Иммунды жүйелердің пайда болуы және жұмыс істеуі3. Барлық қатардағы лимфоидты қан түзуші жасушалардың дамуы. мұндай клетканың дамуы үшін кейбір цитокиндер қажет болады. 4. Әйелдердің репродуктивті жүйесінде: - жасушалардың жойылуы (ооциттер, фолликулярлық клеткалар); - сары дененің жойылуы; - лактация тоқтағаннан кейінгі сүт безі лактоциттердің жойылуы Мейоз -жасушаның күрделі бөлінуі, оның нәтижесінде бір диплоидты аналық жасушадан төрт гаплоидтық жыныс жасушалары пайда болады. Мейоз - жасушаның ДНҚ еселенуінсіз (қысқа интерфаза) екі рет бөлінуі: оның бірінші бөлінуін - редукциялық;, екіншісін - эквациялық бөліну деп атайды. Мейоздын әрбір бөлімі митоз сияқты төрт фазадан (профаза, метафаза, анафаза, телофаза) тұрады. Мейоздың негізгі корытындылары – гаплоидты жасушалардың пайда болуы, тұқым қуалаушылық материалдарының рекомбинациялануы, оның бірінші бөлінуінде жүзеге асады. Профаза-1 бес сатыға жіктеледі: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез. Лептотена сатысында диплоидты хромосомалар ширатыла бастайды, нашар тығыздалған жіпке ұқсайды. Зиготенада гомологтік хромосомалар әрі қарай шира- тылып бір-біріне жақындап, қосылып жұптар құрайды (коньюгацияланады). Хромосома жұптарының саны гаплоидтық хромосома санына, яғни адамдарда 23 тең болады. Пахитена сатысында гомологтік хромосомалар толық қосылып төрт хроматидадан тұратын биваленттер түзеді. Бұл сатыда хроматидалар әрі карай ширатылып бір-бірімен айқасады. Осы сатыда айқасқан хромосомалар өзара генетикалық материалдармен алмасады; оны кроссинговер процесі деп атайды. Диплотена сатысында гомологтык хромосомалардың ширатылуы сәл-сәл жазылып, олар бір-бірінен ажырай бастайды, дегенмен, олар әлі де болса, бір-бірімен хиазмдер арқылы байланысып тұрады. Диакинез сатысында хромосомалар одан әрі ажырайды,өте тығыз ширатылады, ядро қабықшасы ериді, ядрошық жойылады, бөліну ұршығы пайда болады. Оогенез процесінің алғашқы бөлінуінің профазасында 4 және 5 сатылар аралығында ерекше саты — диктиотена сатысы болады. Бұл саты эмбриогенезде басталып қыздар 11-13 жасқа, яғни жыныстық жетілген жасқа, келгенге дейін созылады. Бұл кезде хромосомалар ерекше морфологиялық формаға айналып әрі қарай бөлінуін уақытша тоқтатады.Ал жыныстық жетілу кезінде гипофиздің лютеиндеуші гормонының әсерінен ай сайын бір овоцит өзінің бөлінуін әрі қарай жалғастырады.
|