Студопедия — Ситуациялық есеп № 3
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ситуациялық есеп № 3






ДӨШ жинаушылардан теңермен келіп түсті. 7 тең талдауға іріктеп алынды. Қанша өнім бірлігі келіп түсті? Өнімнен үш нүктелі сынама алыңыз. Теңтерде қандай шикізаттар орамдалады?

 

2) Тест тапсырмалары. Бір дұрыс жауабын табыңдар.

  1. Орамдау мен маркілеудің қалыптық техникалық құжатқа сәйкестігін анықтау үшін сырттай бақылауға... жіберіледі

a) зақымдалған өнім бірлігін

b) іріктелген барлық өнім бірліктерін

c) қабылданатын өнімнің сапасына жауапты кісінің таңдауы бойынша

d) әр өнім бірлігін

e) әр өнім бірлігін аша отырып зақымдалған өнім бірлігін зақымдалмаған өнім бірлігінен бөлек қабылдайды

  1. Шикізаттың 61 өнім бірлігі түскенде сұрыптама көлемі... сынаны құрайды

a) 5 бірлікті

b) 7 бірлікті

c) 6 бірлікті

d) 8 бірлікті

e) 61 бірлікті

  1. Дәрілік өсімдік шикізатының органикалық қоспасы деп... бөліктерін атайды

a) улы өсімдіктер

b) табиғи түсін жоғалтқан шикізат

c) басқа улы емес өсімдіктер

d) осы өсімдіктің шикізат емес бөліктері

e) күшті әсер ететін өсімдіктер

  1. Шикізаттың өзі екендігін және сапасын анықтауға дайындалған шикізат партиясының бөлігі бұл...

a) аналитикалық сынама

b) біріккен сынама

c) орташа сынама

d) нақты сынама

e) арнайы сынама

  1. Дәрілік өсімдік шикізатында жіберілмейтін қоспаларға... жатады

a) құм, топырақ, тастар

b) осы өсімдіктің басқа бөліктері

c) басқа улы емес өсімдіктердің бөліктері

d) улы өсімдіктердің бөліктері

e) алғашқы түсін жоғалтқан шикізат бөліктері

  1. Шикізаттың сапасы деп, оның... сәйкестігі

a) сақтау мерзіміне

b) өзінің атына

c) құрамындағы қоспасына

d) қалыпты құжаттың барлық талаптарына

e) әсер етуші заттардың мөлшеріне

  1. Минералды қоспалар деп – бұл...

a) топырақ үйінділері, ұсақ тастар, құм

b) минералды тектес заттар қоспасы

c) топырақ, шыны, ұсақ тастар, құм, шаң

d) шикізатты 10 мл сумен еріткендегі пайда болатын тұнба

e) шикізат массасын жағып және содан соң қыздырғаннан кейінгі қалатын қалдық

  1. Бүтін дәрілік өсімдік шикізатының ұсақтылығын анықтау барысында:

a) МФ ХІ статьясында көрсетілген елеуіштің саңылауынан шикізаттың өтетін бөліктерін бөлшейді.

b) МФ ХІ статьясында көрсетілген елеуіштің саңылауынан шикізаттың өтпеген бөліктерін санайды.

c) МФ ХІ статьясында көрсетілген елеуіштің саңылауынан шикізаттың өтетін бөліктерін cанайды.

d) МФ ХІ Ұнтақтылығын және қоспаларын анықтау жалпы статьясы бойынша елеуіштің саңылауынан шикізаттың өтпеген бөліктерін өлшейді.

e) МФ ХІ статьясында көрсетілген елеуіштің саңылауынан шикізаттың өтпеген бөліктерін өлшейді.

  1. Дәрілік өсімдік шикізатының өзі екендігіне сәйкестігін дәлелдейтін көрсеткіштері:

a) өзінің атына сәйкестігі

b) сақталу мерзімі

c) дайындалу мерзімі

d) негізгі әсері

e) сандық көрсеткіштері

  1. Құрамындағы қоспалардың мөлшерін... арқылы анықтайды

a) аналитикалық сынама

b) нақты сынама

c) орташа сынама

d) біріккен сынама

e) іріктелген әр өнім бірліктері

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

1. Шикізаттың партиясы дегеніміз не?

2. Шикізаттың партиясы қалай безендіріледі?

3. Шикізаттың аналитикалық сынамасы деп қандай сынаманы атаймыз?

4. Шикізаттың нүктелік сынамасын қалай алады?

5. Біріккен шикізат сынамасын қалай алады?

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін қорытындылау, бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

Н. 38-39 б; Қ. 65-67 б; МФ Х бас; ФБ; УФБ ережелер.

5-ші сабақ;

1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттар тауарларын тани білу. Бүтін, ұсақталған, ұнтақталған дәрілік өсімдік шикізаттары: жапырақтарды анықтау

2. Сағат саны: 90 мин

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: дәрілік өсімдік шикізаттарының өзі екендігін және сапасын анықтау бойынша біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру;
  • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі:жағдайлық есептер шығару, тест бақылау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Шикізаттар, гербарийлер, кестелер, плакаттар

б) оқыту орны: 512 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

4. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011

5. Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003

6. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с

Қосымша (Қ)

  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998
  2. Определение ресурсов, заготовка, сушка и стандартизация лекарственного сырья. Бимурзаев А.А. – Астана, 2009
  3. Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с

8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсатымен, міндетімен таныстыру.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин

Ботаника курсынан «Жапырақтың морфологиялық құрылысы» туралы білімін тексеру.

1.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин

Фармакогностикалық талдау дегеніміз – дәрілік өсімдік және жануар текті шикізаттардың өзі екендігін және сапасын анықтау әдістерінің кешені.

Дәрілік өсімдік шикізатының өзі екендігі – бұл талдауға түскен шикізаттың атауына сай келуі.

ДӨШ өзі екендігін макроскопиялық, микроскопиялық және химиялық талдау арқылы анықтайды.

Макроскопиялық талдау – шикізаттың морфологиялық белгілерін анықтауға негізделген фармакогностикалық талдау түрі.

Жапырақтар деп фармацевтикалық тәжірибеде кептірілген немесе балғын жапырақтарды немесе күрделі жапырақтардың жапырақшаларын тұтарын дәрілік өсімдік шикізаттарын атайды. Жапырақтарды сағағымен немесе сағақсыз толық пісіп жетілген кезде жинайды.

Сыртқы белгілері. Жапырақтардың сыртқы белгілерін анықтағанда ұсақ және етті жапырақтарды құрғақтай анықтайды; ірі жұқа жапырақтар әдетте шикізатта мыжылған болып келеді, сондықтан оларпды бірнеше минут ыстық суға салып, кейін шыны пластинкаға немесе клеенкаға жайып, мұият түзулейді. Мұнда жапырақ тақтасының пішініне, формасына, сағағына, жүйкеленуіне, жапырақ шетіне, эфир-май бездеріне, және басқа жапырақ бетіндегі құрылымдарға немесе мезофилдегі ұяшықтарға (лупа х10) көңіл аударады.

Жапырақтың пішінін және сағақтарының ұзындығын өлшегіш миллиметрлі линейка немесе миллиметрлі қағаздың үстіне жайып қою арқылы өлшейді.

Түсін құрғақ шикізатта күндізгі жарықта екі бетінен, иісін жапырақты үгіту немесе сындыру, қатты нысандар үшін скальпель арқылы қырынды алып немесе келі келсапта үгіту арқылы анықтайды.

Дәмін ең соңғы этапта құрғақ шикізаттыың немесе қайнатпаның дәмін тату арқылы анықтайды (тек улы емес шикізаттарды). Ол үшін шкізаттың кішкене кесегін ауызға салып, абайлап шайнайды, дәмін анықтаған соң түкіріп тастайды.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин

Сабақ нысандары: «жапырақтар» дәрілік өсімдік шикізаттарының үлгілері.

МФ ХІ жеке бапқа сәйкес «жапырақтар» бүтін шикізатының талдауын жүргізіңдер.

1 есеп. Альбомда жазыңдар:

1. Шикізаттың қазақша-орысша-латынша атауын, тұқымдасын, түрін.

2. Талдау жүргізгенде қолданылатын НҚ атауы.

2 есеп. Шикізатқа макроскопиялық талдау жүргізіңдер.

1. Берілген шикізаттың сыртқы белгілерін кесте түрінде сипаттаңдар:

 

Белгілері Белгілеріне сипаттама Анықтау әдісі
Жапырақ тақтасының құрылысы    
Пішіні    
Жапырақ тақтасының мөлшері    
Сағағының бар-жоқтығы, оның мөлшері    
Жүйкелену сипаты    
Жапырақ шетінің сипаты    
Түктерінің бар-жоқтығы    
Жапырақ бетінің асты, үстінің түсі    
Үгіткендегі иісі    
Дәмі    
Спицификалық ерекшеліктері    

2. Өздеріңнің сипаттамаларыңды НҚ «Сыртқы белгілері» бөлімінің талаптарымен салыстырыңдар.

3. Талдаған ДӨШ-ын НҚ сәйкестігі жөнінде қорытынды жасаңдар.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

1. Суретте... жапырақ тақтасының шеті көрсетілген.
A. ара тісті
B. тісті
C. бүтін
D. ойық
E. дөңес
2. Суретте... жапырақ тақтасының формасы көрсетілген.
A. қияқты
B. жұмыртқа тәрізді
C. кері жұмыртқа тәрізді
D. дөңес
E. ұзынша
3. Суретте... оксалат кальций құрамы көрсетілген.
A. рафидтер
B. друзалар
C. призма тәрізді қиыршықтар
D. сфероқиыршақтар
E. қиыршық құмдар
4. Суретте... жапырақ тақтасының шеті көрсетілген.
A. тісті
B. ара тісті
C. бүтін
D. ойық
E. дөңес
5. Суретте... жапырақ тақтасының формасы көрсетілген.
A. кері жұмыртқа тәрізді
B. дөңес
C. жұмыртқа тәрізді
D. қияқты
E. ұзынша
6. Суретте... оксалат кальций құрамы көрсетілген.
A. друзалар
B. призма тәрізді қиыршықтар
C. рафидтер
D. сфероқиыршақтар
E. қиыршық құмдар
7. Суретте... жапырақ тақтасының шеті көрсетілген.
A. ойық
B. тісті
C. бүтін
D. ара тісті
E. дөңес
8. Суретте... жапырақ тақтасының формасы көрсетілген.
A. ұзынша
B. қияқты
C. жұмыртқа тәрізді
D. кері жұмыртқа тәрізді
E. дөңес
9. Суретте... жапырақ жүйкелері көрсетілген.
A. доғалы
B. қауырсынды
C. қарама-қарсы
D. саусақты
E. дихотомды
10. Суретте... жапырақ тақтасының шеті көрсетілген.
A. бүтін
B. тісті
C. ара тісті
D. ойық
E. дөңес

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін қорытындылау, бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

Н. 37-39 б; Қ. 432-456 б.

 

6-шы сабақ;

1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттар тауарларын тани білу. Бүтін, ұсақталған, ұнтақталған дәрілік өсімдік шикізаттары: гүлдерді анықтау

2. Сағат саны: 90 мин

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: дәрілік өсімдік шикізаттарының өзі екендігін және сапасын анықтау бойынша біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру;
  • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі:шикізатқа талдау жасау, тест бақылау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Шикізаттар, гербарийлер, кестелер, плакаттар

б) оқыту орны: 512 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011

2.Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003

3.Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с

Қосымша (Қ)

3. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998

4. Определение ресурсов, заготовка, сушка и стандартизация лекарственного сырья. Бимурзаев А.А. – Астана, 2009

5. Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с

8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсатымен, міндетімен таныстыру.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин

Ботаника курсынан «Гүлдердің морфологиялық құрылысы» туралы білімін тексеру.

1. Гүлдің құрылысын атаңыз

2. Гүлдегі аналықтар жиынтығы гинецейге анықтама беріңіз

3. Гүлдегі аталықтар жиынтығы андроцейге анықтама беріңіз

4. Гүлшоғыры, оның жіктелуі

5. Жай гүл шоқтарының түрлері

6. Күрделі моноподиалды гүлшоғырының түрлері

7. Күрделі симподиалды гүлшоғырының түрлері

8. Күлте жапырақтарының қызметі, құрылысы

9. Гүл серігінің қызметі, құрылысы

10. Гүл тостағаншасының жапырақтарының қызметі, құрылысы

11. Гүлдің формуласы мен диаграммасы

12. «Гүлдер» өсімдік шикізатына анықтама

 

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин

Гүлдер деп фармацевтикалық тәжірибеде кептірілген гүлдердің бөлек немесе гүл шоғыры, сонымен қатар олардың бөліктерінен тұратын дәрілік өсімдік шикізаттарын атайды.

Сыртқы белгілері. Шикізатта гүлшоғырының типін, анықтайды, кейін шикізатты 1 мин ыстық суда жібітеді, қарусыз көзбен немесе лупа көмегімен (х10) гүл құрылысын қарайды. Гүлді заттық шыны үстіне қойып препаровальды инемен бөлек бөліктерге бөледі. Гүл серігінің құрылысына – қарапайым (табақша тәрізді) немесе екеулік; табақша гүлдері мен күлтелерге – дұрыс (актиноморфты) немесе дұрыс емес (зигоморфты); гүл тостағаншасының немесе тостағанша гүлдерінің пішіні мен формасына; гүл жапырақтарының немесе күлтелердің тістеріне, аталық құрылысына, санына, аналық санына көңіл аударады.

Гүлдің шеңбері мен мөлшерін жібітілген материалдан өлшегіш линейка арқылы анықтайды. Түсін құрғақ материалда күндізгі жарықта анықтайды. Иісін үгіту арқылы анықтайды.

Дәмін құрғақ шикізаттың немесе қайнатпаның дәмін тату арқылы анықтайды (тек улы емес шикізаттарды).

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин

Сабақ нысандары: «гүлдер» дәрілік өсімдік шикізаттарының үлгілері.

МФ ХІ жеке бапқа сәйкес «гүлдер» бүтін шикізатының талдауын жүргізіңдер.

1 есеп. Альбомда жазыңдар:

1. Шикізаттың қазақша-орысша-латынша атауын, тұқымдасын, түрін.

2. Талдау жүргізгенде қолданылатын НҚ атауы.

2 есеп. Шикізатқа макроскопиялық талдау жүргізіңдер.

1. Берілген шикізаттың сыртқы белгілерін кесте түрінде сипаттаңдар:

Белгілері Белгілердің сипаттамасы Анықтау әдістері
Гүл шоғырының түрі    
Түктенуі    
Гүл шоғырының мөлшері    
Гүл шоғырының құрылысы    
Гүлдің мөлшері    
Гүлдің құрылысы    
Гүл тұғырының құрылысы    
Гүл табақшасының құрылысы    
Гүл күлтесінің құрылысы    
Гүл тәжінің саны мен формасы    
Гүлдің күлте жапырақтарының саны мен формасы    
Аталық саны мен құрылысы    
Аналық саны    
Түйін құрылысының ерекшеліктері    
Түсі    
Иісі    
Дәмі (улы емес нысандарда)    

3. Өздеріңнің сипаттамаларыңды НҚ «Сыртқы белгілері» бөлімінің талаптарымен салыстырыңдар.

4. Талдаған ДӨШ-ын НҚ сәйкестігі жөнінде қорытынды жасаңдар.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

Бір дұрыс жауабын тап

5. Суретте... гүл шоғыры құрылысының үлгісі көрсетілген.
A. қалқанша
B. себет
C. шатырша
D. шашақ
E. басты
6. Суретте... гүл шоғыры құрылысының үлгісі көрсетілген.
A. себет
B. қлқанша
C. шатырша
D. шашақ
E. сыпырғы
7. Суретте... гүл шоғырының үлгісі көрсетілген.
A. шатырша
B. себет
C. басты
D. шашақ
E. қалқанша
8. Суретте... гүл шоғыры құрылысының үлгісі көрсетілген.
A. шашақ
B. себет
C. шатырша
D. қалқанша
E. сыпырғы

 

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасын түсіндіру

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

Н. 37-39 б; Қ. 432-456 б.

 

7-ші сабақ;

1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттар тауарларын тани білу. Бүтін, ұсақталған, ұнтақталған дәрілік өсімдік шикізаттары: жемістер мен тұқымдарды анықтау

ережелері.

2. Сағат саны: 90 мин

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: дәрілік өсімдік шикізаттарының өзі екендігін және сапасын анықтау бойынша біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру;
  • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі:шикізатқа талдау жасау, тест бақылау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: шикізаттар, гербарийлер, өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер.

б) оқыту орны: 512 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011

2. Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003

3. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с

Қосымша(Қ)

4. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998

5. Определение ресурсов, заготовка, сушка и стандартизация лекарственного сырья. Бимурзаев А.А. – Астана, 2009

6. Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с

8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсатымен, міндетімен таныстыру.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин

Ботаника курсынан «Жемістер, тұқымдар құрылысы» туралы білімін тексеру

1. Тұқым дегенімізне? Оның құрылысы.

2. Тұқымдардың жіктелуі. Эндоспермі бар тұқымдар

3. Ұрығында қор заттары жиналатын тұқымдар

4. Жемістер дегеніміз не?

5. Жемістердің жіктелуі

6. Қақырау және ішіндегі ұялар санына қарай жемістердің түрлері

7. Қақырамайтын құрғақ жемістердің (жаңғақ тәрізді) түрлері

8. Шырынды жидекті жемістердің түрлері

9. Шырынды сүйекті жемістердің түрлері

10. Бөлшекті, жиынтық жемістерге анықтама

11. Бунақты, біріккен жемістер

12. «Тұқымдар», «Жемістер» өсімдік шикізаттарына анықтама

 

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин

Жемістер деп фармацевтикалық тәжірибеде жай және күрделі, сонымен қатар жалған жемістері мен жеміс шоғыры және олардың бөліктерін атайды. Жемістерді піскен кезде жинайды және кептіреді. Кейбір шырынды жемістерді балғын күйінде өңдейді.

Сыртқы белгілері. Жемістерді құрғақтай, қарусыз көзбен немесе лупа көмегімен анықтайды. Кептірген кезде пішінін жоғалтқан шырынды жемістерді бірінші құрғақтай, кейін ыстық суда немесе 5-10 мин қайнаған суда жібітіп қарайды.

Жемістер жеміс серігінен (перикарпия) және жемістерден тұрады. Перикарпий құрғақ (құрғақ жемістер) немесе етті (шырынды жемістер) болуы мүмкін. Жеміс серігінің беті, өлшемі (ұзындығы, қалыңдығы, жеміс көлденеңі) түсі және дәмі диагностикалық мәнге ие. Кейбір жағдайда жемістердегі ұя санын, эфирмай каналдарын немесе ұясын анықтайды. Шырынды жемістер үшін жібіткеннен кейін формасын жәнне жеміс серігінің құрылысының ерекшелігін анықтайды. Еттен тұқымдарды бөліп алады да олардың санын, формасын, өлшемін, бетін анықтайды.

Өлшемін өлшегіш линейка немесе миллиметрлік қағаз арқылы өлшейді.

Түсін құрғақ материалда күндізгі жарықта анықтайды. Иісін үгіту немесе ұнтақтау арқылы анықтайды.

Дәмін құрғақ шикізаттың немесе қайнатпаныңдәмін тату арқылы анықтайды (тек улы емес шикізаттарды).

Тұқымдар деп фармацевтикалық тәжірибеде бүтін тұқымдарын немесе дән жарнағын атайды.

Сыртқы белгілері. Тұқымдарды құрғақтай, қарусыз көзбен немесе лупа көмегімен анықтайды. Тұқымдар тұқым қабығынан, эндоспермадан тұрады. Тұқымның формасы, мөлшері, қалыңдығы немесе көлденеңі, беті, иісі, дәмі, диагностикалық мәнге ие.

Өлшемін өлшегіш линейка немесе миллиметрлік қағаз арқылы өлшейді.

Түсін құрғақ материалда күндізгі жарықта анықтайды. Иісін үгіту немесе ұнтақтау арқылы анықтайды.

Дәмін құрғақ шикізаттың немесе қайнатпаның дәмін тату арқылы анықтайды (тек улы емес шикізаттарды).

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин

Сабақ нысандары: «жемістер», «тұқымдар» дәрілік өсімдік шикізаттарының үлгілері.

Тапсырма. МФ ХІ жеке бапқа сәйкес «жемістер», «тұқымдар» бүтін шикізатының талдауын жүргізіңдер.

1 есеп. Альбомда жазыңдар:

1. Шикізаттың қазақша-орысша-латынша атауын, тұқымдасын, түрін.

2. Талдау жүргізгенде қолданылатын НҚ атауы.

2 есеп. Шикізатқа макроскопиялық талдау жүргізіңдер.

1. Берілген шикізаттың сыртқы белгілерін кесте түрінде сипаттаңдар:

Белгілері Белгілердің сипаттамасы Анықтау әдістері
Жемістің түрі    
Пішіні    
Жемістің өлшемі    
Сыртқы қабатының сипаты    
Гүлсерігінің пішіні мен құрылысы    
Шырынды жемістер үшін – сүйекшелер немесе тұқымдар саны    
Сүйекше (тұқым) пішіні    
Сүйекше (тұқым) құрылысы    
Сүйекше (тұқым) сипаты    
Түсі    
Үгіткендегі немесе қырындыдағы иісі    
Дәмі (улы емес нысандарда)    

2. Өздеріңнің сипаттамаларыңды НҚ «Сыртқы белгілері» бөлімінің талаптарымен салыстырыңдар.

3. Талдаған ДӨШ-ын НҚ сәйкестігі жөнінде қорытынды жасаңдар.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

1. Жемістерді, тұқымдарды сипаттайтын белгілерін атаңдар.

2. Жемістерді, тұқымдарды сипаттайтын белгілерін анықтау әдістері.

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасын түсіндіру

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

Н. 37-39 б; Қ. 432-456 б

 

 

8-ші сабақ;

1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттар тауарларын тани білу. Бүтін, ұсақталған, ұнтақталған дәрілік өсімдік шикізаттары: шөбтерді анықтау







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 3528. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия