Студопедия — Кеңірдек
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кеңірдек






Кенірдек,trachea көмейдің жалғасы ретінде VI мойын омыртқаның төменгі жиегі деңгейінде басталып,V кеуде омырқасының жоғарғы деңгеінде аяқталып,сол жерде екі-оң ж/e сол жақ бронхыға бөлінеді.

Кеңірдек ұз.9-11см,орташа көлденең диаметрі 15-18см.

Кеңірдектің топографиясы –мойындық бөлімі жоғары жағынан қалқанша безбен қамтылып,артқы жағынан өңешке жанасады.Ал бүйір жақтарында жалпы ұйқы артериялары орналасады.

Кеңірдектің құрылысы:Кеңірдек қабырғасы фиброзды,сақиналы байламдармен,Ligg.annularia,қосылған.16-20 толық емес шеміршекті сақиналардан cartilagines tracheales тұрады;әрбір сақина шеңбердің 2/3 бөлігін ғана алып жатады.Кеңірдектің арқы жарғақты қабырғасы,paries membranaceus,жалпайған ж/е онда көлденең,бойлық,тыныс алғанда,жөтелгенде ж/е т.б.жағдайларда кеңірдектің белсенді қозғалысын қамтамасыз ететін біріңғай салалы бұлшықет тіні будалары болады.

Кенірдектің негізгі қызметі тыныс алуға қатысады.

Көмекей құрылысы,қызметі. Көмей,larynx, тыныс алу жүйесінің ішіндегі құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі мүше.Көмей мойынның алдынғы аймағының ортаңғы бөлігінде,ересек адамдарда 4-6мойын омыртқалар аралығында орналасқан.Көмей жоғарыда тіласты сүйегімен байламдар, жарғақтар және бұлшықеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан.Көмейдің ішкі шырышты қабығы, tunica mucosa жұқа, түсі қызғылт,дауыстық қатпардың тұсында ақшылдау болып орналасқан.Көмей қақпашығының артқы бетінің шырышты қабығы дауыс байламының бойындағы шырышты қабықпен тығыз дәнекер тін арқылы,ал көмейдің қалған бөлігіндегі шырышты қабықпен іркілдеген дәнекер тін арқылы байланысқан.Шырышты бездер мен лимфа түйіндеріне өте бай.Көмей шеміршектері сыртқы пішініне,атқаратын қызметіне қарай жұп және тақ гиалин н/е эластикалық шеміршектерден тұрады.Гиалинді шеміршектер: қалқанша шеміршек cartilago thyroidea, жүзік тәрізді шеміршек cartilage cricoidea, ожау тәрізді шем. cartilago arytenoidea.Ал эластикалық шеміршектерге: мүйіз тәрізді шеміршек cartilago corniculata және сына тәрізді шеміршектер cartilage cuneiformis жатады.К өмей бұлшықеттері musculi laryngis,атқаратын қызметіне қарай: дауыс саңылауын кеңейтетін, тарылтатын және дауыс байламын керетін бұлшықеттерге бөлінеді.Дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшықеттер: артқы жүзікожау тәрізді бұлш. m.cricoarytenoideus posterior және қалқаншакөмей қақпашығы бұлшықеті m.thyroepiglotticus.Дауыс саңылауын тарылтатын бұлш: латералді жүзікожау тәрізді б. m.cricoarytenoideus lateralis, қалқанша ожау тәрізді б.m.thyroarytenoideus, Көлденең ожау тәрізді б. m.arytenoideus transverses, қиғаш ожау тәрізді б. m. arytenoideus obliguus.Дауыс байламын керетін б: жүзікқалқанша б.m.cricothyroideus және дауыс бұлшықеті m.vocalis.

 

 

17. Асқазан, ventriculus, асқорыту жолының қалта тәрізді кеңейген жері болып табылады. Қарында өңеш арқылы тамақ жиналып, асқорытудың 1-ші сатылары өтеді, тамақтың қатты бөліктері сұйық немесе ботқа тәрізді қоспаға айналады. Қарында алдыңғы қабырға,paries ant., мен артқы қабырғаны,paries post., айырады.

Қарынның жоғары және онға қараған ойыс жиегінің кіші қисықтығы,curvature ventriculi minor, деп, ал төмен және солға қараған дөнес жиегі үлкен қисықтығы, curvature ventriculi major, деп аталады. Кіші қисықтығында, кіреберістен гөрі шығаберіске жақындау жерде ойық,incisura ang., байқалады, ол жерде кіші қисықтығының екі учаскесі сүйір бұрыш,angulus ventriculi, жасай түйіседі.

Қарында мына бөліктерін ажыратады:

1.өнештің қарынға кіреберіс жері, ostium cardiacum

2. қарыннаң жүрекке жанаса жатқан бөлігі, pars cardiaca

3. шығар жері-pyloris,

қақпашы, оның тесігі –ostium pyloricum, қарынның жанасып жатқан бөлігі –pars pyloris, қарынның солға қарай жартышар тәрізді бөлігі түбі, fundus, немесе күмбезі, fornix, деп аталады. Денесі,corpus ventriculi, қарын күмбезінен, pars pylorica, дейін созылады. Pars pylorica, өз кезегінде, antrum pyloricum, қарынның денеге жақын учаскесінде және,canalis pyloricus - pylorica, тікелей жанасып жатқан енсіздеу, түтік тәрізді бөлікке бөлінеді.

Құрылысы. Қарын қабырғасы 3-қабықтан тұрады:1.Tunica mucosa,-күшті дамыған шырысастылық негізі, tela submucosa, бар шырысты қабықша; 2. Tunica muscularis, - бұлшықетті қабықша; 3. Tunica serosa,-серозды қабықша.

Tunica mucosa, қарынның негізгі қызметі – қышқыл ортады асты химиялық өндеуге сәйкес құрылған. Осыған байланысты шырышты қабықшада қарын сөлін,succus gastricus, жасап шығаратын арнаулы қарын бездері орналасқан, қарын сөлінде тұз қышқылы болады. Бездердін 3-түрін ажыратады: 1. Кардиальды бездер,gl. cardiacae, 2. Қарын бездері,gl. gastricae, олар көп, қарын күмбезі мен денесі аймағында орналасқан және екі текті клеткалар болады: басты клеткалар (пепсиноген бөліп. Шығ) және қоршау клеткалар (тұз қышқылын бөліп шығарады) 3. Қақпашы бездер,gl. pyloricae, тек басты клеткалардан тұрады. Шырышты қабықшада шашырай орналасқан жекеленген лимфалық фолликулалар, folliculi lymphatici gastrici, болады. Шырышты қабықшаның меншікті бұлшықетінің және тамырлары мен нервтері бар шырышты қабықшаның жазылып және түрлі бағытта қатпарлар түзуіне мүмкіндік беретін борпылдақ шырышастылық негіздің болуынан пайда болатын шышырты қабықшаның қатпарларға,plicae gastricae, жиналу қабілетінің арқасында тамақ шышышты қабықшамен тығыз жанасып, қарын сөлімен барынша қанығады. Қатпарлар кіші қисықтың бойында юойлай бағытталып, қарын соқпағын түзеді, ол қарын бұлшықеттері жиырылған сәтте тамақтың сұйық бөліктері өңештен қарынның кардиальді бөлігіне соқпастан қақпашыға өтетін өзекке айналады. Шырышты қабықшада қатпарлардан басқа дөнгелекше келген, қарын алаңдары,, деп аталатын қыраттар жатады, олардың бетінде қарын шұқырларының көптеген кішкене тесіктері,foveolae gastricae, көрінеді. Осы шұқыршақтарға қарын бездері ашылады. Жаңа кезенде қызғылт-сұр түсті, соның ішінде өнещтің кіретін жерінде өнештің тегіс эпителийі мен қарынныңцилиндрлі эпителийі арасындағы өте айқын шекарасы жай көзге байқалады. Қақпашы тесігі, ostiumpyloricum, аймағында қарынның қышқыл ортасын ішектің сілтілік ортасынан бөлетін шырышты қабықшаның циркулярлы қатпары орналасқан орналасады: ол, valvula pylorica, деп аталады.

18. Жіңішке ішек, intestinum tenue, ас қорыту жүйесі мүшелерінің ішіндегі асқазан мен тоқ ішектің арасында орналасқан ең ұзын бөлік. Ұз: 2,2-4,4 м., мәйіттерде 5-6 м.

Топографиялық орналасуына ж\е атқаратын қызметіне байланысты: он екі елі ішек, аш және мықын ішекке бөлінеді.

Он екі елі ішек, duodenum, жіңішке ішектің бастапқы бөлімі. Ұз. 17-21 см, мәйітте 25-30 см. Топографкалық орналасуына қарай: жоғары, төменденген, горизантальді (төменгі) ж\е жоғарылаған бөлікке бөлінеді.

Аш ішек пен мықын ішек, intestinum tenue mesenteriale. Жіңішке ішектің Аш бөлігі, jejunum, деп аталуы, тамақ көпке дейін тұрақталмай мықын бөлігіне, ileum, қалыпты жағдайда бос орналасуына байланысты.

Жіңішке ішектің шажырқайлы бөлігі немесе аш ішек пен мықын ішек іш қуысының, mesogastrium, мен hypogastrium, аймағында орналасқан. Жоғарыда тоқ ішектің көлденең жиек ішегімен, бүйір қапталы тоқ ішектің жоғарланған ж\е төменденген жиек ішек аралығында орн. Мықын ішектің төменгі бөлігі жамбас қуысына қарай бағытталып орн. Бұл бөлікте, мықын-соқыр ішек бұрышынан 1 м қашықтықта, мықын ішек шажырқайының бекитін қабрғасының қарама-қарсы бетінде, ұз. 5-7 см, мықын ішек өсіндісі, diverticulum mekelii кездеседі, ол – эмбриондық даму кезіндегі уыздық түтік арнасының қалдығы.

Жіңішке ішек қабырға құрылысы:

-Шырышты қабық, tunica mucosa, қантамыр көптеп орн. байланысты бозғылт қызғылт түсті. Қуысқа қараған беті 1қабатты цилиндр тәрізді эпителимен жабылған. Бетінде 30 млн шамасында бүргелер, villi intestinale, бар. Ол бірынгай салалы бұлшыкет талшыктарынан ж\е кан тамырлар мен лимфа тамырынын капилярлык торынан турады. кызметі: корытылган коректік нәрлерді кантамыр мен лимфа аркылы организмге сініру. ж\е патогендік микробтарга карсы тұру үшін 15 мындай лимфа түйіншілерінен, folliculi iymphatici solitarii турады.

-Шырышасты негізі, tela submucosa, іркілденген дәнекет тіндерден, қантамырлар мен лимфа капиляр торларынан тұрады. Мұнда ішкі бетінде дөңгелек, plica circulares(жалпы саны 650дей), ж\е бойлык катпарлар болады, plica longitundianalis duodeni. Бүртіктер:-улкен буртік, papilla duodeni major, не Фатеров бүртігі деп аталады, уйкыбез тутігі мен жалпы өт тутігінін бірігуінен турады.-кіші буртік,, papilla duodeni minor, уйкыбез косалкасынан турады.

-Булшыкеттік кабаты, tunica mucosa, бойлык ж\е донгелек орналаскан еріксіз, бірынай салалы булшыкеттерінен турады. –донгелек кабаты, stratum circulare, он икі елі ішек улкен буртігінің кыскыш булшыкетін, m.sphincter papilla duodenu major, курауга катысады. –болык кабаты, stratum longitudinale, тамак боткасы курамындагы суйыктык пен корытылмаган тамак боткасын ішке откізу кызметін аткарады.

19. Тоқ ішек (intestium crassum) - жіңішке ішектің шетінен артқы тесікке дейін созылып жатыр. Жалпы ұзындығы 1,0 мен 1,5 м. Caecum аймағында 7 см-ге жетеді.

Ерекшеліктері:

1. Ерекше бойлық бұлшықетті таспалардың, teniae coli, болуы

2. Өзіне тән қампаймаларының, haustra coli, болуы

3. Майы бар сірлі қабық өсінділерінің, appendices epiploicae,болуы.

Құрылысы:

· Caecum, соқыр ішек тоқ ішектің басталатын жерінен оған жіңішке ішек құятын жерге дейінгі бірінші бөлігі болып табылады. Тік шамасы 6 см, көлденең шамасы 7ө7,5 см.

· Colon acsendens, жоғарылаған жиек ішек соқыр ішектің тікелей жалғасы болып табылады. Және екеуінің арасындағы шекара-ж343шке ішектің құяр жері.Ол осы жерден жоғары және сәл артқа қарай өтіп,бауырдың төменгі бетіне жетіп, осы жерде солға және алға қарай жиек ішектің оң иілімін- flexura coli dextra, түзіп, colon transversum -ге ауысады.

· Colon transversum, көлденең жиек ішек, ішектердің ішіндегі ең ұзыны, flexura coli dextra дан көкбауырдың тқменгі шетіндегі flexura coli sinistra ға дейін созылады. Ол жерде жиек ішек екінші иілім жасап, colon descendens ке ауысады.

· Сolon descendens, төмендеген жиек ішек, flexura coli sinistra дан төмен қарай, іш қуысының сол жағымен өтіп, мықын қыры деңгейінде colon sigmoideum ге ауысады.

· Сolon sigmoideum, сигматәрізді жиек ішек, төмендеген жиек ішектің жалғасы болып табылады. Тік ішектің басталатын жеріне дейін созылады.

· Rectum, нәжіс массасының жиналуы үшін қажет.

Қызметі: Су сіңіру

20.Бауыр,hepar,көлемді безді ағза.Массасы 1500г-ға жуық.Бауырдың қызметі әртүрлі,ол ең алдымен шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке келетін өт түзетін үлкен ас қорыту безі болып табылады.Оған бөгеу,тазарту қызметі тән:қанмен бауырға келетін белок алмасуының улы өнімдері бауырда нейтралданады.Бауыр зат алмасудың барлық түріне қатысады,ішектің шырышты қабығы сіңіріп алатын көмірсулар бауырда гликогенге айналады.Бауыр гормональдық қызметте атқарады.Эмбриондық кезеңде оған қан түзу қызметі тән,өйткені ол эритроциттер түзеді.Бауыр-асқорыту,қанайналым және гормоналды алмасумен қоса зат алмасудың барлық түрлері өтетін ағза.Бауыр тікелей көкеттің астында іш қуысының жоғарғы бөлігінің оң жағында орналасқан.Бауыр оң және сол жақ үлесті ажыратады.Оң үлес lobus hepatus dexter,ал сол үлес lobus hepatus sinister деп аталады.Бауырдың сірлі қабығының астында жұқа фиброзды қабық tunica fibrosa жатады.Ол бауыр қақпасы аймағында тамырлармен бірге бауырға еніп,бауыр үлесшелерін құрайды.Бауырдың үлесшелерінің арасында өт түтігі орналасқан.Олар бауыр үлесшелерінен шығып үлесшеаралық түтікшелерге құяды.Бұдан бауыр түтігі түзіледі.Жалпы бауыр түтігі екі түтіктен,кейде үш,төрт,бес түтіктен құралады.Бауырда екі веналар жүйесі бар:1)қақпалық; 2)кавалды

21.Ұйқы без pancreas асқазанның артында ұзындау келіп,көлденең бағытта орналасқан паренхиматозды мүше.Ересек адамдарда ұзындығы 14-18см көлденең ені 3-9см қалыңдығы 2-6см түсі бозғылт қызыл түсті.Ішастармен экстраперитонеалді жағдайда жауып орналасқан.Топографиялық орналасуына байланысты басы,денесі,құйрығы ажыратылады.

Ұйқы бездің басы caput pacreatis алдынан артына қарай қалыңдау орналасқан.Сонымен бірге басынынң алдыңғы,төменгі бетінде ілмек тәрізді өсінді processus uncinatus және басымен денесінің шектескен жерінде тілігі insizura орналасқан.Ұйқы бездің басында қосымша ұйқы без түтіктеріқалыптасып он екі елі ішектің кіші бүртігіне ашылады.

Денесі corpus pancreatisүшқырлы призматәрізді йқы бездің алдыңғы беті facies anterior артқы беті facies posterior ажыратылады. Сонымен бірге 3 жиегі жоғарғы жиегі margo superior,алдыңғы жиегіmargo anterior,төменгі жиегіmargo inferior ажыратылады.

Құйрығы cauda pancreatic басына қарағанда жоғары бағытталып,көкбауырдың төменгі қапталында орналасқан.

Топографиясы Ұйқы без іш қуысының жоғарғы бөлігінде ішастардың артында және кіндік пен сол қабырғаастылық амаққа тұспалас орналасқан.Скелетопиясы:ұйқы бездің басы омыртқа бағанасының оң қапталында 1-3 бел омыртқаларының аралығында орналасқан.Денесі 1-бел омыртқа тұсында құйрығы 11-12 кеуде омыртқаларының тұсында орналасқан. Синтопиясы:артқы беті төменгі қуыс венамен v.cava inferior және көкетпен шетескен;төменгі еті оғарғы шажырқайлық артериямен a.mesenterica superior шектеседі

Ұйқы без құрылысы:ол құрылысы жағынан күрделі түтікті ұяшықты бездерге және ішкі секреция бездеріне жатады.Бойынан бөлініп шығатын сұйықтығының атқаратын қызметіне қарай аралас бездерге жатады.Ұйқы бездің негізгі массасын ұйқы бездің бөлшегі құрап ол сыртқы секреторлық қызмет атқарады. Бөлшектерінің аралығында ұйқы бездің ішкі секреторлық,инкреторлық немесе эндокринді бөлігі ұйқы бездің аралшық аппараты орналасады.Аппараттың құрамында 4жасушаны ажыратады.олар қан мен лимфаға гормон бөледі.

Ұйқы бездің қанмен қамтамасыз етілуі:Ұйқы бездә алдыңғы және артқы жоғарғы ұйқы без он екі елі ішек артериялары,aa.pancreaticoduodenalis superior anterior et posterior және төменгі ұйқы без 12 елі ішек артериялары,aa.pancreaticoduodenalis inferior қанмен қамтамасыз етіп бұл артериялардыңьтармақтары ұйқы без тінінде өзара анастомоз құрады.

Ұйқы без веналары көкбауыр венасына, ол өзі қақпа венасының құйылымы.Ұйқы безден лимфа тамырлары ұйқы без,ұйқы без 12елі ішек,пилорикалық және бел лимфа түйінде бағытталады.Ұйқы безді кезбе нервтің тармақтары мен құрсақ сабауының симпатикалық нервтері нервтендіреді.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 5209. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия