Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шаңның жіктелуі





 

Аэрозольдер ол дисперстік ортадан (негізінде ауадан) және ауада қалқымалы күйде болатын көптеген ұсақ, қатты және сұйық бөлшектерден тұратын дисперстік фазадан құралған аэродисперсті жүйелер, Өндірістік шаң осындай каллойдық жүйелердің бірі болып келеді.

Өндірістерде қатты заттардың дисперленуі көптеген технологиялық процесстерде болуы мүмкін.

Қопаруда, соғуда, тегістеуде, кесуде, ұнтақтауда, жонуда т.б. көптеген операцияларда. Осының нәтижесінде шаңның түзілуі өндірістерде ең көң тараған процесс болып отыр.

Өнеркәсіптік шаңдарды жіктеу оның жаратылу тегіне, шаң бөлшектерінің өлшемдеріне және адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша жүргізіледі (1кесте)

Түзілу механизмі бойынша аэрозольдер дезинтеграция аэрозольдеріне және конденсация аэрозольдеріне бөлінеді.

Дезинтеграция аэрозольдері – олар қатты заттарды ұнтақтауда пайда болады (басқаша-ұнтақтау аэрозольдері деп атайды). Дисперстік фаза бөлшекерінің формалары әрқашанда дұрыс (біркелкі) болмайды, олардың өлшемдері әрқилы-ультрамикроскоптіктен бастап өлшемдері айтарлықтай бөлшектерге дейін.

Конденсация аэрозольдері – олар балқытылған заттардың буларының конденсациясында пайда болған аэрозольдер. Олардың бөлшектерінің формалары көбінесе домалақ немесе дұрыс кристаллдық түрде болады. Металл буларын ауада салқындатуда металлдардың және олардың тотықтарының конденсация аэрозольдері пайда болды. Металлдардың хлорлық тұздарының ауада ыдырауында және гидролизінде күрделі бу-газ-аэрозольді қоспалары пайда болады, мұнда дисперстік фазасы элементтердің тотықтарының қатты бөлшектерінен және тұз қышқылы тұмандарының бөлшектерінен тұрады, ал дисперстік орта-ауадан, будан, хлордан және ауадағы оттегімен және су буларымен реакциясында түзілген басқа қоспалардан тұрады.

Жаратылыс тегі бойынша шаңдар –органикалық, бейорганикалық және аралас деп ажыратылады.

Органикалық шаңдар – табиғи жануарлық текті (сүйек, жүн, тері) немесе өсімдік текті (ағаш, мақта, зығыр, ұн, қант т.б.) және жасанды-пластмасса, резина, смолалар, бояулар және басқа синтетикалық өнімдерінің шаңдары.

Бейорганикалық шаңар – минералдың (кварцтік, силикаттық, асбестік, цементтік, фарфорлық т.б.) және металлдық) мырыш қорғасын, сынап, темір, марганец, хром т.б.) шаңдары.

Кесте

Түзілу әдісі бойынша Жаратылу тегі бойынша Дисперстігі бойынша Әсер ету сипаты бойынша
1. Дезинтеграция аэрозолдері 1. Органикалық 1.1. Өсімдіктік 1.2. Жануарлық 1.3. Жасанды 1. Ірі дисперстік-көзге көрінетін, 10 мкм жоғары. 2. Орташа дисперстік-микроскопиялық, 0,25 тен 10 мкм дейін. 3. Ұсақ дисперстік ультрамикроскопиялық, 0,25 мкм төмен. 1. Тыныс алу органдарының арнаулы сырқттару (пневмокониощдар, шаң бронхиттері)
2. конденсация аэрозольдері (буланудағы жәнесоңынан конденсацияланудағы) 2. Бейорганикалық 2.1. Минералдық 2.2. Металлдық 3. Аралас 3.1. Минералды-металлдық 3.2. Органикалық және бейорганикалық       2. Арнаулы емес сырқаттар. 2.1. Терінің 2.2. Көздің 2.3. Өкпенің (пневмониялар, туберкулез, рак т.б.)

 

Араласты шаң түрлеріне металлургия кәсіпорындарында, химиялық және басқа өндірістерінде түзілуші шаңдарды жатқызады. Олар өздерінің құрамы бойынша араласты болып келеді. Мысалы: топырақ шаңы минералдық және органикалық компоненттерден тұрады, өсімдік текті шаңның құрамында минералдық қоспалардың бөлшектері болады, металладр мен қоспаларды өндіру және өңдеу өндірістердегі шаңның құрамында минералдық және металлдық қоспалары болады.

Дисперстігі бойынша шаңдарды былай ажыратады:

1. Ұсақ дисперсті және ультрамикроскопиялық (өлшемдері 0,25 мкм дейін);

2. Орташа дисперсті немесе микроскопиялық (өлшемдері 0,25 тен 10 мкм дейін);

3. Ірі дисперсті (өлшемдері 10 мкм жоғары).

Шаң, көптеген бөлшектерден тұратын жүйе ретінде, ең бірінші кезекте, дисперстік дәрежесімен сипатталады, яғни дисперстік фазадағы бөлшектердің өлшемдері мен аэрозольдің көлеміндегі олардың меншікті салмағымен.

Шаңдардың дисперстік дәрежесі оларың құрамындағы бөлшектердің ауада өзін қалай ұстауын анықтайды.

Мысалы, түтіннің құрамындағы бөлшектердің өлшемдері 0,01 ден 0,1 мкм дейін, яғни молекуланың өлшеміне жақын, сондыұтан олардыңбөлшектері броундық қозғалыста болады. Осының нәтижесінде, бөлшектердің соқтығысу ықтималы жоғары болып,олар коагуляцияланып өлшемдері маңызды ұлғайып, Ньютонның (егер бөлшектер үлкен болса-өкпіндеу арқылы) немес Стокстің (егер бөлшектер үлкен болмаса – біралыпты жылдамдықпен) заңыына сәйкес шөгеді. Түтіндерден басқа аэрозольдердің конденсацияларының флокуляциялану және олардың кангломеранттарының шегу қабілеті бар.

Шаңның тыныс алу органдарында ұсталып қалуы мен оның ішінде таралуы шаңның дисперстігіне байланысты. Бөлшектердің өлшемі ұлғайған сайын, олардың тыныс алу органдарында ұсталып қалуы мен оның ішінде таралуы шаңның дисперстігіне байланысты. Бөлшектердің өлшемі ұлғайған сайын, олардың тыныс алу органдарында ұсталып қалуының жалпы пайызы өсе түседі. Мұнда, алвеолаларда 5 мкм өлшемнен төмен, әсіресе 1-2 мкм бөлшектер ұсталынып қалады. Керісінше, жоғағы тыныс жолдарында ұсталып қалған бөлшектердің пайызы, олардың өлшемдері ұлғайған сайын өсе түседі.

Өкпелердегі шаңды лимфа жүйелері арқылы шығаруда шаң бөлшектері өлшемінің маңызы өте зор. Мысалы: ультрамикроскопиялық шаңдар (өлшемі 0,1 мкм төмен) альвеолардан шаңдық клеткалары арқылы лимфа жүйелерімен жеңіл әкетіліп, лимфа түйіндерінде ұсталмай, өкпелерден шығарылады. Ал 1-2 мкм өлшеміндегі бөлшектер, керісінше, лимфа аппараттарында ұсталып қалуына бейімді келіп, олардың пневмокониялық әсерін неғұрлым жоғарылатады. Кварц шаңдарымен жүргізілген арнаулы сынақтардың нәтижелері 1-2 мкм өлшемдегі бөлшектердің фиброгендік әсері өте жоғары екендігін көрсетіп отыр.

Қазіргі таңда гигиеналық тұрғыдан ең тиімдісі ретінде Н.А. Фукстің ұсынған жіктемесі қабылданған, ол азды-көпті шамада аэрозольдердің маңызды физикалық-химиялық ерекшеліктерін ескерген.

Н.А. Фукстің терминологиясы бойынша нағыз шаңға (тозаңға) дисперстігіне байланыссыз, қатты бөлшектердің дезинтеграция аэрозольдері жатады, ал түтіндерге қатты дисперсті фазадағы конденсация аэрозольдер жатады, ал тұмандарға – олардың пайда болу тегіне және дисперстігіне байланыссыз, сұйық дисперстік фазадағы барлық аэрозольдер жатуы керек (табиғи немесе жасанды су тұмандары).

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 3401. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия