Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Батыс және шығыс өркениетін салыстырыңыз. Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз. Өзіндік тұжырымдама ұсыныңыз





Шығыс өркениет – шығыс мәдениеттерінің әр түрлі уақыт және мекен кеңістігіндегі даму деңгейін бейнелейтін жалпы атау. Шығыс өркениет көп жағдайда Батыс өркениетіне қарама-қайшы ұғым ретінде қолданылып, дәстүрлі қоғамның батыс мәдениетінен ерекшелігін айғақтай түсу үшін пайдаланылады. Шығыстағы дала өркениеті, ислам өркениеті, қытай өркениеті,үнді өркениеті, т.б. сипаты жағынан әр алуан және әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар мәдениеттердің болуы олардың бастау алатын рухани, діни, мәдени бастауларының әрқилылығымен анықталады. Жалпы адамзат өркениетінің ішінде өзіндік қайталанбас ерекшелігімен, рухани құндылықтарға қосқан мол үлесімен ерекшеленетін қазақ мәдениеті де дала өркениетінен бастау алатын, ислам өркениетімен құнарлана түскен жалпы Шығыс өркениет аясындағы дербес төл өркениет.Батыс өркениетінің құлдырау белгілері• Шрифтің өлшемі • Принтерден шығару • Add new comment.2011-ші жылдың 17-ші қыркүйегінде жүздеген америкалық Нью-Йорктің Уолл стрит көшесінің Закути паркінде жиналып: "Біз 99 пайызды құраймыз!" деп ұрандатқан кезде, ақпарат көздері капиталистік жүйенің келесі дағдарысының басталуы туралы хабарлады. Осы қозғалыс "Уолл стрит қозғалысы" деген атпен танымал болды. Көп ұзамай қозғалыс Американың басқа қалаларына, және капиталистік жүйемен басқарылып отырған кейбір мемлекеттерге дейін жетті. Қоғамдағы кедейшілік, жұмыссыздық, халық топтары арасындағы айырмашылықтар мен әділетсіздіктер, сондай-ақ америкалық басшылардың соғысқұмарлықтары осы ел халқының наразылықтарына себеп болды. Америка халқының әртүрлі топтары, атап айтқанда студенттер, мұғалімдер, жоғары оқу орындарының ұстаздары, жұмысшылар, өнер иелері мен жұмыссыздар "Уолл стрит қозғалысына" қосылды. Аталмыш қозғалыс ерекшеліктерінің бірі – оған қатысушылардың әртүрлі топтардан болуы болып табылады. Капиталистік жүйенің экономикалық құдыретінің белгісі болып саналатын халықтың Уолл стрит биржасы ғимаратының алдында жиналуы наразылардың қаржы ұйымдары, банктер мен капиталистердің қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік істерге әсер ететіндері туралы жақсы білетіндерін көрсетеді. Соңғы жылдардағы капиталистік қоғамдардағы наразылықтардың көбінде наразылар капиталистік экономикадағы жұмыссыздық, инфляция, салықтың көтерілуі немесе әлемдік саудаға көңіл бөлген. Ал "Уолл стрит қозғалысының" ұрандары капиталистік жүйенің негіздерін нысанаға алды. "Уолл стрит қозғалысына" қатысқан наразылардың ұраны –"Әлем әр адамның қажеттілігін қамтамасыз ете алады, бірақ әр адамның тойымсыздығын қамтамасыз ете алмайды" және "Дүниені құртудан бұрын, Уолл стритті құртайық!" болды.Наразылардың талаптары капиталистік жүйенің экономикалық мәселелерімен ғана шектелмеді. Олар Батыс өркениетінің негіздерін дағдарысқа тіреді. Ағымдағы 2012 жылдың 4 қаңтарында "Чикаго трибьюн": "Американың миллиондаған халқының пікірінше, мемлекетті билеп отырған жүйе сәтсіздікке ұшырады және теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұратын жолды таба алмайды. Егер "Уолл стрит қозғалысы" дәл ертең аяқталса да, Америкада мәселелерді көтере алды. Осы қозғалыс АҚШ халқының бірінші рет өз елінің экономикалық және саяси жүйелері туралы сұрақ көтеруіне себеп болды, "- деп жазды. Ақырғы жылдардағы капиталистік мемлекеттерде байқалған дағдарыстарға көңіл бөле, әртүрлі тоқырауларға себеп болып отырған Батыс өркениетінің кейбір негіздеріне шолу жасай аламыз.Батыс өзінің тарихы бойында әртүрлі кезеңдерден өтті. Осы кезде куә болып отырған Батыс өркениеті 14-17 ғасырлардағы «Ренессанс» дәуірінен шықты. Орта ғасырлардың соңынан даму үдерісі Шығыстан және Солтүстік Африканың Жерорта жағалауынан қарсы жағалау мен Батыс жерлеріне ауысып, ғасырлар бойы тоқырауда өмір сүрген халықтан жаңа дүниеге көзін ашты. Сол дүние «Ренессанс» деп аталады. «Ренессанс» - орта ғасырлардан кейінгі Еуропадағы мәдени қозғалыс. Ол капиталистік жүйенің пайда болуына әкелді. Ренессанс Батыс адамның өміріне жан-жақты өзгеріс әкелді. Ренессанс адамы орта ғасырлардағы барлық белгілі кездерін шетке қойып, дін, адам және ғылымға жаңа түсініктер берді. Шіркеудің үстем билігі дәуірінде оған ойланбай бағынды.Ирандық ойшыл Мұртаза Мутаһһари: "А... туралы мәселе діни қызметшілердің қолына түскен орта ғасырларда, ақиқатқа сай келмейтін, түсініксіз ұғымдар қалыптастырды. Олар ақылды адамдарды қанағаттандырмақ түгілі, олардың жиіркеніштеріне себеп болып, оларды илаһи мектепке қарсы көтерді. Шіркеу А...ны адамның бейнесінде көрсетіп, Оны адамдарға адамзат түрінде таныстырды. Еуропалықтар шіркеу түсініктерінің ғылыми мәліметтерге сәйкес келмейтінін көріп, оларды толық теріске шығарды", - деп жазған. Шіркеудің адам мен оның талпыныстарына көңіл бөлмеуі, ғалымдарға қарсы болуы, сондай-ақ, адамдардың құқықтарымен санаспауы уақыт өткен сайын халықты шіркеуге қарсы қойды. Осындай шараларда қазіргі Батыс өркениетінің негіздері болып табылатын секуляризм, гуманизм және либерализм мектептері пайда болды. Аталмыш ағымдардың сахнаға шығуымен, дін халықтың күнделікті тұрмысынан бірте-бірте шетке шығып, оның орнын философия, ғылым мен мистика толтырды. Аталмыш идеологияларда адамның ішкі Ж...ты іздейтін болмысына көңіл бөлінбей, ол барлық жаратылыстың негізі ретінде таныстырылып, А...ның орнын басты. Осылайша, әлем адамның күшімен жаратылғандай болды.Дінді қабылдамай, өмірде А... рөлін жоққа шығару Батыс адамдарын көптеген қиындықтарға тіреді. Осы кезде Батыс өркениетінің ең маңызды мәселесі – руһани дағдарыс болып табылады. Жылдар бойы діннен безіп, рухани мәселерді жоққа шығарған әрекеттері Батыс адамдарын көптеген психикалық әрі қоғамдық қиындықтар мен дағдарыстарға шалдықтырды. Әрине Батыс өркениеті мен олардың қазіргі тұрмысының ескерілген мәелелерге жауап беру мүмкіндігі жоқ. Америкадағы Гарвард университетінің ұстазы Корнел Вест Америка халықының рухани кедейлігіне тоқталып, өз отандастарына: "Қоғамға бажайлап қарасақ, өзіміздің рухани кедейлікке шалдыққанымызды байқаймыз. Күн сайынғы өз-өзіне қол жұмсайтындар, үйсіздер мен құрсақтағы баласынан құтылуға асығатын адамдар санының көбеюі рухани кедейліктің белгісі", - деп айтады. Осы кезде Америка мен Еуропада қисық ойларымен ахлақсыз әрекеттерге қол жұмсайтын жүздеген топтар пайда болды. Бал ашу, сиқыршылық, аруақтармен қарым-қатынас орнату, әйел құдайларға сыйыну және ежелден келе жатқан халықтардың құдайларына сенім арту – ахлақсыздықтың белгілерінің қатарына жатады. Олар ғылыми дамулардың алдын алады. Сырт көзге адам гуманизмді қолдайтындай болып көрінеді. Батыстың капиталистік жүйесінде адамдар адамгершілік пен әдемі мінез-құлықты маңызды деп санамайды. Олар әртүрлі жолдармен келетін пайдаларына ерекше көңіл бөледі. Уолл стрит наразылары "Американың банктік жүйесі халықты құлдыққа түсірумен тең" және "Келіңдер, доллардың құлы болмаңдар" деген ұрандарымен кемсітушілікті өзгертуді талап етті.«Уолл стрит» қозғалысы капиталистік жүйеге наразылық білдірушілердің арасында бірлік сезімін тудыруымен маңызды болды. Жеке адам либерализм негіздерінің бірі ретінде танымал. Бір топ адамның қажеттіліктерінің орнына жеке адамның қажеттіліктерін жоғары санайтын мектеп, қоғамдық қарым-қатынастан гөрі жеке адамның пікірлерін қолдайды. Капиталистік жүйедегі жеке адамның маңыздылығы қоғамдық және жанұя мүшелері арасындағы қарым-қатынастардың төмендеуіне, адамдардың бір-бірінен алыстауына және адамгершілік пен ахлақ құндылықтарының бос қалуына себеп болды. Америкалық тілтанушы әрі сыншы Наум Чамский өз кітаптарының бірінде: "Уолл стриттің негізгі жетістіктерінің біріне оның шынайы топ құруы жатады. Осы топ демократиялық негіздерге сүйеніп, бір-бірін қолдайтынын көрсетті. Бұл, әсіресе халқы бір-бірінен шеттеп, көршілік қарым-қатынастар жойылып, халық өзін жалғыз сезінетін қоғам үшін маңызы зор мәселе. 150 жыл бойы халыққа "басқаларды ұмыт, тек өзінді ойла" деген идеология таңылды. «Уолл стриттің» келесі жетістігі - олардың қазіргі жағдайды қабылдамайтындықтарын айқын білдіруі болып табылады. Бұл қозғалысқа қатысып отырған халық тек өздерін ойламайтынын көрсетті. Олар басқалар, қоғам және келешек ұрпақ үшін сахнаға шығып отыр", - деді.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 6247. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия