Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Саттар Ерубаев




Доверь свою работу кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

(1914-1937)

Саттар Ерубаев 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Алдымен ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан ол Түркістан жеті жылдық мектебін бітірген соң аудандық комсомол комитетінде қызмет істейді. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын арнаулы курсты, Ленинградтағы тарих-философия-лингвистика институтын бітірген ол 1933 жылы «Орым неоромантизмі және қазақтың ұлттық әдебиеті» деген тақырыпта диплом жұмысын қорғап аспирантураға түседі. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің шақыруымен Алматыға келіп, «ленинская смена», «Лениншіл жас» газеттерінің әдебиет бөлімін басқарады. Сонымен бірге Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылығы мектебінің философия кафедрасының ассистенті, ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті қызметтерін атқарады. ҚазПИ-де әдебиет тарихы мен теориясынан дәріс оқиды.

Шағын әңгіме, новелла, «Менің құрдастарым» романдары арқылы прозашы, суреттеме-очерк, мақалалары арқылы публицист, өлең-жыр, баллада, эпиграмма, пародиялары арқылы ақын ретінде танылған ол тым ерте көз жұмды. Не бары жиырма үш жасында дүние салды. Жиырма жасында-ақ тамаша пародияларымен, балладаларымен Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Мұхаметжан Қаратаев сынды ағаларының көзіне түсті. Бір кезде өзі редактордың орынбасары болып істеген «Лениншіл жас» газеті Саттар Ерубаев «өсіп келе жатқан жас жазушылардың ішіндегі ең бір таланттысы еді» десе, бұл әділ де нәрлі бағаның мінеки ғасыр ауысса да маңызы арта түспесе кеміген жоқ.

«Менің құрдастарым» атты жалғыз ғана романының негізгі бөлегін науқастанып жүріп жазды. Соңғы нүктесін қойып үлгірмеді десе де, романы түбір сөзді түйінін айтып үлгерген, бас-аяғы бүтін шығарма. Қазақ әдебиеті тарихынан көрнекті орын алатын осы романы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын алды.

«Менің құрдастарым» романының бүгінгі оқылуының өз қыры бар. Тәуелсіздік биігінен біз оның авторына ұлтының төменнен жоғарыға созған қолын мадақтағаны үшін, елінің жарқын болашағына деген сенімі, өмірге деген ғашықтығы үшін бас иеміз. Шығармасы қазақ әдебиетіне Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов туындылыарының қатарында мәдениетті прозаның ұрығын септі, егінін екті.

Романның тосын жаңалығының бірі – сындарлы композициясында. Шығарманың негізгі тартысына жетпей тұрып-ақ оқушы назарын бірден үйіріп әкететін тартымдылығында. Қалай жазылатындығы туралы әңгімеден бастап, романға апаратын жол тарам-тарам. Әрқайсысын бұрын-соңды ешкім ойламаған жақтан ойната білетіні қандай. Әуелі шығарманың увертюрасы тартылады. Айтты-айтпады, «Менің құрдастарымның» пролог орнындағы беташары, шығарма мазмұнының сазы да, назы да.

Бірінші бөлім «Роман туралы әңгіме (Романның увертюрасы). Жақшаның ішіндегі музыкалық термин басқа өнер өлкесінен тегіннен-тегін қоныстап тұрған жоқ. «Менің құрдастарымның» арқау күйі есепті. Күйдің аты – «жаңа сезім», соны тыңда дейді.

Қойшы шалдың әңгімесі делінетін «Терек пен қызыл гүл» екінші бөлімнің тақырыбы. Қара сөзбен жазылған мысал өлеңше оқылады. Терек пен қызыл гүл бақыт, мәңгілік өмір хақында айтысады.

Беташардың үшінші бөлігі «Мәңгілік өмір туралы жыр» деп аталады. Жазушы болашақ роман кейіпкерлерін, басы Рақмет болып теңіз жағасында отыр. Төлеңгіт жыршы «Мәңгілік өмір» атты жыр тиегін ағытады. Жүз жиырма жолдай ұзақ өлең өз алдына тұтас бітімді туынды. Мәңгі өмір өлмеушілік Бақытпен, Отанмен қаланып бірге салынғандығын дәріптейді.. Жеке адам туралы ойдан қоғамдық үлкен ой өндіреді. Оны былайша көсілтеді.

Менің қаным миллионның тамырында ағады.

Бір жүрегім миллионның жүрегі боп соғады.

Менің бақытым, қуанышым бүкіл елдік болады,

Мен жасасқан жаңа өмір жайнап өсед, жанады.

 

Үш бөлім – үш дара туынды увертюрасын ойнай отырып, роман «темасын» табады. Роман жүрегін соқтыратын тақырып – бақытты армансыз жастар, дейді. «Жаңа сезімге» бөленгендер кімдер? «Жаңа сезім» Саттарша – адамша өмір сүру бақыты. Бұл алдымен – саналы сезім. «...Бақытты болу бір басқа да, сол бақытты тани білу бір басқа...». Ол «...Денеңді дуылдатып, жүрегіңді толқытуы қажет...». Бойыңды үнемі билеп тұруы үшін үнемі жаңғырып, жасарып отыруы тиіс.

Жаңа сезім өздігінен тумайды. Жасалады. өмірдің бағытына жол салып беретін күш керек. Сезімді оятатын бірден-бір күш – кітап. Яғни отызыншы жылдардың қаламгері Саттар Ерубаев сонау Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтан басталған ағартушылық-демократиялық дәстүрден көз жазып қалмаған.

Жазушы кітапты оқу да, «тыңдау» да керек дейді. Эстетикалық ләззатты операның увертюрасын орындап тұрған дирижер мен оркестрді көруден емес, ойналған музыканы тыңдаудан алатының тәрізді. Саттар қаламынан туған жолдар өршіл арманшыл әуенімен оқырманын бірден баурап алады.

«Менің құрдастарым» романының негізгі әңгімесі бастала бере, шығарма композициясы өрнегіне және бір беташар өріледі. Ол «Романға баратын жол» деп аталған. Ерубаев өзіне дейінгі прозадан оқиға қуаламайтын, есесіне ішіндегі қырындысына дейін ақтаратын сыршылдықты, «шын жүректен жазушылықты, адал көңілділікті» басты бағдар етіп ұстанатын шығарма иелеріне көңілі кететінін жасырмайды.

«Менің құрдастарым» бас кейіпкерінің өсіп жетілген шағын суреттеуге арналған. Тіпті балалық өткен дәуренін де сол уақытпен байланыстырғысы келген. Осы мақсатта автор беташардың және бір түрін – экспозицияны шебер пайдаланған. Тіпті экспозицияға романның «Менің құрдастарым» деген аталымы қайталанып қойылған. Бас кейіпкерін «баяғыда қойшы болған, оның артынан инженер атағын алып, Қарағандыда учаске начальнигі болған» деп таныстырады да, кейіпкерінің балалар үйінде тәрбиеленіп, Ленинградта оқығанына дейін баяндап, оны елдің өткен тарихы мен бүгінгі жағдайымен астастырып, экспозицияның шағын аясына қыруар мол ақпар сыйғызып жібереді.

Роман бояулары кіл ақ пен қарадан тұрады. Қара - ескі заман. Романда «Менің ағаларым» атты алты тараудан тұратын, киносценарий стилінде үзік-үзік кадрлармен берілген бөлім бар. Ол да – романға апаратын жол аталған. Қараның образы – осы тарауда мейлінше бедерлі жасалған. Адам тағдырына аяусыз қарайтын ағылшын мен қазақ байлары барып тұрған жауыз бейнесінде әшкереленген.

Шығарма композициясының негізгі бөлегі Қарағанды құрылысшыларының өмірін суреттейтін күре жолына түскенде, ақ бояу, сәулелі беттер көбейеді. Бұл роман тараулары Кеңестің өндірістік тақырыпты шығармаларына ұқсап, ұжым мен жеке адамдардың өндірістік һәм тұрмыс қиыншылықтарына қарамастан, белгіленген жоспарды жанқиярлықпен орындауын суреттейді. Рас, аракідік қара түс те кезігіп қалады. Бірақ шуақты күн жүзін көлегейлей алмайды. Бас кейіпкер Рақмет трагедиялық жағдайға ұшырап қалса да, одан роман оптимизмі титтей де кемімейді.

«Менің құрдастарым» романы қазақ елінде де, кешегі Кеңес Одағы көлемінде де үнемі айтулы шығармалардың қатарында аталып келді. Тағы да қайталап айтса артықтығы жоқ, Саттар Ерубаев – Қазақстан комсомолы сыйлығының тұңғыш лауреаты. Оған атақты «Құрыш қалай шынықты» романының авторы Николай Островскийдің атындағы сыйлық берілуі де жайдан-жай емес. Саттар – өз даусы бар, керек десеңіз, өз мектебі бар жазушы. Кешегі Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтардың жастық жалынға оранған, ойлау, сезінуі бүкіл адамзат тарихын, барша жер шарын қамтитын, бүгін де әсерін еш кемітпеген өткір де өрелі публицистикасының төркінін іздегенде Саттардың өлеңдейін сығымдалған, болаттайын шыңдалған, философиялық категорияларға жетектейтін романын, балладаларын, ойтолғақтарын орағытып өте алмайсың.

Саттар Ерубаевтың көркемдік әлемі – өмірге ғашық ететін сұлулық әлемі. Ол сұлулық әлемі қуаныш пен қайғы, мейірбандық пен зұлымдық, күн мен түн секілді кереғарлықтардан яки нағыз өмір шындығынан жасақталады. Ендеше, «Менің құрдастарым» атты роман мәңгілік өмір мәнін түсінуге аңсары ауған талай дәуір перзенттерінен өз құрдастарын табатыны кәміл.

«Менің құрдастарым» – кеңес дәуірінің туындысы. Оның әр мүшесінде сол дәуір табы тұрса да, мәңгілік өмір жырын жырлайтын, жастық мастығын әнге салатын роман әрқашанда оқырман назарында. Романтикалық асқақ ойлы, реалистік терең мәнді шығарманың авторы Саттар Ерубаевты енді бүгінгі ХХІ ғасыр қауымы әдебиетіміздің айтулы қаламгері, қазақ романының жас та болса хас шебері деп сөзсіз мойындайды.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2059. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.022 сек.) русская версия | украинская версия