Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

С. Хантингтонның "өркениетте қақтығысы" тұжырымдамасы





Өркениеттер қақтығысы" - американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірнеше тілге аударылып, қызу пікір-талас тудырды. Кейінірек С.Хантингтонмақаласының негізгі идеялары оның "Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі" (1996) атты кітабында одан әрі өрбітілді. А. Тойнбидің ізінше Хантингтон өркениетті ең жоғарғы дәрежедегі мәдени қауымдастық ретінде және адамдардың ең ауқымды мәдени бірегейлігінің деңгейі ретінде қарастырады. Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латын американдық және африкандық. Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағын судай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, кері реакция тудыруда. Бұл әсіресе, діни фундаментализмнің қайта өрлеуінен көрініс табуда (исламдық, конфуциандық, шығыс- православиелік және т.б.). Батыстық емес елдердің батысқа қосылу жолындағы кедергілер күрделілігі және тереңдігі жағынан біршама ерекшеленеді. Шығыс Еуропа мен Латын Америкасы елдерінде ол аса байқалмайды. Бірақ, ең көп кедергі мұсылман, конфуциандық, индуистік және буддистік халықтар арасында кездесуде. Хантингтонның пікірінше, дәл осы мұсылман-конфуциандық одақ, қазіргі кезде Батысқа ең үлкен қауіп төндіріп тұр. Хантингтон бұл өркениеттік жік әлеуметтік-саяси тұрғыда да әсіресе, түпкілікті батыстық құндылықтар деп саналатын демократия және адам құқы мәселесінде көрініс табуда дейді. Батыстық мәдениеттің біразы басқа әлемді үстірт жаулап алды. Бірақ, терең бойласақ, батыстық идеялар мен көзқарастар басқа өркениеттерге қатысты көзқарастардан әлдеқайда алшақ. Исламдық, конфуциандық, индуистік, буддистік және православиелік мәдениеттерде индивидуализм, либерализм, конституционализм, адам құқы, теңдік, еркіндік, заң үстемдігі, демократия, еркін нарық, шіркеудің мемлекеттен бөлінуі сияқты идеялармен қатар, осы құндылықтарды уағыздап, таратуға бағытталған Батыстың әрекеті "адам құқының империализміне" қарсы жауықтырып, төл мәдениеттің түпкілікті құндылықтарын нығайтуға септігін тигізеді. Хантингтонның өркениеттік жік теориясы Ф. Фукуяманың "Тарихтың ақыры" жөніндегі тұжырымына және либералды демократия принциптерінің салтанатына өзіндік қарама-қарсы салыстыру болды. Хантингтон ұсынған көптеген ережелерді жаһандану қарсыластары қолдануда. "Өркениеттер қақтығысы" мақаласы философиялық, әлеуметтік, саясаттанулық ортада, әдебиеттерде қызу пікір-талас тудырды

Экономикалық жағынан дамыған, дамушы, артта қалған аймақтар не мемлекеттерге салыстырмалы талдау жасаңыз. Өзіндік тұжырым ұсыныңыз

. Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы", ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартысынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және "қоныс аударған капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады. Бұл елдер арасында соңғы жылдары, әсіресе Жапонияның даму қарқыны айрықша көзге түседі, ол қазіргі кезде аса ірі халықаралық қаржы және өнеркәсіп орталығына айналған. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары. Өтпелі экономика тән елдер тобын кезінде социалистік даму жолында болған елдер (Шығыс Еуропадағы және бұрын КСРО құрамында болған елдер, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Лаос, Куба) құрайды. Экономиканың өтпелі сипаты бұл елдерде айқын көрінеді; оларда орталықтан жоспарланатын социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылуда. Дамушы елдер тобын саны жағынан көп, өте ала-құлалығымен ерекшеленетін елдер құрайды, олардың барлығы дерлік Азияда, Африка мен Латын Америкасында орналасқан. Бұл елдерге экономиканың көпсалалылығы, әлеуметтік және аумақтық айырмашылықтар, халықаралық еңбек бөлінісінде шикізатты өндіру мен сыртқа шығаруға мамандануы, отарлық экономика сарқыншақтарының сақталып қалуы тән. Дамушы елдер экономикасының ала-құлалығы, әсіресе қазіргі заманғы индустриялық елдер мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған мешеу елдер экономикасындағы айырмашылықтардан айқын көрінеді. Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты алты топшаға жіктейді







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 12767. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия