Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Микроскопиялық зерттеудің техникасы





Микроскопиялық зерттеудің негізгі мақсаты шикізаттың диагностикасының талаптарына жауап беретін микроскопиялық препарат алу.

Микроскопиялық зерттеуге арналған әрбір морфологиялық топтарға сәйкес дайындалған нысандар құрғақ күйінде қара және анықталмайтындай болады, сондықтан оларды сұйықтарға салады. Әптүрлі нысандардың көріну дәрежесі олардың оптикалық қасиеттеріне, сонымен қатар ортаның оптикалық қасиеттеріне байланысты.

Микропрепарат дайындауға арналған шынылар құрғақ және таза болуы керек.

Заттық шыныдағы препаратты жапқыш шынымен жабады. Препараттағы жапқыш шыныны абайлап жаппағанда көбіне көпіршіктер пайда болады, сондықтан шыныны қиялатып қою керек, бірінші сұйықтың бір шетіне, кейін шыныны препаровальды инемен ұстай отырып толық жабады. Ауа көпіршіктерін препаровалды иненің үшкір емес жағымен жапқыш шыныны жеңіл ғана тықылдатып немесе жалынның үстіне қойып қыздыру арқылы кетіреді. Егер сұйық заттық шынымен жапқыш шынының кеңістігін толық толтырып тұрмаса немесе буланып ұшып кетсе, онда оны аз тамшымен бүйіріне тамызады. Егер керісінше жапқыш шыны артық сұйық мөлшерінде болып жүзіп жүрсе, онда фильтровалды қағазды бүйіріне апарып сорып алады. Жапқыш шыны жеткілікті құрғақ, жүзіп жүрместен заттық шыны бетіне паралел жабысып тұруы керек.

Егер дайын микропрепаратқа реактив қосу немесе қосылу сұйықты ауыстыру керек болса, онда 1-2 тамшы реактивті жапқыш шыныны алмастан оның қасына тамызады да қарама-қарсы жағына фильтровалды қағаз қойып сорғызады. Егер сұйық өте қою болса (мысалы, глицерин), онда сұйықты қосу үшін жапқыш шыныны аздап бір шетінен инемен көтеріп, оны алады. Кейде бояу үшін нысанды басқа заттық шыныға ауыстыру қажет болады (бояуды сағаттық шыныда, бюксте жүргізу оңай).

Зерттелетін нысанды жақсы түссіздендіру үшін оны қыздырады. Қыздыру ұзақтығы шикізаттың түріне байланысты әртүрлі болады. Препаратты жапқыш шынымен жабық кезінде аз жалында немесе асбестпен жабылған электроплитада жүргізеді. Қыздыру кезінде оны 10-15 0 бұрышта қисайтып (өйткені нысаннан ауа көпіршіктері оңай кетеді) кейде сұйықты әлсіз қайнауға дейін жеткізеді, бұл реактивтің түссіздену әсерін күшейтеді.

Түссіздендіретін және қосылу сұйықтары:су, глицерин, хлоралгидрат, сілті.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин

1. Микроскоптың құрылысымен танысу

2. Препараттар дайындау ережесімен танысу

3. Н.Қ «Микроскопия» бөлімімен танысу

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

Сұрақтарға жауап беру:

1. Түссіздендіретін және қосылу сұйықтарының микроскопиялық зертеулердегі маңызы

2. Судың қосылу сұйығы ретінде маңызы

3. Глицериннің қосылу сұйығы ретінде маңызы

4. Хлоралгидраттың түссіздендіру сұйығы ретінде маңызы

5. Сілтінің түссіздендіру сұйығы ретінде маңызы

 

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін қорытындылау, бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

Н. 37-39 б.

Қ. 432-456

14-ші сабақ;

1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттарын микроскопиялық талдау. Дәрілік өсімдік шикізаттары: жапырақтарды микроскоптау техникасы:

2. Сағат саны: 90 мин

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: с туденттердің дәрілік өсімдік шикізаттарының өзі екендігі мен сапасын анықтау туралы білімін қалыптастыру.
  • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі:жағдайлық есептер шығару, тест бақылау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Шикізаттар кестелер, микроскоптар,

реактивтер

б) оқыту орны: 512 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011

2. Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003

3. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с

Қосымша әдебиеттер:

4Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998

  1. Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с

8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсатымен, міндетімен таныстыру.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин

Ботаника курсынан қайталау

1. Жапырақтардың анатомиялық құрылысы.

2. Жапырақтардың морфологиялық құрылысы

3. Микроскоптау техникасы

4. Микроскопиялық зерттеулер үшін препарат

5. Микроскопиялық зерттеудің техникасы

6. Түссіздендіретін және қосылу сұйықтарының микроскопиялық зертеулердегі маңызы

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4985. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия