Студопедия — Дәріс. Арнаулы салық режимдері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Арнаулы салық режимдері






Арнайы салық тәртібі бюджетпен есеп айырысудағы салық төлеушілердің жеке категориясына белгіленген, жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеуді және олар бойынша салықтық есеп беруді оңайлатылған тәртіпте беруін білдіреді.

Мыналарға:

1) шағын бизнес субъектілеріне;

2) шаруа (фермер) қожалықтарына;

3) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;

4) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне қатысты арнаулы салық тәртіптері көзделген.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық тәртібі төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспаған әлеуметтік салық, корпорациялық немесе жеке табыс салығына қатысты белгіленеді.

Салық және бюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Шағын бизнес саласындағы субъектілерге салықтың оңайтылған түрі бір реттік талон, патент, оңайтылған декларация негізінде жүргізіледі. Әрбір айтылған тәсілдер үшін оларды қолданудың шарттары белгіленеді.

Қызмет орны, кәсіпкерлік қызмет сипаты, табыс көлемі, қызмет түрлерінің жүзеге асатын саны, жалдамалы қызметкерлерді қолдану.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық тәртібі кейбір қызмет түрлеріне қолданылмайды: акциздік өнім өндіру, қаржылық қызмет, жер қойнауын қолдану, мұнай өнімдерін өткізуі, бірқатар лицензияланатын қызмет түрлері заңды тұлғалдардың филиалдарына, өкілеттіктерге, еншілес және тәуелді кәсіпорындарына. Эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде салықтық есептеу үшін бір реттік талон қолданылады – арнайы салық тәртібін қолдану құқықтығын куәландыратын және бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.

Оңайтылған декларация бойынша салықты есептеуді шағын бизнес субъектісі өз бетінше салық салу объектісіне заңмен белгіленген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді; салықты төлеу салықтық кезең бойынша бірдей үлеспен кезеңді түрде жүргізіледі.

Жеке кәсіпкерлер үшін арнаулы салық тәртібі патент негізінде рәсімделеді. Бұл жерде сәйкестілік критерийлері болып мыналар табылады:

1) жалдамалы еңбек үшін қолданбау;

2) бір қызмет түрімен айналысу;

3) жылдық айналымды белгілі көлемде шектеу.

Қожалық (фермерлік) шаруашылықтар үшін арнаулы салық тәртібі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде жүзеге асырылады, оның құрамында өндіру бойынша қызметтен төленетін жеке табыс салығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және қайта өңдеу, ҚҚС, жер салығы, көлік құралына және мүлікке салынатын салықтар бар. Бірыңғай жер салығын төлеу объектісі жер учаскесінің бағаланатын құны болып табылады, салық осы құнға 0,1% мөлшерлеме бойынша төленеді.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер басқа қызметтен алынатын жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы салымдарынан босатылмайды. Төлеуші салықтың жартысын 25 қазаннан кешіктірмей, ал екінші жартысын есептелінетін салық кезеңінен кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей төлеуі керек.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық тәртібі қызметі осындай өнімді өндіру, қайта өңдеу және сату үшін жерді қолдану мен байланысты субъектілерге, сонымен қатар жануар, құс, ара өнімдеріне қатысты жерді қолданумен байланысты субъектілерге, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге, жерді өңдеу, себу және жинау бойынша қызмет көрсетуге байланысты субъектілерге таралған.

Бұл салық тәртібі корпоративті табыс салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдарына кіретін патент негізінде жүзеге асырылады. Бұл жерде салық саласы 80% -ға азаяды. Салықты төлеу ағымдағы салық кезеңіндегі мамырға және 20 қарашаға дейін және келесі салық кезеңінің 20 мамырына дейін жүргізіледі. Салық төлеуші декларацияны басқа міндетті төлемдер бойынша көрсетеді. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнайы салық тәртібі ойын бизнесі, боулинг, картинг, бильярд, лото саласында қызмет көрсететін заңды тұлғалалар мен жеке кәсіпкерлерге (соның ішінде шетелдік жеке және заңды тұлғаларға) тарайды. Аталған қызмет түрлерінің субъектілері бюджетпен бекітілген жиынтық салық негізінде есеп айырысады, төлем көзінен әлеуметтік салық және жеке табыс салығын төлейді.

Бекітілген жиынтық салық былайша бөлінеді: 30% корпоративтік табыс салығы және 70%ҚҚС. Басқа салықтар мен міндетті төлемдер (акцизді қоса алғанда) жалпыға бірдей тәртіпте төленеді. Бекітілген жиынтық салықтың базалық минималды және максималды мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір салық салу объектісі бойынша бекітеді.

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары:

1. Арнаулы салық режимін қалай түсінесіз?

2. Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі немен сипатталады?.

3. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі деген не?.

4. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

5. Шаруа қожалықтарына (фермер) арналған арнаулы салық режимі қалай қолданылады?







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 2688. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия