің алдында теодалитті мұқият қарап тексереді, себебі әр сериямен шығатын аспаптардың өзіндік ерекшелігі болады.1) Горизонталь дөңгелектің алидадасындағы цилндірлік деңгейлеуіштің осі теодалиттің айналу осіне перпендикуляр болу керек, яғни айтқанда ZZ UU.2) Дүрбіні көздеу осі VV теодалиттің горизонталь осіне перпендикуляр болу керек, яғни айтқанда VV HH. Егер бұл шарт орындалса, онда дүрбінң көздеуіш осі айналғанда коллимациялық жазықтық құрады.3) Дүрбінің горизонталь айналу осі теодалиттің вертикаль осіне перпендикуляр болу керек, яғни HH ZZ.4) Жіптік торды тексеру. Жіптік тордың вертикаль штрихы дүрбінің коллимациялық жазықтығында болу керек.5) Нөлдік орынды тексеру. Вертикаль дөңгелектің нөлдік орны (HO) нөлгн не нөлгн жақын мәнге тең болу керек.
|