Студопедия — Дәрістік кешені
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәрістік кешені






1 дәріс. Тақырыбы: «Өнеркәсіптік желдету» пәніне кіріспе

Жоспары:

1. Желдету туралы түсінік

2. Желдетудің түрлері

Тірек сөздер: ағынды, тартқыш, жергілікті, аэрация

 

1. Желдету туралы түсінік

Желдету (латынша ventilatio, орысша - вентиляция) ғимараттағы ауа алмасуды қадағалайды, ауаның оңтайлы параметрлерін қамтамасыз етеді. Ауа ортасының параметрлеріне ауаның құрамы, температурасы, ылғалдылығы және т.б. жатады. Адам қоршаған ортадағы оттегіні жұтады және көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Демалу үшін таза ауадағы мөлшері 21 % болуы қажет, оттегінің концентрациясы төмен болса ауамен демалу қиындайды, адамның басы ауырады. Оттегінің үнемі жетіспеуінен жұмыс істеу қабілеті төмендейді, қартаю процесін жылдамдатады, адам денсаулығына кері әсер тигізеді.

Жабық ғимараттарда ауаны ластаушы көздері болып құрамында асбесті бар құрылыс материалдар, ағаш-жаңқа тақталардан (ДСП) жасалынған жиhаз, тұрмыстық химия, газ плиталар т.б. табылады.

Ауадағы зиянды заттардың концентрациясы жоғары болмау және оттегінің мөлшері жеткілікті болу үшін ғимараттың ауасы бір сағатта бір рет тазалануы қажет.

Қазіргі заманғы желдету жүйелері ғимараттағы ауаны жаңартады, тазалайды, ылғалдандырады, белгілі температураға дейін қыздыртады немесе суытады, адамдар үшін жайлы жағдай жасайды.

Желдету жүйелерінің тиімділігі инженерлік есептеулердің дұрыс жүргізуіне, жаңа жабдықтарға, амортизациялық құралдарына, пайдалану шарттарына тәуелді.

Екіншіден желдету – бұл бөлмелердегі ұйымдастырылған ауа алмасуы.

2. Желдетудің түрлері

Ауаның аусуы тәсілімен байланысты желдету табиғи және механикалық болып бөлінеді. Олардың үйлесуі аралас желдету деп аталады. Табиғи желдету аэрация мен ауаны тазартуға бөлінеді. Механикалық желдету ауа ағымдарының бағытына байланысты тартқыш (вытяжная), ағынды (приточная), ағынды-айдағыш (приточно-нагнетательная) және ағынды-тартқыш болып бөлінеді. Бөлмені қамту сипаты бойынша жалпы-алмасу және жергілікті (оқшауландырылған, локальды) желдету айырылады, сонымен қатар осы екі түрдің үйлесуі мүмкін. Қолданылу уақыты бойынша желдету қимылдаушы және авариялық (апатты) болады.

Желдету жүйесі өнеркәсіптік бөлмелерде ауаның қалыпты құрамың қамтамасыз етеді. Желдетуды құрастыруы мен пайдалануына аз шығынды, ұтымды болу қажет. Дұрыс таңдалған желдету жүйесі бөлмені өндірістік процестерде бөлінетін шаңнан, бу мен газдардан тазартады.

Сондықтан зиянды заттардың бөліну нүктелерін анықтап, жергілікті сорғыштармен жабдықтайды. Бірақ тек жергілікті тартқыш желдетуді пайдалануға болмайды, жалпы-алмастыратын желдетуді орналату міндетті. 1 және 2 сурете желдеткіш құрылғылардың көріністері көрсетілген.

 

 

1 сурет. Ағынды желдету

2 сурет. Тартқыш желдету

 

Табиғи желдету өнеркәсіптік бөлмелердегі температуралар мен ауа салмағының айырмашылығы әсерінен, желдің қозғаумен жүзеге асырылады.

Табиғи желдетуды пайдалануы ауа ағындарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін ұзына бойы қабаттарына перпендикулярлы жабдықтардың орналасуын талап етеді. Жабдықтардың арасындағы өтетін жерлері 2 метрден кем болмау қажет. Өтетін жерлерге қарама-қарсы ұзына бойы қабаттарда ағынды саңылаулар жабдықталады. Саңылаулар ашылатын жармалар (фрамуга) түрінде жасалынады. Фрамуга бөлменің ішіне таза ауаның еркін түсуін қамтамасыз етеді. Осы кезде таза ауа араластырылады және бөлмедегі ластанған ауаны ығыстырып шығарады.

Бөлмедегі ауаны терезелердің фрамугаларын ашып тазартады. Бұл кезен бойы қимылдаушы табиғи желдету.

Аэрация - бұл белгілі параметрлердегі өнеркәсіптік бөлмелерде жалпы-алмастыру желдетудің ролін орындайтын ұйымдастырылған табиғи желдету. Үймеретті тиісті орналастырғанда аэрацияның қалыпты және тиімді қолданылуына мүмкін жетуге болады. Үймеретті үстемдік желдердің бағытына перпендикулярлы немесе 45˚ кем емес бұрышта орналастыру қажет. Қабаттардағы терезелермен үйдің төбесіндегі шамдардың жармалары олардың еденнен ашылуын қамтамасыз ететін механизмдермен жабдықталады. Желдің бағыты мен күшімен байланысты жармалардың (фрамугалардың) ашылуын реттеп, қажетті көлемдегі ауа алмасуына жағдай жасайды.

Желдету жүйесінің классификациясы. Желдету жүйелер әр түрлі болады. Желдету жүйелер келесідей бөлінеді: арналуына байланысты - ағынды және тартқыш, қолданылу аймағына байланысты - жергілікті және жалпы-алмасу, ауаны алмастыру әдісіне байланысты – табиғи және механикалық, конструктивті ерекшеліктеріне байланысты - каналды және каналсыз.

Арналуына байланысты желдету жүйелері. Ағынды жүйе желдетілетін бөлмеге таза ауа беру үшін қолданылады. Осы жүйе арқылы қажет болған кезде ауа арнайы қайта өндеуге (тазалауға, жылытуға, ылғалдандыруға т.с.с.) жіберіледі. Тартқыш жүйе бөлмедегі ластанған ауаны жою үшін қолданылады. Жалпы жағдайда бөлмеде ағынды жүйемен қоса тартқыш жүйеде қарастырылады. Олардың жұмысы сәйкестендірілген болуы қажет. Кейбір жағдайда бөлмеде тек тартқыш немесе ағынды жүйе орнатылады. Сол бөлмеге ауа сырттан немесе арнайы қарастырылған ойықтар арқылы шектес бөлмелерден кіргізіледі немесе бөлмеден сыртқа немесе шектес бөлмелерге шығарылады.

Қолданылу аймағына байланысты желдету жүйелері. Жергілікті жүйе өндірістің шектеулі бөлігін ғана желдетеді. Жергілікті тартқыш жүйе зиянды заттарды шығаратын көздерден немесе технологиялық құрылғылардан ластанған ауаны жояды. Жергілікті ағынды жүйе бөлменің жеке нүктелеріне ауаны жеткізеді. Жергілікті жүйе өте тиімді, бірақ ол желдету жүйесіндегі барлық мәселелерді шешуге арналмайды. Осы мәселелерді шешу үшін жалпы ауыспалы жүйе, яғни нақты және тартқыш желдеткіштер пайдаланады.

Ауаны алмастыру әдісіне байланысты желдету жүйелері. Бұл жүйелер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып бөлінеді. Ұйымдастырылмаған табиғи желдету – бұл терезе, есік, құрылыстағы дұрыс қапталмаған қабырғалар арқылы ауаның инфильтрациясы. Осы ауа алмасудың мөлшері есептелініп анықталмайды. Ауа алмасу басқарылмайды, ішкі және сыртқы температураның әртүрлілігіне, желдің жылдамдығына, жарық материалдарына, ашылатын терезе мен есіктердің ауданына тәуелді.

Табиғи желдеткішті ұйымдастырған кезде бөлмедегі ауа алмасу фрамуга, каналдар, тартқыш құбырлар арқылы жасалынады. Ұйымдастырылған желдету кезінде ауа бөлмеге түрлі биіктікте болған жел үстінен және жел астынан орнатылған арнайы саңылаулар түседі және жойылады. Жылы уақытта төменгі саңылауларды еденнен 0,3-1,2 м, ал суық уақытта жоғарғы саңылауларды еденнен 4 м кем емес биіктікте ашады. Суық ауа жұмыс орынға жеткенше жылынуы қажет. Аэрация кезінде бөлмедегі ауа алмасуды есептеуге және қалпына келтіруге болады.

2. Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңымен бекiтiлген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай анықтамалар мен терминдер қолданылады:

1) ауа арнасы - таза немесе ластанған ауаны тасымалдауға арналған құбыр;

2) дефлектор - бөлмедегi ауаны жоюға арналған ауа арнасы бiтетiн шетiндегi басы;

3) жалпы алмасу желдеткiшi - бүкiл бөлме көлемiндегi ауаның алмасуын қамтамасыз ететiн желдету;

4) желдету қондырғысы - жетек, желдеткiш және басқару мен бақылау аппараттарының жиынтығы;

5) желдету жүйесi - өнеркәсiптiк кәсiпорындардың өндiрiс бөлiмдерiнде және жұмыс орындарында қалыпты атмосфералық ортаны қамтамасыз ету мақсатымен бiр-бiрiмен бiр жиынтыққа байланысқан құрылғылар, жабдықтар (жетек, желдеткiш, ауа арналары, бақылау және басқару аппараттары) жиынтығы;

6) жергiлiктi желдету (аспирация) - залалдарды тiкелей пайда болған жерлерден жоюды қамтамасыз ететiн желдету.

 

3 дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

Жоспар:

1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар

1. Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар

2. Ауа арналарына, желдету саптамаларына, дефлекторларға, жүйелi ауа қақпақтарына қойылатын талаптар

3. Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар

5. Желдету жүйелерiн орнату (монтаждау) кезiнде қойылатын талаптар

 

1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар

Ауыстыру ортаның құрамына байланысты желдеткiштер: әдеттегi орындауда; жегiдеге қарсы орындауда; жарылыс қауiпсiз және шаңдық орындауда дайындалады.

Жарылыс қауiпсiз орындаудағы желдеткiштер дөңгелектермен, конустармен және аллюминий немесе дюраллюминийден кiреберiс келте құбырлармен дайындалады; желдеткiш арқылы өтетiн жарылыс қауiптi қосындысының ағымында болатын бiлiк учаскесi аллюминийлiк қалпақшалармен және төлкемен жабылады.

Жегiдеге қарсы орындаудағы желдеткiштер агрессивтi қоспалары бар ауа әсерiне берiк материалдардан дайындалады.

Желдеткiштер дiрiл айырғыштармен жалпы iргетас рамасында электрлiк қозғағыштармен жиынтықта және тапсырыс берушiнiң талабы бойынша реттеу құрылғысымен жеткiзiледi.

2.Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар

Құрғақ тозаңұстағыштар шанаптарды босатуға және ұсталған материалдарды транспортқа шансыз түсiруге арналған жұмыстарды механизациялауға мүмкiндiк беретiн қымталған бекiтпесi бар сыйымды шанаппен жабдықталады.

Дымқыл тозаңұстағыштардың механизацияланған шламтұндыратын құрылғылары болады.

Жанғыш материалдардың шаңдарын ұстау кезiнде шаңтұтқыш камералары өртке қарсы автоматтық жаңбырлы бiлiктi құрылғылармен немесе инерттi газдарды қолданумен автоматтық қондырғыларымен жабдықталады.

Барлық құйындатқыштардың шаңжинағыш - шанаптары болады.

Топтап орнатуда цилиндрлiк құйындатқыштарды пайдалану қажет.

Электрлiк тозаңұстағыштар құбырлы, кәрездi немесе пластинкалық орындауда; көлденең немесе тiк; бiр және көп, құрғақ немесе дымқыл (сумен жуумен). Кернеу үлкендiгi шектелмейдi.

Ультрадыбыс тозаңұстағыштардың құрылымы олардың тек естiлмейтiн жиiлiгiнiң ауқымында ғана жұмыс iстеуiн қарастырады.

Кiру және рециркуляциондық ауаны тазалау үшiн сүзгiлер талап ету өнiмдiлiгiнiң сүзгiлерiн құрастыруына рұқсат беретiн механикаландырылған агрегаттар немесе ұяшықтар жиынтығы түрiнде дайындалады.

3.Ауа арналарына, желдету саптамаларына, дефлекторларға, жүйелi ауа қақпақтарына қойылатын талаптар

Ауа арналарының материалдары тасымалданатын ортаның сипаттамасына байланысты таңдалады.

Талшықты цементтi ауа арналары өлшемдерiнiң мүмкiн болатын ауытқулары ұзындығы бойынша 10 мм, ал жақтары көлемi бойынша ±5 мм құрайды.

Ауа арналарының және фасонды бөлiктердiң кесiктерi бұйымның шүлдiгiне перпендикуляр, шеттерi бүрiктерiнсiз және қабатталусыз тегiс болып келедi.

Үштармақ немесе айқастырма және негiзгi ауа арнасының тармақталуының арасындағы ең үлкен бұрышы: тамырдың диаметрi 440 мм - 30o-қа дейiн, тамырдың диаметрi 440 мм аса - 45о; рұқсат етiлетiн ауытқулар 1,5о; ось бойымен келетiн бұрудың ең кiшi орташа қисаю радиусы 1,5D тең бұрудың тiкбұрышты қиылысы қисығының орташа радиусы жартылай енiне тең болады.

Тiкбұрышты ауа арналарының тiзелерiнде түзететiн күрекшелерi болады.

Ернемектерде, металлдан жасалған жалғастырғыштарда немесе құрсауларда (пластмассадан жасалған) қосылатын ауа арналары мен фассондық бөлiктердiң ернемектерi мен жалғастырғыштар, құрсаулар, төсеулер, бұрандамалар, тығырықтар және резеңке балдақтар жиынтығымен әкелiнедi.

Қара металлдан жасалған ауа арналары боялады.

Мырышты металлдан жасалған ауа арналарында фальцтер мен бұрыштама косындылар жерлерi олифамен боялады.

Желдету саптамалары берiлетiн ауаның көлемiн реттейтiн құрылғымен жабдықталады.

Ауаны шоғырлана таратуға арналған және қалқаншасы бар кесе өтетiн саптамалардың ағын бағытын реттейтiн реттеушiсi болады.

Желдету саптамалары реттеуге арналған құрылғылармен бiрге жiберiледi.

4.Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар

Өрт сөндiру немесе автоматты өрт дабылы автоматты қондырғылармен жабдықталған өндiрiстер үшiн желдету жүйесiнiң электр қабылдағыштарды, ауа баптау мен ауалық жылыту (бiр фазалы жарық жүйесiне қосылатын электр қабылдағыш жабдығынан басқа), түтiнге қарсы қорғау жүйелерiн автоматты түрде блоктау қарастырылады.

Желдету жүйелердi жартылай немесе толық өшiру технологиялық талаптармен анықталады.

Ауа параметрлерiн бақылау және реттеу бергiштерi қызмет ететiн немесе бөлменiң жұмыс iстейтiн жерлердiң белгiлi нүктелерiнде орналасады, бұл жерлерде олар қыздырылған немесе аса салқындатылған беттер мен құйылмалы ауа ағысының әсерлерiнен сақталуы қажет.

Аспирациялық қондырғылар технологиялық жабдықтармен бұғатталады.

5. Желдету жүйелерiн орнату (монтаждау) кезiнде қойылатын талаптар

Желдеткiш тұғырын қатты негiзге орнатқанда дыбысты оқшаулайтын төсенiшке тығыз орналастырады. Серiппелi және резеңкелi тозушылықпен дiрiлдi оқшаулайтын негiздер үлгiлi тетiктер сызбаларына сәйкес жасалынады.

Желдеткiштердiң бiлiктерi көлденең орналастырылады, ортаға тарту күшi бар желдеткiштер қаптамаларының тiк қабырғаларында еңiстер мен қисаюлар болмайды.

Желдеткiштердiң iргетастарын орнатқан кезде iшiнде анкерлi болттар үшiн ұялар қалдырылады, желдеткiштер орнатылғаннан кейiн ұялар цемент ерiтiндiсiмен толтырылады.

Желдету жүйелерi үшiн электр қозғалтқыштар шүлдiктерiнiң параллельдiгi және шкивтердiң орташа сызықтарының сәйкес келуi, бүрмелерiнiң параллельдiгi, бекiтiлулердiң негiзге бекiтiлу берiктiлiгi, корпустың, қосатын жалғастырғыштардың қоршаулары және белдiк берiлiстердiң жерлестiрiлуiн есепке ала отырып орнатылады.

Шаңнан ауаны тазалау бойынша циклондар, скрубберлер және басқада жабдықтар салыстыра тексерiледi және постаменттерге, кронштейндерге немесе басқада тiрек құрылымдарына мықтап тiркеп қойылады. Бұл жабдықтарға еркiн қатынас қамтамасыз етiледi.

 

4 дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн сынау және баптау кезiнде қойылатын талаптар

Жоспар:

1. Қайта жөнделген желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар

2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар

 

1. Қайта жөнделген желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар

Желдету жүйелерiн сынау мен баптауды монтаждау жұмыстарын жүргiзген ұйымдар жүргiзедi. Қажеттi жағдайларда сынау мен баптауды өнеркәсiптiк кәсiпорынның құрамына кiретiн көрсетiлген жұмыстар түрлерiн орындауға құқығы бар арнайы баптау ұйымдары немесе бөлiмшелерi жүргiзедi.

Технологиялық жабдықпен тiкелей байланысты желдету жүйелерi технологиялық жабдықты құрастыру аяқталғаннан және iске қосылғаннан кейiн сыналады және реттеледi.

Сынақ алдында желдету жабдығын орнату, ауа арналарын, клапандарды, желдету бөлмелерiн және басқа да құрылғыларды сынау және құрастыру дұрыстығын және жобаға сәйкестiгiн тексеру керек.

Желдету жүйесiн сынау және баптау жүргiзiлген кезде мыналар орындалады:

1) өнiмдiлiгiнiң, толық қысымның және желдеткiштiң айналым сандарының жобамен көрсетiлгендерге сәйкестiгiн тексеру;

2) ауа арнасының басты учаскесiнде берiлетiн ауа температурасын өлшеумен калориферлiк қондырғылардың жұмысын тексеру;

3) жекелеген бөлмелер бойынша жалпы ауыстырмалы желдету қондырғылармен берiлетiн және (немесе) сорылатын ауа көлемдерiнiң жобаға сәйкестiгiн тексеру;

4) жекелеген ауа алатын және ауа шығаратын құрылғылар арқылы жүретiн ауа көлемiн жекелеген өндiрiс орындарға және технологиялық жабдыққа қызмет көрсететiн жергiлiктi желдету қондырғылармен сәйкестiгiн тексеру;

5) ылғалдылық құрылғылармен жабдықталған қондырғылар үшiн камера артында ауа арналарының басты учаскесiнде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу, ылғалдылық бүркiгiштердiң жұмыстарын тексеру, ауа шығыны бойынша жоба көрсеткiштерiне жету мақсатында құрылғыларды реттеу.

Желдеткiштi сынау кезiнде желдеткiштен шығуда және кiруде ауа арналарында толық, статикалық және жылдамдық қысымдары, желдеткiш роторының айналу жылдамдығы өлшенедi.

Сынау кедергiлеу құрылғылардың толық өшiрiлуi кезiнде жүргiзiледi.

Сынау кезiнде:

1) ауа шығаратын екi немесе одан да көп саңылаулары бар магистралдық ауа арналарында және тармақшалануларда әрбiр кiргiзiлетiн және шығарылатын саңылаулар бойынша;

2) калориферлiк қондырғылар мен сусепкiш камералардың тозаңұстағыш құрылғылардан шығу және кiру кезiнде анықталады.

Ауа арналары торабында ауаның сорылу және кемiп қалу көлемi желдеткiштiң нақты өндiрумен барлық кiру және сору саңылаулары арқылы өтетiн ауа көлемiнiң сомасы арасындағы әртүрлiлiк ретiнде анықталады. Сорылу және кемудiң жалпы көлемi желдеткiштiң нақты өндiрудiң 10-15%-нан аспайды.

Желдету жүйесiн реттеу әрбiр ауа арналары тармағының жекелеген ауа шығарылатын және ауа кiргiзiлетiн саңылаулар бойынша, жекелеген ауа арналары тармақтары бойынша жүргiзiледi. Реттеу деген нақты жүзiнде және жобадағы ауа шығындары қатынастарын кедергiлеу құрылғылары көмегiмен бiр қалыпқа келтiру болып табылады.

Калориферлiк қондырғыларды сынау және реттеу ауа шығыны және оның жобалық өнiмдiлiгiн қамтамасыз ету бойынша желдету қондырғыларды реттегеннен кейiн жүргiзiледi.

Калориферлiк қондырғыны сынау және реттеу жылыту кезеңiнде сыртқы ауа температура есебiнен жоғары кез келген температурада жүзеге асырылады.

Калориферлiк қондырғыны реттеу жылу таратушы шығындардың өзгеруiмен жүзеге асады.

2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар

Пайдаланудағы желдету жүйелердi сынау және баптау жұмыс аумағындағы ауа күйiнiң санитарлық нормалар сәйкестiгiне жету және желдету қондырғылардың жұмыс iстеуi мақсатында технологиялық жабдық дұрыс салынған кезде ұйымның құрамымен жүргiзiледi.

Сынау және баптау.

1) технологиялық жабдықты құрастыру және пайдалануға енгiзу аяқталғаннан кейiн, оның жұмыс iстеуi кезiнде бөлмеге өндiрiс залалдары бөлiнгенде;

2) қайта құрудан кейiн (ауа арналарының сұлбасы өзгергеннен кейiн);

3) жұмыс аумағындағы ауада өндiрiстiк залалдары құрамның санитарлық нормаларға сәйкес келмеуi табылған кезде желдету жүйелердi пайдалану үдерiсiнде жүргiзiледi.

Сынау мен баптаудың алдында желдету жүйесiн алдын ала тексерулер болады:

1) жылыту мен желдету қондырғыларын әбден талдап тексеру және оларды жобамен салыстыру;

2) технологиялық үдерiспен және өндiрiстiк залалдарды бөлетiн жабдықтың күйiмен танысу;

3) желдету қондырғылар жұмысының пайдалану режимдерiмен танысу және олардың жұмыс тиiмдiлiгiн бағалау.

Алдын ала тексеру нәтижелерi бойынша пайдаланудағы желдету жүйелердi сынау және баптау бойынша ақаулар ведмостiнде белгiленген жүйенiң ақауларын жою бойынша жұмыстардың бағдарламасы дайындалып көлемi анықталады.

Сынау және баптау мыналарды:

1) жұмыс аумағындағы бөлмелердiң ауа ортасының күйiн тексерудi (ауаның температурасын, салыстырмалы ылғалдылығын және қозғалғыштығын, желдету жабдығымен туғызылатын жылулық сәулеленудiң қарқындылығын, зиянды газдардың құрамын, булар мен шаңдарды, шудың деңгейiн анықтауды);

2) iстеп тұрған желдету қондырғыны сынауды;

3) технологиялық жабдықтың жергiлiктi сорғылар мен желдету жабындылары жұмыстарының тиiмдiлiгiн анықтау және сынау мен баптауды;

4) жергiлiктi желдету қондырғыларды баптауды;

5) бөлмелерде ауа ауыстырылуын анықтауды, жалпы ауыстырмалы кiргiзу және сору желдету қондырғыларын баптауды;

6) желдету жүйесiнiң жекелеген элементтердiң (тозаңұстағыш құрылғылары, калориферлер, сусепкiш камералар) жұмыстарының тиiмдiлiгiн анықтауды және сынауды, баптауды;

7) желдету жұмысының тиiмдiлiгiн, оның бапталуын қайталап ауа параметрлерiн өлшеу жолымен тексерудi қарастырады.

Желдету жабдығының сынау және баптау нәтижелерiнде жеткен негiзгi жұмыс көрсеткiштерi желдету қондыру паспортына кiргiзiледi.

Сынау кезiнде:

1) желдеткiштiң тораптағы жұмысының нақты режимi (өнiмдiлiгi, дөңгелектiң айналу жиiлiгi және толық қысымы);

2) тораптың барлық тармақтарының негiздерiнде және барлық желдету саңылауларында калориферлiк қондырғылардан, тозаңұстағыш құрылғылардан және ылғалдағыш камералардан кiрген және шыққан кезде ауаның нақты шығындары;

3) калориферлiк қондырғыларда, тозаңұстағыш құрылғыларда және ылғалдағыш камераларда ауаның өтуiне кедергiсi анықталады.

Бөлмелердегi ауа алмасуы желдету жүйелердi тексеру және сынау нәтижелерi негiзiнде анықталады.

Технологиялық жабдықтың мөлшер түрлерi әртүрлi жергiлiктi сорғылары бар болғанда бiртүрлес және бiр мөлшерлес сорғылардың әрбiр тобынан тек бiр ғана сорғы тиiмдiлiкке сыналады. Сынау нәтижелерiн бiрдей өндiрiс жағдайларында жұмыс iстейтiн барлық сорғыларға таратуға рұқсат берiледi және бүкiл желдету жүйесiн баптау негiзiне салынады.

Бiр технологиялық аппараттан немесе бөлiнбейтiн қымталған жабындылар жүйесiмен өзара байланысты (мысалы, элеватор-шанап-қоректендiргiш және сол сияқты) бiрнеше аппараттардан тұратын технологиялық тiзбектен ауа шығаратын бiрнеше жергiлiктi сорғыларды қолданған кезде сынаумен олардың жиынтық тиiмдiлiгi белгiленедi.

Желдету жүйесiн сынау және баптау нәтижелерi қондыру паспортына кiргiзiледi.

Бөлмелердiң жұмыс аумағындағы ауа ортасының жағдайын зерттеу пайдаланудағы желдету жүйелердi сынау басында өткiзiледi.

Зерттеу өндiрiстiк қондырғылардың дұрыс жұмыс бастылығы және желдетудiң қаралған жобалы режимiнде жұмыс iстеуi кезiнде жүргiзiледi.

Зерттеу жүргiзу барысында өндiрiстiк зиянды заттардың шығу жағдайына қарай анықталады:

1) бөлмелер ауасындағы газдың, будың және шаңның салмақтық құрамы;

2) бөлмедегi метеорологиялық жағдайлар (температура, бiршама ылғалдылық және ауа жылжымалылығы, жылу сәулелерiнiң қарқындылығы);

3) ағынды ауадағы өндiрiстiк залалдардың құрамы және оның параметрлерi (температура, салыстырмалы ылғалдылық);

4) бөлмеден шығатын және келетiн ауаның жалпы мөлшерi;

5) бөлмеге жiберiлетiн және одан жойылатын ауа температурасының орташа өлшенген мәндерi;

6) жұмыс аумағындағы ауаның нақты орташа температурасы.

Жұмыс iстеп тұрған технологиялық жабдықтан шу деңгейi белгiленген нормадан артық болған кезде желдеткiш қондырғыларынан пайда болатын шуды төмендету шаралары қарастырылады.

 

5 дәріс. Тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету

Жоспар:

1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы

2. Зиянды заттар шығаратын металлургиялық процестер

 

1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы

Қара металлургияға темір және оның қорытпаларын өндіретін өндірістер жатады. Бұл өнеркәсіп бес саладан тұрады: тау-кен, металлургия, ферросплав, отқа төзімді және металл сынықтарын өңдейтін.

Қазақстанда қара металлургия саласында жұмыс істеп жатқан темір (Соколов-Сарыбай, Лисаков, Кашар кен байыту комбинаттары және Атасу кен басқармасы), хромит (Дон кен байыту комбинаты), марганец (Жезді кен басқармасы) рудаларын өндейтін өндірістерді, екі ферросплав (Ақсу мен Ақтөбе) және "Казогнеупор" (Рудный қаласы) зауыттары мен "Казвторчермет" (Алматы қаласы) өндірістік қоғамын атауға болады.

АҚ "Испат Кармет", Ақтөбе, Ақсу (Павлодар облысы) зауыттарының өнімдері көптеген шетелдерге экспортқа шығарылып отырады.

Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаны, жер беті мен жер асты суларын, топырақты көптеген зиянды улы заттармен ластап отырады. Барлық өнеркәсіп өндірістерінің арасында қоршаған табиғи ортаны ластауда екінші орында келеді. Негізгі ластаушы компоненттер көміртек оксиді (43-67 %), қатты заттар (15,5-16,0 %), күкірт оксиді (10,8-16,0 %), азот оксиді (5,2-23,0 %), көмірсутектері (3 %-ке дейін). Орта есеппен 1 млн. тонна онім шығарғанда қара металлургия зауыттарынан шаң - 350, күкіртті ангидрид - 200, көміртек оксиді - 400, азот оксиді - 42 тонна/тәулігіне бөлініп отырады.

Қара металлургия өндірістерінен шыккан ақаба суларда қалқыған қатты бөлшектер, май, сульфаттар, хлоридтер, темірдің қосылыстары, ауыр металдар және тағы басқа ластаушы компоненттер болады.

Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға және ақаба сулармен қоршаған ортаға тасталынатын заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе артып жатады. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген құнарлы жерлерді иеленеді.

Барлық металлургиялық процестерде қоршаған ортаға шаң, көміртек пен күкірт оксидтері, домналық балқыту кезінде күкіртті сутегі, азот оксидтері, илек (прокат) шығаратын жерде улы ерітінділердін аэрозольдары, эмульсия булары бөлініп отырады. Әсіресе коксхимия өндірісінде бөлінетін улы заттардың мөлшері өте жоғары. Минералдық заттармен қатар органикалық улы қосылыстармен де, мысалы, ароматты көмірсутектерімен, фенолмен, бенз(а)пиренмен, пиридин негіздерімен ластанады.

Қара металлургия суды көп мөлшерде қолданатын өндірістердің бірі, яғни еліміздегі бүкіл өнеркәсіптің пайдаланатын суының 10-15 %-тін осы сала жұмсайды.

Негізінде қара металлургияда судың 75 % металлургиялық пештерді, құрал-саймандарды салқындатуға қолданылады.

Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға және ақаба сулармен қоршаған ортаға тасталынатын заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе артып жатады. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген құнарлы жерлерді иеленеді.

Металлургиялық өндірістерде залалсызданатын және утилденетін қалдыктардың мөлшері 30-35 %-тен аспайды. Қалдықтарға металл кесінділері, домналық және коксты газдар жатады. Көп материалдар шойын мен болат алғанда айналымсыз шығынға ұшырап отырады.

Қара металлургия кәсіпорындарында судың үлкен көлемі металлургиялық пештерді салқындату үшін шығындалады, су шикізат пен жанармайды байытудың күрделі процестерінде тасымалдаушы орта ретінде, реагенттерді шайқауда, ерутіде қолданады.

Коксты цехтарда су бөлінген коксты сөндіру үшін және оны арнайы қараңғы вагонға тасымалдауда қолданылады. 1т коксты сөндіруге 1м3 су кетеді, оның тең жартысы қайтымсыз булануда жоғалса, тең жартысы кокспен әкетіледі.

 

6 дәріс. Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету

Жоспар:

1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы

2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары

 

1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы

Ұқсатушы өнеркәсіп салаларына металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ағаш өндеу, цемент, жеңіл, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа да көптеген салалар жатады.

Металлургия адамзатты конструкциялық материалдармен – қара және түсті металдармен қамтамасыз етеді.

Дүние жүзінің түсті металлургиясы жылына 40 млн. тоннаға жуық әр түрлі металдар өндіреді. Бұл ең алдымен алюминий (17 млн.т), ол қазіргі заманда алуан түрлі салаларда: авиация мен ракета техникасында, автомобиль жасауда, жеңіл конструкциялық материалдар өндіруде және басқа да көптеген шаруашылық салаларында көп қолданылады.

Алюминий өнеркәсібі аумақтық жағынан бір-бірінен бөлінген өндірістік буындардан құралады. Бұлардың біріншісі – глинозем (алюминий тотығы) алу, мұның географиясы ішінара боксит өндіретін елдерге қарай ойысады. Энергия көп жұмсалатын екінші буын – алюминий өндіру – көбіне дамушы елдердегі арзан электр энергиясы көздеріне жақындауға бейім.

Боксит өндіретін негізгі елдер – Австралия, Гвинея, Ямайка, Ресей, Бразилия, глинозем өндіру жөнінен – Австралия, Ресей, АҚШ, Ямайка. Ал алюминий қорыту жөнінен алда келе жатқандар реті мүлдем басқаша: АҚШ, Жапония, Ресей, Канада, ГФР. Бұл елдердің бәрінде өндіріс ірі ГЭС-тер аудандарында немесе қуатты жылу электр станциялары шоғырланған жерде жүргізіледі.

Ауыр түсті металдардың рудаларында металл өте аз болады. Мысалы, өндірілетін рудадағы мыстың мөлшері 0,5-тен 3,5 пайызға дейін, осының өзінде барған сайын жұтаң рудалар ұқсатылатын болды. Рудаларды байыту және қара мыс өндіру іс жүзінде руда өндіретін елдердің бәрінде ұйымдастырылады. Мыс рудалары қорының дені Чилиде, АҚШ-та, Замбияда, Қазақстанда шоғырланған. Мысты тазартып қорытуға электр энергиясы көп кетеді, сондықтан қара мыстың біразы дамушы елдерге жіберіледі. Тазартылған мысты көп өндіретін елдер – АҚШ, Ресей, Жапония, ГФР, Қазақстан.

2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары

Металды өндіруші елдер мен қорытушы елдер арасындағы айырым қорғасын қорытып шығаруда да көрінеді. Руда өндіру жөнінен Австралия, АҚШ, Канада, Ресей, Қазақстан.

Түсті металлургия Қазақстанда жақсы дамыған.Түсті металдарды ерте замандардан қорытылған, ондай металл қорытқан кен орындары Орталық Қазақстаннан, Алтай өлкесінен табылып отыр. Мыс, қорғасын-мырыш, алюминий мен титан-магний өндірістері – Қазақстан металлургиясының басты салалары.

Республикада түсті металлургия саласына кіретін 7 саланың құрамында 28 ірі кәсіпорын жұмыс істейді.

Түсті металлургия өндірістерінің бәрі зиянды заттармен биосфераны ластап отыратын негізгі ластаушы көздер. Жыл сайын атмосфераға тасталатын заттардың көлемі бірнеше миллиондаған тонна. Көп мөлшерде атмосфера күкірт, көміртек, азот тотықтарымен, ауыр металдармен ластанады.

Қалдық суларда өте улы заттар - цианидтер, мұнай өнімдері, мышьяк, фтор, сынап, сурьма, сульфаттар, хлоридтер, нитраттар кездеседі.

Түсті металлургияның ірі комбинаттары топырақты алуан түрлі зиянды қосылыстардың көп мөлшерімен ластайтыны соншалықты, олардың маңындағы топырақтар қабатында табылған ауыр металдардың концентрациясы ШРЕМ-нен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, Шымкент топырағында қорғасынның мөлшері 200 ШРЕМ, Жезқазғанда мышьяктікі 2-3 ШРЕМ дейін жететін жерлер кездеседі.

Түсті металлургияда қалдықтарды пайдалану және утилдеу проблемалары әлі толық шешімдерін тапқан емес.

Санитарлық норманы анықтайтын СН-245-01 құжатына сәйкес барлық металлургиялық кәсіпорындарға олардың қоршаған ортаны ластайтын компоненттерінің зияндық класына байланысты санитарлық-қорғау аймағы белгіленіп, тұрғын кешеннен қандай алшақтықта орналастыруға болатыны көрсетіледі. Осы құжатқа сәйкес металлургия саласының кәсіпорындары 5 класқа бөлінеді.

 

7 дәріс. Тақырыбы: Машина жасау кешеніндегі желдету

Жоспар:

1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы

2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері

1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы

Машина жасау кешеніне мына с







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3979. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия