Студопедия — Ди Шәріпов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ди Шәріпов






(1912-1993)

Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері және қаламгері Әди Шәріпов Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған. 1932 жылы Алматыға келіп, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына түсіп, 1935 жылға дейін оқиды. Осыдан кейін ата-тегі ауқатты адамдар болған деген жаламен оқудан шығарылған да, Түркіменстанның Красноводск педагогикалық училищесінде бір жылдай сабақ берген. 1936 жылы Алматыға қайтып, оқуын жалғастырады. Институтты 1938 жылы бітіреді. Содан кейін Алматы облысының Қаскелең орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарады.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен Әди Отан қорғаушылар санында болады. Қатты ұрыс кезінде өз жолдастарынан бөлініп қалған ол партизандар қозғалысына қатысып, үш жылдай Белорруссияны жаудан азат етушілер қатарында қызмет етеді. Партизан отрядтарының Смоленск штабында жұмыс істеді. 1944 жылы жараланып, елге қайтады. Сол кезден Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық өміріне белсене араласып, жауапты жұмыстар атқарған. Ол Оқу министрлігінде орынбасар (1944-1958), министр (1958-1963) қызметтерін атқарып, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарлығына (1963-1966) жоғарылатылады. Жазушылар одағы басқармасының, бірінші хатшысы (1966-1971), Қазақстан Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры (1971-1986) қызметтерінде болады.

Мамандығы әдебиетші Әди үлкен мемлекеттік қызметтер атқара жүріп, өзі қатысып қайтқан Ұлы Отан соғысы оқиғаларын негізге алып, көркем шығармалар жазумен шұғылданады. Оның «Партизан қызы» (1961) хикаяты – Қазақ әдебиетіндегі партизандар өмірін суреттеген алғашқы туындылардың бірі. Кейін ол бұл тақырыпты «Топ», «Ормандағы от», «Әке қабыры басында» атты шығармаларымен толықтырды.

Жазушы шығармалары, негізінен, өмірде болған, өзі соғыс жағдайында куә болған оқиғаларға, деректі материалға сүйеніп жазылған. Мәселен, «Партизан қызы» жау тылында қалып қойған қазақ офицері Жылбек Ағаділовтің әйелі Жамал мен оның партизандар отрядында туған қызы Майяның тағдырын суреттеуге арналады. Жарыспалы сюжет арқылы автор Ағаділов пен оның жолдастарының ерлік істерін көрсетуге ұмтылады. Шығармада детальдар мен эпизодтық көріністер арқылы берілген жау тылындағы ұрыстың сыпаты, жалпы адамдар тағдырындағы соғыс рухы, кейіпкерлер толғанысы хикаяттың ерекше белгілерін құрайды. Белорусь орманындағы қыс суреті, қысқы ұрыстың ауырлығы мен өзіндік өзгешеліктерін, жеңіс жолындағы қайсарлық пен табандылық оның көркемдік деңгейін көтере түседі.

«Тон» хикаятының рухында да соғыс шындығы басым. Тонды жазушы сұрапыл соғыс жағдайындағы адамдар арасындағы қатынастың түрі есебінде де, бойыңа жылу беріп, жан-жүрегіңді жадырататын деталь ретінде де орынды пайдаланған.

Әди Шәріповтің хикаяттары мен әңгімелері партизан жасағының жетекшісі Тимофей Коротгенкодан бастап, Жылбек, Павлик, Батырхан, Сергей, Мәжит, Әлім, Володев, Ақылбай, Тамара, Жамал, Лиза сияқты қозғалысқа қатысқан күрескерлердің әрқилы бейнелерін сомдауымен бағалы. Олардың әрқайсысы өзіне белгіленген әрекет, күрес үстінде көрінеді. Партизандарға тілектес ел адамдары мен ел мүддесін сатқан опасыздардың да типтері дараланып беріледі. Бұл шығармалардың оқырмандарға отаншылдық патриоттық рух дарытудағы ролі де зор.

Әди бұлардан басқа «Сахара қызы», «Дос сыры» атты романдар мен «Сойқанды жылдар», «Көргенім, көңілге түйгенім» атты естелік кітаптар жазды. «Сахара қызы» романын Жетісу өлкесі қазақтарының ХІХ ғасырда бастан кешкен тарихи оқиғаларына негіздеп жазса, «Дос сырында» ХХ ғасырдағы қазақ халқының оянып, оқу-білімге ұмтылысын, осы топтағы Ахмет деген жігіттің басынан кешкендерін суреттейді. Заманның тартысты оқиғалары Ахметті білім жолындағы талабынан жаңылыстырып, әрқилы жолға бағыттайды. Бірақ қазақ жігітінің қайсарлығы мен өжеттігі жеңіп шығады. Осыған ұқсас оқиғалар оның естеліктерінде де мол қамтылады.

Жазушылар одағын басқарып тұрған кезде Әди Азия-Африка жазушылар қозғалысының басшылық қызметтерін қоса атқарды. Сол қызметінің ретімен Азия мен Африканың көп елдерін аралады. Олардың ішінде Индия, Египет, Канада, Бирма, Сенегал, Гвинея, т.б. елдер бар. «Алыс жағалаулар», «Қапастағы жұлдыздар» атты жол сапарларынан құралған кітаптарында жазушы осы елдердің саяси-әлеуметтік, мәдени өмірі жайлы, жазушылары туралы сыр шертеді.

Әдидің сценарийі бойынша «Орман хикаясы» деген көркем суретті фильм де түсірілген. Ол 1972 жылы Азия-Африка елдерінің кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды.

Әди жазушылығына қоса әдебиеттік ой-пікірге үлес қосқан белгілі әдебиетші ғалымдардың қатарында жемісті еңбек етті. Ол «Жұмағали Саиннің өмірі мен творчествосы» деген тақырыпта кандидаттық (1964), «Қазіргі дәуір және қазақ әдебиеті дамуының мәселелері» деген тақырыпта докторлық (1974) диссертациялар қорғады. Бұл екі еңбегі де кітап болып басылған. Олардан басқа «Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық» (1984), «Сырбай Мәуленов творчествосы» (1985) атты зерттеу еңбектері жарияланды. Ол әдебиеттану мен оқу-педагогика, әдістеме мәселелері бойынша бірталай мақалалардың авторы. Ұзақ жылдар орта мектептің ІХ сыныбына арналған әдебиет хрестоматиясын құрастыруға қатысты.

Әдидің «Жұмалғали Саинның өмірі мен творчествосы» деген алғашқы сыншылдық еңбегі партизан ақынның шығармашылық жолы жайлы кең көлемде жасалған зерттеу. Кітапқа алғысөз жазған Сәбит Мұқанов Жұмағали мен Әди тағдырларындағы ұқсастықты, екеуінің Ұлы Отан соғысы кезінде партизандық қозғалысқа белсенді қатысқаны, бірі Украинада, бірі Белоруссияда жау тылында фашистермен күрескені жайында айтқан. «Сондықтан да бұл екеуінің, – дейді С. Мұқанов, – бейбіт дәуіріндегі және соғыс кезіндегі күресі сыртқы түр жағынан ғана емес, жаны жағынан да, қаны жағынан да ұқсас. Сондықтан да Әдидің еңбегі әдеттегі салқынқанды жазылған еңбектердің бірі емес, қызу қанмен жазылған, қызыға оқылатын, қызықты еңбек екендігі сөзсіз».

Монографияда автор Ж.Саин шығармашылығын толығынан талдап, оның ақындық шеберлігі жөнінде маңызды түйіндер жасалады. Ақынның өмір жолына толық шолу жасап, сол арқылы Ұлы Отан соғысына дейінгі Саинның әдебиетке келу кезеңі мен соғыс тұсындағы партизандық жырлары қазақ әдебиетінде бірінші болып жазғанына тоқталады. Соғыстан кейінгі кезеңдегі ақындық ізденістерді зерттеп, оның лирикасының соны сыпаттарын нақты талдаудан өткізеді.

«Сырбай Мәуленов творчествосы» атты монографияда Әди қазақтың тамаша лирик ақынның шығармашылығын жан-жақты зерттеп, оны қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық, шеберлік проблемаларымен байланыста қарастырады. Зерттеудің құрылымының өзі ақын өмірінің негізгі кезеңдерін, өсу, іздену жолын, оның поэзиясының жанрлық, тақырыптық баю ерекшеліктерін қамти жазуға негізделген. Ақын шығармашылығының тақырыптық шеңберінің кеңдігін, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде оның лирик есебінде қатты өскенін атап өтеді. Кішкене ғана өмір құбылыстарын үлкен ойға ұластырып, одан әлеуметтік, философиялық түйін тудыра алатынын дәлелдеп көрсетеді. Ақын көзінің қырығылығы, жүрек сезімталдығы, ой ұшқырлығы есіле көсіліп тұрған ұйқастар мен ырғақтарға ұласып, оқырманның тез, жеңіл қабылдауына жол ашатын сыпаттарына назар аударады.

Қалған екі зерттеуінде де Әди қазіргі қазақ әдебиеті дамуының өзекті мәселелерін көтеріп, оны шеберлік, жаңашылдық пен дәстүрдің жалғасуы тұрғысынан талдаған. Бұл еңбектер де Әдидің әдебиет материалдарын көп біліп, кең талдаудан өткізе алған ғалым екенін байқатады.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1610. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.036 сек.) русская версия | украинская версия