Тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттарын стандарттау. Нормативтік құжаттар
2. Сағат саны: 90 мин 3. Сабақ түрі: тәжірибелік 4. Сабақтың мақсаты:
5. Оқыту әдісі:жағдайлық есептер шығару, тест бақылау 6. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Шикізаттар, гербарийлер, кестелер, плакаттар б) оқыту орны: 513 бөлме. 7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) 1. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011 2.Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003 3. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с Қосымша (Қ) 4. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998 5. Определение ресурсов, заготовка, сушка и стандартизация лекарственного сырья. Бимурзаев А.А. – Астана, 2009 6. Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с 8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин 1. Қойма зиянкестерінің түрлерін атаңыз. 2.Қойма зиянкестерімен күресу шараларын атаңыз. 4. ДӨШ –ның қойма зиянкестерімен зақымдалу дәрежесін анықтау әдісі берілген нормативтік-құжатты атаңыз 5. 1 кг шикізатта 20 кенеден көп болса, онда ол қай дәрежеде зақымдалған деп есептеледі? 6. 1 кг шикізатта 20 кенеден жоғары болса, онда ол қай дәрежеде зақымдалған деп есептеледі? 7. 1 кг шикізатты киіздей қаптаған кене болса, онда ол қай дәрежеде зақымдалған деп есептеледі? 8. 1кг шикізатта күйе және басқа зиянкестер саны 5 тен көп болса, онда ол қай дәрежеде зақымдалған деп есептеледі? 9. 1кг шикізатта күйе және басқа зиянкестер саны 6-10 болса, онда ол қай дәрежеде зақымдалған деп есептеледі? 10. 1кг шикізатта күйе және басқа зиянкестер саны10нан көп болса, онда ол қай дәрежеде зақымдалған деп есептеледі? 10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин ДӨШ стандартты жағдайға жеткізу. Дайындау пунктеріне жинаушылардан түскен шикізаттарды қосымша өңдеуден өткізеді – мұны стандартты жағдайға жеткізу деп атайды. Дәрілік өсімдік шикізаттарын стандартты жағдайға жеткізуүшін қосымша құрғату, дымқылдау, іріктеу, ұсақтау жүргізеді. Дәрілік өсімдік шикізаттарын стандарттау. Дәрілік өсімдік шикізатының сапасы белгілі бір талаптар мен нормаларға сай болуы керек. Бұл нормаларда мемлекеттік органдар құжат ретінде құрады және олар стандарттар деп аталады. Стандарттар келесі категориялардан тұрады: мемлекеттік стандарттар (МСТ); аймақтық стандарттар (АСТ); республикалық стандарттар (РСТ); өнеркәсіптік стандарттар (ӨСТ). Дәрілік өсімдік шикізаттары МСТ және АСТ категорияларына қарайды. Аймақтық стандарттар (АСТ) белгілі бір аймақтың барлық өндірістері мен мекемелеріне және де осы аймақтың өнімдерін қолданатын басқа да өндірістер мен мекемелерге (тапсырыс беруші) қатысты. АСТ-ты белгілі бір өндіріс түрінің аймақтық қажеттіліктерімен бірге сол өндірістің басшысы болатын министрлік бекітеді. Барлық дәрілік өсімдік шикізаттары негізінен медицинада қолданылатындықтан дәрілік өсімдік шикізаттарына құрылатын барлық қалыпты-техникалық құжаттар аймақтық құжаттарға жатады. Аймақтық стандарттың 42-1-71 «Дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізаттарына нормативті-техникалық құжаттарды жасау, келісу және бекіту» тәртібі бойынша 1 маусым 1971 жылы құрылған дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізаттарына нормативті -техникалық құжаттар келесі категорияларға бөлінеді: ФС – фармакопеялық бап, УФС – уақытша фармакопеялық бап, АСТ – аймақтық стандарт. Медицинаға кеңінен енгізілген бағалы дәрілік өсімдік шикізаттарына фармакопеялық статьялар Мемлекеттік фармакопеяға енгізіледі. Фармакопеялық баптар дәрілік өсімдік шикізаттарының тек сериялы өндірістеріне және денсаулықсақтау Министрлігі қолдануға рұқсат еткен, Мемлекеттік реестрге енгізілген объектілеріне бекітіледі. Мемлекеттік фармакопеяны денсаулықсақтау Министрі бекітеді. Дәрілік өсімдік шикізаттарына фармакопеялық баптар мен уақытша фармакопеялық баптар келесі құрылымдардан тұрады. Баптардың басында шикізаттың латынша, орысша және қазақша аттары беріледі. Бұдан ары өндірілетін өсімдіктері (орысша, латынша, қазақша), жинау уақытысы, тағайындалуы және қолданылатын аймағы беріледі. Келесі бөлімдері төмендегідей ретпен беріледі: – сыртқы белгілері – шикізаттың морфологиялық қысқаша сипаттамасы, түсі, иісі, дәмі; А-тізіміне қатысты өсімдіктердің дәмін тексермейді; –кесілген шикізаттың бөліктерінің өлшемдерін, қажет болса оның сипаттамасын келтіреді; – микроскопия – шикізаттың диагностикалық белгілерін келтіреді; – сапалық реакция – микрохимиялық реакциялар, хроматографиялық сынамалар келтіріледі; – сандық көрсеткіштер – әсер етуші заттардың, экстрактивті заттардың пайыздық мөлшерінің қалыбы белгіленеді, күлі, ылғалдылығы, өлшемі жіберілген ауытқулар көрсетіледі, органикалық және минералды қоспалар беріледі; – бақылау әдістері; – орамдау; – маркілеу, тасымалдау, сақтау; – сақтау мерзімі; – негізгі фармакологиялық әсері (тікелей медицинада қолданылатын дәрілік өсімдік шикізаттары үшін). ФС мен УФС бекітілгеннен кейін министерствоның индексінен, тіркеу номерінен және бекітілген жылын көрсететін соңғы екі саннан тұратын белгілер қойылып денсаулықсақтау министрлігінде тіркеледі. Белгілеуге мысал: ФС-42-108-71; мұндағы 42 – денсаулықсақтау министрлігінің индексі; 108 – реттік тіркеу номері; 71 – құжаттың бекітілген жылы. Қазіргі кезде СССР Мемлекеттік фармакопеясының Х басылымы (МФ Х) 1986 жылы шыққан және МФ ХІ бірінші басылымы (1987) қолданыста. МФ Х басылымы бойынша 738 статьяның 65 – дәрілік өсімдік шикізатының үлесінде. ФС мен УФС нормаланатын 200-ден астам шикізаттар. 11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин МФ баптары бойынша ДӨШ –на сипаттама жазыңдар: жалбыз шөбі, дәрілік жалбызтікен тамырлары, үлкен бақажапырақ жапырақтары 12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин 1. ҚР стандарттау жүйесін атаңыз 2. МФ баптары (фармакопеялық бап, уақытша фармакопеялық бап), МСТ, спецификациясы. 3. ДӨШ стандартты жағдайға жеткізу 4. ДӨШ-на нормативтік-заңдылық және техникалық құжат ретінде анықтама беріңіз 13. Сабақты қорытындылау. 3 мин Алған білімдерін қорытындылау, бағалау. 14. Үйге тапсырма беру. 2 мин Н. 38-39 б; Қ. 65-67 б; МФ Х бас. 4-ші сабақ;
|