Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сөйлеуге үйрету әдістері





       
   
 
 

 


Сөйлеудің екі түрі бар: монолог және диалог.

Монологты үш кезеңнен тұрады:

  1. Хабарлау
  2. Айту
  3. Талдау

Ағылшын тілінде дұрыс сөйлем құруды үйренбей тұрып, сөйлеуді үйрену мүнкін емес.

Мынадй жаттығуларды жасауға болады:

Оқушыларды жағдайға байланысты үлгі беріледі.

Үлгі-сөйлем әртүрлі сөздермен толықтырылады.

Мысалы: 1. I can see a Ә.

2. I can see a Ә.

1. I am fond of Ә.

2. I am fond of Ә.

Мынадай жаттығуларды орындауға болады.

  1. Ауыстыру – I have a pen (a book..)
  2. Толықтыру- I have an interesting book.
  3. Өзгерту- He has a book. He has no book.
  4. Толықтыру, дамыту- I have an interesting book at home.
  5. Аяқтау- If I have time I’ll…..

Улгіні әбден дағдыланғанша үйрету қажет.

Мұғалі оқиғалық жұмыс.

  1. Give it a name.

T: We write with it.

P: It is a pen.

T: мысықтың суретін үнсіз көрсетеді.

P: This is a cat.

Make a negative statement.

T: I live in Gorky Street.

P: I do not live in Gorky Street.

T: He likes to play hockey.

P: I don’t like to play hockey.

Ағылшын тілінде хабарлама жасап, сөйлеп үйренгеннен кейін оқушылар сөйлеуге және талдауға үйренеді.

Жазуға үйретуде кедесетін қиындықтар

· Жазуға үйретудің жолдары

· Жазу жұмыстарының түрлері

· Оқу – сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінің бірі

· Дауыстап оқуға үйрету

· Іштей оқуға үйрету

· Оқуға үйрету әдістері

· Оқуға қойылатын негізгі талаптар

Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:

Грамматикадан берілетін мағлұматтарды бекітіп сауатты жазуға дағдыландыру үшін түрлі жаттығу жұмыстары, ағылшын әліпбиін дұрыс білу, дыбыстардың айтылу түрлерін, оның фонетикасын дұрыс айта білу, орфографиясын, орфоэпиясын білу, сұрақтарға жауап беру, жұрнақтары көрсетілмей берілгенің дұрыс жазу, тірек сөздерден сөйлем құру, түрлі диктант, мазмұндама, шағын шығарма оқыту жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

 

 


Жазу - ағылшын тілін оқытудағы қиын және маңызды іскерлік, жазу арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі әріптерді, дыбыстарды қолдануға үйренеді, сөз қорын кеңейтеді, сөйлеу, оқу, тыңдап түсіну іскерліктерін дамытады. Жазу іскерлігіне коллиграфия, орфография және шығарма кіреді. Жазу өте қиын іскерлік болғандықтан, оны төмендегі бірліктерді дамыту арқылы үйрету керек:

1) Ағылшын әріптерін жаза алу біліктілігі

2) Дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларына өзгерте алу біліктілігі

3) Сөздердің, фразалардың, сөйлемдердің орфографиясын түзей алу біліктілігі

4) Өздерінің ойларын жеткізу үшін әртүрлі жаттығулар жасай алу біліктілігі

Төмендегідей факторлар жазу біліктілігін дамытуға өте қажет:

1. Дыбысты, сөзді, фразаны немесе сөйлемді тыңдау арқылы қабылдау;

2. Жазылып жатқан дыбыстың, сөздің, фразаның және сөйлемнің айтылу жолдарын /артикуляция/ білу;

3. Айтылып жатқан әріптерді, әріп қосындыларын көзге елестете алу;

4. Жазу әрекетіндегі қол бұлшықетінің жұмысы.

Соынмен, жазуға көз құлақ, бұлшық ет, қолдың бұлшықеті, тіл, көмей қатысады. Ақтық маңызды факторлардың бірі – дұрыс жазудың қалыптасуы үшін керекті ережелерді білу.

Жазуға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар.

Ағылшын тіліндегі а, о, е, п, м, д, х, т, н әріптерін жазу мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға қиын емес, себебі бұл әріптер мемлекеттік тілде кездеседі. Ал, s, r, l, g, f, q сияқты әріптер таныс емес болып көрінеді. Сондықтан, сабақ үстінде бұл әріптерді дұрыс жазғызу үшін көп жаттығулар жасау керек.

Оқушылардың ағылшын сөздерін қолды үзбей бір-біріне тіркестіріп жазуы қиын, сондықтан кішкентай әріптерді қолын алмай жазғызу үшін көп жаттығу керек.

Мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға ағылшын орфографиясы көп қиыншылық келтіреді.

Әртүрлі сөздердегі әртүрлі әріптердің немесе әріптер қосындыларының оқылуы кейде бірдей болады:

Eye – I

Road – rode

Write – right

Tale – tail

Әріптердің көбір кейбір сөздерден оқылады, ал кейбір сөздерде оқылмайды.

Build - suit

Laugh – brought

Help – hour

Ағылшын тіліндегі әріптердің айтылуы мен орфографиясының сәйкес келмеуінің себебі ағылшын тілінде әріптерден көрі дыбыстар көп, 26 дауысты дыбыс және 6 дауысты әріп бар. Сондықтан busy, daughter, language, beautiful, foreign деген қиын сөздерге назар аудару керек. Ағылшын орфографиясын білу үшін, оның заңдылықтарын жақсы білу қажет. Оқушылар мыналарды білуі тиіс:

1) У әрпіне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдарын:

Day – days

Stay – stays

Бірақ: city – cities, study – studies дауыстыларға «ed» жалғанады

Play – played

Carry – carried

Дауыстыларға ing жалғау:

Write – writing

Dig – digging

Play – playing

Stand – standing

Сын есімнің шырайларының жалғаулары: er, est:

Clean – cleaner – the cleanest

Large – larger – the largest

2) Дауыссыздың қосарлану жолдары:

Sit – sitting

Thin – thinner

Swim – swimmer

3) Негізгі сөз құрайтын жұрнақтар:

«Ful», «less», «use», «useful», «useless»

Шығарма хат арқылы өз ойларын жеткізу балаларға қиын, себебі оқушылар дұрыс сөздерді, грамматикалық формаларды табуда көп қиналады.

Жазуға үйрету. Шет тілін үйретудегі өте маңызды және күрделі жұмыстардың бірі – жазу.

Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз – сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлей, айта, қолдана білу. Жазу каллинһграфиядан,орфографиядан және шығарма жаза білуден тұрады. Жазуды үйрену мынадай дағдыларды білуден тұрады:

1. Алғашқы алфавиттің әрпін жаза білу дағдысы

2. Дыбыстарды жаза білу дағдысы

3. Сөз және сөйлемдер орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы.

4. Әртүрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы

Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:

1) Сөзді тыңдай білу

2) Сөзді айта білу

3) Көру факторы

4) Қолдын саусақтарын дұрыс пайдалану

Сонымен жазу процессінде адамның сезіну мүшелері – көз, құлақ, тіл, сөйлеу мүшелері қатысады.

Жазуға үйретудің жолдары. Оқушыларды шет тілінде әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазуға үйрету үшін көп жаттықтыру, жақсы үлгілермен таныстыру керек.

Каллиграфияға оқытудың кезеңдері:

1. Мұғалім балаларға карточкада жазылған үлкен және кішкентай әріпті көрсетеді.

Мысалы: Bb

Карточканың бірінші бетінде әріптер жазылған болса, екінші жағында сөздер жазылады.

Мысалы: Bb – Bed, book.

2. Мұғалім тақтаға сөзді жазып көрсетіп, қиын жерлерінің жазылуын түсіндіреді. Мысалы, Q әрпін қолды қағаздан айырмай жазу керек, тек құйрығын жазғанда ғана қолды қағаздан айыруға болады, «r» әрпін жазғанда оны «v» әрпімен ұқсастырмау керек, «b» мен «d», «p» мен «q» әріптерін шатастырмау керек екенің түсіндіріп, мұғалім осы әріптері бар сөздерді жазады.

Әріптерді, сөздерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі керек, ал балалар сол қимылдарды бірінші ауада, содан кейін дәптерлерінде қайталайды.

3. Мұғалім балалардан әріптерді, сөздерді жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазу қабілетін дамыту үшін бала үйде де әріптерді, сөздерді жазуға жаттығады.

Оқушыларды таза, жақсы жазуға үйрету үшін мұғалім өзі жақсы жаза алуы керек. Тақтадағы көрнекі құралдар да өте жақсы талапқа сай жазылуы керек.

Орфография, қатесіз жазу, әріптерге бөОрфография, қатесіз жазу, әріптерге бөліп жазу. Жазуға үйрету және орфографияда кездесетін қиыншылықтарды жою үшін мұғалім төмендегідей жаттығуларды жасата алады:

1. Көшіру

а) ұқсас сөздер: room – spoon – moon

ә) естілуі ұқсас жазылуы әртүрлі сөздер:

Two – too

Sea – see

One – won

Оқушылар бұл сөздерді жазғанда оның құрамындағы әріптерді атауы керек. Ережеге бағынбайтын сөздерге көп көңіл бөлу керек:

Sure; usual; clerk; soldier.

Оқушыларды таныс фразаларды, сөйлемдерді көшіру арқылы жазуға үйретуге болады.

2. Диктант – жаттығудың қиындау түрі. Диктанттың мынадай түрлері бар:

а) Көріп жазу диктанты. Мұғалім тақтаға сөзді, фразаны, сөйлемді жазады, ал балалар оларды оқып жазылу жолдарын есте сақтауға тырысады. Содан кейін мұғалім сөздерді тақтадан өшіріп тастайды, ал балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады.

ә) Жаттығу диктанты. Мұғалім сөйлемді оқиды. Жазуға қиын сөз тақтаға жазылады, келесі бір оқушы сөздің ішіндегі әріптерді атап шығады. Содан кейін, балалар сөздерді дәптерлеріне жазады, ал мұғалім қатарлардың арасында жүріп оқушылардың жұмысын қадағалайды. Сөйлемді дұрыс жазған бала тақтаға шығып, сөйлемді жазады.

Диктанттың бұл түрі 10 – 12 минутқа созылады.

б) Диктантты өз бетімен жазу. Үйде жаттап келген мәтінді не тақпақты оқушылар сыныпта жатқа айтады, кейін сол тақпақты не мәтінді дәптерлеріне жазады.

3. Үлгі бойынша сөйлемді жазу.

Бұл диктанттың қиын түрлерінің бірі, себебі оқушылар оны жазу үшін сөйлемді өз бетімен жалғастырады.

А) Сәйкестендіру: nick has a sister

Ә) Аяқтау: he smiled because…

Б) Жалғастыру: The students wrote+adj. + noun+adv

4. Сұрақтарға жауап беру

5. Шығарма

Шығарма жазуды үйрету үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады:

А) естіген немесе оқыған әңгімені жазу. Білім деңгейі төмен сыныптарда әңгіменің маңызды сөздерін тақтаға жазып қою керек.

Ә) суретті, затты немесе белгілі бір оқиғаны суреттеу.

Б) бір тақырыпқа арналған мәтіннің бір бөлігін суреттеу

В) оқыған мәтінге жоспар құру.

Г) тақырып туралы шығарма. Басында оқушылар жоспар құрады, кейін жоспар бойынша әңгіме жазады.

Ғ) хат жазу.

Әдетте мұғалім ағылшындықтардың хатты қалай бастап жазып, немен аяқталатының түсіндіреді.

Жазу біліктіліктерін бағалау үшін мұғалім оқушыларға таныс бақылау жұмыстарының түрін қолдануы керек.

 

Тест жазу арқылы бақылау.

1) Оқушының әріп жазуды қалай игергенің тексеру үшін мұғалім баланы тақтаның алдында жеке жұмыс жасатқызады.

2) Коллиграфия және орфография саласындағы оқушылардың біліктілігін мұғалім диктант арқылы тексереді. Диктант жазғанда мұғалім сөйлемдерді екі рет оқиды.

Біріншіден диктанттың мазмұның толық оқып шығып, содан кейін сөздерді бір-бірден оқиды. Диктантты жазып болғаннан кейін мұғалім тағы бір рет оны оқып шығуы керек.

5 – 6 сыныптарда диктант жазу 5-6 минутқа созылады.

7 – 11 сыныптарда 15 – 20 минут

Әр сыныптағы диктанттың көлемі.

6-сынып – 20 сөз

7-сынып – 30 сөз

8-сынып – 50-60 сөз

9-сынып – 60-70 сөз

10-сынып – 70-80 сөз

11-сынып – 80-100 сөз

 

3) Оқушының жазу біліктілігін мұғалім шығарма арқылы да тексереді. Мысалы:

Put a few questions to the text.

Answer the questions

Write a latter

Мұғалімдер мен әдіскерлердің көбі қате жазылған сөздердің астын сызып қою керектігін айтады, себебі оқушылар осы қателіктерді түзеп өзінің жазу, грамматика салаларындағы біліктіліктерін әрі қарай дамытады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 7810. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия