Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Еденге төселінетін полимерлі материалдар





Пластмассалардың кеңінен қолданылуы олардың қасиеттерінің алуан тиімділігінде ғана емес, сонымен қатар, пластмассалардан бұйым жасаудың еңбекті көп керек етпейтін жоғары өнімділігінде. Пластмассалардан бұйымдар жасау үшін олардың қасиеттеріне байланысты мынандай тәсілдер қолданылады: престеу, қысыммен құю (шприцтеу-инъекция), үздіксіз сығып шығару (экструзия), біліктеу (вальцөвание-каландрирование) және т.б.

Престеу арқылы бұйымдар термореактивтік полимерлер негізінде өндіріледі. Престелетін материал кыздырылған (160°С) пресқалыпқа салынады да, онда жұмсартылып, пуансон арқылы қысыммен престелінеді. Престе бұйым 1мм қалыңдығына 0,5-2 минут ұсталынады. Бұл әдіспен қабатты пластиктер, ағаш жоңқалы (ДСП) және ағаш талшықты (ДВП) плиталар (тақталар) өндіріледі.

Қысыммен құю әдісін бұйымдарды термопластикалық массалардан; полистиролдан, полиэтиленнен, т.б. жасағанда пайдаланады. Цилиндрде пластмасса керекті төмператураға дейін қызады, бұдан соң поршень қойыртпақ материалды қысыммен пресқалыпқа береді. Салқындағаннан кейін қалып кері жылжығанда, дайын бұйым босатылады салынады). Бұл принциппен мысалы, полистиролдан тыстама (өңдегіш) тақтайшалар (плиткалар) өндіріледі

Пластмассалардың негізгі қасиеттері

Пластмассаларға тән сипат тығыздығының шамасы, механикалық беріктігінің жеткілікті, жылу изоляциялық жақсы, үйкеліске төзімді болуы. Пластмассаларды қалаған түске бояуға болады. Кейбір пластмассалар, мысалы, полиэтилен мөлдір келеді.

Пластмассалардың тығыздығы шамалы болуымен қатар, механикалық беріктігі жоғары. Парақша және талшықты толтырғыштары бар конструкциялық пластмассалар ерекше берік келеді. Мысалы, шыны пластиктердің сығу күшіне беріктік шегі 350МПа, созу күшіне беріктік шегі 550МПа; ағашқабатты пластиктердің бұл көрсеткіштері, сәйкесінше, 130МПа және 200МПа. Демек, пластмассалар жеңіл және берік. Сондықтан тығыз пластмассалардың конструкциялық сапа коэффициенті (беріктіктің тығыздыққа қатынасы) ерекше жоғары бірмен екінің арасында, ал қарағайдікі – 0,7, кәдімгі бетондыкі 0,8, қаланған кірпіштікі (яғни кірпішті қабырғанікі) – 0,02.

Толтырғыштары жоқ пластмассалардың жылуөткізгіштік коэффициенті төмен – 0,12-0,35 Вт/м×°С, ал ұялы пластмассаларда ерекше төмен – 0,03Вт/м×°С - ауаның жылу өткізгіштігіндей (0,02 Вт/м×°С) десе де болады.

Пластмассалардың басқа құрылыс материалдарынан айырмашылығының бірі - олардың беріктігі жоғары болса да, қаттылығы төмен. Мысалы, металдардың қаттылығы олардың беріктігіне сәйкес тура пропорционалды өседі. Осыған қарамастан, яғни қаттылығы төмен болса да, пластмассалар үйкеліс әсеріне өте төзімді, сондықтан олар еденге төсегіш материалдар ретінде кеңінен қолданылады. Мысалы, негізсіз поливинилхлоридті линолеумның ұйкеліске төзімділігі 0,03-0,05г/см2, поливинилацетат эмульсиясынан жасалған мастикалық еденің төзімдігі 0,02-0,03 г/см2, полимерцементті едендердікі 0,4 г/см, ал ең қатты тау жыныстарын ұйкеліске төзімділігі 0,01-0,1 г/см2.

Азаматтық кұрылыста үйдің ішін өңдеу: үшін қолданылатын пластмассалар уытты заттарды еш шығармауы керек. Пластмассалардың отқа төзімдігін жоғарылату үшін оларды өндіру кезінде құрамына антипириндер қосу қажет. Уақыт өткен сайын жылу, күн сәулесі, ауадағы оттегі әсерінен пластмассалар тозады, иілімділігін азайтады. Бұл процестердің әсерін әлсірету үшін пластмассалардың құрамына стабилизаторлар қосылады.

Еденге төселінетін полимерлі материалдар.

Үйкеліске төзімді, тазалық сақтауға қолайлы, қажетті жылу сақтау және дыбысөткізбейтін қасиеті бар, құрылыс жұмыстарын индустрияландыра (өркендете) алатын болғандықтан полимер материалдар еденге төсеу үшін кеңінен қолданылады.

Линолеумдер өткен ғасырдың аяғында рулонды материал түрінде натуралды (табиғи, таза) өсімдік майлары негізінде өндіріле бастады. Линолеум - латынша зәйтүн майын (оливковое масло) қосып өндірілген жұқа жарғақ (полотно) деген мағына беретін құрама сөз. Қазіргі кезде, ленолеумдер негізінде полимерлер қолдану арқылы жасалынса да, оның көне аты жок.

Линолеумді жағу әдісімен өндіргенде линолеум пастасын жылжып келе жатқан негізге жағады да пастаны сілікпелеу үшін оны, жылумен өңдеу камерасынан өткізіп, каландрда тығыздайды (4-сурет). Негіз ретінде зығыр, кендір және кенептен жасалған маталар жиі қолданылады. Жылу өткізбейтін және дыбыс жүтқыш негіз ретінде киіз және басқа да талшықты материалдар пайдаланылады.

Поливинилхлоридті линолиум жарғақ тұрлі өні 1200-2400 мм қалыңдығы 2,1мм дейін, үзындығы 12 м-ден кем емес болып өндіріледі. Поливинилхлоридті линолеум рулонға оралған тік күйінде 10°С кем емес температурада сақталынады. Оны еденге битумды не баска мастикалармен желімдөйді (жабыстырады). Еденге төселеін барлық полимер материалдардың 70% -ті берлік-поливинилхлоридті линолеум.

Резеңкелі линолеумделин көп қабатты болып өндіріледі. Үстіңгі қабаты үшін түрлі-түсті резеңке, ал төменгі қабатына ұсакталған ескі резеңкемен битумның қоспасы пайдаланылады. Релинді жылу және дыбыс өткізбейтін негіздер қолданып, өлшемі (ауданы) бір бөлменің өлшеміндей өтіп те жасайды. Оны әсіресе ылғалдылығы жоғары орындарда пайдаланған жөн.

  1. Практикалық /семинар сабақтарының тақырыптары мен мазмұны

1. Гидроизоляциялық материалдар құрылымы. Гидроизоляциялық материалдар қасиеттерін стандарт бойынша анықтау әдістері мен жабдықтары

2. Күдіксіз гидроизоляция шарттары. Гидроизоляциялық материалдар құрылымдық-механикалық қасиеттері

3. Судың конструкциялық материалға әсері. Судың жұғу құбылысы

4. Судың капиллярлармен жылжуы. Судың диффузиясы

5. Гидроизоляциялық материалдар құрылымдық-механикалық қасиеттерін жүйелеу.

Гидроизоляциялық материалдар қажетті шикізаттар

6. Битум

7. Қарамай

8. Битум-қарамай, битум-резина байланыстырғыш материалдары

9.Битум-полимер байланыстырғыш материалдары

10. Толтырғыштар мен қосымша заттар







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1550. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия