Өндірістік мақсатқа байланысты гидроизоляциялық материалдар келесі негізгі топқа бөлінеді: сіңіп кететін, инъекциялық, жағылатын, жапсырылатын, тығыздаушы, монтаждық және насыпные болып. Бұлардың бір кемшілігі класификацияның, олардың қолдану жағдайының, өнімнін немесе шикізаттың мінездемесінің жоқтығында. Гидроизоляциялық материалдардың физикалық күйі кезінде қолдануы бойынша: сұйық, созынды-байланыстырушы, серпінді-байланыстырушы және қатты болады. Сұйық материалдар өз алдына сіңіп кететін, инъекциялық, қабыршақ түзуші және грунттық болып бөлінеді. Олар ыстық, жылы және салқын күйде қолданылады. Созынды-байланыстырушы материалдар жағылатын, жағылып-нығыздаушы, жапсырылатын, әрленетін болып бөлінеді. Олар ыстық, жылы және салқын күйде қолданылады. Серпінді-байланыстырушы мен қатты материалдарды бірігуіне болады. Олар көбінесе салқын күйде қолданылады және руллондық, пленкалық, даналық (штук) және насыпные болып бөлінеді.