Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезеңінің тарихы
Оказывается, ездить на работу на мотоцикле гораз-до приятнее и быстрее, чем на машине. Конечно, по утрам половина водителей ведут свои машины в по-лудреме, а остальные несутся сломя голову, чтобы не опоздать на работу. Но вы научились держаться по-дальше от одних, и уступать дорогу другим. А еще вы всегда внимательно следите за состоянием покрытия впереди и надеваете полную защиту.
Сегодня утром, подъезжая к сложному перекрест-ку, вы увидели, что на нем идут дорожные работы и полотно присыпано гравием. Кроме того, навстречу едет машина, которая вполне может повернуть нале-во. Поэтому вы закрыли газ, переключились на пони-женную передачу, придавили передний тормоз и при-готовились к полной остановке до начала гравийного участка. Однако машина проехала прямо, и вы снова добавили газу.
И тут заднее колесо начало мотать из стороны в сторону. Ваш инстинкт самосохранения чуть было не заставил вас закрыть газ и нажать на задний тор-моз, но ежедневные поездки научили вас не делать резких движений в случае потери сцепления с доро-гой. Вы плавно закрыли газ и байк стабилизировался. Оказывается, вы стали разгоняться, когда байк проез-жал металлический лист, которым строители прикры-ли участок снятого асфальта.
Такие листы могут быть скользкими из-за пролито-го на них масла, а по утрам еще и из-за выпавшей росы. Какой бы сложной не была дорожная ситуация, всегда проезжайте их с повышенной осторожностью. Переключитесь на пониженную передачу и держите ровный газ, пока не съедете на асфальт.
Пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Семей 2014 ж.
Мазмұны: 1. Глоссарий 2. Пәннің оқу бағдарламасы 3. Дәрістің жоспары 4. Зертханалық сабақтардың жоспары 5. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар 6. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар 7. Бақылау сұрақтары 8. Емтихан сұрақтары
Глоссарий - The Article - артикль - The Noun- зат есім - The Adjective – сын есім - The Degrees of Comparation –сын есімнің шырайлары - Comparative degree – салыстырмалы шырай - Positive degree – асырмалы шырай - Superlative degree - күшейтпелі шырай - Personal pronouns - өздік есімдігі - Possessive pronouns - жіктеу есімдігі - Reflexive pronouns - тәуелсіздік есімдігі - Demonstrative pronouns – сілтеу есімдігі - Interrogative pronouns - сұрау есімдігі - Indefinite pronouns - белгісіздік есімдігі - The Numerals - сан есім - The Verb - етістік - starke Verben - әлді етістік - schwache Verben - әлсіз етістік - Transitive und intransitive Verbs - ауыспалы етістік - Modal verbs- модальдық етістіктер - Perfekt - перфект Перфект (күрделі өткен шақ) - Past Indefinite Tense - (өткен шақ) - Present Indefinite Tense - (осы шақ) - Future Indefinite Tense - (келер шақ) - Passiv voice -пассив - (Пассив) ырықсыз етіс - Active voice - (Актив) ырықты етіс - Imperative - бұйрық рай - Conjunction - шылау - Infinitive- инфинитив - Partisip- причастия - The Adverb- үстеу - The Prepositions -предлогтар - The Subject- бастауыш - The Predicate- баяндауыш
Дәрістің жоспарлары:
Дәрістер Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі. Мақсаты: · Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың кезеңдері · Ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезенінің тарихы · Шет тілін үйретудің орта кезеңі · Шет тілін үйретудің жоғарғы кезеңі
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар: Шет тілі орта мектепте үш кезеңге бөлінеді: бастауыш, орта, жоғарғы сыныптар. Әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан әр кезеңге кейінірек тоқталайық. Бастауыш кезең; Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине, оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі. 1. Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритміүйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді. Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады. Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады. Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. «Chair» сөзі Teacher: This is a chair. Is this a chair? Yes, it is. Is this a table? No, it is not. It is a chair? Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет естиді, жекелеп айтады.
Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезеңінің тарихы Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. 1947 жылы Министрлер кеңесінің «Орта мектепте щет тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал еткен құжаттар болды. Содан кейінгі 1961 жылы шыққан «Шет тілдерін оқытуды жаңарту» туралы қаулы кейінгі он жылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы «орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы» қаулыдан кейінгі көптеген өзгерістер болды. Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалау арқылы анықталады. Осы бастауыш кезеңде әрі қарай шет тілін оқып-үйрену жалғастырылады. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға екі жылдай әзірлік курсы керек. Тілді пайдалану үшін тілді таңдау, сөйлеу, жазу, оқуды білу керек. Біріңші кезең – тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезеңде оқу қалай қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген: “Take care of the first two stages and the rest will take care of itself”. 1947 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Сол ғасырдың 50-жылдар кезеңі мектептерде ағылшын тілін оқыту әдістемесінің елеулі кезеңі болды. 1947 жылғы қаулыдан кейінгі орта мектпете ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады, ағылшын тілінде және ағылшын тіін оқытатын арнайы мектептер ашылды. Орта мектепте шеті тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптардан басталды. Бұл кездегі бағдарламада қойылған негізге талаптар: оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінде аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада білімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Бастауыш кезеңде де бірінші орынға оқып-түсіну және аудару қойылады. - Оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу - Сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу - Шет тілін туған тіліне ауызша аудара білу - Жазбаша аудара білу Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылады: - мәтінді көшіріп жаза білу - қысқа сөйлеуді жаза білу Лексикалық талап: 5-сынып – 450 сөз, 3-сынып – 200 сөз білуі керек. 1955 жылы шет тілін оқытудың бір нұсқасы 5-сыныпта сақталып қалды. 1955 жылғы бағдарламада бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Мұнда лексикаға қойылатын талап өзгеріп, 350 сөз білуге тиісті болды. Бұл кезеңге де негізгі талап оқу және аудару болды. Ауыша сөйлеу мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап берумен, сыныпта айтылатын сөздермен шектелді. 1961 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Ауызша сөйлеуде шет тілінде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға (монолог) және шет тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. Аудармаға аз көңіл бөлінді. Тәжірибелік мақсатқа жету үшін бірінші рет магнитофон таспасын, күйтабақты қолдану және үйге оқуға берілетін мәтіндер пайдаланыла бастады. Орта мектепте мынадай талаптар қойылды: - Шет тілінде әңгімелесе білу - Сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну - Оқи білу Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексикалық көлемі азайды. Оқудың екі түрі: дауыстап және ішінен оқу бөлініп көрсетілді. 1) Оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге 2) Диктант жаза білуге тиіс болды (30 сөз) Осы өзгерістер ескеріле отырып, С.К.Фоломкина, Э.И.Каар және Г.М. Уайзер сияқты авторлар 5 және 6-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар шығарды. Халықаралық қатынастардың дамуына байланысты ағылшын тілін оқытудың маңызы өсті. Оқушылар мен бірге мұғалімге арналған әдістемелік кітап және үйден оқу кітабы шығарылды. Саны 25-тен асатын сыныптар екі топқа бөлінді. Балалар бақшасы мен бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту бағдарламасы жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі 2 бағыты: 1. Сөйлеудің барлық түрін бірге дамыту (ауызша алдын-алу, авт. Г.М.Уайзер) 2. Сан біртіндеп оқыту (кіріспе аузша курспен, авт. А.П.Старков). шет тілі 5-10 сыныптар аралығында оқытылды. 1962 жылы ағылшын тілінен жаңа бағдарлама жасалып, оқулықтар шығарылды. Бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына баса назар аударылды. 2-ші сыныптың оқушысы ауызша сөйлеуден мынаны білуге тиіс: 1. Мұғалімнің сөзін түсіну 2. Өткен тілдік материалдар негізінде сұрақтарға жауап беру 3. Суретті бейнелеу және сұрақтарға жауап беру 4. Ауызша әңгіме айта білу 5. Тақпақты жатқа айта білу 3-сыныпта бұл талаптар ұлғайды: 1. Мұғалімнің айтқаның түсіну 2. Мәтінді түсіндіре білу 3. Сұрақ қою, оған толық және қысқа жауап беру 60-шы жылдар ағылшын тілін оқытудың әдістемесіндегі жемісті жылдар болып саналады. Осы жылдары әдістемеге байланысты көптеген ғылыми еңбектер жазылып, мектепте тәжірибе жүзінде қолданыла бастады. Қазіргі кезеңде орта мектепте ағылшын тілін оқыту 3 кезеңнен тұрады: Бірінші кезең – оқытудың бірінші жылы, екінші кезең – барлық 10 сыныпқа дейінгі сыныптар, үшінші кезең – 10-11 сыныптар. Оқытудың бірінші кезеңінде ауызша сөйлеудің және оқытудың негізі қаланады, өз атынан қысқаша сөйлемдер айту, берілген материалды қабылдау және дауыстап оқуға үйретіле бастайды. Бағдарлама бойынша бекітілген уақытқа дейін созылатын ауызша кіріспе бөлімнен басталатын бірінші кезеңнің негізі – аузыша сөйлеу болып табылады. Екінші кезең қабылдау механизімі қалыптасады және өз атынан сөйлем айтуға дағдыланады, күнделікті қарым-қатынас тіліне үйренеді, тыңдап түсіну, дауыстап оқу, оқығаның аудармасыз түсіну іс-әрекеттері дамиды. Бұл кезеңде де ауызша сөйлеу негізгі іс-әрекет болып есептелінгенмен де, оқуға да үлкен ден қойылады. Үшінші кезеңде ауызша сөйлеу күнделікті қарым-қатынас тілінен бағдарламада көрсетілген қоғамдық саяси тақырыптар бойынша сөйлеу деңгейіне дейін, сонымен қатар көркем әдебиет, ғылыми-ағарту тақырыптары да қамтылады. Бұл үшінші соңғы кезеңде ауызша сөйлеу мен оқу бірдей деңгейде алынады. Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістемелер әртүолі кзкңдерде оқыту мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырады: мысалы, логикалық қағидалар бойынша ситетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, т.б; тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, лексикалық әдіс, фонетиакалық әдіс, тілдің психологиялық қағидалары бойынша индуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты – жөні бойынша Коменский әдісі, Гуэн; Пальмер, Уэст, Фриз, т.б әдістері.Біз тек ең негізгі әдістерге ғана тоқталайық:
Грамматикалық аудармалық әдіс көбіне классикалық тілдерде әсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған.Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады. Ал, аударма жаңа сөздері, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады.Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.
Грамматикалық – аударма әдістің ерекшеліктері: 1. Грамматикалық талдаудың негізі; 2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар; Грамматикалық – аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтыу. Әрі қарай талдаудф етістіктің шағын, етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыларға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады. Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Барлық ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдармен сәйкес келмейді. Грамматикалық – аудармалық әдіс алғашында XVIII- XIX ғасырдың мектептерінде кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология, лингвистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX-XX ғасырдың соңында «екі грамматиканың» ара қатынасы ажыратылды. Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық – аудармалық әдіс жиі кездеседі. Бұл оқулық – ағылшын тілін мемлекеттік тілде меңгерудегі негізгі оқу құралы. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып, сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.
Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура әдіс грамматикалық – аудырмалық әдіске қайшы әдіс реиінде дүниеге келді. Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекеттердің үлкен елдерді отарлауы сияқты пргпестер шет тілін білетін мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінед жаңа әдістің пайда болуына себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың негізгі мәселесіне айналды. Тура әдістің негізгі ерекшелігі мынадай: 1)Шет тілін оқытудың негізгі бағыты – тәжербиелік,яғни, бірінші орынға сөйлеу қойылуы; 2)ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы; 3)Тілді үйрету ісінде аудырманың өте аз мөлшерде, керісінше, ауызша – жазбаша жаттығулардың көп қолдануы; 4)Грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы (грамматикалық әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте әуелі жаттығулар оындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады). 5) Айтуды үйреиуге үлкен көңіл бөлінеді. 6) Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа ьайланысты сәтіндер құрасытыруға назар аударылады. Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет тілін оқытуда, шет тілімен баратін түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрі пайда болды. Тура әдісті жинақтаущылар Г. Груэн, М: Вальтер т.б Бұл әдісті пайдаланатын мұғалымдер тіл үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағнасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды. Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады. Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен: 1)Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа сөз білуі керек. 2) Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы. 3) тәжербиесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді. Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағлшын әдсікерлері Г. Пальмер мен М. Уэст болды. Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары: - Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталды. - Шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылды. Г. Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз болды. Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынды: -іс – қимыл арқылы (Мұндай арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады); -сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі мысалдарға қарап, сөйлемдер құоауы тиіс). Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді: - сөйлем үлгілеіндегі үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі; -тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін түсінуге мүмкіндік береді. Сәйкестендіру кестесінің үлгісі мынадай:
Шет тілін оқыту – мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді: I. а)Қабылдау Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы сынып бөлмасіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды. This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table. ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: «Дауыс ырғағына назар аударыңыз». б)Бұйрықтарды орандау жаттығулары. Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді. Мысалы:Get up. Sit down. Come here. Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді. в) “Yes”. “No”. Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді. II. Қабылдау – еліктеу. Мұғалім сөйлейді.Оқушылар қайталайды. III. Әңгімелесу. Оқушы әртүрлі сұрақ қойып, оған жауап беруді үйренеді. IV. Сөйлеу Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлнйді. Жалпы, Г. Пальмер әдісінің негізі – сөйлеуді үйрету, ал М.Уэст болса, керісінше, басты міндет қылыр оқуды қойды. М. Уэст оқу арқылы шет тілін үйренетін әдістемелік жинақтар жасады. а) оқуға арналған кітаптар ә) жаттығу кітаптары Бұл екі ағылшын әдіскерлері ағылшын тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты. Қазіргі әдістеме дәстүрлі және аудио – лингвистикалық оқыту деп екіге бөлінеді.Қазіргі әдістеменің негізгі қағидалары: - тыңдауды және сөйлеуді дамыту - сөйлеу үлгілерін пайдалану - аударианы өте аз қолдану - грамматиканы үлгі арқылы оқыту - сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану Мұғалім оқушыларды шеттіліне үйрету үшін өзі: - шеттілін жетік білуі - педагогика мен психологияны дақсы білуі - оқыту әдістері мен техникасын білуі - оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.
Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы.Педагогика ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі.Әдістеме – мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет тілдерінде оқыту әдістемесінде «әдіс» сөзі мынадай ұғымда қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаттарына (принциптеріне) негізделген тұтас бір бағыт. Мысалы: грамматикалық – аудармалық әдіс, тура әдіс, т.б Грамматикалық – аудармалық әдісінің негізіне логикалық сөйлеу мен оқушының шет тіліндегі мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлей білуге үйретеді, сондай-ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі. Екіншіден, «әдіс» сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту әдісіндегі Француа Гуэн әдісі, Г. Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі т.б Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасынадағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қа,идаттарымен айқындалатын іс - әрәкет арқылы анықталады. Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытушы(мұғалім) және оқушы (оқушы,студент). Оқытушы оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс-әрекет: біріншісі – оқытады, екіншісі – оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады. Сабақтағы мұғалімнің қызметтері. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті – оқу материалымен танысу, үйренген шет тілін ара –қатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағнасын түсіну. Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы. Мұғалімге қойылатын басты талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалының (тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдасиыруы тиіс. Мұғалімің бастыпқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет тілін – оқушылар үшін жаңа пән ана тілінен кейінгі екінші тіл. Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескереген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет. Мысалы:2- сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет. Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілід ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады. Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының (түсінгенін,түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындаған (дұрыс,дұрыс еместігі), байланыс құралы ретінд қолданғанда байланыс құралы орындалды,орындалмады,қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын, т.б анықтау жатады. Ал енді оқушының қызметіне не жатады, соны қарастырайық. Оқушының қызметтері. Оқушының негізігі міндеті – оқу құралдарымен танысып, формасын, маңызын, және қолдануын түсіне білу. Келесі міндеті – жаттығу. Жаттығу дегеніміз – оқу материалын бірнеше рет есту, сөйлеу және көру мүшелері арқылы өткізіп,ны есте сақтау. Шет тілін жаттығусыз оқып – үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір міндеті – қолдану яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс-әрекеті тығыз байланысты, бұл оқытудың әдістмесін анықтауы қажет. Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оқушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп түсінуімізге де болады. И.Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және қосалқы түрлері бар. Негізіг әдістемеге: 1)таныстыру 2)жаттығу 3)қолдануды жатқызуға болады Қосалқы әдістемеге: 1)бақылау 2)түзету 3)бағалау жатады Ал оқушының қызметінің негізігі әдістеріне 1)танысу 2)жаттығу 3)қолдануды жатқызуға болады Қосалқы әдістерге өзін бақылауды алуға болады. Мына сызбамен ианысайық.
Мұғалім әдіс оқушы
Ұйымдастырады----(танысу) (жаттығу)--- атқарады. (қолдану)
Сабақтың бір бөлігін беру үшін әуелі көрсету қажет. Мұғалім затты көрсете алады, оның ағылшын тіліндегі атауын айтып көрсетеді. Ағылшын тіліндегі сөздерді атау үшін ол заттың суретін салыр көрсетеді,фланелограф, магнитті Тақтада көрсете алады.Магнитофон, үнтаспалар қолдануға болады. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Орта мектепте шет тілін үйретудің неше кезеңі бар? 2. Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығы әр түрлі болады. Олар неге байланысты? 3. Бастауыш кезеңде шет тілін үйретуде сөйлеу іс-әрекеттерінің қай иүріне көп көңіл бөлінеді? 4. Әр түрлі екі автордың «Мұғалімге арналған оқулығын» алып 5-сыныптың бірінші сабақтарын салыстырып қараңыз. 5. 5-сыныптың бірінші сабағына өз сабақ жоспарыңызды құрыңыз. Әдебиеттер: Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М., «Просвещение» 2000
|