Студопедия — Бділда Тәжібаев
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бділда Тәжібаев






(1909-1998)

Әбділда Тәжібаев – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең үлкен ақындарының бірі. Шығармашылық жолын жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінен ала бастаған ол содан кейінгі дәуірлердің барлығында да қазақ халқының өмірі шындығын белсенді жырлауға үн қосып, өнерпаздық тәжірибесін жетілдіреді. Оның поэзия саласындағы еңбегіне қоса, ұлттық драматургияны, әдеби-сыншылдық ойларды дамытуға қосқан үлесі де мол. Ақынның, әсіресе қазақ лирикасын ойлы, сырлы нақыштармен байыту жолындағы еңбегі атап айтарлықтай.

Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Қызылорда қаласында туған. Әкесі Тәжібай қаланың кедей тұрғыны болған. Алты жасында әкесі өлген Әбділда анасы Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақынды өнер жолына баулығандар да солар еді. Атасы – әңгімешіл, ертекші кісі, ал анасы Айманкүл ескіше сауаты бар ақын адам болған. Ол баласын шығыстың хисса-дастандарын, қазақтың эпостық шығармаларын оқытып тәрбиелеген. Оған қоса, жас Әбділдаға Сыр бойының ақын-жыршылары да әсер еткен.

1922 жылы Әбділда Қызылордадағы жетім балалар интернатына орналасады. Кейін қаладағы жеті жылдық мектепте оқиды. Жас талаптың алғашқы өлеңі сол мектептің қабырға газеті бетінде жарық көреді.

Қазақстан астанасының Қызылордаға көшіп келуі (1925) Әбділданың сол кездің белгілі әдебиетшілерімен танысып, ақыл-кеңес алуына қолайлы жағдай туғызады. Ол «Еңбекші қазақ» газетіне жұмысқа орналасып, алғашқы өлеңдерін бастырады.

1929-1931 жылдары Әбділда Қазақтың мемлекеттік педагогика институтында оқиды. 1932-1934 жылдары Қарсақпайдағы «За медь» атты жұмысшылар газеті мен «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары болып істейді. Кейін Жазушылар одағында басшы қызметтерде болады.

Бұл жылдары Ә.Тәжібаев үлкен әдебиетке еніп, шығармашылық бетін айқындаған еді. Оның «Жаңа ырғақ» (1934), «Лирикалар» (1936) атты өлеңдер жинақтары жарық көрді. Ақын біраз поэмалар да жазады. Жас ақынның өмірден алған алғашқы әсері оның жырларындағы қызулы екпін күшті, ілгеріге ұмтылысты байқатқандай. Мұндай үнді қаламгерге сол дәуірдегі күрес шындығы бергені даусыз. Әуелгі қадамын саясатқа, байлардың тәркіленуі мен кедей-жалшылардың теңдікке ұмтылуы жолын суреттеуден бастаған ол отызыншы жылдардың бас кезінде-ақ лирикалық жырлар жазуға ойысады. Оның өлеңдерінен нақтылық, суреткерлік мол орын ала бастайды. Осы жылдары А.С.Пушкин, Г.Гейне, Т.Шевченко өлеңдерін аударып, олардан үлгі-өнеге үйренеді. Лирика табиғатын тануда, оның эстетикалық мәнін көтеруде ол үшін аударма үлкен мектеп болды. Ақынның «Сырдария», «Айнабұлақ», «Алтын ай» сияқты тамаша лирикалары – осы кездің жемісі. «Сырдария» өлеңінде туған жер табиғатына деген адамдық ыстық ықылас, халық өмірімен үзілмес байланыс өз жерін, Отанын сүйген ұлы ұстаздардың көңіл күйімен сабақтас өрбиді.

 

Сүйсе Гейне – анам десе,

Сүйген суын – Рейнесін.

Сырдың суы туған ол да

Өз ақынын – Гейнесін.

 

Жазса Тарас Днепрді,

Жазса Пушкин Еділді,

Неге маған жырламасқа,

Сырда туған елімді.

 

Лириканың көркемдігі, сыршылдығы үшін күрес Әбділданы өзі өмір сүріп отырған дәуірдің шындығынан алыстатып әкетпейді. Ақын жырлаған тақырыбын заманның ырқына, елінің еңбекшіл сипатына қарай бейімдейді. Сырдарияның байлығын ел тілегіне бағындыра жырлайды. «Отанға қызмет ет, Днепрдей бізге жарық бер» дейді. Өлеңдегі ақындық параллельдер (Тарас – Днепр, Пушкин – Еділ) өлеңнің ұлттық үлгісін жоққа шығармайды, қайта әлемдік әдебиеттің жақсы үлгілерін бойына сіңіре жырлаудың белгісі.

Осы кездегі Әбділда өлеңдерінде ақындық монолог үлгісі жиі кездеседі. «Сырдария» сыршыл сезім үні болса, «Айнабұлақ» сыршылдықты эпикалық суреттермен жалғастырып, заманның жасампаз күшін, адам еңбегінің құдіретін тебірене жырлаған толғаныс. Отызыншы жылдардың екінші жартысында жазған «Оркестр», «Күй атасы», «Абыл» сияқты поэмаларында да ақын осы үлгіні дамыта, кеңейте түсіп, лиро-эпикалық шығарма туғызады. Оларда сезімтал ақын жүрегі эпикалық күй суреттеріне ұласып, сол арқылы заман мен адамның ара қатынасын белгілейді. Осы жолмен Әбділданың ақындық «мені» қалыптасты. Оның «мені» – жеке бастың күйін күйттеген адамның сыры емес, қоғам мен адам тіршілігін арқалаған, оның ойы мен ісіне ортақ ақынның халық атынан ағынан жарыла сөйлеуі. Мұны ақын біздің ерлігіміз бен елдігіміз сынға түскен шақта – Ұлы Отан соғысы кезінде анық танытты. «Ленинград» өлеңінде ол жау қоршауында қалған қаланың күресшіл берік дәстүрін, оның гранит пен мәрмәрдан жасалған батыр тұлғасын аша жырлады. Майдан батырлары Бауыржан Момышұлы мен Төлеген Тоқтаровтың ерлікке толы бейнесін олардың ішкі толғанысы арқылы көрсетуге ұмтылды.

Бұл дәуірдегі Әбділданың ақындық ізденістерінің бір саласы – оның халықтық аңыздарға, мифтік сюжеттерге бет бұруы болды. Ол халық бойындағы ерлік, азаматтық мінездерді, адам бақыты жолындағы күресті өткен заманның шартты аңыздық оқиғаларына сүйене суреттеді. Мұндай шығармалардағы тартыс зұлымдық пен адалдықтың, ерлік пен қорқақтықтың, адам сүю мен жауыздықтың арасында өтеді. Осы негізде ақын адалдықты, ерлікті уағыздайды. «Мерген», «Толағай», «Толғау» сияқты шағын поэмалар мен «Кілемшілер туралы ертегі», «Аққу», «Жомарттың кілемі», «Біз де қазақпыз» пьесалары бұған дәлел бола алады.

Соғыстан кейінгі жылдар – Әбділда ақындығының айрықша жемісті, оның лирикасының өрісі кеңейген дәуірі. Бұл кезде ақын өмір фактілері негізінде тебіреніс пен толғаныстарға толы сыршыл, сезімтал лирикалық өлеңдерді көбірек жазды. Ақынның лирикалық кейіпкерінің дүниетанымы, көзқарасы кеңейіп, ойшылдыққа бет бұрады. Жеке бастың өмір тәжірибесіне сүйене отырып, ол характер есебінде де күрделене түседі, адамгершілік, күрескерлік сипаттарын бойына жинақтайды. Ақын «мені» заман рухын бойына жинап, гуманистік сезіммен байиды.

Бұл дәуірдегі Әбділда кітаптарының ішінде оның «Аралдар» (1958) деген жинағының орны бөлек. Мұнда ақынның елуінші жылдардан кейінгі дүние, өмір, оның құбылыстары туралы жаңаша көзқарасы танылады. Шындықты жаңаша байымдап, ойлы көзбен ашуға ұмтылады. Даналыққа бетбұрған ақын жалпы өмір, жастық, ағалық, қарттық сезімдерді өзінше толғап түсінеді. Бұрынғыдай дүниенің бәрін қызықтап кетпей, оның ыстығына қоса суығы барын еске түсіреді. Осының бәрін уақыттың қызметімен өлшейді. Өмірді жасартып, жасты қартайтып жатқан уақыт-заманның бейнелі шындығы екенін түсінесің. Өмір сыры, қозғалысы сол уақыт арқылы өлшенеді, талданады.

 

Уақыт ұшып барады от қанатты,

Жақындатып жырақтан болашақты.

Кәрі ойлайды бүгінге берешекті,

Жас ойлайды ертеңнен алашақты.

(«Уақыт»)

 

Уақыт қызметін нақты өмір штрихтар арқылы бейнелеу Әбділданың «Сыр жырлары» циклінде анық көрінеді. Лирикалық кейіпкерін қартайтса да, уақыт Сыр суының жастығын сақтапты. Ол өзінің балалық шағын еске алады. Бүгін ұлғайған бала достарын көреді. Өлеңде Сыр мен оның адамдары бойындағы өзгерістерді уақыт белгісі арқылы тану үлкен ойшылдыққа ұласады.

Адамды сүю, оның еңбегін қадірлеу, сол арқылы тіршілікті, бейбіт өмірді жырлау – соңғы жылдардағы Әбділда лирикасының негізгі лейтмотиві десе де болады. «Тынықсын, тимеңдер адамға», «Мейірімім», «Адамға», «Адам» өлеңдері – осы ойдың жемістері.

 

Дем алу керек қой әркімге,

Тынықсын, тимеңдер адамға.

Ертең де күш керек қоғамға,

Ертең де күш керек адамға.

Ғашықпын, әманда ынтықпын,

Көңілінің күні бар адамға.

Сақтаңдар кәрінен сұмдықтың –

Керек ол маған да, саған да.

(«Тынықсын, тимеңдер адамға»)

 

Мейірімді ақын сезімі мол, оның жылуы жоқ үйлерге от боп жанғысы келеді, жарығы жоқ үйлерге шам боп жанғысы келеді, сенгені мен сүйгеніне шексіз берілген. Ол өмірді шексіз сүйеді, жарты емес, тұтас өмір үшін күреседі.

 

Маған тұтас жарық керек, күн керек,

Маған тұтас жұлдыз толы түн керек.

Маған тұтас теңіз керек, тау керек,

Маған тұтас алысатын жау керек.

Мен жартылап махаббатты да алмаймын,

Мен жарты дос шақырса да бармаймын.

Маған тұтас жүрек керек берілген,

Сұрайтыным осы ғана өмірден,

Тілейтінім осы ғана елімнен.

 

Әбділданың лирикалық поэмалары оның Адам мен заман жайлы толғанысын тереңдете түсуге құрылған. Адамды ардақтау, оның бойындағы заман дарытқан биік қасиеттерді жинақтап айтуға ол «Адам», «Темірші» поэмаларында тың қадамдар жасады. Алғашқысында күрескер ұрпақтың өкілін нақты іс-әрекет арқылы бейнелесе, кейінгі шығармада еңбек адамының жарқын тұлғасын ашты. Поэманың кейіпкері темірші ұста – өмірді қолымен жасап жатқан еңбек адамының бейнесі. Осы жүйедегі Әбділданың үздік туындыларының бірі – «Портреттер» поэмасы. Бұл – өмір, жаңа адам туралы философиялық толғаныс. Уақыт мөлшері – 40 жыл. Осы мерзім ішіндегі бір отбасының тағдыры, ұрпақ ауысуы негізінде автор уақыт қызметін ашады. Осы мерзімде бүкіл оқиғаның куәсі болған лирикалық кейіпкер монологі арқылы заманның ұғым-түсінігі, талғамы, адамды тануы мен бағалауы сынға түседі. Ол үшін таласта аға ұрпақ өмірден озып, жастар орнын басады. Уақыт өткенді еске салып, тіршілік күйбеңін жас ұрпақтың мойнына артады. Әкеден балаға ауысып келе жатқан шойын сағат – сол өлмейтін уақыттың бейнесі.

Әбділда ұғымындағы адам – өз заманының мұраттарын бойына сыйғызған ұлы тұлға. Оның нақты сыпаттары бар. Оның жүріп өткен жолы да адамзаттың үлкен жолы. Ал, үлкен жолдың қашан да бұрыс, бұралаңы болады. Оның бәрін көріп білу, одан өту оңай емес. Сол жолдың адам аяғы ілікпеген «ақтаңдақтары» болса, ол да адамға жаңа міндет артады. Осы ойлар «Жол туралы», «Жолдар жатыр алдымда бұраңдаған», т.б. өлеңдерде әдемі түйін табады. Ақын жолдан адам ізін көреді, оны былғамай, таза ұстауды мұрат тұтады. Өйткені жол адам баласын ілгеріге апарады, оның барар жерін нұсқайды. Ақын мұраты – «Жарастықтың заңын» сақтау.

Әбділда өмірінің соңғы жылдары бірсыпыра сыншыл өлеңдер жазды. Оларда адам бойындағы жарасымсыз қылықтар, жалғандық пен опасыздық, арзан махаббат пен дөрекілік сынға алынады. Ақын идеалы айқын. Ол тазалықты, адалдықты мұрат тұтады. Адалдық атына кір келтіріп жүргендерге кектенеді. «Мансаптың бәйгесіне ат қосып жүрген» шенқұмарлықты, барар жеріне «жүріп бармай, аунап баратын» жағымпаздарды шенейді.

 

Біреуді көкке ұшырып,

Біреуді төмен түсіріп.

Адамның қымбат орнына,

Адам еместі ұсынып

 

жүрген мораль ақын ұғымына жат сезіледі. Кеңес қоғамының ыдырауы тұсында басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан қайшылықты шындықты тануда Әбділданың бұл жырлары аса маңызды.

Әбділданың ақындық стилі оның поэзиясының өмірмен өктем араласуынан, шындықпен бетпе-бет келіп тілдесуінен туады. Сондықтан ол өлеңді қарапайым сөйлеу тіліне жақындатып, ойындағысын еркін айтуға негіздейді. Ақын жырларынан ешбір бүкпесі мен қалтарысы жоқ адамның ағынан жарыла айтылған сыры, ішкі сезімінің арпалысы танылады. Ол жарты жолда қалмай, ойындағысын жеткізіп, тауысып айтуды қалайды. Шыншылдық пен сезім байлығы, ойшылдық, үздіксіз ізденіс Әбділданың үлкен әдебиеттегі орнын да айқындайды.

Әбділда шығармашылығының көлемді бір саласы – драматургиясы. Оның «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Жартас», «Дубай Шубаевич», «Той боларда» атты пьесалары адамдар арасындағы әлеуметтік мәні бар тартыстарға құрылады да, сол тартыс, қақтығыс арқылы адамдардың биік арманын арқалаған жүректі, жағымды кейіпкерлерді ашып көрсетеді. Оның Майра, Телғара, Жаппас, Мәлік сияқты ержүрек кейіпкерлері көпшілік сүйіспеншілігіне бөленген. Ерліктің сипатын жазушы адалдықтан, қоғамға пайдалы істен, биік мұраттан таниды. Олар – қазақ әдебиетінде осы жанрдың қалыптасуына елеулі үлес қосқан дүниелер.

Әбділданың сын мақалалары, «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының даму тарихы» атты зерттеулері – оның сыншылдық, зерттеушілік қабілетін танытқан, біздің ұлттық әдебиеттік ой-пікірлерге маңызды ой қосқан еңбектер.

Мұның бәрі – Әбділда шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті орнын белгілейді.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3254. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия