Аз. Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
01_01_01_қаз. $$$001 Бронх демікпесінің ұстамасы және демікпелік статустың бірінші сатысы арасында ажыратпа диагноз жүргізгенде неғұрлым маңызды белгі: A) айқын цианоз B) экспираторлық тұншығудың ауырлық дәрежесі C) науқастың мәжбүрлік қалпы D) эуфиллинді көк тамырға енгізудің нәтижесіздігі E) бета 2-агонистерге рефрактерлік {Дұрыс жауап}= Е {Күрделілік}= 1 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Бронхиальная астма у взрослых. Под ред. А.Г.Чучалина. М. 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$002 Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқас қатты жөтелгеннен кейін кенеттен кеуде клеткасының оң жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Қарағанда: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алуда қалыңқы және қабырға аралықтары томпайған; перкуссияда - тимпанит. Неғұрлым мүмкін асқыну: A) Өкпе ателектазы B) Пневмоторакс C) Өкпе инфаркты D) Өкпе эмфиземасы E) Экссудациялық плеврит {Дұрыс жауап}= В {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$003 48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Неғұрлым мүмкін диагноз: A) Пневмония B) Өкпе туберкулезі C) Бронхоэктаз ауруы D) Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы E) Созылмалы іріңді бронхит {Дұрыс жауап}= Е {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$004 Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, тез оң нәтижелі динамика неғұрлым тән: A) Саркоидозға B) Пневмокониозға C) Ошақты пневмонияға D) Милиарлы туберкулезге E) Инфильтрациялық туберкулезге {Дұрыс жауап}= С {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Система органов дыхания. М. Бином, 2005, 464 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$005 Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37° дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы: A) Ципрофлоксацин, амброксан B) Метрогил, гентамицин C) Лазолван, теплое питье D) Амоксиклав, бронхолитин E) Бромгексин, тетрациклин {Дұрыс жауап}= С {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Система органов дыхания. М. Бином, 2005, 464 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$006 Науқас 53 жаста, жоғарғы бөліктің пневмониясы диагнозы қойылған. Қақырықта алтынды стафилококк анықталған. 2 апта өткенде науқастың қызуы көтеріліп, мөлшері 100 мл дейінгі жағымсыз иісті қақырық шыға бастаған. Рентгенде оң жақ өкпенің барлық жоғарғы бөлігін қамтыған деструкциялық үдеріс анықталған. Оң жақ өкпенің зақымданған бөлігінің резекциясы жасалынған. Опреациядан кейінгі кезеңде неғұрлым тиімді препарат: A) Эритромицин B)Пенициллин C) Метронидазол D) Левофлоксацин E) Амоксициллин {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Национальное руководство. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2008, 800 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз.
01_01_01_қаз. $$$008 Өкпе тінінің іріңді-деструкциялық ыдырауы, қабырғасы жұқа ішінде сұйықтығы жоқ қуыстардың пайда болуы тән пневмонияның қоздырғышы: A) Микоплазма B) Клебсиелла C) Аденовирус D) Пневмококк Е) Стафилококк {Дұрыс жауап}= Е {Күрделілік}= 1 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$009 М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38°С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда: мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде – түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 ед/л, АСТ–78 ед/л. Неғұрлым мүмкін диагноз: A) Саркоидоз B) Өкпе амилоидозы C) Ауруханадан тыс пневмония D) Фиброздаушы альвеолит E) Өкпенің қатерлі ісігі {Дұрыс жауап}= А {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$010 Науқас 55 жаста, кезеңді тұншығу ұстамаларына, айқын әлсіздікке, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» симптомдары, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорапты өкпелік дыбыс, аускультацияда – әлсіз везикулярлы тыныс. Неғұрлым мүмкін диагноз: A) Пневмония B) Пневмоторакс C) Жіті бронхит D) Өкпе эмфиземасы E) Созылмалы бронхит {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
01_01_01_қаз. $$$011 Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскендекенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімі пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін аебебі: A) Сепсис B) Кардиогенді шок C) Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы D) Инфекциялық-токсикалық шок E) Жіті респираторлық дистресс-синдром {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Система органов дыхания. М. Бином, 2005, 464 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
01_01_01_қаз. $$$012 Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика: A) Тетрациклин + метрогил + лазолван B) Амоксиклав + гентамицин + бромгексин C) Кларитромицин + преднизолон + бромгексин D) Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид E) Цефуроксим + амброксол + ипратропиума бромид {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Система органов дыхания. М. Бином, 2005, 464 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
01_01_01_қаз. $$$013 Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігініңрентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика: A) Ампициллин + гентамицин B) Плазмаферез курсы + цефтриаксон C) Ошақты санациялау + қуысқа моксифлоксацин енгізу D) Өкпе бөлігінің резекциясы + цефтриаксон E) Левофлоксацин + инфузиялық терапия {Дұрыс жауап}= С {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
01_01_01_қаз. $$$014 43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор: A) Вирус B) Саңырауқұлақ C) Токсин D) Паразит E) Бактерия {Дұрыс жауап}= В {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Клинические рекомендации. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 228 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
|