Тыңдау және түсіну сөйлеу оқу жазу
Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады? Жоспарланған нәтижелер оқу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін кешенді дұрыс пайдалану - оны оқытудағы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын көрсетті. Мысалы: 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы сөзді түсінуге мүмкіндік бар. Бастауыш кезеңнің аяғында окушы мыналарді білуі тиіс: - Амандасу - Сооd morning! - Қалын сұрау - Неllо! How аге уоu? - Қоштасу - Gооd bуе! - Таныстыру – Тһіs is Міке. - Жауап беру - Неllо! Glad to meet уоu. - Туған күнмен құттықтау — Нарру вirtday! - Жаңа жылмен құттыктау - Нарру New Үеаг! - Рұқсат сұрау - Мау I....... - Кешірім сұрау - I аm sorrу. - Рахмет айту - Тһаnк уou! - Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары, мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып және суреттеп беру. - Сұрақтарға жауап беру, сұрак қою. оқу, жазу, бірінші оқу кезенінде қалыптастырады.
Ағылшын тілін оқыту мақсаттары
Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Мазмұн ағылщын тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін аңықтайдады. Оқытудың мазмұны 3 негізгі компоненттен тұрады: 1) лингвистикалық 2) психологиялық 3) әдістемелік Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды білуімен катар, неге осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек екенін білуі керек. Лингвистикалық компонент. Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар бұл таңбалар жүйесін өзара түсінісу үшін қолданады. Ал әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді. Сонымен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен кызметін қарастырады. Ал сөйлеу дегеніміз - осы белгілер жүйесін қарым-қатынас барысында қолдану. Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі, олар бір-бірін толықтырады. Тілдің және сөйлеудің өзіне тән бірліктері бар. Тілдің бірліктеріне: фонема, морфема, сөз, фразеологлялық бірлік, микро және макромәтіндер жатады. Оқытудың мазмұнын анықтауда тілге немесе сөйлеуге үйрету керек пе?", "Тілді жүйе түрінде оқыту керек пе? Әлде сөйлеуді үйрету керек пе?" деген сұрақтар пайда болады. Тілді лингвистикалық феномен ретінде оқытса, ол тәжірибелік қарым-қатынас құралы ретінде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, фонетиканы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда бір-бірінен бөлек оқытса, ол ешқандай коммуникативтік міндеттерді шеше алмайды. Ағылшын тілін оқытуда сөйлеуден тілге қарай жүру жүйесін сақтау немесе тілді ұйымдастырған мақсатты сөйлеу процесі арқылы үйрету керек. Сөйтіп, мазмұнынның лингвистикалық компоненті шығады. Оған мынадай тілдік маитериалдар жатады: нақты іріктелген фонетикалық, грамматпкалык, лексикалық мннимумдер және тілдік материалдар, сөздік үлгілер. Іріктеу, жүйелілік және мөлшер қарым-қатынастың мөлшеріне байланысты. Тілдік үлгі сөйлем, диалог, монологтүрінде беріледі және сейлемнің түрлері ретінде беріледі. Осын-ай тілдік үлгілер тілдің жүйесін қүрайды және ол үйренушінің есінде қалады. Ал оқыту бірліктері белгілі бір жағдайларға байланысты сейлемдер арқылы беріледі. Олар белгілі бір ырғақпен айтылады. Оқыту мазмұнына тіл білімінің әлеуметтік лингвистика бөлімі де әсер етеді. Бұл бөлімде тілдің мәдениет пен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледі. Лингвистика әдістеме мен оқытудың лингвистикалық компонентінің анықтауға мүмкіндік береді. Лингвистикалық компонетке тілдік және сөйлеу матералдары кіреді. Тіл - ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Сондықтан шет тіліне үйрету белгілі бір жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетіне үйрету. Қазіргі әдістемеде елтану туралы мәліметтер көп қолданылады, ол сол елдің жағрафиясын, тарихын, өмірін зерттеуге арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған мәтіндер арқылы беріледі. Психологаялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын анықтау мүмкін емес. Психология адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын - психолингвистика деп атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс-қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде зерттейді. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай тәртіппен қатысады, тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді. Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қальптасады: тыңдау мен оқуда тілдік материал қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады. Диалог, әңгіме. мәтіндер тек сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекеті - тілдік және сөйлеу материалы дағдылары мен біліктілік арқылы дамытылғанда ғана мүмкін болады. Дағды дегеніміз - жаттығу мен қайталау аркылы автоматтандырылған іс-әрекеттің бөлігі. Мысалы: А.Леонтьев сейлеу дағдысы деп өте жоғары дамытылған сөйлеу әрекетін айтады. Шет тілін меңгеру - тілдік дағдылар жүйесін үйрену, ол үшін тілдік біліктілік керек. Тілдік біліктілік шығармашклық іс-әрекетпен байланысты. Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е.И. Пассов дағдыға айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық, оқу және жазу дағдысын жатқызады. Сонымен қатар, психологиялық компонентке коммуникатнвтілік мақсат үшін тілдің дағдысын және біліктілігін пайдалана білу жолы жатады. Әдістемелік компонент. Қазіргі дидактика ғылыми оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруға, әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда мұғалім оқу процесін үйымдастырушы болып табылады. Оқушының белсеңділігіне басты назар аударылады. Тілді үйренудің нәтижелілігі оқушыға тікелей байланысты, олар мүмкіндігінше шет тілінде көп сөйлеп, тыңдап. оқып, жазулары керек. Тілдік ортаның болмауы тілді оқыту ісінде кері әсер етеді. Сондықтан мүғалім сабаққа шығармашылықпен әзірленуі керек, тілді үйренуді окушы тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уакытта да ұмытпауы керек. Тіл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3-4 рет болса, жоғары сыньптарда 1 рет болады, сондыктан жоғары сыныпта өзіндік оқу ерекше маңызды. Ол үшін оқушыны оқу әдістеріне, тәсілдеріне үйрету керек. Мысалы, оқушы тілдік дәлелді бақылап үйреңеді. Белгілі бір сөзді айтып үйренуде сөздің айтылуының айырмашылығын үйренеді, сол аркылы оқылу ережесін үйренеді, пайдаланады. Оқыту процесінде екі тілдің ұқсастықтарын да пайдалану қажет. Оқушыны жазу, оқу тәсілдеріне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет. Осы айтылғандардың барлығы оқытудың 3-ші компонентін - әдістемелік компонентті құрайды. Әдістемелік компонент - оқудың тәсілдерін үйрену, қарым-қатынас жасау үшін тілдік дағдыны және біліктілікті қалыптастыру. Шынында да, белгілі бір дағдысыз, білімсіз шет тілін оқып-үйрену, сөйлеу, айту, жазу мүмкін емес. Ол үшін күнде шамалы болса да оқып тұру қажет, сөздерді жаттау қажег. Бұдан басқа тілді үйрену жолы жоқ. Сонымен 3 компонентті атайық: 1. Лингвистикалык компонент: тілдік және сөйлеу материалы. 2. Психологиялық компонент: дағды мен біліктілікті қалыптасгыру. 3. Әдістемелік компонент: оқыгу тәсілдерін игеру әдістері. - Оқыту принциптері – оқудың ең маңызды негізін салушы қағидасы - Оқыту принциптерінің түрлері - Оқытудың арнайы принциптері - Оқытудың жалпы дидактикалық принциптері - Оқыту құралдары туралы түсінік - Оқыту құралдарының түрлері - Негізгі оқыту құралдары - Көмекші оқыту құралдары Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Арнайы қағидаттар: Қарым-қатынас жасауға бағытталған қағидат қазіргі заманға әдістемелік негізгі принцип болып есептеледі. Бұл қағидат бойынша оқушыларға ағылшын тілін үйрету, тыңдап түсіну, сөйлеу іс-әрекеттері арқылы ауызша сөйлеуді арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым-қатынас жасау жүзеге асырылады. Яғни,ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы аяқталғанша сөйлесу, әңгімелесу арқылы қарым-қатынас үйреніп жатқан тілде болуы тиіс. Екінші оқыту қағидаты – бөлу және біріктіру арқылы. Сөйлеудің әрбір түріне тән таңдау іс-әрекеті, лексикалық-грамматикалық сипаттамаға сай болады. Сонымен бірге, тіл үйрену кезінде дыбыстауға үйрену, сөзге, грамматикаға, сөйлем жасауға үйренген кезде, барлық сөйлеу іс-әрекеті қоса жүреді. Шет тілге үйренудің алғашқы қезеңінде бөліп оқыту немесе біріктіріп оқыту негізінде іске асады Үшінші қағидаты – ана тіліне сүйене оқыту принципі. Бұл –бойынша,барлық, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық қиындықтар ана тіліндегі баламаларымен салыстырмалы түрде, балалардың ана тіліндегі білімі ескеріле үйретіледі. Жалпы әдістемелік (дидадикалық) қағидаттар. Негізгі принципі – тәрбиелеп оқыту қағидаты. Шет тілін үйретуде оқыту мен қатар тірбиелік мақсат та көзделеді. Яғни, ағылшын тіліне үйрену оқушының эстетикалық еңбек, саяси –идеялық мінез-құлықтарының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, ағылшын тіліне үйрену процесі оқушыдан жан-жақты жүйелі түрде өзін-өзі жетілдіруді талап етеді. Сана қағидаты. Қазіргі әдістемеде үлкен көңіл бөледі, себебі пән игеруде сана оқушының интеллектуалдық қызығушылығын, білімін, ой қорыту, оны игеру іс-әрекетінің артуына себебін тигізеді. Бұл принцип бойынша оқыту әрекеті бір мақсатты көздейді – қабылдау, ұғу арқылы жүзеге асады. Белсенділік қағидаты ұғынып, түсіну принципімен тығыз байланысты. Ағылшын тілін үйрету үшін әрбір оқушының белсенділігін көтеруде бұл принциптің алатын орны зор. Бұл принцип бойынша оқу процесіне әрбір оқушы бар ынтасымен, қызығушылығымен қатысуы ктиіс. Көрнекілік қағидатында оқыту көру және қабылдау әдістері арқылы жүзеге асады. Көрнекілік принципі, әсіресе бастауыш сыныпта, оқытудың алғашқы сатысында көбірек қолданылады. Жеңілдету қағидаты. Жаңа тақырып оқушының қабылдауына еш кедергі келтірмейтіндей, оқушылардың білім дәрежелеріне сай жеңіл түрде берілуі тиіс. Кездескен қиындықтарды өз бетімен немесе мұғалімінің көмегімен шеше алатындай тақырыптар беріледі. Дәйектілік қағидаты. Білім жүйелі түрде өсіп тұруы тиіс. Қолданылған барлық сөздер, өз бірліктері оқушының сақтау керек, тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу кезінде барлық материал дәйекті түрде алынуы керек. Берілген ақпарат оқушының есінде сақталуынан білім берудегі нәтиже аанықталады. Жеке ерекшеліктерін ескеру қағидаты бойынша мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін, білім дәрежесін керек,соған байланыстыәр оқушыға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Әсіресе, үлестірмелі материал берген кезде ескеріледі. Бірізділік қағидаты бойынша барлық материал бірін-бірі жалғастыратын негізде берілуі керек. Ана тілінде берілген материалдың негізінде беріледі. Жүйелік қағидаты бойынша белгілі бір жүйе бойынша оқыту процесі бір мақсатты негіздейтін іс-әрекет болуы тиіс. Әрбір жаңа алынған тақырып өткен тақырыпты күрделі түрде қайталап, тереңдете жалғастырылуы керек. Ғылымилық қағидаты, яғни теориялық тәжірибемен байланысты. Ағылшын тілін оқытуда алынған білімді тәжірибеде дәлелдеуде үлкен көңіл бөлінеді. Іс-әрекет кезінде ғана оқушының білім және материалды меңгеру дәрежесі анықталады. Берілген материалды игерген оқушы әрі қарай басқа да ғылым салаларын пайдаланғанда, техника, өнер саласында өз білімін пайдалана алады.
|