Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бір дұрыс жауабын табыңдар.





1. Фармацевтикалық тәжірибеде дәрілік өсімдік шикізатының гүлі деп...атайды.

A. гүл бөлігін және де толық гүлді

B. жабықтұқымды өсімдіктердің тұқыммен көбею мүшесін

C. кептірілген жеке гүлдер немесе гүл шоғырлары және олардың бөліктерін

D. күлтелері, гүл тостағаншалары мен гүл табаны қалдықтарының қоспаларын

E. кептірілген гүл шоғырлары мен олардың бөліктерін

2. Фармацевтикалық тәжірибеде дәрілік өсімдік шикізатының шөбі деп... атайды.

A. биіктігі 15 см гүлдеп тұрған жоғары бөлігін

B. шөптесін өсімдіктің кептірілген жоғары бөлігін

C. шөптесін өсімдіктің барлық жер үсті бөлігін

D. кептірілген, кейде жас жапырақты және гүл өркендерімен бірге шөптесін өсімдіктің жер үсті бөлігін

E. кептірілген немесе жас шөптесін өсімдіктің жапырақты және гүлді өркендері мен жер беті бөлігін, кейде өсімдіктің барлық бөлігін

3. Фармацевтикалық тәжірибеде дәрілік өсімдік шикізатының қабығы деп... атайды.

A. ағаштар мен бұталардың діңгектерінің, бұташықтары мен тамырларының ішкі қабықтарын

B. ағаштар мен бұталардың діңгектерінің, бұташықтары мен тамырларының жабын ұлпаларын

C. камбийден периферияға орналасқан ағаштар мен бұталардың діңгектерінің,

бұташықтары мен тамырларының сыртқы бөлігін

D. ағаштар мен бұталардың діңгектерінің, бұташықтары және тамырларының сыртқы қабығын

E. ағаштар мен бұталардың діңгек

4. Фармацевтикалық тәжірибеде дәрілік өсімдік шикізатының тамырлары деп... атайды.

A. топырақтан тазартылған немесе жуылған, жапырақ пен сабақ қалдықтарынан, шіріген бөліктерінен тазартылған, кептірілген көпжылдық өсімдіктің жер асты мүшелерін

B. күзде немесе ерте көктемде жиналған, топырақтан тазартылған немесе жуылған, жапырақ, сабақ, тамырсабақ қалдықтары мен шіріген бөліктерінен тазартылған кептірілген немесе жас көпжылдық өсімдіктің тамырларын

C. минералды және сумен қоректену қызметін атқаратын жоғарғы өсімдіктің мүшелерін

D. өсімдіктің топыраққа бекіну қызметін атқаратын жер асты бөлігін

E. көпжылдық өсімдіктің жас жер асты мүшелерін

5. Фармацевтикалық тәжірибеде жапырақтар деп, дәрілік шикізаттың... атайды.

A. кептірілген немесе жас жапырақтар немесе күрделі жапырақтың жеке жапырақшаларын.

B. медициналық мақсатта қолданылатын кептірілген немесе жас жапырақтарын.

C. фотосинтез, транспирация және газалмасу қызметтерін атқаратын өркен бөлігін.

D. жапырақ тақтасынан, негізінен және сағақтан тұратын бүйір, көбінесе жалпақ доросовентральды мүшелерін.

E. фотосинтез қызметін атқаратын өркен бөлігін.

Жауаптары: 1-В, 2-Е, 3-С, 4 – В, 5- А

 

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін қорытындылау, бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

Н. 32-36 б; Қ. 43-48 б; МФ Х бас.

2-ші сабақ;

1.Сабақтың тақырыбы:Дәрілік өсімдік шикізаттарының зиянкестері.

2 Сағат саны: 90 мин

  1. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: дәрілік өсімдік шикізаттарының зиянкестері туралы біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру;
  • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі:жағдайлық есептер шығару, тест бақылау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Шикізаттар, гербарийлер, кестелер, плакаттар

б) оқыту орны: 513 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011

2. Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003

3. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с

Қосымша (Қ)

1.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым»,

2.Определение ресурсов, заготовка, сушка и стандартизация лекарственного сырья. Бимурзаев А.А. – Астана, 2009

3.Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с

8.Ұйымдастыру кезеңі:5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсатымен, міндетімен таныстыру.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин

1. Шөпті, жапырақтарды жинау ережесі

2. Гүлдерді жинау ережесі.

3. Жемістерді, тұқымдарды жинау ережесі.

4. Тамырларды, тамырсабақтарды, тамыр түйнектерді жинау ережесі.

5. Қабықтарды, бүрлерді жинау ережесі.

6. Өркендерді жинау ережесі.

7. Күшті әсер ететін, улы дәрілік өсімдіктерді дайындау, сақтау ерекшеліктері.

8. ДӨШ кептіру ережелері, әдістері

 

9. Күнде, көлеңкелі- ауада, конвективті, радиациялық кептіру дегеніміз не?

i. фир майлы өсімдіктерді кептіру ережелері

    1. Гликозидті өсімдіктерді кептіру ережелері
    2. Алкалоидты өсімдіктерді кептіру ережелері
    3. Аскорбин қышқылы бар өсімдік шикізаттарын кептіру ережелері

 

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин

ДӨШ орамдаудың мақсаты – сақтау және тасымалдау барысында қолайсыз факторлардан қорғау, демек орамдау шикізаттың сапасы мен санын қамтамасыз ету қажет. Әрбір шикізат үшін НТҚ орамдау мен ыдыстар түрлері регламенттелген. Ыдыстарға қойылатын негізгі талаптар – таза, мықты, құрғақ, бөгде иіссіз, әрбір шикізат түріне бірдей және шикізат қасиетіне сәйкес болуы керек.

Стандарттарда ыдыстардың мынадай түрі қарастырылған: қағаз, мата, полиэтиленді қаптар, қағаз пакеттер, теңдер, киптер, фанерлі немесе гофрирленген картон жәшіктер.

Шикізаттарды ыдыстарға себелеп, теңдеп, престеп орамдайды.

Сусымалы шикізаттарды әдетте себелеп (бүршіктер, жемістер, тұқымдар, жапырақтар) орамдайды. Ыдысты шикізат көбірек сыйыуы үшін аздап нығыздап, сілки отырып аузына дейін толтырады. Шикізаттарды осылай қаптарға, пакеттерге, жәшіктерге, қаңылтыр және шыны банкілерге орамдайды.

Қаптарды ұсақталған жер асты мүшелерді, жемістерді, тұқымдарды орамдау үшін пайдаланады. Екі қабатты қаптарға ауыр, гигроскопиялық, сусымалы шикізаттарды орамдайды. Тасуға оңай болу үшін қаптың аузына 10 см етіп «құлақ» қалдырады. Мата қаптарға орамдалатын шикізаттың салмағы 50 кг, қағаз пакеттерде - 5 кг, полиэтилен қаптарда – 15 кг аспау керек.

Жәшіктерге тек мата қаптарға орамдауға келмейтін сынғыш шикізаттарды (түймедақ, меруертгүл) орамдайды. Ішіне алдын-ала қағаз төсейді. Сыртын болат лентамен қысады. Ағаш жәшіктердегіге шикізаттың салмағы 30 кг, қағаз картондардағы шикізаттың салмағы 25 кг аспауы керек.

Қаңылтыр немесе шыны банкілерде тек гигроскопиялық шикізаттарды орамдайды.

Теңдерге жапырақтарды, шөптерді, кейде гүлдерді орамдайды. Теңдердегі шикізаттардың салмағы 50 кг аспауы керек.

Престеп сусымалы шикізаттардың басқаларын орамдайды. Салмағы 200 кг аспауы керек.

Бөлшектеп-өлшенген шикізаттарды тұтынушылық ыдыстарға орамдайды: картонды пачкелер, қағаз пакеттер, полиэтиленді пакеттер, брикеттер үшін контурлы ұяшықтар.

ДӨШ таңбалау. ДӨШ таңбалау деп НҚ талаптарына сәйкес әрбір орамдау бірлігіне жазылатын жазуларды атайды. Жазулар ірі әріптермен трафарет бойынша жуғанда кетпейтін бояумен жасалады.

ДӨШ тасымалдау. ДӨШ кез келген көлікте жүргізуге болады. Көлікке қойылатын талаптар: таза, құрғақ, бөгде иіссіз, қойма зиянкестерімен зақымдалмаған болуы керек.

ДӨШ сақтау. ДӨШ сақтау жағдайы шикізаттың сыртқы түрі мен ББЗ құрамын өзгертпейтіндей болуы керек. ДӨШ сапасына бірнеше факторлар әсер етеді: температура, микробиологиялық процес, ауа ортасы, ылғалдылық, жарық. ДӨШ сақтайтын бөлмелерге қойылатын талаптар: таза, құрғақ, жақсы желдетілетін, қойма зиянкестерімен зақыдалмаған, тікелей күн сәулесінен қорғалған болуы керек. Қойма үшін тиімді температура 10-120 С, ылғалдылық 13 %. ДӨШ сақтайтын бөлмелер тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Дәрілік өсімдік шикізаттарының қойма зиянкестері. ДӨШ сақтау орындарында құрт құмырсқаларды, кеміргіштерді еліктіреді, өйткені олардың құрамында көмірсулар, белоктар, майлар, витаминдер, органикалық қышқылдар және т.б. заттар болады. Ең қауіпті зиянкестерге күйе, кене, қоңыз, көбелектер, олардың личинкалары жатады. Олармен күресу шаралары: дезинсекция және дератизация.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 3150. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия