Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Орталық Азия және Батыс Еуропа аймақтарын талдай отырып экономикалық, өркениеттік ерекшеліктерін анықтаңыз.





Нарық саласында жаңа пайда болған егеменді ОА мемлекеттері аумалы-төкпелі қиын-қыстау кезеңін бастарынан кешіруде. Бұның барлығы көптеген өзекті мәселелерді туындатуда.Олар болса өіндік сыни көз-қарастар мен зерттеуді талап етеді.Осы бір қарастырар бес мемлекет (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан) ғасыр соңында тәуелсіздігін алғаннан кейінгі саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері біршама шиеленісе түсті. Оған себеп, нарықтық экономикаға көшуде ішкі әлеуметтік-этникалық, шекаралық қайшылықтармен қоса діни мәселелердің кері әсері артып отыр. Әлемдік ынтымақтастық пен жахандану ОА елдерінің даму нышандарын әлемдік даму процестеріне тәуелді қылды. Яғни сыртқы күштердің әсері аймақты Балқан, Таяу Шығыстағыдай ойын алаңына айналу қаупі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Геосаяси жағдай мен саяси жүйедегі өзгерістерді қылмыстық топтар пайдаланып кетті. Олардың дұрыс реттелмеуі жалпы аймақта қылмыстық кландардың, қылмыс түрлерінің, яғни наркобизнестің, басқа да заңсыз әрекеттердің белең алуына әкеліп соқтырды. Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және "қоныс аударған капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады.Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары.Елдер арасындағы экономикалық, қарым-қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. XX ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50%-ға жетсе. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне тиесілі болды.Орталық Азияның геосяси, геоэкономикалық орналасуына талдау жасаңыз. Субаймақтың аймақтық дамуындағы орны мен рөлі қаншалықты деп ойлайсыз? Аймақтың негізгі ресурстары мен экономикалық мамандануына сипаттама беріңіз

Орталық Азияның геосяси, геоэкономикалық орналасуына талдау жасаңыз. Субаймақтың аймақтық дамуындағы орны мен рөлі қаншалықты деп ойлайсыз? Аймақтың негізгі ресурстары мен экономикалық мамандануына сипаттама беріңіз.

рталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. км2. Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады.Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т.б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 – 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі4000 – 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай, қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы мен глаубер тұзының мол қорлары бар.Қыста жоғары, жазда төмен қысымның ықпалында болуына, мұхиттардан өте қашық орналасуына, тау жоталарымен қоршалып оқшаулануына байланысты климаты тым континенттік және құрғақ. Аймақтың басым бөлігінде жылдық ауа температурасының айырмасы 500С-қа дейін жетеді. Қаңтардың орташа температурасы –10 – 250С, шілдеде солтүстік пен орталық бөлікте 20 – 250С, Тибет таулы қыратында 100С. Аймақтың 3/4 бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлш. 100 – 200 мм, тау жоталарында 300 – 500 мм, оңтүстік-шығысында муссонның ықпалымен 1000 мм-ден артық жауын-шашын түседі. Жылдық буланушылық көрсеткіші 2000 мм шамасында. Тау жүйелерінің көпшілігінде мұз басу таралған. Мұз басудың аса ірі орталықтары: Қарақорым (Сиачен мұздығы, ұзындығы 72 км), Тянь-Шань (Оңтүстік Інілшек мұздығы, ұз. 57 км), Моңғол Алтайы (Потанин мұздығы, ұзындығы 20 км) таулары. Ірі өзендері Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд, Ертіс, Селенга, Амур мұхит алабына жатса, Тарим, Іле Эдзин-Гол өзендері тұйық көлдерге құяды, құмға сіңіп кетеді. Орталық Азияның солтүстігі (Моңғолия мен Жоңғар жазығында) мен оңтүстігінде (Тибетте) көлдер көп орналасқан. Ірі тұзды көлдері: Кукунор (аумағы 4200 км²), Убсу-Нур (аумағы 3350 км²), Балқаш (17,7 мың км²); тұщы көлдері: Хубсугул (аум. 2620 км²), Хар-Ус-Нур (аум. 1486 км²), Зайсан (1,79 мың км²), Бақырашкөл (аумағы1380 км²), Далайнор (аумағы 1100 км²). Орталық Азияға негізінен шөлейт және шөлді ландшафт тән. Солтүстік-шығысында ылғал мөлшерінің артуына қарай дала және орманды дала белдемі тараған. Шөлдің сұр топырағы, сортаң топырақ, тақыр кездеседі, тұйық тұзды көлдер айналасында құрғақшылық әсерінен қалыптасқан кең алқапты сорлар тараған. Моңғолияның солтүстігіндегі тау беткейлерінде таудың қоңыр орман топырағы, Гоби шұраттары (оазис) мен жер асты су көздері шығатын тау алды бөктерлерінде таудың шалғынды қара топырағы, тұрақты ағыны бар өзен аңғарларында шалғынды топырақ түрлері қалыптасқан. Аймақтың солтүстігінде далалық өсімдіктер (селеу, жусан, ши), тау жоталарының солтүстік беткейлерінде таулы-тайгалық (Моңғолия тауларында балқарағай, Куньлунь мен Тянь-Шань тауларында шырша, арша) орман кездеседі, биік бөлігінде субальпі және альпі шалғыны өседі. Өзен аңғарларында евфрат көктерегі, жиде, шырғанақ, тобылғы, қамыс, т.б. өсімдіктер қалың тоғай құрайды.Жануарлар дүниесінен тұяқты жануарлар, кемірушілер мен құстар өте көп. Тұяқты ірі жануарлардан Тибетте қодас, Жоңғар жазығында екі өркешті түйе, Гобиде – Пржевальский жылқысы жабайы түрінде сақталып қалған. Жыртқыштардан гималай аюы, барыс, сілеусін, қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Орта Азия аумағын көптеген халықтар мекендейді. Аймақтың батысында түркі халықтары (қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, т.б.) солтүстігінде моңғол халықтары (халкалар, ойраттар, буряттар), Тибет, Наньшань, Кукунор маңында тибеттіктер шоғырланған; аймақтың барлық бөлігінде дерлік қытай халқы басым. “Орта Азия” ұғымын география тарихына XIX ғасырдың аяғында неміс ғалымы А.Гумбольд енгізді.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 2415. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия